Сөзіммен халқым амал қылсын десең, Амал қыл өз сөзіңмен əуел өзің!



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет1/12
Дата25.05.2018
өлшемі0,56 Mb.
#17370
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Сөзіммен халқым амал қылсын десең, Амал қыл өз сөзіңмен əуел өзің! 

 

Мəшһүр Жүсіп



Баянауыл аудандық қоғамдық-саяси газетi

redakciyabayantau@mail.ru

Газет 1931 жылғы           

4 қыркүйектен шыға 

бастады

№5 (10708) 29 қаңтар 2016 жыл 



№5 (10708) 29 қаңтар 2016 жыл 

Баянтау

Баянтау

Қордаланған мəселенің 

түйіні шешілді ме?

Майқайың  кентінің  жұртшылығы-

мен болған алқалы отырыс кент əкімі 

Орда Ермекбаевтың былтырғы жылы 

атқарған жұмыстары жөніндегі есебі-

мен  басталды.  Кенді  аймақтың  əкімі 

оң  шешілген  мəселелер  легін  айта 

отыра,  күрмеуі  қиын  жұмыстарға  да 

тоқталды.  Атап  өтсек,  қой  жылын-

да  жергілікті  əкімдікке  келіп  түскен 

өтініштердің негізінде жиі кездесетін 

мəселелердің қатарына жұмыссыздық 

пен баспана, тұрғын үй коммуналдық 

шаруашылығы,  жылу  жəне  сумен 

қамтамасыз ету сұрақтары жатқызыл-

ған.  Жиында  О.Қайыржанұлы  қор-

даланған  осы  мəселелердің  түйінін 

шешу  мақсатында  жүйелі  жұмыстар 

жүргізіліп  жатқандығын  тілге  тиек 

етті. 


Мысал келтірер болсақ, жұмыс көз-

дерін  табу,  жаңа  жұмыс  орындарын 

ашу,  жұмыссыздық  деңгейін  өсірмеу 

үшін  арнайы  бағдарламалар,  жұмыс-

тар қолға алынған. 2015 жылдың мау-

сым жəне тамыз айларында Павлодар 

облысынан, Екібастұз қаласынан кел-

ген  «Бозшакөл», «Майкөбен-Вест» 

жауапкерлігі  шектеулі  серіктестік-

тері  мен  «Дена  Рахсаз  Контракшен» 

акционерлік қоғамы жəне тағы басқа 

да  мекеме  өкілдерінің  қатысуымен 

бос орындар жəрмеңкесі ұйымдасты-

рылған.  Сонымен  қатар,  жұмыссыз 

азаматтарды  жұмыспен  қамту  жəне 

əлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі-

не  есепке  енгізіп,  жергілікті  жұмыс 

беруші  орындар  «Майкөбен-Вест», 

«Майқайың  алтын», «Керегетас»  

жəне  шағын,  жеке  кəсіпкерлерге  бос 

орындарға  жіберу  жұмыстары  қатаң 

бақылауға алыныпты. 

«Жұмыспен қамту -  2020 жол кар-

тасы» бағдарламасы бойынша Майқа-

йың кенті əкімшілігінде 3 жас маман 6 

ай жастар тəжірибесінен өтіп, межелі 

уақыты  аяқталғаннан  кейін  жұмысқа 

орналастырылған. 

Ауыз  сумен  қамтамасыз  ету  мə-

селесі  де  біртіндеп  өз  деңгейінде 

жоспарлы  атқарылуда.  Өткен  жылы 

«Екібастұз-Майқайың»  су  құбыры 

қайта  күрделі  жөндеуден  өтіп,  іске 

қосылған.  Бүгінде  кенттегі  тұрғын-

дардың 95 пайызына  жуығы  таза  су 

ішіп отыр. Кейбір тұрғын үйлерге су 

тарту бойынша жоспарланған жұмыс-

тар  қаржының  жетіспеушілігіне  бай-

ланысты  қаңтарылып  тұрғанымен, 

алдағы уақытта қаражат көзі табылып 

жатса,  бұл  жұмыстар  қайта  жандан-

бақ. 


Сын-ескертпе аяқсыз 

қалмайды

Майқайың  тұрғындарын  Баянауыл 

ауданының əкімі Нұрлан Мұқатайұлы 

Күлжан  өткен  жылы  өңірде  жасал-

ған  жұмыстардың  жай-жапсарымен 

таныстырды. «Адамның  өскені  əрбір 

өткен  жылымен,  ауылдың  өскені  ха-

лықтың  сынымен  бағаланады»  деген 

бабалар даналығын сөзіне арқау еткен 

аудан əкімі бұл кездесулерді мінберде 

сөз  сөйленетін  жиын  ғана  емес,  əр 

тұрғынның  пікірі  тыңдалынып,  бас-

шысына  баға  беріліп,  қызу  пікір  ал-

масатын  белсенді  бас  қосу  екендігін 

ерекше атап өтті. 

Шындығына  келгенде  бүгінгі  күні 

əлеуметтің  əл-ауқатына  қарап  ел 

тіршілігінің  ертеңгі  бағдарын  айқын 

байқай  аламыз.  Сынаптай  сырғыған 

мезетте  халық  игілігі  үшін  еңселі  іс-

терді  атқаруға  əркім  белсенді  болуы 

керек.  Аудан  əкімі  сөзінде  осылар-

ды  негізге  ала  отырып,  өткен  жылға 

шолу жасады. 

- Былтырғы жылғы есептік кездесу-

лерде тұрғындардан түскен сауалдар-

дың  дені  ауданның  əлеуметтік-эко-

номикалық  жағдайы  мен  халықтың 

тұрмыстық əлеуетіне қатысты болған. 

Осылардың  ішінде  бірқатар  мəселе-

лер мен сын-ескертпелер жыл бойына 

іске  асырылса,  кейбіреулері  алдағы 

уақытта  да  басты  назардан  тыс  қал-

мақ емес. 

Өнеркəсіп саласының жылдық нақ-

ты  көлем  көрсеткіші 85,7 пайызға 

жеткен.  Ауданымызға  тартылған  ин-

вестицияның көлемі 2542,7 млн. тең-

гені құраған. Кəсіпкерлік бағытта жұ-

мыс қарқынды жүріп, орта жəне кіші 

бизнестің 1672 субъектісінде 1958 

адам жұмыс атқаруда. 

Ауыл  шаруашылығында  да  оң  өз-

герістер орын алуда. Əсіресе, ауданда 

асыл  тұқымды  мал  өсірушілер  мен 

егін  салушылар  өз  мүмкіндіктеріне 

қарай  қолдау  тауып,  кəсіптерін  дөң-

гелетіп  отыр.  Осы  орайда  мемлекет 

тарапынан  отандық  ауыл  шаруашы-

Əкімдер есеп беруде

ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ – БҰҚАРА МЕН 

БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС

Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 

Назарбаев  Қазақстан  Республикасы 

Парламентінің  төменгі  палатасы - 

Мəжілісті  тарату  туралы  Жарлыққа 

қол  қойып,  кезектен  тыс  өтетін  сай-

лауды 2016 жылдың 20 наурызына 

белгіледі. 

«Қазақстан  Республикасы  Консти-

туциясының 44-бабының 2) тармақ-

шасына, 63-бабының 1-тармағына, 

«Қазақстан  Республикасындағы  сай-

лау туралы» Қазақстан Республикасы 

Конституциялық  заңының 85-бабына 

сəйкес Қаулы етемін: 

Бесінші шақырылған Қазақстан Рес-

публикасы  Парламентінің  Мəжілісі 

таратылсын.  Партиялық  тізімдер  бо-

йынша сайланатын Қазақстан Респуб-

ликасы Парламенті Мəжілісі депутат-

тарының  кезектен  тыс  сайлауы 2016 

жылғы 20 наурызға тағайындалсын», 

- делінген құжаттың мəтінінде.

Жарлыққа сəйкес, Қазақстан халқы 

Ассамблеясы  сайлайтын  Қазақстан 

Республикасы  Парламенті  Мəжілісі 

депутаттарының  кезектен  тыс  сай-

лауы 2016 жылғы 21 наурызына таға-

йындалды.

Қазақстан  Республикасы  Орталық 

сайлау  комиссиясына  Қазақстан  Рес-

публикасы  Парламенті  Мəжілісі  де-

путаттарының кезектен тыс сайлауын 

дайындауды  жəне  өткізуді  ұйымдас-

тыру  тапсырылды.  Қазақстан  Рес-

публикасының  Үкіметі,  Астана  жəне 

Алматы  қалаларының,  облыстардың 

əкімдеріне  «Қазақстан  Республикасы 

Парламенті  Мəжілісі  депутаттары-

ның кезектен тыс сайлауын ұйымдық, 

материалдық-техникалық  жəне  қар-

жылық қамтамасыз ету жөніндегі бар-

лық қажетті шараларды кідіріссіз қа-

былдасын», деген тапсырма берілді.

Естеріңізге  сала  кетер  болсақ,  қаң-

тардың 13-інде  Мəжіліс  депутаттары 

Қазақстан Республикасы Президенті-

не Мəжілісті мерзімінен бұрын тарату 

жəне кезектен тыс сайлау тағайындау 

туралы  Жарлығын  қабылдау  тура-

лы  бастамамен  жүгінген  болатын. 

Мəжіліс  депутаттары  жария  еткен 

ұсынысында  дағдарысқа  қарсы  ша-

раларды  тиімді  жүзеге  асыруға  жəне 

жаңа  экономикалық  соққыларға  тө-

теп  беруге  кең  ауқымды  қоғамдық 

бірлік  пен  үйлесімді  іс-əрекеттер 

ғана  мүмкіндік  беретіндігін  топшы-

лай  келіп,  еліміздегі  реформаларды 

жүзеге  асыру  жөніндегі  шараларды 

барлық деңгейде үйлестіру үшін Пар-

ламент  сайлауын  жергілікті  мəсли-

хаттар сайлауымен қоса өткізу қажет 

екендігін айтқан. 

Өз кезегінде Елбасы Н.Ə.Назарбаев 

5-ші  шақырылымдағы  Парламент 

Мəжілісін  тарату  туралы  Жарлық-

қа  қол  қоюына,  сондай-ақ  Қазақстан 

Республикасы  Парламенті  Мəжілісі 

депутаттарының  кезектен  тыс  сай-

лауын  тағайындауға  байланысты 

Үндеуін  жариялап,  онда  Парламент 

Мəжілісі депутаттарының өкілеттігін 

мерзімінен бұрын тоқтату жəне жаңа 

сайлау  тағайындау  туралы  ұсыныс-

тың жан-жақтылы сараланғанын айта 

келе,  Конституцияның  талаптарына 

сəйкес,  Парламент  Палаталары  тө-

рағаларымен,  Премьер-Министрмен 

жəне  Конституциялық  Кеңес  төраға-

сымен кеңесе отырып, шешім қабыл-

дағанын атап көрсетті.

Сондай-ақ,  мемлекет  басшысы 

дауыс беру науқаны жəне сайлау күр-

делі кезеңде ұлтты ұйыстырып, біздің 

Қазақстанымызды  жаңа  белестерге 

алып  шығуға  көмектесетініне  сенім 

білдіріп,  еліміздің  барша  тұрғында-

рын  сайлауға  белсенді  қатысуға  ша-

қырды.   



Өз тілшімізден.

Баянтау-ақпарат

ЕЛБАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІН ТАРАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ



Қазіргі  таңда  ауданымызда  аудан  әкімі  мен  ауылдық  округ-

тердің әкімдері халық алдында жылдық есептерін беріп жатыр. 

Әрбір ауыл, елді мекендердегі есеп беру жиындарында шешімін 

күткен өзекті мәселелер сөз болуда. Билік пен халық арасындағы 

еркін пікір алмасу ауыл өміріне қатысты түйткілді мәселелердің 

түйінін  ортақ  ақыл,  кеңестермен  шешуге  бағытталып  отыр. 

Жиындарға қатысқан аудан әкімінің орынбасарлары, кәсіпорын, 

мекеме  басшылары  көпшіліктің  көкейінде  жүрген  маңызды  сұ-

рақтарға нақты жауаптар қайтарып, түсініктер беруде. 

Аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің 2015 жылдың қо-

рытындылары туралы есептік баяндамаларының нұсқасы аудан-

дық «Баянтау» газетінің 2016 жылғы №2,3 сандарында толық 

жарияланған болатын. 

Сонымен есептік кездесулер қалай өтуде? Халық не дейді? Ал-

дағы атқарылар істердің жай-жапсары қандай?

(Жалғасы 4-5-ші беттерде)


жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау