79
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
келбетті келіншек менің құрбыларымның бірін
шақырып алып,
Ләйлә деген топтаманың жазбасын беріп, маған табыстауды сұ-
рапты. Және менің құрбыма: – Сендердің Ләйләларың біздің отба-
сы мыз ды құртатын болды, – деп мұң шағыпты. Кейіннен бұн дай
на зын менің анама да айтыпты... Жалпы, мен елден кеткелі қырық
жыл дан асты. Сондықтан Қазақстандағы оқырман қауым ынтық
болып жүрген Ләйләдан аса хабардар емес едім. Тек үш жыл бұрын
білдім. Талдықорған қаласының маңындағы Қарабұлақ кентінде
анам ның сексенге толғанына арналған тойы өтті.
Сол кезде мені
көп
шілік жақсы ықыласпен, құдды бір танитын, құрмет
тейтін
жақынын дай қарсы алды. Көп сауалдар қойылды. Бейнебір менің
кездесу ке шіме айналғандай болды сол той. Қайтар жолда Астана-
дағы туыста
рымның Диана есімді қызы Жұматай Жақыпбаев-
тың 2002 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан «Ләйлә» атты жыр
жинағын сыйға тартты.
Бұл маған жасалған аса қадірлі, аса қымбат
сыйлықтардың бірі.
«Нағыз азамат қазанатсыз болуы мүмкін емес...»
– Ақын өз жырларында Сізге шексіз ғашық болғанын айтады, он дай
сезімді басыңыздан өткере алдыңыз ба?
– «Ләйлә» жинағын жиі оқимын деп өтірік айта алмаймын.
Се бебі, мен орыс тілді, орысша тәрбие алған адаммын. Он жеті
жасым да туған елімнен кеттім. Бар саналы ғұмырымды Ресей Фе-
дера циясында өткізіп келемін. Осы мемлекеттің Ғылым академия -
сын да қызмет еттім. Сол елдің азаматшасымын. Жасым да алпыс тан
асты. Сондықтан қазақша оқып, оны терең түсіну
маған қиынға со-
ғады. Бірақ, бар зейін-ынтаммен бірнеше мәрте оқып шықтым. Осы
жинағынан түсінгенім – қаламгер кеңес кезінде ғұмыр кеш се де өз
ұлтының ақыны болып өтіпті. Ол түркілік ірілікті аңсапты.
Және бір қызығы советтік дәуірді жырлағаннан гөрі өз жүрегін
тыңдап қалам тербепті. Мен ол кітаптағы екі дүниеге тоқтал ғым
келеді. Біріншісі – Кенежирен. Екіншісі – Ләйлә сұлу. Яғни, өзім
ғой (күледі.) Осы екеуі ақын жүрегінің тым нәзік болғанын көр-
сетеді. Тұтас әлемге ғашық болыпты... Кенежирен ақынның таби-
ғатқа, өзі туған топыраққа деген махаббаты. Ата дәстүрін құрмет-
теуі. Жалпы, Жұматайдай азаматтың қазанатсыз болуы мүмкін емес.
Ал, Ләйләні сезімге бөлеп, сұлу сөзбен кестелеуі, адамзатқа деген
махаббатын аңғартады. Тағы бір айта кететіні, ақын көзі тірі сінде өз
бағасын алмаған,
зерттелмеген, зерделенбеген сияқты. Мүмкін, мен
қателесетін де шығармын. Сіздің маған сонау Алматыдан телефон
шалып, сұхбат алып отырғаныңыз да осындай ойға жетелейді.
Бір медет тұтатыным ақынның оқырманы көп екен. Жастары
80
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
жырларын құмарта оқып оның ғашығына ұқсайтын жар іздейді.
Сіз айтқандай оқырманның мені сұлулық пен махаббат символына
балауы жанымды қуанышқа бөлейді. Мен – бақыттымын!
Ләйләнің тілегі
Мен ақын оқырмандарына, барлық отандастарыма тек махаббат
тілеймін. Өйткені, бұл фәниді махаббатсыз елестету мүмкін емес.
Әрбір адамның өз Ләйләсі бар екені даусыз. Сол жандардың махаббаты
баянды болсын!
P.S. Сұхбаттан кейін Досмұхамбетова Ләйлә Бейісбекқызына жарты
сағат уақытын бөліп сыр бөліскеніне алғысымды айтып, Әуезхан Қодар орыс
тіліне аударған Жұматай ақынның «Ләйлә» топтамасын жолдайтынымды
айттым. Ләйлә апай асыға күтем деді. Мен телефон тұтқасын қояр сәтте
үшінші сауалдың қалып бара жатқанын Ләйлә Бейісбекқызының есіне салдым.
Ақын музасы бірер минут үнсіз қалды да «аман болыңыз» деп телефон тұтқасын
қоя салды.
«Қазақ әдебиеті», 7 наурыз, 2008 жыл
Есенғали РАУШАНОВ
ӨЛЕҢНІҢ КЕНЕЖИРЕНІ
Астаудай ақ жем, арнадай шұңғыл бұралаң,
Арғымақ күшін, атанның белін сынаған,
Аққұмақ жолдың айылдай ғана енімен,
Алалы жылқы, ақтылы қойы шұбаған.
Асылы, ақын не жазса да өзі туралы жазады. Осы өлең
Жұматайдың поэзиядағы максимум программасы сияқты. Ол өлең
жолын бұрын біреулер салып берген сара жол,
оңай асуға санамады,
атанның белін, арғымақ күшін сынаған таудың тар жолына, тайғақ
соқпағына балады. Ал алалы жылқы, ақтылы қойы – өлең. Бұл
теңеуімізге дау айтатындар табылып «Жұматайдың өлеңін алалы
жылқы, ақтылы қойға теңеуге болмайды. Өйткені, ол соншалықты
көп мұра қалдырған жоқ» деуі мүмкін. Ол рас. Кезінде Жарасқан
марқұм Жұматайға «бір ай жазған өлеңіңді бір жыл насихаттайсың»
81
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
деп қалжыңдайтын. Бірақ, әңгіме көлемде емес, өлеңде. Ол – аз
жазды, көп жазуды мұрат тұтқан да жоқ.
Алматыға кеш келді. Өзі айтатын
балпаңдай басатын батырға
ұқсап асықпай келді. Ол кезде елден Алматыға қазақ келсе бүгінгідей
ала дорба арқалап, кәсіп іздеп, нанталаппен, саудагерлікпен емес,
білім іздеп, өнер іздеп келетін еді ғой. Бір француздың айтқаны
бар: «В Париже каждый хочет быть художником, никто не согласен
оставаться зрителем». Алматының әрбір жас жігіті мен қызы ақын
болғысы келетін. Бүгінде дәурені жүріп
тұрған журналистика
ол кезде не өлең, не проза жазу қолынан келмегендердің кәсібі
сияқты көрінетін. Иә, не айтатыны бар Алматы ерекше сұлу қала
болатын. Сұлулыққа ғашық ақын бұл қаланы өлердей жақсы көрді.
Сұлу қалада тұрып, сұлу жырлар жазды. Атақты Ләйлә туралы сұлу
жырлардың көбі осы сұлу қалада туды.
Ханшадай өзін ұстаған,
Қара алмас көзді бал ерін,
Басынан құс та ұшпаған,
Бұла өскен, сұлу жан едің.
Қара оқа құсап бұрымың,
Жалтылдап әрбір талы да,
Жарасып барлық қылығың,
Жараспай пенде жаныңа,
Көңілің
шалқып тәтті әнмен,
Кірпігің, қасың дірілдеп,
Өтуші ең жасыл бақтармен,
Өтуші ең сәл-пәл күлімдеп.
Жаныма бір мұң жетті де,
Жабығып өтті уақытым.
Тарыдай меңде кетті ме,
Таба алмай қойған бақытым.
***
Айыбым болса кеше жүр,
Асқақтау жердің маралы.
Жырладым сені неше жыл,
Жындантып неше қаланы.
Траптан түссең алға аттап,
Тәкаппар асқақ түрменен.