25-сабақ
Күні:
Сабақтың тақырыбы:
| Бейнелеудің қасиеттері. Қисықпен жұмыс жүргізу |
|
Сабақтың мақсаты:
|
CorelDRAW векторлық редакторында объектілермен жұмыс: ерекшелеу, көшірмесін алу, дубликатын жасау, клонировать ету, бекіту, бұру, теріс қарату, топтау, бұрмалау. PowerClip объектілерін құру, бір объектіден екінші объектіге эффектілер көшіру. Редакторда объектілерге эффектілер жасап үйрену.
Объектілермен жасалатын жұмыс түрлерін меңгерту
өз беттерінше бейнелер салып, оларды безендіре білуге үйрету, эстетикалық талғамын қалыптастыру, әсемдікке тәрбиелеу
|
|
Сабақтың барысы:
|
Ұйымдастыру кезеңі
Өткен сабақты қайталау
Жаңа сабақты меңгерту
Тірек конспект жаздыру
Практикалық жұмыс
Білім тиянақтау
Оқушылар білімін бағалау
Қорытынды, үйге тапсырма
|
Сабақтың түрі:
|
Практикум элементтері қамтылған түсіндірмелі-демонстрациялық
|
|
Сабақтың типі:
|
Аралас
|
|
Пән аралық байланыс:
|
Бейнелеу өнері, сызу, геометрия
|
|
Өткен сабақты қайталау:
|
Тіктөртбұрышты қандай әдістермен салуға болады?
Көпбұрыш, эллипс, дөңгелек, тіктөртбұрыш салудағы ұқсастықтарды атаңдар
Фигураның барлық жақтары пропорциялы өсу үшін қандай әрекет орындалады?
Доғаны, секторды қалай салады?
Стандартты фигуралар қалай салынады?
Стандартты фигураға мәтінді қалай енгізеді?
|
Сабақтың мазмұны:
|
Объектілермен жұмыс
| Объект – кез-келген элементті белгілейтін, суретте жасалатын немесе суретке енгізілетін жалпы термин. Объектке: сызықтар, фигуралар, графика, мәтін ... жатады. Объектілерді ерекшелеу
Объектіні өзгерту үшін алдымен оны ерекшелеп алу керек. Бір ғана объектіне немесе бірнеше объектінің тобын ерекшелеуге болады. Ерекшеленген объектінің айналасында шектейтін блок, ал оның центрінде «Х» белгісі көрінеді.
Объектіні қиып алу, көшірмесін алу және қою
Объектіні қиып алғанда немесе көшірмесін алғанда, ол алмасу буферіне орналасады. Ол жерден оны басқа да қосымшаларға қоюға болады. Қиып алғанда объект суреттен алынып басқа жерге қойылады. Ал, көшірмесін алғанда түпнұсқа орнында қалады, тек көшірмесі ғана алмасу буферіне орналасады.
Объектінің дубликатын жасау
Дубликат жасағанда объект алмасу буферіне түспей тікелей сурет салу терезесінде пайда болады. Дубликат жасау көшірмесін алғаннан және қиып алғаннан тез орындалады. Онан басқа, объектіге дубликат жасағанда оның х және у осьтері бойында бастапқы қалпы мен дубликат жасалған ара қашықтығын көрсетуге болады, Бұл арақашықтық орын ауыстыру деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |