Жақша ішінде нүкте қойылу себебін анықтыңыз. Жай сөйлемнен кейін



жүктеу 332,6 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі332,6 Kb.
#4753

250

Жақша ішінде нүкте қойылу себебін анықтыңыз.



  1. Жай сөйлемнен кейін

  2. Автор түсінігі ретінде айтылған ремеркадан кейін

  3. Хабарлы сөйлемнен кейін

  4. Драмалық шығармада кейіпкер атынан соң

  5. Бұйрықты сөйлем соңында

251

Тыныс белгісі дұрыс қойылған мысалды табыңыз?



  1. Аға, итмұрын деп неге атаған, ә

  2. Ойпыр-ай, Бексұлтанның әңгімешілін-ай

  3. Қош келдің Абай, Мұхтар бесігіне

  4. Өзіңіз шаршағансыз, осында қона кетіңіз.

  5. Тәйт, ондай сөзді айтпа?

252

Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз



  1. Нүкте

  2. Сызықша

  3. Үтір

  4. Жақша

  5. Тырнақша

253

Жалпылауыш сөзге байланысты қойылған тыныс белгісін табыңыз.



  1. Жанат орын ұсынып еді,-отырған жоқ

  2. Балалар, аманбысың шырақтарым

  3. Ата қоныс – ата мекен

  4. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

  5. Ол ол ма, одан да бетері бар

254

Қос нүкте қойылатын жерді көрсетіңіз



  1. Жалғаулықты себеп-салдар салаласта

  2. Бірыңғай мүшелерден кейін

  3. Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта салдар мәнді сөйлемнен кейін

  4. Жалғаулықсыз қарсылықты салаласта

  5. «Бірақ», «алайда» жалғаулықтарынан алдынан

255

Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз



  1. Қалқам, Әбіш, осы әлемдегі ақ зат асыл ма? Қара зат асыл ма? – деп сұрапты Абай

  2. Қалқам, Әбіш, осы әлемдегі ақ зат асыл ма; Қара зат асыл ма? – деп сұрапты Абай

  3. Қалқам Әбіш, осы әлемдегі ақ зат асыл ма, Қара зат асыл ма деп?! - сұрапты Абай

  4. - Қалқам Әбіш, осы әлемдегі ақ зат асыл ма, Қара зат асыл ма? – деп сұрапты Абай

  5. Қалқам Әбіш! Осы әлемдегі ақ зат асыл ма, Қара зат асыл ма! – деп сұрапты Абай

256

Сұрау белгісінің қойылатын орнын белгілеңіз.



  1. Белгілі бір сөздің мәні күндік тұғызғанды аңғарту үшін

  2. Көтеріңкі дауыспен айтылған одағай сөзден соң

  3. Мағынасы ыңғайлас, санамаланып айтылған сөйлемдер соңында

  4. Автор түсінігі ретінде айтылған ремарка соңында

  5. Қарсылықты салалас құрмаластан кейін

257

Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгісін табыңыз.



  1. Сызықша

  2. Сұрау, леп белгілері

  3. Үтір

  4. Қос нүкте

  5. Жақша

258

Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.



  1. «Жә, онда жүріндер,» - деді де Еламан ширақ басып, - сыртқа шықты.

  2. «Жә, онда жүріндер» - деді де Еламан ширақ басып, сыртқа шықты.

  3. «Жә! Онда жүріндер!» - деді де- Еламан ширақ басып: - сыртқа шықты.

  4. -Жә, онда жүріндер! - деді де, Еламан ширақ басып, сыртқа шықты.

  5. -Жә, онда жүріндер?» - деді де Еламан ширақ басып, - сыртқа шықты.

259

Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.



  1. Сырым батыр Төленді биге: - Биеке қазақтың қонағы неше түрлі болады! – депті.

  2. Сырым батыр: Төленді биге - Биеке қазақтың қонағы неше түрлі болады? – депті.

  3. Сырым батыр Төленді биге « Биеке қазақтың қонағы неше түрлі болады?» – депті.

  4. -Сырым батыр Төленді биге - Биеке қазақтың қонағы неше түрлі болады?! – депті.

  5. Сырым батыр Төленді биге: - Биеке, қазақтың қонағы неше түрлі болады? – депті.

260

Қай жерде леп белгісі қойылмайды?



  1. Жасай бер, Қазақстаным!

  2. Апа, кітап алып берші!

  3. Амансыз ба! – деп саңқ ете қалды ол.

  4. Көзің ашық болсын, оқы, балам!

  5. Сонымен өтті зор кеудеде үлкен от!.. Кетті асыл ұлан!..

261

Жетпей тұрған тыныс белгісін табыңыз. Жүрегімді көрші, міне, жарадан сау жер қалды ма



  1. Сұрау белгісі

  2. Нүкте

  3. Леп белгісі

  4. Нүктелі үтір

  5. Тырнақша

262

Жақсыз сөйлемді табыңыз.



  1. Жүз жиырма бес үй салынды

  2. Күз келді

  3. Бізге көбірек оқу керек

  4. Құлаққа ұрған танадай

  5. Сылқ-сылқ күліп жіберді

263

Себеп-салдар салалас белгілеңіз.



  1. Молда маған орын нұсқаған соң, Оразәлі мен оның қасындағы бала араларын аша берді

  2. Байжекең суырдың ішін тереңдетіп қазып көрсе, ар жағы сіресіп жатқан тас көмір екен

  3. Жел дауылды шақырады, бұлт жауынды шақырады

  4. Жаманменен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп

  5. Бас болу оңай, - бастамақ қиын

264

Төлеу сөз дегеніміз не?



  1. Бөгде сөздің айтылуы

  2. Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуі

  3. Бөгде біреудің сөзі өзгермей сол қалпында берілуі

  4. Бөгде біреудің сөзін өз сөзіне өзгертпей беретін сөз

  5. Мағынасы сәл өзгеріске түсіп айтылатын сөз

265

Төлеу сөзді табыңыз.



  1. Бүгін бұл үйдің жылқышыларына да бірдеме болған сияқты

  2. Жұман отыратын жерге бір әулие келіпті

  3. Үйге кіре бере қара саба жарылып кетті

  4. «Білмегенді біле бер», - дейді Шәкәрім

  5. Әжем алысқа қарап тұрып, малдың өрістен қайтқанын айтты

266

Қай жауап толымды және дұрыс? Айжан: «Менің үйім алыс еді, ертерек қайтайын», - деді



  1. Айжан өзінің үйі алыс екенін айтты

  2. Айжан өзінің үйі алыс екенін және ертерек қайту керек екенін айтты

  3. Айжан ертерек қайту керектігін айтты

  4. Үйіне қайту керектігін Айжан айтты

  5. Айжан айтты үйге қайтамын деп

267

Төл сөзді көрсетіңіз.



  1. «Тарақ» деген сөздегі «та» буыны-ашық буын

  2. Ұста: «Бұны қайдан көрдім?» - деп ойлады

  3. «Қол ұстау, шаш сипату» деген ырымдар осы

  4. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын оқыдың ба?

  5. Сен дегенде ойым таза

268

Тыныс белгілері дұрыс қойылған қатарды көрсітіңіз



  1. Есенкелді тұрып: - Қонақ – балалар, үлкен үйге жүріңіздер, - деді

  2. Есенкелді тұрып, «Қонақ – балалар, үлкен үйге жүріңіздер», - деді

  3. Есенкелді тұрып - Қонақ балалар, үлкен үйге жүріңіздер, - деді

  4. Есенкелді тұрып: - Қонақ балалар - үлкен үйге жүріңіздер деді

  5. Есенкелді тұрып: - Қонақ балалар, үлкен үйге жүріңіздер, - деді

269

Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз



  1. Сен дегенде сөз бар ма?

  2. Әй дер әже, қой дер қожа жоқ

  3. Балалардың соңғы ертегі «Ақсүйек», «Соқыр теке»

  4. «Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл», -дейді

  5. Суатты болу дегеніміз – дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу

270


Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз

  1. Туған жер – алтын бесік

  2. –Білмеске сөзің қор боп кетер, - деген М.Дулатұлы

  3. Бала жігіт бұйрықты екі етпейді

  4. Бұл-ойланатын нәрсе

  5. Әркім-әуелі өз ауылының баласы.

271

Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз



  1. Ол: «Арман қалыңыз қалай»? деді

  2. Ол: «Арман, қалыңыз қалай? деді

  3. Ол: «Арман, қалыңыз қалай?» -деді

  4. Ол: «Арман қалыңыз қалай?»- деді

  5. Ол,: «Арман, қалыңыз, қалай?» -деді

272

Төл сөздің белгісінің дұрыс қойылуын табыңыз



  1. –Шырағым, жол болсын! –деді

  2. Шырағым, жол болсын. –деді

  3. «Шырағым, жол болсын», –деді

  4. «Шырағым, жол болсын»! –деді

  5. -Шырағым, жол болсын» деді

273

Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөзді анықтаңыз



  1. Ол: «Батыр хал қалай»? деді

  2. Ол: «Батыр хал қалай? деді

  3. Ол: «Батыр, хал қалай»?- деді

  4. Ол: «Батыр, хал қалай» - деді

  5. Ол,: «Батыр хал қалай?» деді

274

Қай сөйлемде төл сөздің тыныс белгілері дұрыс қойылған?



  1. –Өзгелерінің орны өзге жерде, -деді

  2. –Өзгелерінің, орны өзге жерде, -деді

  3. –Өзгелерінің орны- өзге жерде, -деді

  4. –Өзгелерінің, орны, өзге жерде, -деді

  5. –Өзгелерінің орны- өзге жерде, -деді

275

Төл сөзде «мен» деп берілген сөз төлеу сөзде қандай өзгеріске түседі?



  1. Маған

  2. Мені

  3. Өзінің

  4. Оның

  5. Оған

276

Сұрау есімдігі қатысқан төл сөз төлеу сөзде қандай өзгеріске түседі?

А. Төлеу сөзде сұрау есімдігі түсіп қалады.

В. Сөйлем мазмұнына қарай басқа сөз табына ауысады.

С. –ма, -ме шылауға айналады.

Д. Сұраулық шылауға айналады.

Е. Сұрау есімдігі сол күйде сақталады.

277


Төл сөздің тыныс белгісі қай қатарда дұрыс қойылған?

А. – Атакем дұрыс айтады: іздеп келгені осы ауыл болған соң, бұл балалардың жөні үлкен үй болады – деді.

В. –Атакем дұрыс айтады: іздеп келгені осы ауыл болған соң, бұл балалардың жөні үлкен үй болады,-деді.

С. « Атакем, дұрыс айтады, іздеп келгені осы ауыл болған соң,бұл балалардың жөні үлкен үй бодады », деді.

Д. « Атакем, дұрыс айтады,іздеп келгені осы ауыл болған соң,бұл балалардың жөні үлкен үй болады»,-деді.

Е. Атакем дұрыс айтады: іздеп келгені осы ауыл болған соң,бұл балалардың жөні үлкен үй болады,-деді.

278

Тыныс белгілері қай сөйлемде дұрыс қойылған?



А. Естемес атын тебініп күбірледі: «Ботасы өлген, боз інген».

В. Естемес атын тебініп күбірледі «Ботасы өлген, боз інген».

С. Естемес атын тебініп, күбірледі- «Ботасы өлген боз інген».

Д. Естемес атын тебініп, күбірледі- «Ботасы өлген боз інген».

Е. Естемес, атын тебініп, күбірледі «Ботасы өлген боз інген».

279


Автор сөзінің арасындағы төл сөздің тыныс белгілері қай қатарда дұрыс қойылған?

  1. Оразымбет ұстазының қолынан ұстап алып:-Еске, ар жағын...-деді дауыстап

  2. Оразымбет, ұстазының қолынан ұстап алып: «Еске, ар жағын»-деді дауыстап

  3. Оразымбет ұстазының қолынан ұстап алып: «-Еске, ар жағын-» деді дауыстап

  4. Оразымбет ұстазының қолынан ұстап алып: «Еске, ар жағын».-деді, дауыстап

  5. Оразымбет ұстазының қолынан ұстап алып: -Еске, ар- жағын...-деді дауыстап

280

Төл сөздерідің қайсысында тыныс белгілері дұрыс қойылған



  1. –Бұның не бетім-ау – деді күйеуі қоқиланып

  2. –Серкенің желін шығарып, әкелсін – деді күйеуі қоқиланып

  3. –Жатаққа қырлықтар жабыса алмайды! –деді, күйеуі қоқиланып

  4. –Қымызға желіккендердің біреуі жабысып жүрсе қайтесің, байғұс! – деді әйелі

  5. –Көкем, көкпар әкеледі! – деп талшыбықты айнала жүгірді

281

Төл сөздің тыныс белгілері қай қатарда дұрыс қойылмаған?



  1. –Неге қорқады? – дейсіз ғой

  2. –Көкпардан қалайша болады? – дейсіз ғой

  3. Жұрт қалай тартады екен? – деді

  4. –Соғымның сирағы кесіле ме? – деді, анау екеуі

  5. –Қап, әттеген-ай! – деді анау екеуінің бірі

282

Төл сөздің тыныс белгілері жіберілген қате қай қатарда?



  1. –Ысырыңыздар. Жел тисін! – деді біреу

  2. –Ойбай, тартпасын ағытыңдар! – деді екінші біреу

  3. – Тартпадан пайда жоқ. Мойны үзіліп кетіпті – деді үшінші біреу

  4. – Азаматтың аман қалғанына шүкіршілік! – деді төртінші біреу

  5. – Көкпарда өлген жылқының еті – көптікі. Сауабын ал! – деді бесінші біреу

283

Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден болса, төлеу сөзде қандай өзгеріске ұшырайды?



  1. Көсемше жұрнағы жалғанады

  2. Көмекші есімдер жалғасады

  3. «екенін» көмекші етістігімен жалғасады

  4. Сол қалпында сақталады

  5. Есімше жұрнақтары жалғанады

284

Төлеу сөзді табыңыз



  1. Бүгін бұл үйдің жылқышыларына да бірдеме болған сияқты

  2. Жұман отыратын жерге бір әулие келіпті

  3. Үйге кіре бере қара саба жарылып кетті

  4. «Білмегенді біле бер», - дейді Шәкәрім

  5. Марат ертең өзінің қалаға баратынын айтты

285

Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөзді анықтаңыз



  1. – Көлтауысар, көлдің суын құрт! – деді Төстік.

  2. «Көлтауысар, көлдің суын құрт – деді Төстік.

  3. «Көлтауысар, көлдің суын құрт деді Төстік.

  4. Көлтауысар, көлдің суын құрт! – деді Төстік.

  5. «Көлтауысар, көлдің суын құрт! – деді Төстік.

286

Төл сөз дегеніміз не?



  1. Бөгде сөздің айтылуы

  2. Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуі

  3. Бөгде біреудің сөзі өзгермей сол қалпында берілуі

  4. Бөгде біреудің сөзі өзгертіліп берілетін сөз

  5. Мағынасынан сәл өзгеріске түсіріп айтатын сөз

287

Төлеу сөзді табыңыз



  1. «Сабаққа күнде қатысып жүруге міндеттісіндер,» - дейді оқытушы

  2. Биік мансаптың биік жартас екенін айтады Абай

  3. Шығыстағы ел бауырға көшпей, жайлауға асығып отыр

  4. Тінекең ауылына бардым, тыныштық

  5. Ол баланың сабақ оқымайтындығы баршамызды ойландырады

288

Қай сөйлемде тыныс белгілері дұрыс белгіленген?



  1. «Биік мансап, биік жартас» - дейді Абай

  2. «Биік мансап- биік жартас», - дейді Абай

  3. Биік мансап - биік жартас - дейді Абай

  4. Биік мансап, биік жартас, - дейді Абай

  5. «Биік мансап, биік жартас», - дейді Абай

289

Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болған жағдайда төлеу сөзде бұл сөз қалай өзгереді?



  1. Тұйық етістікке айналады

  2. Сол қалпына қала береді

  3. Сол қалпында қалып, одан кейін туралы шылауы жазылады

  4. Есімшеге айналып, оған –дық/-дік жұрнағы тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да, толықтауыш болады

  5. «Екенін» деген көмекші етістік жалғасады

290

Мына сөйлемдердің қайсысында тыныс белгілері дұрыс берілген?



  1. –Көрдің ғой генерал. Дер кезінде келдің, - деді Колчак

  2. –Көрдің ғой, генерал. Дер кезінде келдің, - деді Колчак

  3. –Көрдің ғой, генерал. Дер кезінде келдің - деді Колчак

  4. –Көрдің ғой, генерал. Дер кезінде келдің; - деді Колчак

  5. –Көрдің ғой, генерал. Дер кезінде келдің: - деді Колчак

291

Төлеу сөзді табыңыз



  1. «Өнерпаз бол, өр бол!»- дейді Біржан аға

  2. Қария қыздарға дөрекі мінез жараспайтындығын айтты.

  3. Абай өз қасында отырған Әйгерімге бір түйін тастағандай болды

  4. Белинскийдің «Ақын бәрінен бұрын адам» деген қағидалы сөзді – әлдеқайда әділ, дұрыс

  5. Қазіргі кеште Жабай Назывкешті жиі көріп тұрғысы келетінін сезді

292

Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болса, төлеу сөзде қандай өзгеріске ұшырайды?



  1. Тұйық етістікке айналып, оған барыс, табыс септік жалғауы, немесе туралы жөнінде, жайында шылауларының бірі қосылып айтылады

  2. Өзгеріске түспейді

  3. Есім сөздерге айналады

  4. Есімше жұрнағы жалғанады

  5. Жедел өткен шақ жұрнағы жалғанады

293

Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөзді анықтаңыз



  1. «Қалай еріксіз түседі?» деген оймен Аман сөзін аяқтағанша, ауылға жетіп қалыпты

  2. «Қалай еріксіз түседі», деген оймен Аман сөзін аяқтағанша, ауылға жетіп, қалыпты

  3. «Қалай еріксіз түседі?»- деген оймен Аман сөзін аяқтағанша, ауылға жетіп қалыпты

  4. «Қалай еріксіз түседі?»,- деген оймен Аман сөзін аяқтағанша, ауылға жетіп қалыпты

  5. «Қалай еріксіз түседі!» -деген оймен Аман сөзін аяқтағанша, ауылға жетіп қалыпты

294

Қай сөйлемде пысықтауыш бар?



  1. Аспан жүзі түнерген бұлт

  2. Ортадағы қоңыр төбелі үйден төрт-бес жігіт шығып келеді

  3. Бөжей – қалың жігітектің адамы

  4. Барлық қонақтар аттанып кетті

  5. Кешеден бері көп жұмыс тындырылды

295

Тура толықтауышты табыңыз



  1. Асқар сиыр айдап кетті

  2. Басында құндыздаған қара пұшпақ бөрік

  3. Базарлық ақ орамалға түйілген

  4. Балаша еңіреп жылады

  5. Баймағамбет келе жатқандарға маңқия қарады

296

Матаса байланысқан анықтауыш түрін көрсетіңіз



  1. Жарқыраған күн

  2. Самал жел

  3. Жұқалаң көк бұлт

  4. Менің жеңгем

  5. Мұрат мырза

297

Себеп пысықтауышты көрсетіңіз



  1. Батпаған ай батыстан қарап тұрды

  2. Кешеден бері сақтаған нанды жеп отырмын

  3. Бала кітап алғалы келіпті

  4. Сен Алматыға ойнауға келген жоқсың, оқып білім алуға келдің

  5. Ол табанда ақшасын өндіріп алды

298

Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз



  1. Досын сатқан жандардан жиренемін: Отанын да ондайлар сата алады

  2. Түсінгені соншалық; барлығы ойында сайрап тұр

  3. Асан, Айгүл, Әйгерім: үшеуіміз кітапханаға бардық

  4. Сізді ешкім шақырған жоқ: сондықтан сіз де бармайсыз

  5. Ел «Нар идірген» күйі осылай туыпты деседі!

299

Қос нүктенің қойылу себебін ажыратыңыз. Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы, берік болмақ керек...



  1. Автор сөзінен соң

  2. Жалғаулықсыз түсіндірмелі салалас

  3. Жалпылауыш сөзден кейін

  4. Себеп-салдар салаласта

  5. Төл сөзден соң

300

Қос нүкте қойылмайтын жерді көрсетіңіз



  1. Салдар мәнді сөйлемнен кейін

  2. Автор сөзінен кейін

  3. Бірыңғай мүшелердің арасына

  4. Жалпылауыш сөзден соң

  5. Түсіндірмелі салаласта

301

Қос нүктенің жай сөйлемде қойылатын орны қайсы?



  1. Сөйлем ортасында

  2. Сөйлем coңында

  3. Бірыңғай мұшелердің арасына

  4. Сөйлем басында

  5. Жалпылауыш сөзден соң

302

Көп нүкте қойылатын жерді табыңыз



  1. Хабарлы сөйлемнен кейін

  2. Ойға тосын, өте алшақ нәрсе қосылса

  3. Төл сөзден кейін

  4. Белгілі бір сөздің орынсыз айтылғанын таңырқау мәніндегі сөзден соң

  5. Сан, уақыт, кеңістік мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін сөз аралығында

303

Көп нүктенің қойылатын орнын көрсетіңіз



  1. Сөйлем басында

  2. Сөйлем ортасында

  3. Сөйлем басында, ортасында, аяғында

  4. Сөйлем coңында

  5. Сөздер аралығында

304

Көп нүкте сөзден кейін қойылатынын анықтыңыз. Еліңнің анық көшін бастайын жолың даңғыл болсын да.



  1. Сөйлем алдынан

  2. «Бастайтын» сөзінен кейін

  3. «Жолың» сөзінен кейін

  4. «Еліңнің» сөзінен кейін

  5. Сөйлем соңында

305

Қай қысқарған сөздерде үш нүкте қойылады?



  1. С М

  2. т с с

  3. «Қ Ә»

  4. ҚазҰТУ

  5. квт

306

Көп нүкте қойылатын жерді табыңыз



  1. Мағынасы, құрылысы жағынан ұқсас сөйлемдер арасында

  2. Айтылмақшы ой аяқталмай қалғанда

  3. Сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылғанда

  4. Ойға қатысты басқа бір ойды жолжөлнекей түсіндіргенде

  5. Сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз болғанда

307

Қай сөйлемде қос нүкте қойылмайды?



  1. Бұлар Асан мен Омар – сабаққа бармады

  2. Асан және Омар екеуі сабаққа бармады

  3. Сабаққа бармағандар Асан мен Омар

  4. Сабақта жоқ оқушылар Асан мен Омар

  5. Сабаққа бармаған мыналар Асан мен Омар

308

Қай сөйлемде қос нүкте қойылады?



  1. Тәртіпсіздікке жол бермеу керек деген менің әкем

  2. Тәртіпке бас иген кұл болмайды (Б. Момышұлы)

  3. Мен келдім деп ол ішке кірді

  4. Мыналар наурыз, сәуір көктем айлары

  5. Мылтық тарс етті, құс жалп етті

309

Қос нүктенің орнын табыңыз



  1. «Мен бардым» деді Ораз

  2. Ораз мен бардым деді

  3. Ораз өзі барғандығын айтты

  4. Ораз мен бардым деді ме?

  5. Ораз барған ба?

310

Қай сөйлемде қос нүкте қойылмайды?



  1. Асан айтты «Ертең жолға шықпай-ақ қойсақ қайтеді?»

  2. Абай «Ғылым таппай мақтанба» деді

  3. Мына өзендер Жейхун мен Сейхун Аралға құянды

  4. Менің түсінгенім мынау ертең жарыс болмайды

  5. Біз сабақта «Ер Тарғын», «Алпамыз» жырларын оқыдық

311

Аяқталған сөйлемнің соңында қойылмайтын тыныс белгісін табыңыз



  1. Нүкте

  2. Леп белгісі

  3. Көп нүкте

  4. Сұрау белгісі

  5. Қос нүкте

312

Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз. Оқып білім ал, бөбек!



  1. Бірыңғай мүшелер

  2. Одағай

  3. Қыстырма сөз

  4. Оңашаланған айқындауыш

  5. Қаратпа сөз

313

Үтір дұрыс қойылған мысалды көрсетіңіз



  1. Әкеңнің төріне, сенбе, мандайыңның теріне сен

  2. Еркіндік, пен ерлік-тағдырлас

  3. Асқар көзінің астымен оған, Асанға, бір қарап қойды

  4. Айналайын-ау не айтқалы келесің?

  5. Иә, келген, жұмысыңыз?

314

Үтірдің қойылу себебін анықтыңыз. Менің ұғуымша, терең сын



  1. Шартты бағынқылы сабақтас

  2. Толымсыз сөйлем

  3. Оқшау сөз

  4. Қыстырма сөз

  5. Құрмалас құрамындағы жай сөйлем

315

Салаласта енген жай сөйлемдер жалғаулық шылау арқылы байланысқанда қойылатын тыныс белгі.



  1. Қос нүкте

  2. Сызықша

  3. Үтір

  4. Нүктелі үтір

  5. Үтір, сызықша

316

Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын табыңыз



  1. Ол әндер ерлікті де елдікті де сұлулықты да сыйдырған

  2. Ол әндер: ерлікті де елдікті де сұлулықты да сыйдырған

  3. Ол әндер ерлікті де, елдікті де, сұлулықты да сыйдырған

  4. Ол әндер- ерлікті де, елдікті де, сұлулықты да- сыйдырған

  5. Ол дос-жарандарын тойдырған

317

Қай мысалда үтір қойлуы қажет?



  1. Аса тілеулес ағасы Абай оның алдынан шықпайды және ешкімге бетін де қақтырмайды.

  2. Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша орнынан атып тұрды

  3. Кенжебек Асқардың шақыруымен келіп отыр

  4. Әр адамның бағасына бір ғана өлшеуіш бар ол- өнімді адал еңбек

  5. Біресе бір адым озып кетеді біресе кейін қалып қояды

318

Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз



  1. Ендігәрі Абайды бұндай жерге бастай көрме, жарықтығым

  2. Сөйлей бер, ақ домбырам күмбірлеген

  3. Жоғары, шық Төке

  4. Мен –қазақпын жан Отан – бел балаңмын!

  5. Ботам-ай өңің қашып кетіпті ғой!

319

Нүктелі үтір қай жай сөйлемнен кейін қойылмай тұрғанын анықтаңыз.

Жарқыраған беренді

Теңіз етсе, тәңірі етті

Жапырағын жайқалтып,

Терек етсе, тәңірі етті

(Шалкиіз жырау)


  1. Жарқыраған беренді

  2. Теңіз етсе, тәңірі етті

  3. Шалкиіз жырау

  4. Жапырағын жайқалтып

  5. Терек етсе, тәңірі етті

320

Мына сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз. Өзінді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе



  1. Нүктелі үтір

  2. Қос нүкте

  3. Үтір

  4. Сұрау белгісі

  5. Леп белгісі

321

Жетпей тұрған тыныс белгісін табыңыз. Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері:

а) тұрмыс-салт жырлары

ә) мақал-мәтелдер, жұмбақтар



  1. Үтір

  2. Қос нүкте

  3. Нүктелі үтір

  4. Тырнақша

  5. Жақша

322

Нүктелі үтір қойылатын орынды көрсетіңіз



  1. Төл сөз бен автор сөзінің арасында

  2. Жалпылауыш сөз бен бірыңғай мүшелер арасында

  3. Ойы бітпей қалған сөйлем соңында

  4. Сөйлем мүшелерімен байланыспайтын оқшау сөздерге қатысты

  5. Санамаланып айтылған, мағынасы ыңғайлас сөйлемдер арасында

323

Нүктелі үтір қойылғандығын анықтаңыз. Қазақ әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар:



  1. Бәдік;

  2. Жар-жар; т.б

  1. Бірыңғай мүшелер арасында

  2. Санамаланып айтылған, ыңғайлас сөздер арасында

  3. Жалғаулықсыз салаласқа

  4. Бастауыш пен баяндауыш арасында

  5. Оңашаланған айқындауыштың екі жағынан

324

Нүктелі үтір қойылатын орынды көрсетіңіз



  1. Мағынасы, құрылысы жағынан ұқсас келетін сөйлемдер арасында

  2. Ойға қатысты басқа бір ойды жол-жөнекей түсіндірген кезде

  3. Бір ой келесі оймен байланыспай, шашыранды айтылғанда

  4. Аралас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдер арасында

  5. Қаратпа, қыстырма, одағай сөздерге байланысты

325


Қойылмаған тыныс белгіні табыңыз. Жақсы адам елдің арысы

  1. Қос нүкте

  2. Сызықша

  3. Үтір

  4. Нүкте

  5. Сұрақ белгісі

326

Қарсылықты салалас сөйлемге байланысты қойылып тұрған сызықшаны көрсетіңіз



  1. Бәрін білем – шаланың ісі, бәрін білсем - дананың ісі

  2. Арғын, Найман, Керей, Уақ – төрт арыс бас қосыппыз

  3. Ауылға көзін аларта талай уәкілдер келеді,-ақ үйден аттанарда жымия күледі

  4. –Немене,- деген даусы естілді баланың

  5. Айтып тұрғаны – «Көзімнің қарасы»

327

Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз



  1. Көп сөз – күміс –аз сөз, алтын

  2. Көп сөз – күміс; аз сөз- алтын

  3. Көп сөз – күміс, аз сөз - алтын

  4. Көп сөз, күміс, аз сөз- алтын

  5. Көп сөз күміс –аз сөз алтын

328

Жалпылауыш сөзге байланысты қойылған тыныс белгісін табыңыз



  1. Сүйемін туған тілді анам тілін

  2. Саусақтары жұп-жұмсақ, жып-жылы екен

  3. Емеуірін білдіру-ақ мұң екен

  4. Бес-алты уығы алақандай жалпақ

  5. Сары, Кәрімбай, Жамақ –үшеуі кеңеске кірді

329

Бастауыш пен баяндауыш арасында қойылған сызықшаны табыңыз



  1. Ұсыныс сол – сөз өздеріне берілсін

  2. Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі

  3. Сәрсен аға, аман-сау келдіңіз бе?

  4. Біраз жүрген соң Асан – күндіз көп жүріп, шаршаған бол? – ұйықтап қалды

  5. Жақсы келдің айналайын! – деп қалбалақтап жатты ана

330

Сызықша қойылмайтын жерді көрсетіңіз



  1. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы болса, бастауыштан кейін

  2. Жалпылауыш сөзден кейін, бірыңғай мүшелердің алдынан

  3. Жалғаулықсыз түсіндірмелі салаласта жай сөйлемдер арасында

  4. Төл сөзден соң, автор сөзі алдынан

  5. Автор сөзі төл сөздің ортасында келсе, автор сөзінің екі жағына

331

Жақша қойылатын жерді табыңыз



  1. Т.б, т.т – қысқартылғанда

  2. Қаратпа сөздің екі жағына

  3. Төл сөздің екі жағына

  4. Бірыңғай мүшелердің арасына

  5. Драмалық шығармалардағы автор түсіндірмесі, ремаркалары

332

Сұрау, леп белгілері қандай жағдайда жақшаға алынады?



  1. Ұранды сөйлемдерден соң

  2. Талас, күдікті мәселе екендігін көрсетіп, оқушы назарын аудару үшін

  3. Дәйексөздің авторын, шығарманың атын көрсеткен кезде

  4. Келтірілген мысалды санамалап көрсеткен жағдайда

  5. Драмалық шығармалардағы автор түсіндірмесі

333

Қай сөз жақшаға алынатынын анықтаңыз. Ербол. Қуанып тұрып. Жолдастар, біз жеңеміз



  1. Ербол

  2. Жолдастар

  3. Біз

  4. Қуанып тұрып

  5. Жеңеміз

334

Шартты бағыныңқы құрмаласты табыңыз



  1. Жүре берсең, көре бересің

  2. Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасының не екенін ұға алмады

  3. Артыма жалт қарасам, екі жігіт аттарын байлап жатыр

  4. Көзсіз өмір не десе, тас қараңғы көр деуші ем

  5. Надам Малқар ескі әдетімен елді қорқытып ұстамақ болса, залым Шәлкендер алдап ұстамақ

335

Сабақтастың қай түрі?

Елімнің қайғысына мың да бір дауа осы болар деп, Сырдың суына төсегін төсеп тартып тұрады


  1. Мақсат бағыныңқы құрмалас

  2. Мезгіл бағыныңқы құрмалас

  3. Қимыл-сын бағыныңқы құрмалас

  4. Шартты бағыныңқы құрмалас

  5. Себеп бағыныңқы құрмалас

336

Бағыныңқысының баяндауышы «-ғанмен» тұлғалы болатын сабақтастың қай түрі екіндігін анықтаңыз



  1. Мақсат бағыныңқы

  2. Мезгіл бағыныңқы

  3. Қарсылықты бағыныңқы

  4. Қимыл-сын бағыныңқы

  5. Шартты бағыныңқы

337

Себеп бағыныңқы құрмаласты табыңыз



  1. Тысқа шыққан Сырбайоралғанша, Ракхмет хатты төрт-бес рет оқып шықты

  2. Екі көзі қанталап, денесі ашумен булыға қалшылдайды

  3. Іздеушілер көрмесін деп, біз тасалана қалдық

  4. Нұр дегенің не десе, жарқыраған күн деуші ек

  5. Қолынан келер бөтен жәрдем болмаған соң, ол қызға жылы сөзімен қайрат береді

338

Мезгіл бағыныңқы құрмаласты табыңыз



  1. Араларына түсетін арашасы болай, екеуі де шаршады

  2. Жылтыр көйлегі жалт-жұлт етіп, сықылық атып Майра келді

  3. Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен

  4. Кедір-бұдыр жермен дөңгелектерді тоқылдап, арба ырғала жылжып келеді

  5. Аяужан тыңдасын деп, радиоқабылдаңыштың тетігін бұрадым

339

Қимыл-сын бағыныңқы құрмаласты табыңыз



  1. Сапар бұған қарсылық білдірместен, Жарқын меңзеген тұсқа барды

  2. Сейфулланың сәлемін айтқанда, Иманмұса жылы ұшырай жымиды

  3. Біз жиналып барғанша, олар кетіп қалыпты

  4. Көктемнің ескегі соға бастасымен, маңайдың қары ағыл-тегіл тез кетті

  5. Ербол біліп қоймасын деп, Әзімбай әдейі үндемеді

340

Мақсат бағыныңқы құрмаласты табыңыз



  1. Қазір де Абай көңілі қандай салқын болса, Ділдә да сондай салқын

  2. Күзетші сезіп қалмауы үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік

  3. Кітабым болмағандықтан, дайындығым нашар

  4. Тезек бықсып жанбаған соң, келіншек еңкейіп үрлер отты жандырды

  5. Патша тағынан түсіп, Жәуке түрмеден құтылып үйіне келіп еді

341

Аралас құрмаластың құрамында қарсылық мәнді сөйлем болса, қандай тыныс белгісі қойылады?



  1. Үтір

  2. Нүктелі үтір

  3. Қос нүкте

  4. Сызықша

  5. Үтір және сызықша

342

Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз



  1. Көл бетіндегі сырғанақшылдарға бармақ болып, Асқар үйден шыққан соң, Айбала шай қоюга кірісті

  2. Мен барар ем, сабалаған қымызым, жетектеген сойыстығым болса

  3. Түсі сұрланып, екі танауы желбірей түсіп, тентерек көздері жиреніш отын шашып тұр

  4. Ертеңінде тұрсақ, жел басылып, бұлт ашылып, маужыраған бір әдемі күн басталыпты.

  5. Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді, ойы жүзеге аспады

343

Мына аралас құрмалас сөйлемнің схемасын табыңыз



Үй маңында басқа байлық көрінбеді, қоңыр үйдің төменгі жағына киіз жетпеген соң, туырлық орнына ши ұстап қойыпты

  1. Бағыныңқы, басыңқы, басыңқы

  2. Басыңқы, бағыныңқы, басыңқы

  3. Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы

  4. Басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы

  5. Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы

344

Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз



  1. Бұлар үйге кіргенде, түн ортасы жуық еді, бірақ Дәурен мен Айжан жатпады

  2. Уақыт өткен сайын, су киімдерімізге қатқан мұз қалыңдай түсіп, мұз оранған дене дірілдей түсті

  3. Тамшылар жиі тарсылдап, нөсердің салқын екпіні төне бергенде, біз де үйге жеттік

  4. Машина жақындаған сайын қала да қойнын ашып,көшелері кеңи береді

  5. Басында бірін-бірі онша білмесе де, осында келгеннен кейін, отбасы мүшелеріндей қатты араласып, туыстай болып кеткен еді

345

Себеп-салдар мәнді сөйлемдері бар аралас құрмаласты табыңыз



  1. Бүгін жұмысқа кім шықпай қалса, соны көнгенге санаймын да, бүгіннен бастап жіберемін

  2. Қарағандының қары қауырт еріп, сай-салалар суға толып, өзендер тасығалы тұр

  3. Шарды түбінде елбасылары салып болған соң, санайтын ұлықтардың өзі болмайды, оны екі тілмаштың бірі санайды

  4. Өмірдің ащы-тұщысын бірдей таттық: шаңырақ көтергенімізге жарты жыл толмай жатып, соғыс басталды

  5. Осы минутта күдері Жақыпбек көзіне мейрімді әке сияқты болып көрінсе, көзіне жас іркіліп қалып тұрды

346


«Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы» схемасына сәйкес келетін аралас құрмалас сөйлемді табыңыз

  1. Жолдан бұрыстау болғанмен, егер сен қарсы болмасаң, соға кетуді ойлап келемін

  2. Қыстың қысқа күні түс шағына жеткенде, барлық жылқышы түсіріліп, ат атаулы алынып, Абылғазының айтқаны түгелдей орындалып болғанды

