Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет12/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   95

57
Өл е ң н і ң  К е н е ж и р е н і              Бі р і н ш і  б ө л і м
***
Бұл өмірді түсінбеппін сен барда,
Мәз болыппын күліп атқан таңдарға.
Қол созыппын өрем жетпес заңғарға,
Сеніппін мен сенбейтұғын жандарға.
Оқ тескендей үңірейіп жүрегім,
Өтірік күліп көлгірсуден жүдедім.
Күннен-күнге күлгін тартып барады,
Сен сүймеген аппақ жүзім, гүл өңім.
Жүрегіңе ғашықпын мен мүк басқан,
Күрсінеді сен кеткелі күпті аспан.
 Аққуларға үнсіз қарап мұңаям,
Айдын көлде екеу-екеу жұптасқан.
Өмір деген алдамшы екен сайқалдай,
Өтер күнің, өтер айың байқалмай.
Мұңым семіз, ойым арық, қайтейін,
Келді міне, құнарсыз күз тайқардай. 
Сағынышым мәңгі жырға айналған,
Жел ескен күн өтті-ау мәңгі айдардан.
 Қайда кеттің, қайда жүрсің, келмейсің,
Біз аңсаған қайда кетті, қайда арман?!
Осы күнім өңім бе, әлде түсім бе,
Елеңдеймін бау-шарбаққа, құс үнге.
Ай сәулесі болып мені оятып,
Жұлдыз болып жұбатасың, түн ішінде. 


58
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
***
Намысыңды неге тастап кеттің сен?!
Жүрек те алаң, сенесің бе, мый да алаң.
Сол намыстан, сол намыстан қиналам.
Қос өкпемді тепкілейді сәбидей,
Сені сүйген ақын жүрек, көкірегіме сыймаған.
Әрбір күнім қайталанбас бос өтіп,
Өмір қойды жалаң отты көсетіп.
Қайыршымын, сұраншымын бұл күнде,
Сенбес едің бұл күйіме кеше түк.
Намыстары қайда кеткен биліктің?!
Өтіп жатыр өресі тар жидіп күн.
Қайыр сұрап көшеде өлем армансыз,
Келмейді енді ешкімге де иліккім.
Ақындарын аздыратын бұл елде,
Сая таппай сенделемін түнерге.
Ақылы өлген, санасы өлген жүрек те ,
Жол таппайды енді ілгері жүрерге.
***
Фәниден бақи жақын көрінеді,
Маған жат, маған өгей өмір елі.
Көзіме жиі елестеп егілемін,
Сен жатқан ескі зират төңірегі.
Мүмкін бе о, дүниеде ғұмыр бары,
Ғасырлар неге сонша зымырады.
Тартады жүрегімді күн нұры емес,
Тамұқтың тастай түнек шыңырауы.
Несіне әйел болып жаралғанмын,
Көзі боп арманда өткен адал жанның.
Шіркін-ай, ер азамат болсам бар ғой,
Алар ем көзақысын қадалғанның.
Амал не, жолы нәзік орамалмын,
Жүрегін, ғұмыр жасын тонаған күң.


59
Өл е ң н і ң  К е н е ж и р е н і              Бі р і н ш і  б ө л і м
Ей, халқым, сені мәңгі сағындырам,
Тәнімді ақ кебінге ораған күн.
Мен саған ешқашанда өкпелемен,
Жетпейді жерде қалар, көкке денем.
 Уын да, шәрбәтін де сіміртер-ау,
Көктемде ақ жаңбырдай төккен өлең.
Туар-ау жарқыраған бағы бар күн,
Күтелік, тәңір берген сағым артын.
Шіркін-ай, күн туар ма асқақтайтын,
Ес жиып, өргекситін алтын халқым. 
***
Жұматайым, мен өзіңе оралдым,
Дәл өзіңдей түсінбеді мені ешкім.
Көк гүл болдым басыңда өскен молаңның,
Қызармады көктемде де шер өскін.
Жаным менің жалыныма өртенген
Сен мендіксің, мендік болып келесің.
Қос анарды өзің жоқта дерт емген,
Аймалайды айлы түнде елесің.
Серім менің, перім менің, періштем,
Жұмақ кешіп жүр ме екен күн тұлғаң.
Көк арықтан су ішпек боп ел ішкен,
Қаншама рет, қаншама рет ұмтылғам.
 
Өзің сүйген ақ жүзімнен жел өпті,
Қара шашым сені күтіп ағарған.
Күндіз тастап, түнде қара желекті,
Жүрегіме дарулаймын қабарған.
 Маубасым-ау, күні-түні қалғыған,
Оянбайсың әлдиіңнің қаттысын.
Соңы ертегі, өзі өмір, алды иман,
Быж-тыж болды-ау басы айналған бақ құсың.


60
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
***
Кеудесі көктем тағдырым, 
Азайып кетті жан нұрым.
Жанардың түсті оты ағып,
Шая-шая жаңбырым.
Көктемек болып айтам ән,
Ғашық та болам қайтадан.
Сен мәңгі ұйықтап жатқанда,
Қалайша, жаным, жәй табам.
Көкіректен кетпедің,
Топырақ сүйді от демім.
 Сендей ғашық сыйлаған,
Тағдырға өкпем жоқ менің.
Тағдыр-ай, енді не істермін.
Көктемде ғажап түс көрдім.
Еркінде жүрмін мен бүгін,
Ғаламат бір күштердің.
 Өзіңді мәңгі қимадым,
 Өмірге мына сыймадым.
 Безбенге түсті-ау бейкүнә,
 Махаббатым мен иманым. 
1996 ж.


61
Өл е ң н і ң  К е н е ж и р е н і              Бі р і н ш і  б ө л і м
АЙ-ХОЙ АППАҒЫМ, ӨМІР ҚАС-ҚАҒЫМ
 
Сенің мөлдір көзіңді түн жасырды. Сенің нұрлы жүзіңді күн жасырды. 
Сен  түн болып кеттің, сен күн болып кеттің.
Күнім қайда махаббатты кешетін,
Түнім қайда ақын болып бөсетін,
Махаббатым қайда менің, ей, өмір,
Неге қойдың қасіретті көсетіп.
Күн де жалғыз, түн де жалғыз, Ай жалғыз,
Жалғыздықтан қартаяды-ау, қайран қыз.
Көктем жаққа қырындаумен күні өткен,
Сарғалдақтай сарғаяды сайран күз.
Жалғыз, жалғыз, жалғыз деген жарық па.
Көне жаным, көне алмады-ау қалыпқа.
Қаншама жыл, мен үнімді өшірдім,
Жалғызбын деп айтпайын деп халыққа.
Өмір, өмір, өмір деген сен бе едің,
Ырқыңа да, еркіңе де көнбедім.
 Өмірім-ай, зая кетті-ау, қайтейін,
Мені адам етем деген еңбегің.
***
Көптеген ақындар ғарыш әлеміне қайтты. Не жанын қиып өмірден 
өте алмаған, не адами бақытқа ие болып, арманына жете алмаған, 
мен өзімді аяп егілдім.
Жаса жүрегім, махаббаттың шарабын іш, үріп іш,
Керегі не тәңірге құр, жүгініс.
Жаса жүрегім, сүй, күй, ғашық бол, жыла,
Табаныңда шырылдасын, сірі, күш.
Жаса жүрегім! Күллі әлемге қайрат қыл.
Махаббатқа тағзым ет, жолыңды сол байлап тұр.
Шашылып қалған көзіңді, көгендеулі сөзіңді,
Ертең-ақ айтар, сайрап қыр.


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау