- Өкілдік институтының түсінігі мен мағынасы. Азаматтық айналымда өкілеттілік институты кең қолданылады. Оған қажеттілік өкіл өзінің құқықтары мен міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда ғана туындамайды (ауыр-сырқаттан, іс сапардан, жұмыс бастылығымен, т.б) Өкілдік қызметтерге өкілдің арнайы білімі мен тәжірибесін қолдануға, уақыты мен қаражатын үнемдеу үшін келеді. Көптеген заңды тұлғалардың қызметі өкілет көмегінсіз дәрменсіз болар еді. Өкілеттілік көмегімен тек мүліктік емес, кейбір жеке мүліктік емес құқықтар да жүзеге асырылады.
- Өкілдік деп басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
- Өкілеттіктің туындауының негізі — заң фактісі болып табылады. Заңда мынадай өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда көрсетілген фактілер; мәселен, ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері бола алады, әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және заңды тұлғалар алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы өкіл болып қатыса алады
- Коммерциялық өкілдіктің екінші түрі — басқалардың мүдделері
- үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезіңде өсиетті орындау тапсырылған адамдар және т. б.).
- Осы тұрғыда «кез келген адам» деген сөздің өзі талқылануға түсуі қажет деп есептеймін, бұл жерде өкілдердің барлығы адвокат болуы керек деген ұсыныс емес, ең болмағанда « кез келген жоғарғы білімді заңгер» деген ұсынысты талқылау қажет сияқты. (Заңды өкілдерден басқалары)
- Соттағы өкіліділік институтының бір түрі бұл, тапсырма бойынша өкілдік ету.
- Азаматтардың өз демократиялық-конституциялық құқықтарын пайдалана отырып, сотқа әділдікке жүгінуі әділсоттың қолайлығымен сипатталады. Әділсотқа жүгіну жолын оңайлату үшін мемлекет міндетті түрде барлық әдістерді қолдануы қажет. Заң шығару мен заңдар әрдайым дамып отыруы керек .
- Басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын тұлға істі қарау сатысында түсініктемелер бергенде, дәлелдемелерді ұсынғанда, сот ісінің тілін меңгермеген жағдайда аудармашы қамтамасыз етіледі.
- Сот өкілдері, егер тиісті түрде құзыреттері қарар бөлімінде рәсімделсе, сот шешімдеріне өзінің туған тілінде немесе еркін меңгеретін тілде шағым беруге құқылы. Заңды өкілдер процесте өздерінің өкіл берушілерінің барлық құқықтарына ие. Сондықтан, олар сенімхатсыз да сот шешіміне шағымдана алады.
- Заңды өкілдер:
- Әрекетке қабілетсіз азаматтардың, әрекет қабілетіне толық ие емес немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды сотқа көрсететін ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары немесе қорғаншылары қорғайды.
- Коммерциялық өкілдік:
- Кәсіпкерлер шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші адам (коммерциялық өкіл) өкілдің өкілеттілігі көрсетілген жазбаша шерт негізінде де әрекет жасайды.
- Коммерциялық өкіл сонымен бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шарттың түрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген тапсырмаларды кәдімгі кәсіркердің ыждағаттылғымен орындауға міндетті.
- Өкіл беруші кез-келген азаматтық құқық субъектісі бола алады. Өкілеттік берушінің әрекет қабілеттігі тек ерікті түрдегі өкілдік үшін қажет.
- Үшінші жақ - азамат немесе заңды тұлға. Өкілдік онымен әрекетке түсуі нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқық қатнастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.
- Өкілдік шартсыз болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің әрекет қабілетсіз азаматтар атынан заңды өкіл болу шартын қарастыратын 164-бабынан басқа АІК-де соттағы заңды өкіл туралы ереже қарастырылған.
- Өкілдіктің құқығы мен міндетінен туындайтын қандайда бір әрекеттер өкілдік беруші үшін жасалады. Өкілдің барлық әрекеттері өкіл беруші үшін заңды салдарлар туғызады.
- Өкіл өкілеттік негізінде әрекет етеді. Өкілеттік бұл - өкілдің жасай алатын әрекеттер шеңбері, құқықтық қатынастардағы өкілдің мәміле негізінде белгіленген мүмкіндіктерінің шектері.
- Заңды өкілділік сот шешіміне немесе әкімшілік актіге негізделеді. Азаматтық хал актілерін тіркеу органында тіркелген туу куәліктері негізінде ата-аналар өз балаларының өкілі бола алады. Балаларды асырап алу жағдайында дәл солай тіркеу жүргізіледі және асырап алушыларды ата-ана ретінде жасылуына және жаңа туу туралы куәліктің берілуіне жергілікті атқарушы органның әкімшілік шешім-актісі негіз бола алады.
-
- Рыноктық қатынасқа өту және мүліктік айналымның дамуы жағдайында тауар-ақша қатынасында коммерциялық өкілдік маңызды орын алады. Коммерциялық өкіл – бұл шарт жасасу кезінде кәсіпкер атаныан тұрақты және еркіті өкіл бола алатын тұлға.
Достарыңызбен бөлісу: |