көріп өскеннен кейін, оның жалғастырушысы болу да - біздің азаматтық парыз. Ата-
бабаның маңдай терімен, төккен қанымен келген киелі аманатқа тәуелсіз елдің ұландары
қиянат жасамайды деп ойлаймын! Қазақстан - Ұлы Дала Елі! Қазақстан - татулық пен
бірліктің мекені!
https://massaget.kz/blogs/22397/
5-бөлім: Кәсіп – бақыттың шырағы. Еңбек - ырыстың бұлағы. Еңбек түбі - береке
5.2. сабақ. Тыңдалым мәтіні
Б.Әділов «Еңбексіз өмір – сүреңсіз»
(мысал әңгіме)
Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппады. Нан турады, пияз
аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас дайындалса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау
еді. Бала кезіндегі «шалқайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын. Бір
күні қара пышақ ауыр еңбектен құтылудың оңай жолын тапты. Иесінің көзін ала беріп,
еденнің жырығына қойды да кетті. «Болды, - деді ол қуанып. - Енді еңбекті желкемнің
шұқыры көрсін!...
Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Онын қайда жатқанын ешкім
білмейтін еді. Бір күні:
- Әй туысқан, - деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жарығынан жылтылдаған көз
сығалап қарап тұр екен.
Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте
көңілді, жүзі жарқ-жұрқ етеді. Сұлуланып кетіпті.
- Төмен секір, - деді Қара пышақ. - Бірге жатайық. Бізді ешкім білмейді.
- Ол жерде не бар?
- Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рақат!
- Ал жұмысты кім істейді?
- Жұмыс бізсіз де істеледі. .
- Рақмет! - деді Сары пышақ. - Еңбектен қашқанша, тер төккенім артық.
Еңбексіз
өмір – сүреңсіз. Өзің-ақ жата бер, рақатыңа бата бер.
Қара пышақ орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойын тот басқан. Барлық
жері сынып бара жатқандай сезінді.
http://sc0009.celinograd.akmoedu.kz/documents/view/c05e6f760a21ed06e031cb8726a95367/?s
=ROOT&p
=
6-бөлім: Қазақстанның су ресурстары
Тыңдалым материалы. Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» романы (үзінді).
Ойхой, дүние!.. теңіз жайында әңгіме шерткен қандай ғанибет! Құй өзің сөйле! Құй
өзгені сөйлетіп қойып, жиын арасында жантайып жат та, жұртты тыңда, мейлің. Өзің
сөйлесең де, сен, бәрібір, бір құлағыңды қауқылдаған көптің әңгімесіне тігіп қоясың да,
аржағыңда қыштап тұрған ойыңды ортаға саласың. Өзіңнің айтатының да, өзгеден
есітетінің де баяғы бір ескі жыр: биылғы балық талабы. Балық неге тереңге кетті? Тайызға
қашан соғады? Күн қызарып бұлтқа батты. Бұны неге жоруға болады? Ертең аспан ашық
бола ма? Жел бола ма, жоқ па Райдың үйіне жиналған балықшылар бүгін де теңіз жайын,
балық жайын, ауа райын әңгімелеп, әр саққа жүгіртіп жатыр еді, аттылы біреу кеп есік
алдына тоқтады. Дүрс етіп аттан түсті. Шылбырын босағаға байлай салды да, сәлем беріп
кіріп келді.
– Ағажан, басыңызды бұрыңызшы! Жаман үйдің төбесін мойныңмен іліп әкетерсің, – деді
Рай.
Кәлен жас жігіттің әзілін құлағына ілген жоқ, ішке кірген бойда бірден:
– Әй, Еламан, шаруам сенде. Қысқасын айтқанда, кәсіп іздеп келдім.
─ Ау, ағасы - ау, біз адал кәсіппен күн көріп жүрген ауылмыз ғой. Сізге лайық кәсіп...
Кәлен Райға жалт қарады. Әр талы айғыр жалындай сұйқылтым мұрт тікірейіп, қара сұр
бұжыр бет қатты бұзылып кеткен екен. Мұның арты бір шатаққа апарып соғарын білген
балықшылар сақтанып, бәрі бойын дереу жиып ала қойып еді, Кәлен күтпеген жерден
күрт жадырады:
─ Ой, күшік. Бала ғой деп жүрсем, сен де башайдан тартуға жарап қапсың ғой.
Жұрттың арқа - етегі кеңіп сала қойды.
─ Шаруаңды айт!- деді Еламан.
─ Саған кісі керек дейді ғой.
─ Иә, керек.
─ Ендеше, мені жұмысқа ал!
-Қаратазың қайда?
─ Әй, бала, өткенді қазбалап қайтесің? Олай десең, бір кезде сен де сол таздың қосын
жеккенсің. Өзіңе мұз оятын адам керек пе?
─ Ал, керек.
─ Ендеше мені ал!
─ Шодырға бар... Билік сонда.
─ Міне сөз! Қаратазды қайтесің?! Ендігі жерге сендермен бірге қарашекпеннің де қосын
жегіп көрейік. Әуселесін кейін көре жатармыз.
─ Уә, болыс кім болды?- деді Есбол қария.
─ Болысың - Қаратаз!
─ Ой, Құдай - ай!.. Бақыттың да көзі
соқыр сорлы екен ғой,- деді Рай.
Есбол қария мырс етті:
─ Уә - ә!.. Итсигек екеш итсигек те мәуелеп өседі - ау бір... Балықшылар жамырап сөйлеп
кетті:
─ Енді оңарсың.
Олай бассаң Қаратаз, былай бассаң қарашекпеннің байы...
7-бөлім: Тарихи тұлғалар тағылымы
7.4. Тыңдалым материалы (транскрипт)
Менің әкем 1904 жылы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы) Панфилов
ауданы Шежін ауылында дүниеге келген. Үш жасында әкесінен айырылды. Отбасы үлкен
болды, сондықтан шешесі мен кіші іні-қарындастарына көмектесу үшін, ерте жұмыс істей
бастады. Жалшы болды, қой бақты, жер жыртып, қара жұмыс істеді. Сол кезде табиғаттың
әдемілігін байқайтын болды. Ол қарапайым заттардың сұлулығын тани білді, оған
ағаштың тамыры, тастар, сүйектердің қалдығы ерекше әдемі көрінетін. Сөйтіп әкем ұсақ-
түйек жасай бастайды - ағаштан мүсін істейді, сырға, сақина жасайды. Ауылдың қыздары
оны кешкі өрістен күтіп, әшекей жасауды өтінетін. Бір күні осы қызығушылығы үшін
әкем ұрыс естіпті. Ол мұсылман заңында тыйым салынатын адамдардың мүсінін жасай
бастаған екен. Оған қоса, ол ауылдық молданың мүсінін жасапты. Оны естіген молда
әкемнің сазайын тартқызған.
- Әкемнің алғашқы жұмыс орны Түрксіб темір жолының құрылысында басталды.
Ауылдастарымен бірге ол сол құрылысқа қара жұмысшы болып орналасты. Бір күні
демалыс уақытында әкем тасқа Лениннің суретін салған екен. Оны бастықтардың бірі
көріп, авторды көрсетуді сұрапты. Осындай талант босқа жерде қалмасын деп, әкемді
Алматыға оқуға жіберуді шешкен.
Соғыс басталғанда, Қастеев майданға аттанбақшы болады, бірақ оған басқа бұйрық
келді. Ол соғыс тақырыбына арналған плакаттарды салды.
- Әкем түрегеп тұрып қана сурет салушы еді. Ол эскизді үстелге қойып, мольберттегі
суретті жарыққа қарай бұрып, сағаттап сурет салды. Ол таңертең тұрып, кешке дейін
жұмыс істейтін. Арасында ол төсегіне жатып демалатын да, радио тыңдайтын, одан соң
қайта суретке кірісетін.