  3. Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді, ат етпетінен түсті

  4. Жиын есіне түскенде, бетінен оты шықса да,мұғалімнің сөзіне көнбесіне Бектайдың шарасы болмады

  5. Денесі әлсіреп, сүлдері құрығандай болып, зорға келіп арбаға мінді

347

«Келген үшеудің бірі Жабай еді, болған іске өкініп, енді Омардың бетіне қарамауға тырысты», - деген сөйлемнің сызбасын көрсетіңіз



  1. Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы

  2. Басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы

  3. Бағыныңқы, басыңқы, басыңқы

  4. Басыңқы, басыңқы, басыңқы

  5. Басыңқы, бағыныңқы, басыңқы

348

Араласты табыңыз



  1. Күн ашық болғандықтан,орталық алаңға жиналдық, дегенмен кешегі жоспарымызды жүзеге асыра алмадық

  2. Ол үйге келіп, кітабын іздеп көргенмен, оны еш таба алмады

  3. Ерте келсек те, тапсырманы орындасақ та, бізге рахмет айтқан ешкім болмады

  4. Ол қалаға кеше келген, бірақ баратын жерінің мекен-жайы өзгеріп кетіпті, сондықтан анықтама бюросына келді

  5. Ол газетті ашса да, интернетке қараса да, әлгі оқиға туралы таба алмады

349

Аралас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз



  1. Күн санап кеңес тәртібі орнығып, болыстың ұйымдардың өзі де ерекше қызмет атқарып отырды

  2. Атаман үкіге еңкейіп, қолын суға малды да, бір қызыл сағанды мұз бетіне лақтырып тастады

  3. Уақыт керуеніне бөгет жоқ

  4. Істің қазіргі ұсқынына қарағанда, береке бітіммен тынатын түрі жоқ

  5. Сол күндерден бір ырғағы ауыспаған,бір сөзі де өзгермеген

350

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз



  1. Біз қол бос болғандықтан, іш пысқандықтан емес, білімді болу үшін оқитынбыз

  2. Санада нұр, көкіректе арман болса, болышақ жарқын болмақ

  3. Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртынды сүйе алмайсың

  4. Қазірде де ала көлеңкеде кәрі әжесі байқап отыр: ән тоқтай қалса, кішкентай қыз қарақаттай көздерін ашады

  5. «Боз інген» күйін тартқанда, боз торғай шырылдауын, бұлбұл сайрауын қояды.

351

Шырағым, сен абыржыма. Берілген сөйлемдегі қаратпа сөзді көрсетіңіз.

А. Шырағым

В. Сен


С. Абыржыма

D. Сен абыржыма

Е. Шырағым, сен

352


Еңбегін сіңірмесе, ешкімге бидай бермеңдер. Берілген сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы қандай?

А. Баяндауыш формасы арқылы

В. Есімше арқылы

С. Көсемше арқылы

D. Шартты рай тұлғасы арқылы

Е. Интонация арқылы

353

«Студенттің дәптері» қандай байланысу формасына жатады?



А. Меңгеру, есімді тіркес

В. Қиысу, етістікті тіркес

С. Қабысу, етістікті тіркес

D. Жанасу, есімді тіркес

Е. Матасу, есімді тіркес

354


Денесі талдырмаштау болғанымен, Кенжетайдың бір кісіден таяқ жемейтін күші бар еді. Сабақтас сөйлем қалай жасалған?
А. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.

В. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем

С. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас

сөйлем


D. Мақсат бағыныңқылы сабақтас

сөйлем


Е. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас

сөйлем


355

Жаңылмасам, сіз осы заводтың директоры боласыз? Сөйлемдегі қыстырма сөзді көрсетіңіз.

А. Сіз

В. Жаңылмасам



С. Осы

D. Заводтың

Е. Директоры боласыз.

356


Әкем Балжандарға хат беріп, туыс, жолдастарын сырттан таныстырып жүр.

Берілген сөйлемде бірыңғай мүше болып тұрған

А. Бірыңғай анықтауыш

В. Бірыңғай бастауыш

С. Бірыңғай баяндауыш

D. Бірыңғай толықтауыш

Е. Бірыңғай пысықтауыш

357


Мен бұл жерге әдейі келдім. Берілген сөйлемдегі «әдейі» сөзі пысықтауыштың қандай түріне жатады?

А. Мезгіл

В. Мекен

С. Мақсат

D. Себеп

Е. Сын-қимыл

358

Бұл жолы үшеуі табалдырықтан аспай тұра қалды да, аққұба жігіт есіктің ілмегін салды. Берілген сөйлем салаластың қандай түріне жатады?



А. Түсіндірмелі салалас

В. Ыңғайлас салалас

С. Себеп-салдар салалас

D. Қарсылықты салалас

Е. Кезектес салалас

359


Бірақ, дегенмен, әйтсе де, алайда, әйткенмен, сонда да тәрізді жалғаулықтардың қатынасы арқылы салаластың қандай түрі жасалады?

А. Мезгілдес салалас

В. Себептес салалас

С. Қарсылықты салалас

D. Шартты салалас

Е. Салыстырмалы салалас

360

Сөз тіркесіне берілген дұрыс анықтаманы көрсетіңіз.



А. Толық мағыналы, кем дегенде үш, төрт сөздің мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан байланысуын сөз тіркесі дейді.

В. Толық мағыналы, кем дегенде екі сөздің мағыналық жағынан байланысуын сөз тіркесі дейді.



С. Толық мағыналы, кем дегенде екі сөздің мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан байланысуын сөз тіркесі дейді.
жүктеу 332,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау