Павлодар қаласы



жүктеу 1,01 Mb.
Дата25.11.2017
өлшемі1,01 Mb.
#1575
түріСабақ

Павлодар қаласы


Б. Ахметов атындағы

Павлодар педагогикалық колледжінің

қазақ тілі және әдебиеті

пәнінің оқытушысы

Токжигитова Анаргүл Қайырбайқызы
Киіз үй. Шаңырақ. Киіз үй бөлшектері. Жай сөйлемдерді қайталау.
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Жаңа тақырыпты өздіктерінен меңгерту; Оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, сөздік қорын байыту, пікірлесу, талқылау арқылы қойылған мәселелерді анықтап, түсінуге үйрету.

Жай сөйлем түрлерін пысықтау.



Дамытушылық: Оқушылардың білгенін, түсінгенін, ойын қазақ тілінде жеткізе алуға дағдыландыру, сөздік қорларын сабақ барысында ғана емес, басқа да жағдайларда қолдана алуларын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қорытынды жасауға икемдеу.

Тәрбиелік: Қазақтың салт - дәстүрлерін құрметтеу, білу. Елін, ұлтын, ұлттық құндылықтарды қадірлей алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолдана отырып, жаңа тақырыпты меңгерту. Баяндау, әңгімелеу, сұрақ – жауап, мәтінмен жұмыс, тыңдап түсіну жұмыстарын орындау.

Сабақтың түрі: оқушылардың білімдерін, ептіліктерін, өз беттерінше іздену дағдыларын дамыту сабағы.

Әдістемелік жабдықтау: үлестірмелі материал, мәтін, кесте, сөздік.

Сабақтың көрнекілігі: мәтіндер, сөздіктер

ТОҚ: бейнепроектор

Жұмыс түрлері: жекеше, топтық, жұптық.

Қолданылатын әдіс–тәсілдер: Мәтінмен жұмыс (мәнерлеп, түсініп оқу, сөздікті қолдану, аудару, қорытынды жасау), сұрақ – жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу, түгендеу, сәттілік тілеу.

Тренинг «Жүректен шыққан жылы сөз». Оқушылар сабақты бір - біріне жылы сөз айтып, жаңа сабақты меңгеру барысында көңіл - күйлерінің жақсы болуына тілек білдіреді.

- Балалар, қазақта мынадай сөз бар «Жылы сөз жанға қуат береді» деген. Ендеше бүгін сабағымызды бастамас бұрын бір - бірімізге жылы сөз айтып, бүгінгі күнге жақсы тілек айтып, сабағымызды бастайық.



ІІ. Оқушылардың білімін тексеру:

2.1. Үйге не берілгені сұралады, лексикалық тақырып пысықталады.

2.2. Жай сөйлемдерді пысықтау мақсатында тест тапсырмалары орындалады.

Тест тапсырмалары

1. Жай сөйлемнің ережесін табыңыз.

А) Бір ғана ойды білдіреді, бір интонациямен айтылады

В) Екі немесе одан көп жай сөйлемнен тұрады

С) Күрделі ойды білдіреді

Д) Дыбыстардың жазудағы таңбасы

Е) Адамның әр түрлі көңіл күйін білдіру

 

2. Жай сөйлемнің түрлерін анықтаңыз.



А) Жақты сөйлем

В) Салалас сөйлем

С) Құрмалас сөйлем

Д) Жай сөйлем

Е) Лепті сөйлем

 

3. Жақсыз сөйлемді табыңыз



А) Марат жүгіріп кетті.

В) Аяғын аспаннан келтіру.

С) Оларға келуге болмайды.

Д)  Жаз.


Е) Ақ жейделі бала.

 

4. Жай сөйлемді көрсетіңіз.



А) Сырын жасырмау.

В) Мен тауда ойнадым.

С) Ауылдың малы.

Д) Тон пішер.

Е) Жаздың жайлы күні еді, мен көрші ауылға барғанмын.

 

5.Жайылма сөйлемді табыңыз.



А) Мен кітапханадан қызық кітап алдым…

В) Асқар – инженер.

С) Күз.

Д) Бала болашақ.



Е) Еңбекті бағалау.

6. Жалаң сөйлем қандай сөйлем мүшелерінен тұрады?

А) пысықтауыш, баяндауыш

В) баяндауыш, толықтауыш

С) бастауыш, баяндауыш

Д) анықтауыш, толықтауыш

Е)Пысықтауыш, толықтауыш

7. Жайылма сөйлемді белгілеңіз.

А) Мен қымызды жақсы көремін

В)Бауырсақ пісірді

С)Қымыз – сусын

Д)Қымызды ашыту – өнер

Е)Шұбат, қымыз.

8.Қуану, ренжу, аяу мақсатында айтылатын сөйлем түрін көрсетіңіз.

А)Хабарлы сөйлем

В) Сұраулы сөйлем

С) Лепті сөйлем

Д) Бұйрықты сөйлем

Е) Құрмалас сөйлем

9.Атаулы сөйлемді белгілеңіз.

А) Қараңғы түн

В) Мен ояу жатырмын

С) Ол сауда орталығында жүр

Д) Мөлдір дүкеннен жүзік сатып алды

Е)Ұшақ ұшып барады.

10. Жай сөйлем түрін анықтаңыз: Жарық шам.

А)Жалаң

В) жайылма



С) атаулы

Д) толымды

Е)толымсыз
ІІІ. Жаңа тақырып:

3.1 – тапсырма: Қызығушылықты ояту: Ал, енді біз қазір жаңа тақырыпқа көшеміз. Қандай тақырып, екенің сендер маған айтып бересіздер, ол үшін мен сіздерге бір ертегі айтамын. Ерте, ерте ертеде, далада көшіп-қонып жүрген қазақтардың күнге ұқсас, тез жығылып, тез жиналатын, көшіп – қонуға лайықты үйі болған. Аспан күмбезіндей домалақ әрі жылы, кемпірқосаққа, тақияға, ұқсайтын үй. Ол үйді қалай атаған? Сабақтың тақырыбы анықталады. Мақсаты қойылады.


3.2 – тапсырма:  Миға шабуыл

  • Киіз  үйге кіріп, болмаса құруға  көмектескендеріңіз  бар ма?

  • Киіз үйдің  құрылысы жайлы білеміз бе?

  • Киіз үйдің  қандай түрлері болған?

  • Киіз үйдің ішкі жасауын көргендерің бар ма? (Айтып беріңіздер.)

 3.3 – тапсырма: Жаңа сөздерді қатыстырып, жай сөйлем құрастырыңыздар.

Сөздік: (жаңа сөздермен танысу):


Киіз үй - юрта, баспана – жилье, көшпелі – кочевой (-ая, -ые),
бөлшек – часть , кереге – раздвижная, решетчатая стена,
уық – купольные жерди, шаңырақ – купол юрты, есік – дверь, мұра – наследие, босаға – порог

3.5 – тапсырма: 1 – топ .

Мәтінмен жұмыс

Киіз үй


Киіз үй – тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Киіз үй – қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы.  Көшіп қонуға ыңғайлы, жер сілкінісіне төтеп беретін ең қолайлы жәдігер. Киіз үйдің жалпы салмағы жиһаздарымен қосқанда 300-400 келіге жуық. Бұл салмақты бір түйе еркін көтере алады. Кереге, шаңырақ, уық, сырқырлауық – киіз үйдің негізгі бөлшектері. Соның ішінде — кереге киіз үйдің негізгі қаңқасы болып есептеледі. Кереге - киіз үйдің қабырғасын құрайтын жиналмалы, тор көз тәріздес қанаттардан тұрады. Қанаттар жартылай шеңбер тәріздес орналасып, бір-біріне жалғаса отырып, киіз үйдің қабырғасын құрайды. Сол себепті, ол оп-оңай керіліп, қайта жиналып отырады. Ол — талдан, жіңішке қайыңнан жасалады. Ал шаңырақ болса – киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Сонымен бірге шаңырақ киіз үйдің терезесі, түтін шығатын орынның қызметін атқарады. Уық - кереге мен шаңырақты жалғастырып, киіз үйдің төбесін құрайтын сырық ағаштар. Үйдің қанаты көп болған сайын, оған байланатын уықтың саны көбейіп, уықтарының ұзындығы ұзарады. Есік (сықырлауық) - екі жаққа айқара ашылатын табалдырыққа бекітілген қос қанаттан, маңдайша, босағадан тұрады. Киіз үйдің бөліктерін жасауға ағаштың түрлі сорттары пайдаланылды. Ағашы толығымен құрылып болған соң — киізі жабылады. Киіз үйдің киіз бөліктері көлемі мен түрі жағынан әр түрлі төрт кесіндіден тұрады.
1) Туырлық - киіз үйдің қабырғасын жауып тұратын киіз кесінді.

2) Үзік - киіз үйдің төбесін жауып тұрады.


3) Түндік - шаңырақтың үстін жауып тұратын төрт бұрышты киіз кесінді.
4) Киіз есік - есіктің сыртынан жауып тұратын тік бұрышты киіз кесінді. Киіз үйді әдетте 3-4 адам 1 сағаттың ішінде құра алады. Киіз үйдің қанаттары мен уықтары шеберлердің қолында оңай майыстыруға ыңғайлы ағаштың жеңіл сорты-талдан жасалды. Шаңырақ жас қайыңнан жасалса, босаға мен есіктер қарағайдан жасалды.

Сөздік:


сәулетті құрылыс – архитектурное строительство, баспана – убежище,

кереге – решетка, тұтастырып тұру - примыкать, прилегать,

уық - кривые паолчки, на которых поднимается и держится верхний круг юрты для привязывания к решетке, төңкеру – опрокинуть, повернуть вверх дном, табалдырық – порог, маңдайша – вверхняя перекладина двери юрты, сырық ағаштар – длинный шест с развалиной, служащий подпоркой в юрте во время сильного ветра, жалғастыру – связываться, присоединяться, майыстыру – гнуться, сгибаться, бекіту – прикрепить, өрнек – узор, түндік – квадратная кошма, покрывающая верхний круг юрты, служащая как для выхода дыма, так и для приикновения света.

2 – топ. Мәтінмен жұмыс.



Киіз үйдің ішкі жасауы
Киіз үй адамзат тарихындағы ең бірінші архитектуралық құрылыс. Ол жер сілкіністеріне де төзімді. Киіз үй  қазақ халқының  қысы-жазы отыратын баспанасы болған. Ол тез жығып түйеге артып жүре беруге, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Үй іші мен сыртқы әлемді жалғастыратын касиетті шекара – ақ босаға.

            Үйдің ортасында ошақ, ошақта қазан тұрады. Бұл – киелі орын. Қазақтың «отбасы», «отағасы» атаулары да осыдан шыққан. От жанған жерде тіршілік, тірлік бар.

Ошақтан әрі кіреберіске қарсы киіз үйдің сыйлы орыны – төр орналасады. Киіз үйдің қонақ отыратын жері – төр ең құрметті орын саналады. Қазақтар келген мейманды төрге отырғызады, қазақтың кеңдігі мен қонақжайлығының белгісі, қонағын дәм ауыз тигізбей жібермеген. Бұл тамаша ғұрып күні бүгінге дейін сол күйінде сақталған. Төрде міндетті түрде аң терілері  және қасиетті домбыра ілулі тұрады.

Тұрғын-жайлық киіз үйлерде бұл жерде кебеже-сандық және отбасының байлығына арналған басқа да ыдыстар, сондай-ақ төсек-орын (жүк) жиналып, төр осы екенін паш етеді. Сандық - сәндеп, оюлап ағаштан жасалатын киіз үй жиһазы. Оларды қаптама сандықтар деп атайды. Абажа – тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киізбен, былғарымен қапталған. Кебеже – сүр ет, құрт, шай салып сақтау үшін ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһазы. Әбдіре – зат сақтайтын үлкен сандық. Сырты қаңылтырмен әшекейленіп қапталады. Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын үй жиһазы. Асадал-тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеже. Адалбақан – киім ілуге арналған үй жиһазы. Жүкаяқ – үйде жүк астына қоятын ағаш зат. Алаша – әр түрлі түске боялған жүннен тоқылған төсеніш. Көп мәнерлі өрнектер түсіріп тоқиды. Бөстек – малдың не аңның жұмсақ терісіне киізден астар салып жасалынады. Киіз – қой жүнінен, еденге төсейтін төсеніш. Сырмақ – киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. Ақ-қара киіздер бөлек-бөлек даярланып бір-біріне беттестіріп, қиюластырып тігеді. Түскиіз – сәндік үшін төсектің тұсына тұтатын үй бұйымы. Киіз үстіне барқыт, шұға, жібектерден ою-өрнектер тігіледі. Қоржын – екі жағын тең етіп тоқыған, не құрап тіккен зат салатын дорба. Көрпе – матаның арасына мақта немесе жүн салып тіккен жамылғы. Егер көрпе тысын мата қиындыларынан құрап тіксе «құрақ көрпе» делінеді. Ақ дастархан – ас қоюға арналған мата төсеніш. Дастарханның шетін сырып тігеді, не шашақ тағады.


Жалпы киіз үй оң жақ және сол жақ деп екіге бөлінеді. Яғни ерлер және әйелдер жағы болып. Ерлер жақта ер адамға тән нәрселер ілініп тұрады. Олар: шоқпар, қамшы, садақ сияқты қару-жарақтар. Ал әйелдер жағында тек әйелге тән нәрселер тұрады. Олар: ыдыс-аяқ, төсек орын, бесік тағы басқалар. Барлық киіз үй әдемі ою-өрнектермен әшекейленген түскиіздермен, алашалармен, сырмақтармен безендіріледі.

            Сөздік:

сәулетті құрылыс – архитектурное строительство, баспана – убежище,

кереге – решетка, тұтастырып тұру - примыкать, прилегать,

уық - кривые паолчки, на которых поднимается и держится верхний круг юрты для привязывания к решетке, төңкеру – опрокинуть, повернуть вверх дном, табалдырық – порог, маңдайша – вверхняя перекладина двери юрты, сырық ағаштар – длинный шест с развалиной, служащий подпоркой в юрте во время сильного ветра, жалғастыру – связываться, присоединяться, майыстыру – гнуться, сгибаться, бекіту – прикрепить, өрнек – узор, түндік – квадратная кошма, покрывающая верхний круг юрты, служащая как для выхода дыма, так и для приикновения света.
ІҮ. Бекіту кезеңі:

4.1 - тапсырма. Әрбір топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі.

1.  Деңгейлік  тапсырмалар орындау:

І  деңгей:  

1.  Берілген мәтінмен танысып, сөздік құрастырыңыздар. Мәтін бойынша бір–біріңізге сұрақ қойыңыздар.

ІІ деңгей:

 2.  Мәтінді  аударыңдар. Жай сөйлемдерді тауып, сипаттаңыздар.

 ІІІ деңгей: Мазмұндау

1-топ. Киіз үйді тігеді.


2-топ.Киіз үйдің ішкі жасауын жасайды, шетелден келген қонақтарды таныстырады.
4.2 – тапсырма: Кестені толтырыңыздар.

Киіз құрылысы және бөліктері(сүйегі)

Киіз үй жиһаздары мен төсеніштері

Киіз үй жабдықтары










Уық, кереге,бақан,күлдіреуіш,маңдайша, босаға,табалдырық, сандық, жүкаяқ,

әбдіре,домбыра,ағаш төсек, түндік,кілем, ши,шашақбау,басқұр, жабу киіз, үзік

бау, сырмақ т.б.
4.3 – тапсырма: Бейне мәліметке назар аударыңыз!
Киіз үй туралы бейне мәліметті оқушыларға көрсету
4.4 – тапсырма: Сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай жай сөйлемдерге түрлендіріңіз.

Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөз бар. Қазақтың өмірінде шаңырақтың маңызы зор. Ол атадан балаға мұраға қалдырылып отырған. Шаңырақ арқылы ұрпақтан ұрпаққа ата-бабалар рухы, күші жалғасады деседі. Шаңырақ – үй, әулет,мағынасында  да пайдаланылады. Әулет дәстүрі бойынша ұлдар әкенің үйінінен бөлініп, жеке шаңырақ иесі болады. Әкесі мен шешесін кенже ұлы асырайды. Ол әке шаңырағының иесі, мұрагері болып саналады. Егерде киіз үйдің басқа бөлшектері тозса, оларды жаңалайды, ал шаңырақты сақтайды, сондықтан оны «қара шаңырақ» деп атайды.


Ү. Қорытындылау:

Бүгінгі күні киіз үй кеңінен қолданылады деуге болмайды. Киіз үй тек қана ауыл шаруашылығында Оңтүстік Қазақстанда, ұлттық мейрамдарда, той – думандарда, шет елден қонақтар келгенде, қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету үшін қолданылады. Шаңырақтың ортасындағы шаңырақ, үш жүздің бірлігін, ынтымақтастығын білдіреді және Отанымыздың біртұтастығын білдіреді.



Қазір көп ұлтты халықтар «Қазақстан» деген шаңырақтың астында, ашық аспан астында тату – тәтті өмір сүріп жатырмыз.


ҮІ. Рефлексия: «Қазақстан – достықтың шаңырағы» тақырыбына эссе жазыңыздар.
ҮІ. Бағалау:

ҮІІ. Үйге тапсырма: «Киіз үй» тақырыбына шығарма жазу.



жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау