Сабақ жоспары
Пәні: әдебиет
Сыныбы:10
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Сегіз аяқ», «Мәз болады болысың»өлеңдері
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Абай өлеңдерін терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, өлеңдерінің идеялық мазмұнын меңгерту
2.Дамытушылық:әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере, өзінше о й түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін, сөйлеу мәдениетін дамыту мәнерлеп оқи отырып талдау;
3.Тәрбиелік:ақын өлеңдерін оқи отырып, оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Білгім келеді. /жаңа сабақ/
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусының қандырған кім?
Өзіне - өзі орнатып ескерткішті
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
Абай қазақ халқының рухани көсемдерінің бірі емес, бірегейі. Баршаның мақтан ететін ойшыл да сыршыл данышпанымыз. Ұлы ақын өзі өмір сүрген қоғам келеңсіздіктерін көріп өскендіктен, солардың бәріне де қарсы болып, ел бірлігін аңсады, мәдениетті елдердің қатарына жетуді, азат ел болуды арман етті.
2. Өлеңді мәнерлеп оқу. /әр топтан 1 оқушыдан/.
3. Өлеңде не жайында айтылған? Не түсіндік?
а/ Ақын бұл өлеңде әлеуметтік мәселелерді сөз қылады. Қазақ өмірімен байланысты мәселелердің әрқайсысына ерекше тоқтап, үлгілі сөздер айтады.
б/ Ақын тек өмірдің шындығын ғана ашып қоймай, алға қойған мақсатты орындау үшін не керек екендігін де ашып көрсетеді.
г/ Ұлы ақын жастардың адам болу үшін ең алдымен еңбек ету керек, білімді болуы керек және халқына пайдалы еңбек ету керек деп қорытынды шығарады.
«Сегіз аяқ» өлеңінде ақын өз кезіндегі өмір шындығын көрсетуден туған өлеңдерінің бірі, мұнда бір жағы – сын, сықақ болса, екінші жағы - өсиет, ғибрат беру.
«Сегіз аяқ» өлеңіне Абай тыңнан қосқан шумақ өрнегін көріп отырмыз. Өлеңнің әр шумағы сегіз жолдан тұрады. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше өрнектелген.
Шумақ 5 - 8 буынды, тармақтары жүйелі түрде үйлесіп, араласып түзілген. Алдыңғы 6 тармақ тезис есебінде болса, соңғы 2 тармақ ақындық ой қорытылады. Бұл өлең қазақ поэзиясында жаңа туынды.
«Сегіз аяқ» өлеңінің өлшемін, шумақтың өрнегін Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов т. б. ақындар да қолданған.
«Сегіз аяқ» өлеңі - өз заманындағы өмір шындығы көрсетілген өлеңдерінің бірі.
Абай өзінен бұрын ешкім таппаған қиын ұйқасты шебер түрлендіріп, әдейі арнап ән де шығарған. Дәптермен жұмыс.
Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі қанатты сөздерді теріп жазу.
1. Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
2. Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас.
3. Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын.
4. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
5. Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
ІІІ. Абай атамыздың 1889 жылы жазған өлеңі.
Әрқайсысы 4 тармақты 12 шумақтан тұрады. Мазмұны, мәні жағынан ақынның "Болыс болдым мінекей..." шығармасымен үндес, сарындас. Өлеңде болыс болған қазақтың мінез-құлқы үшінші жақтан суреттеледі. Ақын болыстың қолымен жасаған нақты ісін ғана емес, сонымен қатар оның көп сырын бүгіп, бүркіп жатқан ішін де ашып керсете отырып, адам мінезін ашудың ұтқыр да, ұтымды тәсілін шебер пайдаланады. Ұлық арқаға қақса, мәз болып, иығына шекпен жапса, шат болып, әр жерде жоқты-барды шатып, күпініп, қампайып, шалқып жүрген болыс әлдебір қуанышы үшін үй-ішін, ауыл-аймағын түгел өурелеп, әбігерге түсіреді. Ол ісі оңға басса, күлмеңдеп, өлең қағып, көзін аспанға еліртіп әурелеңіп-ақ қалады, қасқайып, мақтанға салынады, бас пайдасы, құлқының қамы үшін біреулерді қақпанға түсіруді ойлайды, оның жені келіп ел ішінен бір дәмдіні татып, өңеші майлана қалса, қолын шапалақтап жас баладай қуанады.
Болыстың ісі әлгіндей болып суреттелгенде, оның қуанышының түрі мынадай түрде айшықталады. Ақын болыстың ісі мен ішін бірде жарыстырып, бірде даралап әрі саралап көрсетіп алған соң, оны өз тарапынан бағалауға ауысады. Болыстың жаман қылықтарын оқырмандарының көз алдына көлденең тартады да, ақын ойлы жанға болыстан да, оның ықпалынан да алыс болуға кеңес береді. «Миың болса, жолама, Бос желіғіп шапқанға» дей келіп, жамандықтан қашқанның жаман болмайтынына меңзейді. Өлеңнің соңында өзіне-өзі мәз болып, өз буына өзі піскен надан болыстың өзге түгіл, өзінің табан жолына да жарығын түсіре алмайтын қараңғылығына, оның ісініңде, өзініңде баянсыз, опасыздығына білім нұры, ғылым жарығы қарама-қарсы қойылады.
Өлең шалыс ұйқасты үлгіде жазылған. Алғаш 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1933 жылғы жинақта 10-шумақтың З-жолы «Өлең қағып желбірер», 1939 жылғы басылымда «Өлең қағып елірер» болса, кейінгі жинақтарда бұл жол Мүрсейіт қолжазбалары негізінде «Өлең қағып елбірер» делінген. Мүрсейіт қолжазбаларында 5-шумақтың 4-жолы «Бір тәттіні татқанға» деп алынса, жинақтарда 1909 жылғы басылым негізінде «Бір дәмдіні татқанға» деп берілген.
Туынды қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, үйғыр т. б. тілдерге аударылған.
ІV. Сабақты пысықтау
1. “Кім жылдам “ топтық жұмыс/өлең құрылысына талдау/
І топ
Түбінде баянды еңбек - егін салған
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған – өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған., қара өлең ұйқасы
ІІ топ
Білімдіден шыққан сөз, а
Талаптыға болсын кез. а
Нұрын, сырын көруге, -
Көкірегінде болсын көз. а
Жүрегі – айна, көңілі ояу, б
Сөз тыңдамас ол баяу, б
Өз өнері тұр таяу, б
Ұқпасынба сөзді тез. А аралас ұйқас
ІІІ топ
11
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдің әсері бар. Қара өлең
. Үй тапсырмасы: «Сегіз аяқ»өлеңінен үзінді жаттау.Абайдың қарасөз кітабын алып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |