Мәтіндегі метафораның қолданысы. Мәтіндегі метонимияның қолданысы. Мәтіндегі синекдоханың қызметі



жүктеу 21,69 Kb.
бет1/3
Дата22.01.2022
өлшемі21,69 Kb.
#34690
  1   2   3
Көркем.мәт 3'семинар


3-апта.

Тақырыбы:Көркем мәтіндегі ауыс мағыналы сөздердің қызметін анықтау.

  1. Мәтіндегі метафораның қолданысы.

  2. Мәтіндегі метонимияның қолданысы.

  3. Мәтіндегі синекдоханың қызметі.

Троптардың ішінде көркем əдебиетте, оның ішінде прозалық шығармаларда актив қолданылатыны метафора. Метафоралық қолданыстардың өнімділігін аталған жазушылардың повестерінен де көре аламыз.Метафора жасау көптеген семантикалық процестердің нəтижесінде туады. Айталық, ол, ең алдымен, жаңа ұғымды жасаудағы троптың бір түрі; екіншіден, полисемия тудыру құралы; үшіншіден, метафора эмоционалды-экспрессивті лексика жасауға белсенді түрде қатысады; төртіншіден, синоним жасауда метафораның өзіндік орны бар; бесіншіден, метафора тілдің терминологиялық өрісінің кеңеюіне де ықпал жасайды; алтыншыдан, жаңа мағыналық тіркестердің дүниеге келуіне əсер етеді.

Қ.Жұмалиев өзінің еңбегінде: «Метафора — тіл табиғатында терең тамыр жайған сөйлеу өнеріміздің барлық саласынан бой көрсететін жалпы тілдік категория, сөзді астарлай қолдану» десе [1; 2], академик З.Қабдолов: «...метафора (гр. metaphora — көшіру) — сөз мəнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау, сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, əсерін күшейту», — дейді

Метафораның кейбір түрлері теңеуге жақын, мысалы, тас жүрек, ақ көңіл. Бірақ метафорада теңеудегідей екі нəрсені теңеп салыстырудан гөрі, олардың арасындағы ұқсастық жақындықты, сезім-əсер жалғастығын тірек ету басым болады. Көбінесе сондай екі нəрсенің бірі айтылып, екіншісін емеурін жасап, сездіреді [3; 227] деп түсініктеме берілген.

Қазақ тіл білімінде метафораны көркемдік тəсіл ретінде таныған жəне алғаш рет тұжырым жасаған А.Байтұрсынов.Тілдік қолданыста сөз метафоралармен түрленеді, ажарланады жəне бейнелі құралға айналады. Бұны метафораға берілген анықтамалар мен теориялық пікірлер дəлелдейді. Лингвистикалық сөздіктерде метафораға берілген түсініктерге тоқталатын болсақ, «Тіл білімі сөздігінде»: «Метафора (гр. Metaphora — ауыстыру) — троптың бір түрі, ұқсастық, сəйкестік жəне т.б. негізінде сөздер мен сөз орамдарының ауыспалы мағынада қолданылуы» деп беріледі, ал метафоралану былайша түсіндіріледі: ауыспалы мағынаның пайда болуы мен оның экспрессивті қасиеттерінің күшеюі нəтижесінде сөздің мағыналық аумағының кеңеюі» [4].

Қазақ тіл білімі ғылымында да көркем əдебиеттің тілі мен стилін, сөз зергерлерінің шеберлігі сөз болғанда метафораға соқпай кетпейді, көптеген ақын-жазушының шығармашылық мəнерін сөз еткенде, метафораның түрлі тілдік қызметіндегі қасиеті мен ерекшеліктерін талдайды. «Лингвистикалық түсіндірме сөздікте» метафораға былайша анықтама беріледі: «Метафора (гр. Metaphora — ауыстыру) — троп немесе сөйлеу механизмі. Метафора — сөздің басқа мағынада қолданылуы. Риторика мен лексикологияда метафора номинациялық құрал ретінде қарастырылады.Метафора заттар мен құбылыстардың белгілерінің ассоциациялануы, байланысуы арқылы жасалады, ойды дамытады. Əр түрлі салыстырулар шығарма тіліне көркемдік береді.

Метафора сөздердің мағына ауыстырып жұмсауы. Метафораны тілдік қолдану сипатына қарай түрлерге бөлушілік бұрыннан қалыптасқан. Ғалымдар метафораның құрылымын түрліше саралайды. Мысалы, Б.Хасанов қазақ метафораларын екіге бөледі: «Біріншісі — белгілі бір шешеннің сөз саптауынан пайда болған индивидуалдық метафора, екіншісі — халықтық сипат алған дəстүрлі метафоралар» Метафора тілде көркемдік қызметімен бірге жаңадан пайда болған ұғым, түсінікке неғұрлым дəл атау беріп бейнелейді.



Метафора көңілге сыйымды, тіпті бір-біріне мүлдем сыйымсыз, қарама-қарсы ұғымдардың ассоциациялануы негізінде жасалып, үйлесімді, нанымды, көркем, жарқын бейне туғызады жəне ұқсату заңдылығына негізделеді. Ұқсату философиялық тұрғыда заттардың, құбылыстардың немесе процестердің бір қасиетіне қарай ұқсастығын тану əрекеті ретінде танылады. Метафорада ұқсастық тілдік бірліктердің тілден тыс сипатына байланысты. Аталымдардың қоршаған əлем заттары мен құбылыстары арасындағы əр түрлі ұқсастықты тануда, оны тілде белгілеуде адамның бай тəжірибелік қоры ескеріледі. Жаңа мағынаның тууына метафораның қызметі зор. Өзге тəсілдер сияқты метафора да тілдің дамуына қызмет етеді.


жүктеу 21,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау