Есте сақтайық!
«Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі көп, –
деп жазды академик Қ. Жұмалиев, – бірақ ең
негізгісі және көп қолданылатындары
мыналар:
1) қара өлең ұйқасы (ааба),
2) шұбыртпалы ұйқас (аааа),
3) ерікті ұйқас (абвгб),
4) кезекті ұйқас (абвб),
5) шалыс ұйқас (абаб),
6) егіз ұйқас (аабб),
7) аралас ұйқас (аабвбвббб),
8) осы күнгі ерікті ұйқастар (абабвгд)».
тұлғалар сөз етіледі?
Алғашқы өлең шумағына
талдау жасаңыз.
-
тармақ, - буын, -
бунақ, - ұйқас түрі.
тармақ, - буын, -бунақ, -
ұйқас түрі.
Айтыс қандай мерекеге байланысты өткізілді? ________________________________
Ринат Зайытов
— 1983 жылы 17
қараша айында Шығыс Қазақстан
облысының Аягөз қаласында дүниеге
келген. Қазақтың айтыскер, суырып-
салма және жазбаша ақыны, драмалық
актер, филолог. М. Төлебаев атындағы
музыка колледжінің «Драмалық театр
актері»
мамандығы
бойынша
тәмамдаған.
Семей
Мемлекеттік
педагогикалық институтында филолог
мамандығын алып шықты.
2008-2010 жылдар аралығында республикалык айтыстағы дүлдүл жеңімпазы. Аягөз
ауданының құрметті азаматы; «Астана қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалінің
иегері.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
4-тапсырма.
Егер сен айтыскер ақын болсаң, еліміздегі қандай жақсы жаңалықтарды
және қоғамда болып жатқан қандай өзекті мәселелерді жырға қосар едің? Неліктен?
Болашақ жас ұрпаққа нені дәріптер едің?
Еліміздегі жақсы
жаңалықтар:
*
*
*
Қоғамдағы өзекті
мәселелер:
*
*
Болашақ жас ұрпаққа
мен дәріптеймін:
*
*
Бағалау
критерийі
Тапсырма
№
Дескриптор
Оқушы
О
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
— баяндалатын іс-әрекеттің бірінен соң бірі кезектесіп
іске асатындығын білдіретін кұрмалас сөйлем. Кезектес салалас сөйлемнің бір ерекшелігі
тек жалғаулықтар арқылы байланысатынында.
Кезектес салалас құрмалас сөйлемді жасауға
қатысатын жалғаулықтар: біресе, бірде, кейде.
Мысалы: Кейде қабағы түксие қалады, кейде
бет әлпеті күлім қағады (Б. Майлин). Қазан тұрып біресе атын мақтады, біресе өзін мақтады,
бірақ айналып келгенде, бәрі де Бегілдің өнерін сөз етісті (Қорқыт).
перифраз
түрінде
берілген
сұрақ
арқылы
қажетті
ақпаратты
анықтайды.
1
2
3
4
суреттегі тұлғаларды анықтайды;
сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіреді;
ақындар жырында қозғалған негізгі идеяны
анықтайды;
жырда кездескен тарихи тұлғаларды жазады;
өлең шумағына талдау жасайды;
кестені толтырады;
мысал келтіреді.
12.4 Қазақтың айтыс өнері мен сөз мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Айтыс – сөз бәсекесі
Оқу мақсаттары
8.5.2.1 - жазба жұмыстарында кезектес салалас құрмалас
сөйлемдерді құрастыру.
Сабақ мақсаттары
жазба
жұмыстарында
кезектес
салалас
құрмалас
сөйлемдерді құрастырады.
Құндылықтарды дарыту
құрмет, азаматтық жауапкершілік.
Бастапқы білім
Ринат Зайытов пен Аманғазы Кәріпжанов айтысы
Тірек сөздер
Көшпенділер, ойын-той, дүлдүл
Сабақтың жүргізілу барысы
Сабақтың кіріспе кезеңі
1-тапсырма
.
Адасқан әріптерді орнына келтір. Мағынасын түсіндір.
іберес -
ейкед –
бріед -
Грамматиканы түсіндіру
2-тапсырма. Ережемен танысып, жалғаулықтарға мысал келтір.
3-тапсырма
.
Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын сызып, сөйлемнің
мағынасын түсіндір.
Бірде айтыс қарауға сәт түскенмен, бірде қолым босамай қалады. Айтыс үйірмесіне
кейде уақытылы барамын, кейде кешігіп қаламын. Асқар үй жұмысын біресе орындайды,
біресе ұмытып кетеді.
Грамматиканы бекіту тапсырмасы
4-тапсырма
.
Кезектес салалас құрмалас сөйлем мен қажетті сөздерді қатыстырып, қиял-
ғажайып әңгіме құрастыр. Сен «Уақыт машинасы» арқылы көшпенділер заманына тап
болдың. Сондағы әсеріңді әңгімелеп бер. Көшпелі халықтың тұрмыс-тіршілігі мен
біркүндік өмірін сипаттап бер. Көшпенділер ғасырындағы айтыс өнерінде қозғалған
мәселелерімен қазіргі мәселелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде? Сөз
көлемі 110-120 сөз.
Тапсырма барысы.
Жазылым жұмысына ең алдымен жоспар құрып алу.
Сол жоспар негізінде жазылым жұмысын жасау.
Жазылым жұмысының мазмұнында талқылау болу керек, яғни кейіпкерлердің
тақырып бойынша қарама-қайшы пікірлерін келістіріп жазу керек.
Бағалау критерийі Тапсырма
№
Дескриптор
Оқушы
жазба жұмыстарында
кезектес
салалас
құрмалас
сөйлемдерді
құрастырады.
1
2
3
4
адасқан әріптерді орнына келтіреді;
ереже бойынша мысалдар келтіреді;
кезектес салалас құрмалас сөйлемнің
жалғаулықтарын сызып, сөйлемнің мағынасын
түсіндіреді;
көшпелі халықтың тұрмыс-тіршілігі мен біркүндік
өмірін сипаттап қиял-ғажайып әңгіме жазады;
кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді орынды
қолданады;
бұрынғы және қазіргі айтыста қозғалатын
мәселелерідің ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын анықтайды;
cөз көлемін сақтайды.
12.5 Қазақтың айтыс өнері мен сөз мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылың мен еңбегің екі жақтап!»
Оқу мақсаттары
8.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін
сақтап, пікір жазады.
Сабақ мақсаттары
мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап,
пікір жазады.
Құндылықтарды дарыту
құрмет, азаматтық жауапкершілік.
Бастапқы білім
Айтыс – сөз бәсекесі
Тірек сөздер
Қызығушылық, пікірталас, үйірме
Қажетті сөздер: дүлдүл, ойын-той, кейде, біресе, бірде
Достарыңызбен бөлісу: |