|
Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс
|
Дата | 15.11.2022 | өлшемі | 3,3 Mb. | | #40182 |
| Нұртас Ж. №10 И.Тайманов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
И.Тайманов пен М.Өтемісұлы бастаған қазақтар көтерілісі
Орындаған: 2 курс студенті Нұртас Ж.А.
6B01511-География-Тарих
Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс
(1804 жылы Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.
Махамбет Өтемісұлы
1791-1838 жылдары өмір сүрген. 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. Халық батыры И.Тайманұлы 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмындағы "Тайман жалы" деген жерде дүниеге келген.
Исатай Тайманұлы
Жайық пен Еділ өзенінің төменгі өзенінің ағысында 1801 жылы Ішкі Орда немесе Бөкейдің атымен Бөкей ордасы құрылды.
Патша үкіметіне арқа сүйеген Ішкі орда ханы әкімшілік, сот биліктерін шоғырландырып, орданы басқару жүйесінде өзгерістер жасады.
Көтерілістің негізгі себептері:
- ақшалай салықтың өсуі;
- Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы;
- көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеуі;
- күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттенуі.
- 1833 жылы Жәңгір ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы көтеріліске себеп болды.
осы көтерілістің сардары
ел-жұртты дабылдатып, көтеріліс рухын көтерген батыр-жырау, көтеріліс жыршысы"
- қазақ шаруалары, сонымен қоса старшын, билер де қатысты.
- Жәңгір ханның халыққа жасап отырған озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын жақсарту, Қарауылқожаны, Балқы Құдайбергеновті биліктен тайдыру, жер мәселесінде белгілі бір келісімге келу болатын.
Көтерілістің қозғаушы күші:
Оның мақсаты:
Бірінші кезең: 1833-1836жж. қарулы көтеріліске әзірлік кезеңі ретіңде сипатталады.
Екінші кезең: Көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап олардың жеңіліске ұшырауына дейінгі-1837ж. қарашаның орта шеніне дейінгі кезең.
Үшінші кезең: Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтуінен (1837 жылдын желтоқсанынан 1838 жылдың шілдесіне дейін көтерілістің жеңілуі).
Көтеріліс үш кезеңге бөлінді:
-көтерілістен кейінгі жылдарда шаруалардың ауыр жағдайы өзгермеді;
-1836-1838 жылдардағы көтерілістің негізгі мақсаттары орындалмады;
-1838 жылы 12 шілдеде Ақбұлақ деген жерде көтерілісшілер Гекке мен Айшуақұлы басқарған отрядтан жеңілді. Ауыр жараланған Исатай қаза тапты.
Көтерілістің жеңілуі:
Көтерілістің жеңілу себептері:
- үстем тап өкілдерінің опасыздығы;
- қару-жарақтың теңсіздігі;
-көтерілісшілердің бір бөлігінің өз күшіне сенімсіз болуы;
-патша үкіметінің жазалау отрядтарының күшінің басым болуы;
- стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі;
-көтеріліс жергілікті (локальдық) сипатта болуы;
-көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі Ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы.
1. Салық мөлшеріне шек қойылды.
2. Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын болды.
3. Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегені дәлелденді.
4. Қазақ феодалдарының отаршылдық басқарумен байланыста екенін көрсетті.
5. Әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды.
Нәтижесі:
Көтерілістің тарихи маңызы:
Жәңгір хан және оның маңайындағылардың озбырлығына белгілі бір дәрежеде шек қойылды.
Патша үкіметі аз болса да көтеріліске қатысқан қазақ ауылдарының мүдделерімен санаса бастады.
Көтеріліс үстем тап феодалдарының опасыздығын дәлелдеді.
- 1838 ж. 12 шілдеде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырап, Махамбет Хиуа жақта 2 жылдай жасақ жинауға әрекет жасады. Бұл ниетінен әрекет шықпаған соң Бөкей ордасына жасырын өтіп, ел ішін паналады. Ақын өмірінде ауыр да сүргінді жылдар жалғасады.
- 1841 ж. 4 наурызда белгісіз біреулердің көрсетуімен Тілекеев деген қазақтың үйінде отырған жерінде Махамбет қолға түсті. Орал әскерінің 40 мың адамнан құралған жасағы үй иесі мен Махамбетті тұтқындал, Калмыков ауылында екі апта түрмеде ұстады, кейін Орынборға айдатты. Орынбор генерал-губернаторы Махамбет ісін әскери соттың қарауына тапсырды.
- 1841 ж. 7 шілдеде сот «бүліншілікке» тағы араласса, қатаң жазалансын деген үкіммен тұтқыннан босатып, шекарадан өтпеуді қатаң ескертті.
- 1841 - 1845 ж. аралығындағы Махамбет өмірі туралы деректер аз.
- 1846 ж. Махамбет Хорунжий Тұрымұлының қолынан қаза тапты.
19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан. Ақынның қабірі мәдениет ескерткіші болып табылады.
Ақтөбе облысының Қобда ауданында Исатай батыр мен оның баласы Оспанға шайқас болған жерде ескерткіш орнатылған. Атырау облысы Исатай ауданының орталығы, Аққыстауда да Исатай батырдың ескерткіші бар.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|