2 AutoCAD-пен ТАНЫСУ
Кез келген бағдарламамен танысу оны іске қосудан және пайда болған терезеде қандай да бір операцияларды орындауға тырысудан басталады. AutoCAD бағдарламасының терезесі Windows стандарттарына сәйкес келеді, сондықтан бұл тырысулар үздік аяқталады. Бірақ, дәл басқа бағдарламалар секілді оның да өз ерекшеліктері бар, міне, соларға бұл дәрісте тоқтала кетеміз.
AutoCAD жүйесін қосу
AutoCAD-тың пайдаланушылық интерфейсі
Анықтамалық жүйені шақыру
Сурет шекарасын анықтау
Тор параметрлерін анықтау
Байлауыш қадамын анықтау
Өлшем бірліктер жүйесін орнату
Суреттерді сақтау
Жұмысты аяқтау
2.1 AutoCAD жүйесін іске қосу
AutoCAD – ты іске қосу мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
Start Programs Autodesk AutoCAD 2007 AutoCAD2007;
- бағдарламаны жылдам іске қосу: Windows – тың жұмыс үстелінде AutoCAD 2007 пиктограммасына тінтуірдің сол жақ пернесімен екі рет шерту керек.
Пайдаланушы қандай сызбамен (екіөлшемді немесе үшөлшемді) жұмыс істейтіндігіне байланысты AutoCAD екі экранның біреуін ұсына алады (сурет 2.1).
Сурет 2.1 – Workspaces инструменттер панелі
Workspaces инструментер панелінде ашылған тізімнен AutoCAD Classic элементін таңдаңыз. Екіөлшемді сызбалармен жұмыс істеуге арналған инструменттер панелі шығады.
ОК пернесін шерте салысымен, Startup (Начало работы-жұмыстың басы) (сурет 2.2) стандартты сұхбаттық терезесі ашылады, мұнда жұмыс істеу режимін таңдау керек.
Сурет 2.2 - Жұмыстың басы сұхбаттық терезесі
Ескерту: Егер Startup (Начало работы-жұмыстың басы) терезесі шықпаса, онда бұл жүйе жаңа суретке автоматты түрде ену үшін стандартты орнатулармен күйге келтірілмеген.
Startup сұхбаттық терезесінде пайдаланушыға төрт перне ұсынылады:
Open a Drawing (Открытие рисунка-суретті ашу) бұрын салынған сызбаны ашу үшін. Ең соңғы болып ашылған суреттер тізімінен таңдап, оны AutoCAD-қа орнату мүмкіншілігін береді. Тізімде жоқ файлды орнату үшін Browse… пернесін басу керек;
Start from Scratch (Простейший шаблон-қарапайым шаблон) британдық (футтар мен дюймдер) немесе метрлік (миллиметр) өлшем бірліктер ғана орнатылатын сызба салу үшін;
Use a Template (По шаблону-шаблон бойынша) шаблон – құжат бойынша жаңа суреттің негізі болатын сызба жасау үшін. Select a Template жолында: сызбаға қажетті орнатулары бар шаблон таңдалынады. Тізімде .dwt кеңейтілуі бар файл шаблондар аттары аталынады. Шаблондарда суреттің әртүрлі параметрлері анықталады, соның ішінде, арнайы жасалған қабаттар, сызық типтері, түрлер жиыны бар;
Use a Wizard (Вызов мастера-шеберді шақыру) жаңа сызба параметрлерін орнату үшін. AutoCAD жұмыс ортасын автоматты түрде күйге келтірудің мынадай екі режимі ұсынылады – Advanced Setup бөлшектеп дайындау және жылдам дайындау Quick Setup.
Қажетті пернені таңдап, тінтуірдің сол жақ пернесіне шерту керек. Сұхбаттық тереземен жұмысты аяқтау үшін пернесін шертіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |