- Сонымен, балалар, адам болу үшін не істеу
керек?
( осы сұрақ арқылы қорытынды жасалады)
ІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім:- Балалар, Шәкәрім ақын «Мен кетемін,
келеді» ӛлеңінде де адамда болуға
тиісті жақсы
қасиеттерді ӛсиет еткен.
1.- Қазір мен ӛлеңді оқиын, сендер мазмұнын түсіну
үшін тыңдаңдар. ( оқулық жабулы, мұғалім
мәнерлеп, тиісті жерінде логикалық екпін түсіре
оқиды).
2.- Балалар, енді екінші рет плакаттан оқып берейін,
сендер менің дауыс ырғағыма кӛңіл бӛліп, кейбір
сӛздердің қызылмен жазылу себебін ойлап
табыңдар. Оны табу үшін мазмұнын саналы түсініп
отыру керек.
3. -Ақ жүрек, таза ақыл, адал еңбек,
аққа жақ деген
қызылмен жазылған сӛздер талданады.
4. -Балалар, енді ӛлеңді оқулықтан іштей оқыңдар.
Оқу үстінде әр сӛздің мағынасын түсінуге,
талпыныңдар, түсінбеген сӛздеріңді қарындашпен
белгілеп отырыңдар.
5. Оқушылардың түсінбеген сӛздері түсіндіріледі.
6. -Ал екінші рет іштей оқыңдар. Алға қоятын
мақсаттарың дауыстап мәнерлеп оқуға
дайындық
болсын. Ол үшін нені ескеру керек еді? (бунақтарын,
дауыс екпінін келтіру).
7. Оқушыларға бірнеше рет дауыстап,
мәнерлеп
оқытып, жаттығу жұмысы жүргізіледі.
ІІІ. Сабақты қорыту, бекіту.
1)- Сонымен, балалар, адам болу үшін қандай
қасиеттер керек екен? (Жауаптар алынады)
2) Жақсы, жаман қасиеттерді білдіретін сӛздерді
қатыстыра сӛйлем ойлату( тіл дамыту).
ІV. Үйге тапсырма: Жақсы қасиетті және жаман
қасиетті адамдарға мінездеме жазу.
кӛңіл аудару
оқу еңбегін
ұйымдастыра білу
дағдысын
қалыптастыру.
Білімін тәжірибеде
қолдана білу.
Алған білімін
тәжірибеде қолдну
Мҧғалімнің оқытуға беріліп жҧмыс істеуі
Бұл ӛлшем бойынша мұғалім сабаққа жан-жақты дайындалып, оқу материалын
жетік білуі тиіс. Мұғалімнің сабаққа дайындығы екі кезеңнен тұрады:
1)
пәнді оқытуға жалпы дайындық ;
2) әрбір сабақты ӛткізуге дайындық .
логикалық екпінге мән бергенде ғана бұл қиындықтан шығуға болатынына, ал ол
үшін бунақ санын, логикалық екпінді кӛрсететіндей кӛрнекілік қажеттілігіне кӛзі
жетеді. ( Логикалық екпін қоя білу 4- сынып бағдарламасының талабы да).
Мысалы, жоғарыдағы сабақ жоспарына қайта оралайық. Сабақтың типі - жаңа
білімді игеру сабағы.
І. Жаңа материалды қабылдау мен саналы түсінуге «Кіріспе» бӛлімінен
бастап, «Жаңа сабақ» бӛлімінің 4-ші элементіне дейін жатқызуға болады.
2. Оқу материалының ішкі байланыстары мен заңдылықтарын танып білуге 2-
бӛлімнің 4-ші элементінен 3- бӛлімге дейінгі жұмыстарды жатқызамыз.
3. Білімді қорытып, жүйелеу-ІІІ бӛлім.
Міне, мұндағы екінші кезеңді толық жүргізбесек немесе «Кіріспе»
бӛлімінде тек Шәкәрім туралы ғана айтып ӛтіп, Абайға соқпасақ , сабақ сапасы
тӛмендер еді. Тәжірибеде бұл үш элемент сырттай қарағанда сақталатын сияқты.
Дегенмен, мұғалімдердің ең қиналатындары немесе тіпті білмейтіндері оқу
материалының ішкі байланыстары мен заңдылықтарын оқушылардың танып
білуін ұйымдастыра алмауында, басқаша айтсақ, әдіс-амалдарды, жұмыс
формаларын ойластыра алмауында. Сонымен бұл пікірден түйер ой:
сабақ
жоспарын жасау мұғалімнен сабақ типін, құрылымын, әдістерін, формаларын
ойластыруда зор ізденісті талап етеді.
Мҧғалімнің кәсіби қызметтері
Қазіргі заманғы мұғалім шығармашыл, ӛзінің міндеттерін жоғары кәсіби
деңгейде орындауға қабілетті тұлға болуға тиіс. Дүниежүзілік педагогика идеал
мұғалім және оны дайындаудың моделін жасау жолында ізденуде. Мысалы,
жапон педагогы Томомучи Киучи ұсынған модельде идеал мұғалімнің белгілері
мен қасиеттері тӛмендегіше қарастырылады: педагогикалық білімі болу, еркін де
жауапкершілікті сезіне білу, интеллектуалдық ортаға жақын болу.
Ал Ресей ғалымы В.А.Сластенин моделі мұғалімнің біртұтас тұлғасын
қалыптастыру тұрғысынан қарастырылады. Бұл модель бойынша қазіргі педагог
экономикалық білімнен хабардар болуы, ұйымдастырушылық және тәрбиелік
жұмыстарды жүргізе білуі, компьютерлік сауатты болуы, шетел тілін білуі,
жоғары мәдениетті, белсенді болуы, үнемі білімін жетілдіріп отыруды
қажетсінетін, жаңалыққа құмар, ақпараттарды ӛзбетінше ала алатын, жоғары
моральдық қасиеттерге ие, оқушылары жақсы кӛретін болуы тиіс.
Мұғалім тұлғасы жекелік тұрғыдан қарастырылу керек. Олай болса,
жоғарыдағы идеал мұғалім моделіне сай тәрбиелену болашақ мұғалім боламын
деген әр студенттің жеке бас ерекшелігіне тікелей байланысты. Сондықтан
мұғалімдік мамандыққа дайындықтың алғашқы жылында әр студенттің ӛзінің
тұлғасына, болмысына сын кӛзбен қарап, ӛзін-ӛзі танудың маңызы ерекше.
Мұғалімнің кәсіби деңгейін сапалы қалыптастыру арнайы теориялық
дайындықты қажет етеді. Атап айтқанда, болашақ мұғалім таным және іс-әрекет
теориясын меңгеріп, біртұтас педагогикалық үдерістің ерекшеліктерін ескере білуі
қажет. Ӛйткені қазіргі заман психологиясы мен педагогикасының қағидаттары
бойынша біріншіден, мұғалім тұлғасы
оның іс-әрекет ҥдерісі арқылы қалыптасса,