76
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Әбубәкір ҚАЙРАН
«ОЛ – БІР ҚҰШАҚ МУЗЫКА...»
Мен алғаш рет Жұматай ақынмен 1983 жылы таныстым.
Алматыға енді-енді ғана үйренісе бастаған кезім еді, бір топ «жас
пері» Жазушылар одағына әлдебір жиынға келе қалдық. «Әне,
Жұматай Жақыпбаев деген ана кісі» деп нұсқады қасымдағылар-
дың бірі. Мен бұған дейін ақын ағаның жырларына қанық болға-
ным мен, жүздесіп көрмеген едім, қуанып кеттім. Қасына жетіп ба-
рып, иығынан қағыңқырап тоқтаттым: «Жұматай Жақыпбаев деген
сіз екенсіз ғой», – деппін қуанғаннан алаңғасарланып кетке німді
сезбей. «Иә, – деді Жұмағаң әдемі жымиып, – Қалай, үлкен жігіт
болыппын ба?» Мен өз қылығыма ыңғайсызданып: «Танысайын деп
едім, Жұмаға» дедім. Таныстық. Сол күннен бастап өмірінің соңы на
дейін жұбымыз жазылған жоқ десе болар.
Жұмағаңның өмірдегі бітім-болмысы мен жүріс-тұрысы қан-
дай ерекше болса, өлеңдегі өзіндік өрнегі тіпті тіл жетпестей тыл-
сым еді. Оның өлеңдерін алғаш Семейде жүріп оқығанымда, бала
күнімде Төлеген жырларына таңданғанымнан кем әсерде болға-
ным жоқ. Жанды жадылап, сезімді сиқырлайтын мұндай өлеңдер,
жасыратыны жоқ, қазақ поэзиясында тым азшылық қой.
Жұматай поэзиясы – құдіреті құпия дүние. Сондықтан болар,
оның өлеңдерінің жұмбақ сырын жұртқа жеткізіп бере алатын
сыншы қазақта әлі бола қойған жоқ. Бұл сөзім кейбіреуге келіс сіз
көрінсе де, көзім көрмеген соң көңілім сенбейтіні – ақиқат. Әри-
не, бұған осы күнге дейін сындарлы сынымыздың жоқтығы да,
сын шыларымыздың өлең дүниесіне тереңдеп бара алмай, бетінен
қалқып кететіні де себепкер.
Жұматай ақын өзіне өзі қатал сыншы еді. Өлеңінің нағыз өлең
екеніне әбден көзін жеткізіп алмай тұрып, ол туралы тісінің жігін
ашып сыр айтпайтын. Ол өлеңнің сыртқы сипаты мен ішкі мәнін
нәзік жымдастырып қана қоймай, оған ерекше бір нәзік музыка лық
дыбыстарды араластырып жіберетін, әрбір сөзге ғана емес, әрбір
дыбысқа да мұқият мән беретін. Ол өз өлеңінің бітім-болмысына
салдыр-салақ қарайтын ақындарды «металлом тиеген машинаға»
теңейтін. Жұмағаң бірде маған: «Сенде бір кемшілік бар, қатаң
дыбыстарды құлаққа ұрып тұратын сөздерді қолданбауға амалың
қалмаған кезде ғана қолдан. Жұмсақ, әуезді сөздер тез жұты лады,
кісіні шаршатпайды» – деп ақыл айтты...
Есімнен кетпейді, Жұмағаң «Гүл. Қасида» деген өлең жазып, оны
бізге тым шабытты күйде оқып берді. Әсіресе, осы өлеңдегі маған
қатты ұнағаны «ол – бір шыны сүтке салған суреттей, ол – бір құшақ
77
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
музыкадай күнәсіз» деген жолдар еді. Мен осы өлеңнің машинкаға
басылған бір данасын үйдегі айнаға жапсырып қойып едім. Ойым
– айнаға әркім қарайды ғой, өзіне қарағанда өлеңді де оқысын,
-дегендік еді.
Сол өлең ұзақ тұрды. Оны Жұмағаңның өзі де көріп, мәз болып
қуанғаны есімде...
Мен өзімнің аяулы ақын ағамның ай маңдайын, аялы, ойлы
көздерін, жұмсақ та нұрлы жүзін ең соңғы рет қайтыс боларынан
он бір күн бұрын ауруханада жатқанымда көрдім. Көңілімді сұрай
келіп, көп ақылын айтып кетіп еді сонда.
Енді түсімде ғана көремін...
«Қазақ әдебиеті», 1995 жыл, 7 ақпан
Қанат ТІЛЕУХАН
ҚАҒАННЫҢ МАХАББАТЫ
«Біз Жұматай екеуміз үнсіз тілдесетінбіз».
Жұматай ғашық болған Ләйлә ару осылай деді.
Тірі болса, биыл Жұматай Жақыпбаев пайғамбар жасына
толар еді. Шайырдың келте кекілді ғұмыры көзі тірісінде-ақ
аңызға айналды. Бар-жоғы қырық бес жыл өмір сүрген ақын,
ғажап өлеңдерін айтпағанның өзінде артына аңыз боларлық өнеге
қалдырды. Жыр қағанатын құрды. Көктем келісімен қойнауына мал
толған Сарноқайына аттанып, Кенежиренін баптады. Қазмойын
домбырасының шанағынан «Ләйлә келген» күйін төгіп, Ләйләсін
жалауы жығылғанша жырлаумен болды. Бұл фәниден тоқымы
кеппей суыт өтіп кетті...
Әсілі, Жұматайдың Ләйләсін оқып, сол сұлуға ғашық болма-
ған жан жоқ шығар. Бүгін сол – барлығымыз ынтық болған Ләйлә
сөйлейді. Соңғы кездері ақын ғашығын іздеушілер (Сайлаубай
Тойлыбаев, Батырболат Айтболатұлы) суретшінің сұлуы жайын дағы
мақалаларын жариялап та үлгерді. Біз қалың оқырманға Жұматай
Жақыпбаев ғашық болған Ләйлә сұлудың өз әңгімесін ұсын бақ пыз.
Сұхбат телефон арқылы өтіп, қойылатын сұрақтар факспен үш
сағат бұрын жіберілді. Және Ләйлә Бейісбекқызының өтініші мен
орыс тілінде жүрді.
78
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
«Оның бір ғана көзқарасы бойында маған деген тұма суындай тұ нық
сезім барын білдіріп еді...»
– Сіз Жұматаймен қалай танысып едіңіз?
–Мен Жұматаймен алғаш рет мектепте, Талдықорған қала-
сындағы Ленин атындағы білім шаңырағында таныстым. Бала
күнімде спортқа өте жақын болдым. Теннисті тәуір ойнайтынмын.
Жұматай да спорттан құралақан емес еді, біздің мектепте өткен
спартакиадалардың біріне келіпті. Сол кезде бір-бірімізді алғаш
рет көрдік. Содан кейін кездесіп тұрдық. Ол мені сабақтан соң шы-
ғарып салатын. Би кештеріне де бірге баратынбыз. Алайда, Жұматай
ғашықтық сезімін сөзбен жеткізген емес. Ол үнемі маған бір өз геше
көзқараспен қарайтын. Оның ойлы жанары бойында маған деген
тұма суындай тұнық сезім барын білдіретін.
Сондықтан қалада құрбыларыммен немесе жалғыз өзім серуен-
ге шыққан сәттерімде маған Жұматай бір жерден қарап тұрған
сияқты сезілетін. Түйсігім алдамапты, кейін білдім, ақын мені үнемі
қадағалаумен жүріпті. Ал, алпысыншы жылдары мен Мәскеуге
оқуға кеттім. Жұматай үнемі хабарласып тұрды. Ол кездері жатақ-
хана жанындағы сөйлесу пунктіне шақыратын. Жұматай алғаш
хабарласқанда мен шешем я болмаса туған-туыстарым деп ойлап
қалдым. Телефон трубкасын көтеріп: –Алло, апа, – деп едім, еш-
кім үндемеді. Бірер минуттан соң ғана: – Мен Жұматаймын, – деді.
Тағы үнсіздік. Бұндай қоңырау шалулар көп болды. Жұматай сол тіс
жармайтын қалпын бұзбады. Мен де үндемеймін. Тұтқа арқылы бір-
біріміздің демімізді, жүрек лүпілімізді тыңдап ұзақ тұратынбыз.
Мен қазақ поэзиясындағы тірі образ екенімді осыдан үш жыл
бұрын ғана білдім...
– Сіз өзіңіздің қазақ әдебиетінде махаббаттың символына, көрік ті
әйелдің образына айналғаныңызды білесіз бе?
– Жұматай маған арнаған ғазалдарын еш уақытта оқып бер ген
емес. Мәскеуде оқып жүрген жетпісінші жылдары анам ақ кеп-
тер хаттарының арасына жергілікті басылымдарға жарияланған
Жұматайдың жырларын салып жіберетін. Сол газет қиынды лары
әлі күнге жеке мұрағатымда сақтаулы. Мен ол өлеңдерді әдебиет-
те орны бар қазақтың үлкен ақынының шығармаларындай емес,
махаббат машақатына түскен жас жігіттің бүршік сезімі ретін де
қабылдайтынмын. Мүмкін жастығым я болмаса сөз атасын жетік
танымағандығым шығар. Маған арналған өлеңдерді берген екінші
адам – Жұматайдың жұбайы. Сәкен деген перзентінің анасы. Есімі
есімде жоқ. Студент кезімде жазғы демалыстардың бірін пайда-
ланып, елге барып қайтып едім. Құрбыларыммен кездесіп, Талды-
қорғандағы мейрамханалардың бірінде отырған болатынбыз. Бір
Достарыңызбен бөлісу: |