Алматы қаласының балаға деген мейірімділігін



жүктеу 24,3 Mb.
Pdf просмотр
бет1/21
Дата14.01.2020
өлшемі24,3 Mb.
#26571
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


ҚАЛА 
МЕН БАЛА
Алматы қаласының балаға  деген мейірімділігін 
зерттеу
Алматы 2018


2
Есеп Urban Forum Kazakhstan және Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілідігі арасындағы 
Еуразия мәдени альянстың техникалық қолдауы негізіндегі ынтымақтастық жоба 
аясында 2018 жылдың ақпан-мамыр айларында әзірленген. Алматы қаласы мен бала 
арасындағы мейірімділігін кешенді зерттелуі алғаш рет өткізілді және балаға арналған 
инфрақұрылым мен қызметтерді, сонымен қатар баланың қоғамдық өмірге қатысуын 
қамтамасыз етеді.    Ойын кеңістігі жағдайы және қала ортасының қызметі де зерттелді. 
Есепте көрсетілген пікір мен бағалау авторлық позицияны (көзқарасын)  білдіреді және 
Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілідігінің ресми позициясымен (көзқарасымен) сәйкес 
келмеуі мүмкін.
Рецензенттер: 
Анна Сиприкова, ProjectforPublicSpaces эксперті (Нью-Йорк, АҚШ)
Дарья Уткина, Unicef халықаралық эксперт (Мәскеу, Ресей Федерациясы)
Редакторы:
Адиль Нурмаков, Urban Forum Kazakhstan
Жобаның дизайны, орналасуы және корпоративтік сәйкестігі:
Urban Forum Kazakhstan
 


3
Мазмұны 
Кіріспе
1 бөлім.  Инфрақұрылым, қызметтер, қатысуы 
(сауалнама және сұхбат арқылы алынған деректер)
2 бөлім. 
Ұсыныстар
 
4

82
122


4
КІРІСПЕ СӨЗ
ЮНИСЕФ-тің «Балаға мейірімді қала» атты жаһандық бастамасы 
(ГДР), бала мен жасөспірімнің   құқықтарын  жергілікті деңгейде 
жүзеге асыру, олардың даму жағдайын қамтамасыз ету және 
қоғам өміріне қатысуын жүзеге асыру мақсатында құрылған. 
ГДР тұжырымдамасы қалалардың бала мен жасөспірімге 
мейірімділігін асырудағы әдіснамалық және техникалық қолдау 
көрсетудің  негізі  болып табылады. Қалалық билік органдары 
тарапынан  бала мен жасөспірімдерді қатыстырып, балаларға   
арналған бағдарламаларды жоспарлау, енгізу, бақылау және 
бағалау үшін тиімді тәсілдер қолданылатыны күтілуде.  
ГДР бастамасы Қазақстан Республикасында 2008-2009 жж 
басталып (кірісіп), қазіргі таңда, яғни 2017 жылы 25 қала мен 
аудандарға таралды. ГДР бастамасына қосылу үшін қала бірнеше 
индикаторлар бойынша (бастапқыда 100-ден астам индикатор 
болған, бүгін олардың саны 17 болып тұр) сараптамадан өтуі 
тиіс. Қала мейірімділігін анықтайтын әдіснама екі жылға жуық 
уақыт әзірленді. 2015 жылдың қараша айында  алғашқы 5 қала 
мен аудан «Балаға мейірімді қала» болып аккредиттелген. Бұл 
мәртебе  қалаға екі жылға беріледі, содан кейін қала немесе 
аудан, келесі бағалаудан өтіп мәртебесін растау керек. Алматы 
қаласы бастамаға қосылған жоқ, бірақ Алмалы ауданы қатысуда.   
Urban   Forum  Kazakhstan 2017 жылдың тамыз айында 
 
Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілідігімен бірігіп жұмысын бастады. 
Барлық мүдделі тараптар үшін әрі қарай белсенді жұмыстың 
жоспарын құру кезіндегі алғышарт  ретінде қалалық ортаның 
мейірімділігін зерттеу - ынтымақтастықтың басты бағыты болып  
анықталды. Жобаның басты тақырыбының бірі – ойын кеңістіктерін 
бірлесіп жобалау әдістерін қолдану арқылы, баланың ойынға 
қатысу құқығын  жүзеге асыру.   Алматы және Астана қалаларымен 
бірігіп  «Ойын, бала, қала: Баланы қатыстыру арқылы ойын 
кеңістігін жоспарлау» атты семинарлар өткізілді. 
Ұсынылған есепті зерттеуші топ  2018 ж. ақпан-мамыр айларында 
әзірледі. Есепте сауалнама, сұхбат, сұрақ қою, бақылау арқылы 
алынған деректер жиналған. Алматы қаласының мейірімділігін 
кешенді зерттеу алғаш рет өткізіліп жатыр. Бұл зерттеу  балаларға 
арналған инфрақұрылым мен қызмет көрсету аспектілерін, 
олардың қоғамдық өмірге қатысуын, сондай-ақ ойын алаңдарын 
және баланың қалалық ортаны пайдалануын қамтиды.


5
КІРІСПЕ
 
Алматы қаласының әртүрлі аудандарында 
балаларға қызмет көрсетудің теңсіздігі,      алматылықтардың 
жас буыны үшін қалалық ортаның жайлылығы мен 
қауіпсіздіктің   әртүрлі деңгейі, сонымен қатар, қоғамдық 
кеңістіктердің балалар мен жасөспірімдер үшін 
бейімделуінің әртүрлі дәрежесі байқалды. .
 
 
Бұл зерттеу – кешенді зерттеу болып табылады 
және Алматы қаласының мейірімділігін зерттеу үш 
критерий бойынша алғаш рет жүргізілді, яғни  физикалық 
инфрақұрылымды талдау, қызметтердің қолжетімділігін 
бағалау және балалар мен жасөспірімдердің мүдделеріне 
әсер ететін шешімдерді қабылдауына қатысу белсенділігі 
зерттелді.   
 
Барлық сандық өлшеулер мен далалық зерттеулер 
қаланың 6 түрлі аймақтарында және әртүрлі жастағы 
балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен 
өткізілді. Үш топтың әрқасысынан 300 сауалнамадан 
алынды, яғни 0 мен 10 жас және 11 мен 17 жастағы балалардың 
ата-анасынан, және 11 мен 17 жас аралығындағы балалардан 
алынды.  
 
Толығырақ Есепке жалғанған қосымшадан оқуға 
болады.
 
Зерттеу мақсаты
 – Алматы қаласының қалалық 
ортасының бала мен жасөспірімге мейірімділігін зерттеу, 
соның ішінде инфрақұрылым жағдайын және қаланың 
әртүрлі аудандарындағы балаларға арналған қызметтерді 
зерттеу.  
 
Қойылған мақсатқа сәйкес төмендегідей 
міндеттер 
орындалды:  
1) балаларға арналған инфрақұрылымдарды зерттеу;
2) негізгі қауіпті жағдайлар(айқын немесе жасырын түрдегі)  
мен мүмкіндіктерді анықтау;
3) Алматы қаласының балалары мен олардың ата-
аналарының өзекті мәселелерін анықтау;  
4) жасөспірімдердің негізгі қажеттілігін анықтау;   
Жұмыс болжамдар:
1. 
Қалалық ортаның мейірімділігі ауданға байланысты; 
2. 
Қалалық орта көп жағдайда баланың қажеттілігіне 
бейімделген, жасөспірімдердің қажеттілігі төмен дәрежеде 
қарастырылған.   
3. 
Қызметтердің қолжетімділігі, соның ішінде, мәдени 
бағыттағы қызметтер, әр ауданда әртүрлі деңгейде. 


жүктеу 24,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау