Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет13/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   95

62
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Жаса жүрегім, қабырғаңнан қан ағып,
Қан тамырды үңгісе, жегідей жеп сана құрт.
Ақ бетіңді опалап, қара көзді сүрмелеп,
Ақ жүзіңді ұсын сен, дүниеге жаңа қып.
Жаса жүрегім, жарқырай бер, көнемін деме,
Жаса жүрегім, шаршадым, сөнемін деме.
Жаса жүрегім, мен әлі сүйіп болғам жоқ,
Жаса жүрегім, жер қойнына енемін деме.
***
Сұп-сұр уақыт тасқыны мені дедектетіп алып бара жатыр. 
Басыма ақ орамал байлап, ақ желкенді кемеге отырғызып, аналар 
ауылына апармақ.
Терезеңді жел емес, мен ашқанмын,
Лақтырдым, кетіңдер, қара аспан, күз.
Аппақ болып сен жаттың төсегіңде,
Мен сол күні
Өзім боп, өзге болып адасқанмын.
 Ай қарады аспаннан, толыққанды,
Тіс жаруға шама жоқ, қорыққам-ды.
Оянбассың ұйқыңнан Ай астында,
Қалап едім, өзіңе жолыққанды.
Шуақ емес, бетіңнен мен сүйгемді, 
Алақаныңды ұстадым, тершиді өңді.
«Қоясың ба», – деп саған көзбен ұрыстым,
Күні-түні жартастай мелшигенді.
Білесің бе, қаншама сағыныштан,
Көктөбеге қараймын бағым ұшқан.
Теңіз емес, төрем-ау, көз жасым ғой,
Күллі әлемге теңіз боп шағылысқан.
 Өз көкірегім өзіме қарсы. Бұ несі?! 


63
Өл е ң н і ң  К е н е ж и р е н і              Бі р і н ш і  б ө л і м
***
«Налыма», – дейді. «Екеу бол», – дейді. «Жалғыздықпен қош - 
тас», – дейді. «Табыт тербетпе», – дейді. 
Әлди-ай өмір, тағы да соған бардым, соған бардым,
Жалындым, жыладым да жалбарындым.
 Мен жайлы сыбырлапты оған да әркім,
Тәжін киді ол, әлемнің хандарының.
Әлди-ай өмір, тағы да содан келдім,
 Толмады оған көңілім.
Есіңде сәл жұбанып, күрсінгенім.
Қайтейін, бір адамға бодан болдым,
Жылжыды Ай астында құр сүлдерім.
Әлди-ай өмір, бақытты болам ба деп дәмелендім,
Кеудемді бір құштарлық құшақтады.
Тамсандым, жетер ме деп соған ернім,
Арманым енді менің ұсақтады.
Әлди-ай өмір, алақанда Ай сүйген дала жатты,
Ол мені өңім емес, түсім деді.
Өз жүрегім өзіме бөтен болып бара жатты,
Қара түнде жалаңаш ақ қайыңның томсарған мүсіндері.
***
Енді мен ала таңнан оянып алып, «өмірімнің көбі кетіп, азы қалды-
ау. Ғұмырымның жастығы озып, күзі қалды-ау», – деп налитын 
болдым.
Ай-хой, дүние-ай,
Жан бермек пен жан алмақ қиын ба екен,
Неге адамзат тәңірге сиынды екен?!
Өліп көрген жан бар ма, екі әлемнің,
Қайсысы бұл маған тиімді екен?!
 Жаным тастап, денемді көшер ме екен,
Зайда атым әлемнен өшер ме екен?!
Қабірімнің үстіне көктем сайын,
Гүл-бәйшешек қыбырлап өсер ме екен?!


64
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Жаным қайта сәбиге қонар ма екен,
Көркем жүзім күндей боп оңар ма екен?!
 Әлде мұның бәрі де өтірік пе,
Ғасыр керуен барымды тонар ма екен?!
Ойлай-ойлай асқынды-ау жарам мына,
Алдамшы ма, апыр-ай, ғалам мына?!
Күншығыстай көркейген қайран ғұмыр,
Қалай ғана сіңеді қараңғыға?!
***
Жоқ, менің өлім туралы ойламауым керек. Өмірде өлім деген жоқ, 
ажал деген жоқ. Өмір деген мәңгілік жастықтың мекені. Өмір деген 
мәңгілік жасыл дүние.
Кешірші, көктем емес, күз едім мен,
Кешірші, жел жайлаған түз едім мен.
 Кешірші, сол көктемде кездестіріп,
Жүзімді Айдай әсем түзедім мен.
Кешірші, аймалады дұрыстап күз,
Өксідім, мұңға айналып ұрысқақ қыз.
Кешірші, сендік әлем маған жұмбақ,
Екпіндеп кіріп келдім рұқсатсыз.
Кешірші, кешіршімен кештім ғұмыр,
Аялап, әлпештемес ешкімді мұң.
Біз бармыз, біз бармыз деп Ай астында,
Апыр-ай, сенімсіздеу естілді үнің.
Мен болам бейуақытта босқан ақын,
Келместің жүйрігін тосқан ақын.
Кешірші, мені ешқашан тастамашы,
Болайын ұшар болсаң қос қанатың.
***
Ей, Ай, аспанда қыбырлап кетіп барасың. Мен саған ғашықпын. Сен 
күн сияқты күйдірмейсің. Сен мейірімдісің. Бірақ, оны маған тілмен 
айтып жеткізе алмайсың.


65
Өл е ң н і ң  К е н е ж и р е н і              Бі р і н ш і  б ө л і м
Сенің аппақ саусақтарың қынасыз,
Күйдіреді қызыл бояу жаққандай.
Неге сонша қысыламын күнәсіз,
Сенің күнде құшағыңда жатқандай.
Сен Айсың ғой, ақтығыңа мастанып,
Маған мүлде қарағың да келмей ме?!
Тәнім қалса сыз топырақ жастанып,
Жаным менің ешқашанда өлмейді.
Кеудесі жоқ, жүрегі бар жанға ана,
Сен қарарсың Ай көзімен тұңғиық.
 Ал жұлдыздар махаббатқа таңдана,
Қарар сонша, қарар сонша мұң құйып.
Қолдарыңмен бақ-бақ сынды ал ұста,
Кетік кесе, керегі жоқ, келер сын.
Қайбір өмір бар дейсіз-ау ғарышта,
Тірлігімде көздеріңмен өберсің.
 ***
 Мен ғашық та болдым. Мен делбе болып дала кезіп, қаңғыдым да. 
Мен адамға тән жүрек жылуын іздедім. Менің сүйікті болғым келді. 
Мен Ай астында өксіп жыладым да.
Мені ешкім жұбатпады, жылатпады,
Ұмытты ел менің мүлде барлығымды.
Ғарыштың қолы сүйеп, құлатпады,
Іздедім жүректерден зарлығымды.
Іздедім, өксідім де, жалбарындым,
Білдіргім келген шығар тірлігімді?!
Ал сосын қара түндей жалғыз қалдым,
Аспаннан көрдің бе сен Мұңлығыңды?!
Іздедім сені мәңгі, іздеп келем,
Жалғасты жылуы жоқ көңілсіз күн.
Мен жармын кеудесінен мұз кетпеген,
Сен үшін, бір сен үшін өмір сүрдім.


66
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
 Мен өлсем, махаббатым ол да өлер ме,
Тербеттім табытыңды өмір үшін!
 Дүниеге жұлдыз болып сен келерде,
Махаббатымды келгем жоқ көму үшін.
***
Сені түсінбедім. Менің залалсыз достығымды неге құп алмадың?!
Жалғыздық тірі жанға тілемес ем,
Сонымен түн егесем, күн егесем.
Ашынам, сол жалғыздық, ой, дүние-ай,
Сағынам құшағына түнемесем.
Жалғыздық, жалғыз қарап, мені аяған,
Мен болдым тоқ-құрбандық құдайы адам.
Тәңірдің кәрі түскен тұл жесірді,
Жалғанда, қайтейін-ай, кім аяған.
Жалғыздық, көп құладым құшағыңа,
Арманым асқындады тұса мына.
Жалғыздық жалқы құстай қарайлайсың,
Жалқы құс жылы жаққа ұшады ма?!
Жалғыздық, жалғыз досым ақыреттік,
Қорқақ ем, қыса-қыса батыр еттің.
 Жалғыздық, сен білесің, мен білемін,
Қандай дауа екенін қасіреттің.
 
***
Жұматай, Жұматай дейді, ол кім еді өзі?! Менің ерім бе еді, кім?! Ол 
қайда кетіп қалды?!
Тәңірім, мәңгі жасыл, мәңгі жас ажалсызым.
Сен сыйлайсың жандарға тажал сызын.
Сенің нұрлы жүрегің зарға толып,
Мәз боласың ауаны қармаса өлік.
Тәңірім! Таңғажайып көк реңін,
Тебірентеді күрсінген көкірегім.
Жүрегіме жыр болып құйыласың,
Мен жүремін тірліктен миым ашып.


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау