2017 жылғы 1-ші жарты жылдағы
құқық бұзушылық профилактикасы
жөніндегі ақпарат
Облыс аумағында құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде қабылдап отырған шаралардың арқасында жалпы қылмыс санының төмендеуінің оң үрдісін қамтамасыз етті - 29,8% (қылмыс 4422-ден 3103-ке дейін), соның ішінде аса ауыр қылмыстар саны -44,4% (27-ден 15-ке дейін) және ауыр қылмыстар -30,7% (264-тен 183-ке дейін). Қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар саны төмендеді -26,3% (579-дан 427-ге дейін), көшелерде -23,2% (220-дан 169-ға дейін), бұрын жасағандармен -24% (1324-тен 1006-ға дейін), кәмілеттік жасқа толмағандармен -27,3% (33-тен 24-ке дейін), мас қалпында -18,6% (488-ден 397-ге дейін), топпен -17,1% (211-ден 175-ке дейін), отбасылық-тұрмыстық қатынас саласында -30% (10-нан 7-ге дейін), анықталды 57 263 мың әкімшілік құқық бұзушылық (облыс бюджетіне салынған әкімшілік айыппұлдың 64% төлеттірілді (203 млн.244 мың 940 теңге салынды, 130 млн. 140 мың 678 теңге төлеттірілді).
Биылғы жылғы басым міндеттердің бірі аумақтық ІІО кезекші бөліміне біріктірілген бейнебақылау жүйесін орнату және кеңейту жөніндегі тиісті жұмысты жүргізу болып айқындалды. Бүгінгі күні облыс аумағында барлығы 269 бейнебақылау камерасы орнатылды (облыс орталығында 80 және облыс аудандарында 189), олардың барлығы шұғыл басқару орталығына шығарылған.
Анықтамалық: Петропавл қаласында – 80, Тайынша – 21, Қызылжар – 12, Айыртау – 11, Жамбыл – 15, Ғ.Мүсірепов – 8, Есіл – 9, М.Жұмабаев – 30, Шал ақын – 9, Аққайың – 28, Уәлиханов – 10, Тимирязев – 3, Ақжар – 6, Мамлют - 27.
Кәмілеттік жасқа толмағандардығ құқығын, бостандығын және заңы мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында кәмілетті жасқа толмағандар ісі жөніндегі полицияның учаскелік инспекторлары білім беру органдарымен бірлесіп, ілгеріде профилактикалық есепке (всего на учете в подразделениях ювенальной полиции бөлімшелерінде есепте барлығы 268 кәмілет жасқа толмаған және 319 қолайсыз отбасылар) қою үшін құқық бұзушылық жасауға бейімді қолайсыз отбасылар мен жасөспірімдерді анықтау жөнінде жұмыс жүргізіп жатыр.
Ү.ж. есептік кезеңінде 88 кәмілет жасқа толмаған және 58 қолайсыз отбасы есепке қойылды, 19 ата-ана құқығынан айрылған ата-аналар, 1 құқықтары шектелген, 83 бала СҚО кәмілет жасқа толмағандарды оңалту орталығына орналастырылды және 5 жасөспірім (2016 жылы 4) девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған мамандандырылған мектепке жолданды.
Жол қауіпсіздігінің мақсатты бағытталған профилактикасы арқасында жол-көлік оқиғаларының (61 ЖКО 61 ЖКО) және онда жарақаттанғандар (79-дан 79) саны өткен жылғы ұқсас кезең деңгейінде тұр, сонымен бірге онда қайтыс болғандар саны төмендеген – 44,4% (18-ден 10-ға дейін)
Облыста 2015-2017 жылдарға арналған кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі іс-қимылдың ведомтсвоаралық жоспары іске асырылып жатыр.
Жалпы білім беретін мектептерде 433 психолог және 412 әлеуметтік педаго, сондай-ақ, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, мектептің медициналық қызметкерлері мен сынып жетекшілері жұмыс істейді, олар кәмілетке толмағандар құқықтарын сақтау жөніндегі, мектеп оқушыларының репродуктивті денсаулығын қорғау және адамгершілік-жыныстық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Балалар мен жасөспірімдерге өмірдің қиын жағдайында көмек көрсетуше кешенді қарауды жүзеге асыру үшін білім беру мекемелерінде 243 әлеуметтік-психологиялық қызмет құрылды.
Облыста дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 170 832 адам айналысады (облыс халқы жалпы санының 30%). Өңірде спорттың 77 түрі қолданылады.
2017 жыл басынан 40 мың адамды қамтумен, 185 іс-шара өткізілді, оның ішінде ең бұқаралығы – «Север» қысқы спорт мерекесі, облыстық денсаулық күні, «Золотая шайба» шайбамен хоккей турнирі, шайбамен хоккейден облыс кубогі.
Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен айналысуға барынша қамту мақсатында облыста 26 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, спорт сарайы, спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернат, 7 спорт мектебі, 1 ЖСШМ, олимпиадалық резерв дайындау орталығы, 11 ДДБЖК және 23 аулалық клуб жұмыс істейді.
Дене шынықтырумен және спортпен белсене айналысу үшін өңірде 2854 спорт имараты жұмыс істейді.
2017 жылғы жазғы кезеңде облыста 838 сауықтыру лагері мен алаңдар (511 мектеп маңындағы, 15 қала сыртындағы, 312 – шатырлы, бейінді) жұмыс істейді.
Жазғы демалыстың барлық түрлерімен 60 866 мектеп оқушысын немесе 1-10 сынып оқушылары жалпы санының 93 % қамту жоспарланып отыр.
Жазғы кезеңде Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмеге бару үшін бюджет қаражаты есебінен 5-10 сыныптың 11286 оқушысын жолдау жоспарланып отыр, соның ішінде жетім балалар және аз қамтамасыз етілген отбасылары балалары санатын 1250 адам құрайды.
Жыл сайын мектеп туризмін тарату мақсатында жазғы кезеңде шатырлы лагерлер жұмыс істейді. Биылғы жылы облыста 2772 баланы қамтумен 56 шатырлы лагер ашу жоспарланып отыр.
Облыс орталығында «Планета» туристік орталығы» КҚМК жұмыс істейді, ол туризм, өлкетану, экология саласында оқу-тәрбиелеу ролін орындайтын қосымша білім беру мекемесі болып табылады.
Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |