Күні _____
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: “Күзгі жапырақтар”
Мақсаты: Балаларды ұжыммен бірігіп, композиция құра білуге үйрету. Балалардың шығармашылығын дамыту. Бастаған істі аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, бүрку, дымқылдау, құрғақ қылқалам.
Сөздік жұмыс: күз, күзгі жапырақ, дөңгелек, үшбұрыш.
Көрнекіліктер: дайын жұмыстың үлгісі, ақ қағаз, қайшы, желім, гуашь, қылқалам, қолорамал.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әс-ірекеті
|
Бала әрекеті
|
жағымды
|
жағымсыз
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
Балаларға өлең оқу.
Қайың, терек басынан,
Сарғыш тартып жапырақ.
Жерге түсіп шомылған,
Жел үрлесе қалтырап.
Ш.Ахметов «Күзгі жапырақ» өлеңінің мазмұнын ашу.
Жұмбақ Жасыру.
Мысалы: Жап-жасыл болып өседі,
Сап-сары алтын болып жерге түседі.
Балалармен әңгімелесу.
Балалар қазір қай мезгіл?
Далада қандай құбылмалы өзгерістерді байқадындар?
Жапырақтардың түстері қандай?
Неліктен жапырақтар сарғайып жатыр?
Балалар менің қолымда нелерді көріп тұрсыңдар?
Жапырақтардың пішіндері бірдей ме?
Мына суретке қарайықшы ненің суреті?
Бүгін біз дайындаманы 4 бөлікке бөлеміз де, түрлі тәсілдерді қолдана отырып, өңдейміз. Кепкен соң жапырақтардың суретін саламыз да, қиып аламыз. Қағаз бетіне желім арқылы жапсырамыз.
Тәрбиеші жапырақтын бейнесін салуды және оны қию тәсілін, желімдеуін көрсетіп, түсіндіреді
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қолды алға созайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бойымызды жазайық.
Д/о: «Жапырақтын түсі қандай?»
Шарты: тәрбиеші жапырақты көрсетеді, балалар түсін, айтады.
Сабақты қорытындылау.
Бүгін біз ненің суретін салып, нені қиып жапсырдық?
Жапырақтын түсі қандай болды?
Жапырақтың пішіндері қандай болды?
|
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
(Жапырақ )
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.
Түстерін атайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу:түрлі- түсті қағазға әр түрлі пішінді жапырақтын бейнесін салып , қиюды және жапсыруды игеру тиіс.
Игеру: жапырақтардың пішінін айтып, жапырақтын бейнесін салып, дұрыс қия білуі тиіс.
Меңгеру: түрлі- түсті қағазға жапырақтын бейнесін салып , сызық бойымен қиюды және жапсыруды игерді.
Күні _____
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: “Жемістер”
Мақсаты: Қайшымен жұмыс істеу дағдыларын арттыру. Домалақ және сопақ пішінді қиып алуға үйрету. Бөліктерді дұрыс желімдеуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, жапырақ пішінін салу, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: күз, жемістер, дөңгелек, сопақша
Көрнекіліктер: жемістер, жемістердің пішіндері, жемістердің суреті.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әс-ірекеті
|
Бала әрекеті
|
жағымды
|
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру.
III.Рефлексия
|
Шаттық шеңбер:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді, - өлеңінің мазмұнын ашу.
Балаларға Жұмбақ жасыру.
Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)
Көкпеңбек еді көктемде,
Қызарады күз жеткенде.
(Алма)
Балалар алма, алмұрт қайда өседі?
Олардың пішіні қандай?
Мына ыдыстың ішінде нелер бар?
Мынау не? (алмұрт)
Оның пішіні қандай?
Балалар жемістердің пішінін, түсін айтып береді.
Жемістер дөңгелек, сопақшадан тұрады екен.
Екі еселеніп бүктелген шаршы қағаздан дөңгелек немесе сопақ пішінді қалай дұрыс қию керек екеніндігін тәрбиеші көрсетеді.
Түрлі-түсті қағаздан тіктөртбұрыш қиылған.
Тіктөртбұрышты екіге бүктейміз.
Екі бүктелген қағазға жемістердің жарты бөлігін қарындашпен сызып аламыз.
Белгіленген сызық бойымен жемістерді қиып аламыз.қиып алынған жемістерді жазып, негізгі бетке жапсырамыз
Алма кетті домалап,
Көше бойы аралап.
Алманы кім табады,
Сол ойыннан жалғастырады.
д/о: «Дәмі қандай?»
Шарты: қоржынның ішінен тәрбиеші жемістерді алып көрсетеді, балалар атауын айтып, дәмін қандай екенін айтады.
Сабақты қорытындылау.
Бүгін біз ненің суретін салып, нені қиып жапсырдық?
Алмұрттың түсі қандай болды?
Жемістер қайда өседі?
|
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Жемістердің жасалу тәсілін үйренеді.
көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.
дәмін атайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
|
|
| Күтілетін нәтиже:
Білу: Жемістердің пішінін айтып, жемістің бейнесін салып, дұрыс қия білуі тиіс.
Игеру:Түрлі- түсті қағазға әр түрлі піщінді жемістердің бейнесін салып , қиюды және жапсыруды игеру тиіс.
Меңгеру: Екі еселеніп бүктелген шаршы қағаздан дөңгелек немесе сопақ пішінді қалай дұрыс қию керек екеніндігін меңгеруі.
Күні _____
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: “Есек”
Мақсаты: Балалардың қайшымен жұмыс істеу дағдыларын арттыру. Есекті дөңгелек және сопақ пішіндерден қиып жапсыруды үйрету. Ұқыптылыққа, тазалыққа, өсімдікке деген қызығушылықтарын арттыру.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: есек, қодық.
Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері, үлгі сурет.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру.
III.Рефлексия
|
Шаттық шеңбер:
Д/о: «Мен сипаттаған жануарды тап»
Жұмбақ жасыру.
“Жанды сағат айқай салад” (Есек)
Қайшымен, желіммен жұмыс істеу ережелерін еске түсіру.
-Балалар, есек қандай жануар?
-Есек – жүк тасуға ыңғайлы көлік.
Тәрбиеші жапсырудың орындалу барысын түсіндіреді.
Қара және сұр түстен тіктөртбұрыштар қиып аламыз.
Содан соң қара түсті қағаздан жалын, кекілін, құйрығының қылын, тұяқтарын қиып аламыз.
Ақ қағазға алдымен денесін,
Мойнын,
Басын және құлақтарын,
Аяқтарымен тұяқтарын
Жалын, кекілін, құйрығының қылын жапсырып аламыз .
Балалар үлгі суретке қарап жапсыру жұмыстарын орындайды.
Сергіту сәтті:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп, өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Д/о: «Не қайда тұрады?»
Шарты: тәрбиеші кез келген жануарды көрсетеді, балалар қайда тұратынын айтады.
Сабақты қорытындылау.
Бүгін біз нені жапсырдық?
Есек неше бөліктен тұрады?
Есектің қандай ерекшеліктері бар екен??
|
Балалар сипаталуы бойынша жануарларды тауып, атайды.
Жұмбақ шешеді.
Балалар жауап береді.
Саңырауқұлақ туралы өз білгендерін әңгімелеп береді.
Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.
сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Есекті дөңгелек және сопақ пішіндерден қиып алуды.
Игеру: Есектің бейнесін дұрыс қиюды игерілуі;
Меңгеру: Ұқыпты жапсыруды меңгеруі;
Күні _____
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Теңізде жүзген кеме»
Мақсаты: балаларға жыртылған қағаздан аппликация жасауды және қағаз бетіне дұрыс жапсыруға үйрету.
Ұқыптылыққа, тазалыққа, эстетикалық сезімдерін дамыту.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: кеме, қайық, теңіз, көл.
Көрнекіліктер: кеме, үлгі сурет.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру.
III.Рефлексия
|
Шаттық шеңбер:
Жұмбақ жасыру.
Суда – көлік;
Құмда - өлік. (Қайық)
Үтікке міндім,
Мұхитта жүздім. (Кеме)
Балалар нан неден пісіріледі?
Кеме қандай көлік түріне жатады?
Кеме қайда тұрады?
Олардың адамға қандай пайдасы бар?
Кеменің пішіні қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
Кеменің жасалу ретіне назар аударып, орындалу барысын түсіндіру.
Алдымен түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып аламыз.
Толқынды, кемені, желкенді, күнді дайындап аламыз.
Негізгі бетке толқынды жапсырамыз.
Кемеге желкені мен діңгегін (мачта) жапсырамыз.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық,
Белімізді жазайық,
Айналаға қарайық
Отырайық,тұрайық,
Біраз тынығып алайық.
Д/о: «Не артық?»
Шарты: суретке қарап артық суретті сызып көрсету.
Сабақты қорытындылау.
Бүгін біз нені жапсырдық?
Кеменің пішіні қандай болды?
Кеме қайда жүзеді?
Балаларды бағалау,мадақтау.
|
Балалар жұмбақ шешеді.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Кеменің жасалу ретімен танысады.
Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі : көлік түрлерінің атауларын, кеменің қозғалу ортасын білуі.
Игеру: жыртылған қағаздан аппликация жасай отырып, кеменің бейнесін келтіре білуді игереді.
Меңгеру: ұқыпты жұмысты орындауды меңгеруі;
Күні _____
Білім саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: “Күзгі суреттер”
Мақсаты: Табиғи материалдардан композиция құра білуге үйрету, балалардың күзгі табиғатты аппликация арқылы бейнелеу жұмысына мазмұн бере отырып, композиция жасауға табиғи материалдарды дұрыс пайдалана білуге баулу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: орман, ормандағы ағаштар, сұлу табиғат.
Көрнекіліктер: орман суреттері, кепкен жапырақтар, күзгі көріністі сурет, үлгі сурет.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
1.Шаттық шеңбер жасау:
Мысалы:
Кел балалар,күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілденіп жүрелік.
Жұмбақ жасыру.
Айнала сары түсті
Бау-бақшада жеміс пісті.
Қамба толы дәнге
Дастарқан толы дәмге
Бұл қай кезде болады?(күз)
2. Балалармен әңгімелесу.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?
Балаларға әртүрлі картиналарды көрсету.
-Бүгін біз сұлу табиғатты өз қолымызбен жасайтын боламыз. Іріктелген материалдарды табиғат көрінісінің композициясын құра отырып, негізгі қағаз бетіне орналастыру.
Композицияның барлық бөлшектерін ПВА желімін пайдалана отырып, қағаз бетіне ретімен желімдеу.
Балалар күзгі көрністің композициясын өз қалауынша құрады.
Педагог балалар жұмысын бақылып, бағыт-бағдар беріп отырады.
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық,
Белімізді жазайық,
Айналаға қарайық
Отырайық,тұрайық,
Біраз тынығып алайық.
Д/о: «Не артық?»
Шарты: суретке қарап артық суретті сызып көрсету.
Сабақты қорытындылау.
Бүгін біз нені жапсырдық?
|
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Өлеңнің мазмұнын түсіндіреді.
Жұмбақ шешеді.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.
Балалар ойын ойнайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: табиға материалдарды қолдануды білуі тиіс.
Игеру: Күзгі табиғат көрінісінің композициясын құра отырып, негізгі қағаз бетіне орналастыруды игеруі тиіс..
Меңгеру:Жұмысты аяғына дейін бітіруді меңгеру тиіс.
Күні _____
Саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: “Әтеш”
Мақсаты: жапсыруда барынша айқын түстерді қолдану; балалардың көз мөлшерін, ырғақ пен түсті сезіне білулерін дамыту; Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: әтеш, айдары, қауырсыны.
Көрнекіліктер: үй құстарының суреті, үлгі сурет, әтештің суреті.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру.
III.Рефлексия
|
1.Шаттық шеңбер:
Д/о: «Мен айтқан құсты тап»
Балаларға жұмбақ жасыру:
Орақ құйрық, тарақ бас,
Көп ұйқыны жаратпас.
(Әтеш)
Кеудесі қайқандап,
Жүреді балпаңдап.
(Қаз)
Бүгін үй құсы – әтештің бейнесін жапсырамыз.
Әтештің дене мүшелерін атайықшы?
Әтештің жасалу жолын көрсету:
- Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыш қиып алу.
- Түрлі түсті қағаздан әтештің бөлшектерін қиып алу.
Негізгі қағаз бетіне ретімен:
Денесін;
Басы мен тұмсығын;
Қанатын;
Айдары мен сақалын;
Табанын;
Құйрығының қауырсындарын жапсыру.
Қара фломастермен әтештің көзін салу.
Балалар әтешті қиып, жапсыруға кіріседі.
Сергіту сәті;
Д/о: «Не артық?»
Шарты: суретке қарап артық суретті сызып көрсету.
Бүгін біз нені жапсырдық?
Әтеш қайда мекендейді?
Бүгін біз қандай тәсілді қолдандық?
Мадақтау,бағалау
|
Балалар ойын ойнайды
Жұмбақ шешеді.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Әтештің жасалу жолымен танысады.
Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.
Суреттен не артық екенін көрсетеді.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Құстарды ажырата алуды білуі;
Игеру: Әтешті қағаздан қиып алуды игерілуі;
Меңгеру: Жұмысты басынан бастап аяғына дейін аяқтауды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: “Тай”
Мақсаты: Жануардың бейнесін үлгі бойынша дұрыс жапсыруды үйрету. Бөлшектерін келтіріп,дұрыс жапсыруға үйрету.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: үй жануары, құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, ат, жылқы.
Көрнекіліктер: жануарлардың суреті, үлгі сурет.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру.
III.Рефлексия
|
1.Шаттық шеңбер:
Қалың қорық нуға бітем,
Қоры үзілген қуға бітем.
(Сиыр)
Қүнгейлі қара тасқа бітем,
Шаруа қуған басқа бітем.
(Қой)
Бетегелі белге бітем,
Найза ұстаған ерге бітем.
(Жылқы)
Жалмаң құлақты сорға бітем,
Ел ішіндегі зорға бітем.
(Түйе)
Балалар, осы жануарларды бір сөзбен қалай атаймыз?
Жылқы малы қандай жануарға жатады?
Жылқының өсу жасы туралы түсінік беру.
Құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, ат.
Бүгін біз жапсыру оқу іс әрекетінен тайдың бейнесін жапсырамыз.
Бірінші қара және қоңыр қағаздан тіктөртбұрыштар қиып аламыз.
Содан соң қоңыр түсті қағаздан тайдың – денесін, мойнын, басын, құлақтарын қиып аламыз.
Қара түсті қағаздан контур сызығы бойымен жалын, кекілін, құйрығын, тұяқтарын қиып алу.
Негізгі қағаз бетіне ретімен:
Денесін;
Мойнын;
Басы мен құлағын;
Жалын, кекілін, құйрығын;
Қара фломастермен тайдың көзін, мұрнын, аузын салу.
Балалар әтайды қиып, жапсыруға кіріседі.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары-төмен қарайық.
Солға-солға түзу тұр.
Оңға-оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым.
Бойымызға күш жинап,
Бір дем алайық.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Қазір біз «Құлағыммен тыңда тез тап»! дидактикалық ойын.
Ойынның мақсаты: Үй жануарларының дауысынан ажырата білуге үйрету.
Сонымен балалар біз бүгін нені жапсырдық?
Жылқы қандай жануар?
Жылқының төлі қалай аталады?
Балаларды бағалау.
|
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Өлеңнің мазмұнын түсіндіреді.
Жұмбақты шешеді.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Тәсілді балалар үйренеді.
Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.
Суреттен не артық екенін көрсетеді.
Дауыстарды ажыратады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Үй жануарларын білуі тиіс, жылқығаға сипаттама бере алуы тиіс.
Игеру: Балалар жануардың бейнесін үлгі бойынша дұрыс жапсыруды игеруі;
Меңгеру:тайдың бейнесін жапсыруды меңгерілуі;
Күні ___
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: “Сегізаяқ”
Мақсаты: балаларға алақандарын бастырып сызып, оны контур сызығы бойымен қиып алып, жапсыруды үйрету, ұқыптылыққа қол жеткізуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: сегізаяқ, теңіз.
Көрнекіліктер: сегізаяқтың суреті, үлгі сурет
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
Ал, балалар , ойнайық.
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Жұмбақ жасыру:
Айлар бойы жүзеді,
Жерді көрмей жүреді.
Ақ жал таумен алысқан,
Адамды кім біледі?
(Теңізші)
Жұмбақ шешуін тапқаннан кейін балалардан енді осындай теңізші туралы айтып берулерін айту.
-Балалар мен қазір бір теңізді мекендеушіге сипаттама беремін, сендер тауып көріңдерші.
-Теңізді мекен етеді. Аяқтары көп. Өзі ешбір жануарға ұқсамайды.?
Бүгін біз жапсыру оқу іс әрекетінен сегізаяқты жапсырамыз.
Бірінші түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып аламыз.
Содан соң тіктөртбұрыштың үстіне алақанды қойып, оны жай қарындашпен айналдыра сызамыз да, қиып аламыз.
Негізгі қағаз бетіне ретімен бөлшектерді жапсырамыз.
Сегізаяқтың көзі мен аузын қара фламастермен саламыз.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары-төмен қарайық.
Солға-солға түзу тұр.
Оңға-оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым.
Бойымызға күш жинап,
Бір дем алайық.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Д\о: «Артығын сыз»
Сонымен балалар біз бүгін нені жапсырдық?
Сегізаяқ қайда өмір сүреді екен?
Балаларды бағалау. Мадақтау.
|
Жұмбақты шешеді.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Тәсілді балалар үйренеді.
Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.
Суреттен артығын сызып көрсетеді,
Балалар сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Теңіз мекендеушілерін білуі ;
Игеру: Сегізаяқты қағаз бетіне жапсыруды игерілуі;
Меңгеру: Жұмысты ұқыпты,тиянақты орындалуын меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: “ Менің машиналарым ”
Мақсаты: Көлік түрлерін ажырата білуге үйрету, геометриялық пішіндердің көмегімен аппликацияны орындауды үйрету, тіктөртбұрыш, дөңгелек, сопақша пішіндерді дұрыс қиюларны жетілдіру.. Өз жұмыстарын жоспарлай білуге дағдыландыру.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: көліктің суреттері, үлгі сурет
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
Шаттық шеңбер:
Мысалы: Кел балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілденіп жүрелік.
Балаларға жұмбақты жасыру.
Мысалы: Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында қаны жоқ:
Май жейді,
Су ішеді.
Бұл не екен балалар?
(Машина)
Жұмбақты шешкен соң,көліктердің суреттерін көрсетіп әңгімелеу.Олардың ішінде машина көлігіне тоқталып, оның адамдар өмірінде алатын орны, қызмет көрсету ережелері туралы айтып түсіндіру.
Машина құрылысына талдау жасау
Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыш қиып алу.
Түрлі түсті қағаздан машинаның бөлшектерін контур сызығы бойымен қиып алу;
Қара түсті қағаз жолағын бірнеше қабаттап бүктеп,дөңгелектің суретін сызып,қиып алу;
Көгілдір түсті қағаз жолағын екіге бүктеп,сызық бойымен машинаның терезесін қиып алу;
Негізгі қағаз бетіне жапсыру бөлшектерін орналастырып алу.
Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым
Алдыға қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Жапсырудың барлық бөлшектерін ретімен жапсыру.
Балалар машинаның орындау үлгісіне сүйене отырып,
жапсыру жұмысын орындайды.
Тәрбиеші балаларға бағыт беріп,көмектеседі.
Дидактикалық ойын: “Көліктерді ата".
Мақсаты: Көлік түрлерін ажырата алуын дағдыландыру.
Сабақты қорытындылау.
Не жапсырғанын балалардан сұрау.
Бағалау,мадақтау.
|
Өлең жолдарын қайталайды.
Жұмбақты шешеді.
Тыңдайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Дербес жұмыс жасайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу:Көлік түрлерін бір-бірінен ажырата білуі;
Игеру: Машинаға тән ерекшеліктерді қағаз бетіне білдіре алуды игерілуі;
Меңгеру: Өз жұмыстарын аяқтап,бітіруге дағдыландыруды меңгерілуі;
Күні _____
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: “Ғарыш зымыраны”
Мақсаты: Балалардың шығармашылық ойлау қиялдарын дамыту,қағазды бірнеше бүктеп қию арқылы жетілдіру.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: ғарыш зымыраны.
Көрнекіліктер: Ғарыш пен зымыранның суреті, үлгі сурет
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
Шаттық шеңбер:
Арайлап таң атты
Алтын шуақ таратты
Армысыңдар, достарым!
Сәлем, сәлем, сәлем.
Балаларға жұмбақ жасыру.
Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз. /Зымыран/
1) Ойыншық ұшақтарды тамашалау:
Балаларға ойыншық ұшақтарды көрсетіп, құрылысымен таныстыру.
- Ғарыш зымыраны не үшін қажет?
- Аспанға ұшу үшін
- Зымыраны кім жүргізеді?
Ғарыш зымыраны туралы әңгімелеу.
Қағаздан жасалған ұшақтарды балалар ұшырып ойнайды.
- Түрлі – түсті қағаздан ұшақ жасайтындарын түсіндіреді.
Жұмыс барысы түсіндіріледі:
- Зымыраны қағаздан қиюдың бірнеше үлгілерін көрсетеді.
- Зымыраны қағаздың ортасына орналастырып жапсыру
(Балалар аяқталған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады)
«Жер, су, ауа» ойыны ойналады. «Жер» дегенде балалар «Автобус» дейді
«Су» дегенде «Кеме» дейді, «Ауа» дегенде «Ұшақ» болып ұшады.
Қорытындылау.
Көлдерді көктей өт
Тауларға жетпей өт
Бұлттарды жарып ұш
Бұлттан да әріге ұш
Тоқтаусыз төтеле
Жетейік көкеме.... (Балалар бірлесе отырып жаттайды)
Балалардың жұмыстарын бағалау.
|
Өлең шумағын айтады.
Жұмбақты шешеді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Ғарыш зымыраның не екенін білуі керек
Игеру: Жұмыстарын тиянақты орындай алуды игеруі керек;
Меңгеру: Зымыранды қағаздан бетіне жапсыруды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: “Мозаика”
Мақсаты: Балалардың қайшымен тіктөртбұрыш және жолақ қағаздарды дұрыс қия білу дағдыларын жетілдіру. Мозаика туралы алғашқы ұғымдарын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: мозаика.
Көрнекіліктер: балықтың суреті, үлгі сурет.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру.
III.Рефлексия
|
Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан балақай
Жарқырайды аспанда
Күн алақай!
Атқан таңға, шыққан күнге
Сәлем беріп,
Тілейік бақыт, баршаңызға осындай.
Қайырлы таң апайлар!
Біз- ерекше боламыз,
Біз еңбекқор боламыз!
- Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отыра қойыңдар. Балалар, біз бүгін мозаикалық жұмыстармен танысамыз. Бұл өнер өте ертеден келе жатқан өнер. Мозаикамен сәулетті ғимараттарды безендірген. Өте ертеде адамдар үйлерді неше түрлі тастармен әшекейлеген.
мозаиканы әртүрлі материалдардан – өсімдік тұқымы, пластикалық ығындар, қатырмақағаздардан жасауға болады.
- Ендеше біз бүгінгі жапсыру оқу іс - әрекетін пайдалана отырып, түрлі түсті қағаздардан алдымен жолақша, сосын ұсақ шаршылар қиып аламыз. Ал келесі сабағымызда шаршыларымыздан мозаика тәсілі арқылы балықты жапсырамыз.
Сергіту сәті.
Біздер тату баламыз,
Гүл –гүл жайнап данамыз.
Жаттығулар жасайық,
Жақсы сергіп қаламыз.
Балалар дәптердегі жұмыстың орындалу үлгісіне сүйене отырып, шаршыларды қиып алып, дайындап қояды..
Қорытындылау:
- Балалар, бізге қандай оқу іс- әрекеті болды?
- Онда біз нелермен таныстық?
- Жарайсыңдар, балалар!
Бүгінгі оқу іс- әрекетіне барлықтарың да жақсы қатыстыңдар.
Сендерге көп- көп рахмет!
балалардың жұмыстарын бағалау, мадақтау.
|
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Балалар ойын ойнады.
Сұрақтарға жауап береді.
Сергіту сәті жасайды.
Тәсілді балалар үйренеді.
Сабақты қортындылайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Мозаика туралы білуі..
Игеру: Қайшымен тіктөртбұрыш және жолақ қағаздарды дұрыс қия білуді игеруі.
Меңгеру: Көру, есту, түсіну арқылы жаңа білімді меңгеруі.
Күні _____
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: “Мозаика”
Мақсаты: Балалардың қайшымен тіктөртбұрыш және жолақ қағаздарды дұрыс қия білу дағдыларын жетілдіру. Мозаика туралы алғашқы ұғымдарын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: мозаика.
Көрнекіліктер: балықтың суреті, үлгі сурет.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру.
III.Рефлексия
|
Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан балақай
Жарқырайды аспанда
Күн алақай!
Атқан таңға, шыққан күнге
Сәлем беріп,
Тілейік бақыт, баршаңызға осындай.
Қайырлы таң апайлар!
Біз- ерекше боламыз,
Біз еңбекқор боламыз!
- Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отыра қойыңдар. Балалар, қазір біз «Кім епті?» деген ойын ойнасақ, ойнағыларың келе ме?
- Иә.
(Ойын шарты түсіндіріледі)
- Балалар, менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?
- Бұл - қармақ.
- Қармақпен не істеуге болады?
- Балық аулауға.
- Жарайсыңдар! Балалар, бұл- жәй қармақ емес, сиқырлы қармақ. Осы қармақпен балық аулап көреміз бе?
(Магнитті қармақпен балалар біртіндеп балықтарды аулайды. Аулаған балықтардың аттарын қайталап айтқызу).
- Жарайсыңдар, балалар, енді аулаған балықтарыңа назар аударайықшы, сендер балықтардың аттарын білдіңдер. Балалар, балықтар қайда тіршілік етеді?
- Ендеше бүгінгі жапсыру оқу іс - әрекетін пайдалана отырып, алдыңғы сабақта дайындап қойған шаршыларымыздан мозаика тәсілі арқылы балықты жапсырамыз.
Бір бет қағазға мозаиканың суретін салу.
Мозаиканың барлық бөлшектерін жапсырып шығу.
Сергіту сәті.
Біздер тату баламыз,
Гүл –гүл жайнап данамыз.
Жаттығулар жасайық,
Жақсы сергіп қаламыз.
Балалар дәптердегі жұмыстың орындалу үлгісіне сүйене отырып, мозайканы құрастырып, жабыстырады.
Қорытындылау:
- Балалар, бізге қандай оқу іс- әрекеті болды?
- Онда біз нелермен таныстық?
- Қандай балықтарды көрдіңдер?
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу іс- әрекетіне барлықтарың да жақсы қатыстыңдар.
Сендерге көп- көп рахмет!
|
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Балалар ойын ойнады.
Сұрақтарға жауап береді.
Тәсілді балалар үйренеді.
Балалар мозайканы құрастырып, жабыстырады.
Сабақты қортындылайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Мозаика туралы білуі..
Игеру: Қайшымен тіктөртбұрыш және жолақ қағаздарды дұрыс қия білуді игеруі.
Меңгеру: Көру, есту, түсіну арқылы жаңа білімді меңгеруі.
Күні _____
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: Көлік “ Автобус ”
Мақсаты: Көлік түрлерін ажырата білуге үйрету,автобустың төртбұрыш пішінін дұрыс жасауға үйрету. Өз жұмыстарын жоспарлай білуге дағдыландыру.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер:көліктің суреттері, үлгі сурет
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
Шаттық шеңбер:
Мысалы: Кел балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілденіп жүрелік.
Балаларға жұмбақты жасыру.
Мысалы: Көше бойы аялдайды,
Адам тасып аяңдайды. /автобус/
Жұмбақты шешкен соң,көліктердің суреттерін көрсетіп әңгімелеу.Олардың ішінде автобус көлігіне тоқталып, оның адамдар өмірінде алатын орны,қызмет көрсету ережелері туралы айтып түсіндіру.
Автобус құрылысына талдау жасау
Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыш қиып алу.
Тіктөртбұрышты қағазға автобустың суретін сызып,сызық бойымен қиып алу;
Қара түсті қағаз жолағын бірнеше қабаттап бүктеп,дөңгелектің суретін сызып,қиып алу;
Көгілдір түсті қағаз жолағын екіге бүктеп,сызық бойымен автобустың терезесін қиып алу;
Негізгі қағаз бетіне жапсыру бөлшектерін орналастырып алу.
Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым
Алдыға қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Жапсырудың барлық бөлшектерін ретімен жапсыру.
Балалар автобустың орындау үлгісіне сүйене отырып,
жапсыру жұмысын орындайды.
Тәрбиеші балаларға бағыт беріп,көмектеседі.
Дидактикалық ойын: “Көліктерді ата".
Мақсаты: Көлік түрлерін ажырата алуын дағдыландыру.
Сабақты қорытындылау.
Не жапсырғанын балалардан сұрау.
Бағалау,мадақтау.
|
Өлең жолдарын қайталайды.
Жұмбақты шешеді.
Тыңдайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Дербес жұмыс жасайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу:Көлік түрлерін бір-бірінен ажырата білуі;
Игеру: Автобусқа тән ерекшеліктерді қағаз бетіне білдіре алуды игерілуі;
Меңгеру: Өз жұмыстарын аяқтап,бітіруге дағдыландыруды меңгерілуі;
Күні _____
Достарыңызбен бөлісу: |