Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет15/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   95

71
Өл е ң н і ң  К е н е ж и р е н і              Бі р і н ш і  б ө л і м
Өмір – өлім тәрізді, көңіл – елім,
Басқа әлемдей қайнаған төңірегім.
Дүниеден түңіліп кеткен кезде,
Өз үйіме кебінсіз көмілемін.
Көргім келмес тіршілік, көзімді іреп,
Теңселеді түк таппай төзім тірек.
Басқаларға жымиып тоқтау айтам,
Мағынасыз өмірден өзім жүдеп.
Алла дейді аспанға жан ышқынып,
Тамшылайды жанардан таныс бұлыт.
Менің ақын жанымды қойғаның-ай,
Түкке тұрмас тірлікпен жарыстырып!
Қара тірлік шаршатты, қамаудамын,
Іріп кетті баяғыда жамау жаным.
Қабағыма қара бұлт үйіреді,
Жүрегімді түсінбес қарау қалың.
Намысыма қол салды-ау қандас ғұрып,
Қиянатшыл тағдырға балды аштырып.
Бәріне де көнер ем, берсең Алла,
Жүрегімді, жанымды алмастырып!
 ***
Ішімде өртім бар. Сол сыртқа шыққысы келеді. Ішімде дертім бар, 
сол сыртқа шыққысы келеді. Нәзік жанымның көктемдей лебі бар, сол 
сыртқа шыққысы келеді. Шығарайын десем, күшім жоқ, құдіретім 
жоқ!
Мен әлжуаз, әлсіз пендеге айналдым.
 
Сөздерім-ау, ұйқасты сөздерім-ау,
Шыға алмадың жарыққа, көзде мұң-ау. 
Ішімде өлген жырларым, ішімде өлген,
Ақын жанның қасіретін сезбедің-ау.
Сендерді ойлап шаштарым ағарғалы,
Сендерді ойлап жүрегім қабарғалы.
Үміт егіп жаныма таң алдады,
Күдік егіп жүрекке жан алдады.


72
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Мөлиеді жырларым бесігінде,
Жаутаңдаумен, білмейді есімін де.
Менің аппақ үмітім күң болып жүр,
Тіршіліктің қадірсіз есігінде. 
Құлдық деймін аллаға күн-түн демей,
Байға айналар балпиған мүмкін кедей.
Жүрегіме шаршадым тыншы деумен,
Өмір деумен өрекпіп, лүпілдемей.
***
Ғарышқа кетсем бе, ғарышқа кетсем бе?! Ғарышта кімім бар?! 
Жұматайым бар ғой...
 
Көгілдір ме еді ғарыштың демі,
Жандарға аппақ таныс мұң елі.
Жұматай сері ғарышта сонау,
Бір ару қызбен табысты деді.
Жұлдыздар үнсіз жанасып келіп,
Жұмақты жыр ғып санасы берік.
Дүние-ай дедім, жерде біз оған,
Ләйлә мен Зайда таласып едік.
Көгілдір өңі, көгілдір меңі,
Көгілдір шуақ төгіп жүрегі.
Жұмақтың қызы жұлдыздай мұңлы,
Ақынға үнсіз еріп жүреді.
Дүние-ай дедім сынаққа мені,
Қалдырып өмір жылатпақ еді.
Жетелеп неге кетпеді екен,
Жұматай серім, жұмаққа мені...
Ғарышқа барсам табыспай жаны,
Білемін мәңгі алыстайды әлі.
Бұйырмай маған кетер ме екен,
Махаббат нұры, ғарыш қайнары.


73
Өл е ң н і ң  К е н е ж и р е н і              Бі р і н ш і  б ө л і м
***
Мен жыладым, қатты жыладым... жерде де, көкте де мен 
жалғыз қалдым! Әлемдегі миллиардтаған жандардан маған не пайда? 
Шыбындай жаным шырылдап, бір сая таппаса?!
Алқызыл раушандарым, аспаннан төгілген,
Жанымды жұбатшы егілген.
Қара шашымды қайыңға байладым,
Шаршадым өмірден.
Қызыл уылдырықтай, жүректің қабынған,
Қабына атыңды жазамын сағынған.
Ғажайып жүзіңді көремін көктемнен,
Сағынышыңды сеземін сағымнан.
Бұл тағдыр біздерге осындай мұң берді,
Өзіңсіз ұзаттым жап-жарық күндерді.
Қара түн жайғанда қанатын әлемге,
Ғарыштан төгесің алқызыл гүлдерді.
Ғарыштың гүлдері, ғарыштың мұңды елі,
Ғасырлар өтті ғой қаныма сіңгелі.
Ай мені әлпештеп қап- қара түндерде,
Қолына көтеріп, сүйеді күн мені!
2000 жыл.


Мейірхан АҚДӘУЛЕТОВ
ӨЛЕҢНІҢ НҰРЛЫ БОЛМЫСЫ
...Жұматай, Жұмаға. Жұмағұл-Шора. Жақыпбаев!...
...Егер ол, барлықтан ба, тарлықтан ба, әйтеуір, басқа қонған 
бақтай рухани байлығының қадірін біле бермейтін, күріші мен 
күрмегін көбіне бір таразымен өлшейтін, әр кісісі өзін жердің 
кіндігі деп есептейтіндіктен бе, «білеміз ғой...» дейтін ұйқылы-
ояу тоғышарлықтан ба, Абай айтқан «жақсы менен жаманды 
айыра бермейтін» қазақ арасында емес, өзге бір топырақта туып, 
сол топыраққа тән тілде дәл осы қалдырғанындай мұра қал дырса, 
француздың Бодлері, испанның Лоркасы, орыстың Лермон товы...
қыл аяғы Вознесенский ғұрлы қадірленіп, ұлттық мақтанышқа 
айналар еді. Әлдеқашан...
Бұлай дейтінім – көзі тірісінде көрінген пысықай мен жа санды 
«пайғамбарға» жасалып жүрген қолпаш пен құрметтің мыңнан бір 
түгілі, біздің «әдеби үкіметтен» «ә, сен де бар екенсің ғойды» да есітіп 
жарытпай өткен Ақынның сәулелі мұрасының жарты түйір жа санды 
бояуы жоқ, бетсіздің алақанына түссе берекесі қашатын, естінің 
сергек жүрегінің сәулесіне бөленсе елдің, біздің рухани әлемі міздің 
баға жетпес байлығына айналатын кие-қасиетіне бас игенім, соның 
тағдырына алаң көңілім ғана емес Өкінішім...
Екінші бөлім
БЕКЗАТ БОЛМЫС


75
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
Біле білсек, бәріміздің өкінішіміз. Бұл бір Жұматайға емес, 
маңдайыма қасиеттеп басып, аспаныма құрметпен ілемін, ие 
боламын, жүйеге түсіріп, алыс болашақтарға жеткіземін десе, дүйім 
қазақ үшін мақтаныш боларлық дарынды ұл-қыздың – кешегісі, 
бүгінгісі, ертеңгісі – бар барлығына қатысты нәрсе.
Жұматай ақын ғана емес, қазақ тіліндегі өлеңнің табиғат пен 
уақыт бірлесіп сомдаған сұлу айшығы, бұрын-соңды болмаған нұр-
лы құбылысы. «Қайда-ағыны...» деуші табылар. Мейлі...Бірақ, бұл 
– мойындамасқа болмайтын ақиқат. Оған куә – Жұматай қал дыр  ған 
аумағымен емес, салмағымен өлшенер өшпес мұра.
Беріден айтсақ, бізде ірі ақындар көп, ал Мұқағали, Төлеген, 
Жұмекендер сияқты құбылыстар сирек. Осы үшеуі бір-бі 
ріне 
мүлде ұқсамайды да, бір-бірін көлегейлемейді де. Себебі неде? 
Әрқайсысының Өлең дейтін құдіреттің жаңа құпиясы, бұрын 
болып көрмеген болмысы, тың үні мен нұрлы жанары болып көріне 
білуінде. Дербес табиғатында. Мұқағали басымен «Туады, туады 
әлі нағыз ақын!...» немесе «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шек-
пен жауып өзіне қайтарамын» дейтіні, Жұмекеңнің «Өлеңіме мен 
өзім өкшелі етік кигіздім» дейтіні – Поэзияның шексіз мүмкін дігін 
түйсініп, сезінгендіктен. Жұматай – сол мүмкіндіктің, ға 
жайып 
мүмкіндіктің соны көрінісі. (Соңы емес, әрине).
Бұл да басқа әннің қайырмасы сияқты дербес, әлі айтылма ған, 
мүмкін, айтуға «қимай жүрген» әңгімеміз.
Жұматай – ежелден келе жатқан қазақ поэзиясының әр дарын, 
әрбір құдірет иесі арқылы жаңа бір мінез ашып, жеке бір жұлдыз 
болып көрінер құдіретті болмысын, патшадан жоғары, пайғамбар-
мен дәрежелес Сөз өнерінің ақсүйегі – Өлеңнің киелі жаратылы сын 
өмірмен, өлеңімен тағы бір дәлелдеп кеткен Ақын.
Одан сәулелі мұра қалды. Сол мұраның мәңгілік жаса рына күмә-
нім жоқ. Оның қадір-қасиеті, баға жетпес қазына екендігі жөнін де 
әңгіменің де кезегі кейініректе.
Әзірге тілерім – сол мұраның қадіріне жетіп, қастерлей білуді 
жазғай бізге.
 «Қазақ әдебиеті» , 1995 жыл , 7 ақпан.


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау