Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің маңыздылығы



жүктеу 53,27 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі53,27 Kb.
#500

Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің маңыздылығы.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның мақсаты- экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Уақыт талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыру, тиімді оқыту әдістерін таңдау және жетілдіру арқылы ғана білім беру сапасын арттыруға болатыны белгілі. Қазіргі таңдағы білім беру сапасын арттыруда әсер ететін факторлар мыналар:

-Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету

-оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы

- бағалау нәтижелерін ескере отырып оқытуды өзгерту

-оқушылардың қызушылығын арттыру

-Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

-Оқушылардың сыни тұрғыдан өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінудің қажеттілігі.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар- апдамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан дүниесінің дамуына, көзқарасты мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту- оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алу және әр оқушыға жеке тұлға ретінде, бірлескен қызметінің саналы әрі жауапкершіл субъектісі ретінде қарай отырып оқыту. Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың басты мақсаттарының бірі- оқушылар білімнің дербес модельдерін іске асырудың бір мезгілде жүргізілуі.Бұл үшін әрбір оқушыға барлық оқу пәндерін меңгерудің өзіндік білім алу өрісін жасау мүмкіндігі беріледі. Оқушы оқытудың дара мақсаты мен мағынасына, оқытылатын пәндерді таңдауға, оқу материалынан озып кетуге және оны тереңдетуге, оқытудың қарқынын, нысандары мен әдістерін таңдауға құқылы болады.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктерінің арттыру курстарының бағдарламасы оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірлерін нанымды жеткізе білетін,ынталы,сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған оқушылардың қалыптасуына ықпал етеді.

Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтиды. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.

Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. ӨЗара байланысты бұл үрдістерінің екеуін де дамыту бағдарламада қарастырады. Оқушыларға қатыст сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайлығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің чыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжирибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды.

Сыни тұрғыдан ойлау –бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндәк шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау, көбінесе, қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойла үрдісі төмендегі мәселелерді қамтиды;



  • Ролеванттық ақпараттар жинауды;

  • Дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды

  • Кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;

  • Ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды.

Оқыту мен оқуды сыни тұрғыдан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар қарастырылмаған болжамдар мен құндылықтарды, мәселелерді мойындау және оларды шеудің тиімді құралдарын табуды, басымдықтарды бекітудің маңздылығы мен міндеттерді шешудегі артықшылығын түсінуді қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен: орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарындағы оқушылармен байланыстырады. Алайда сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезенінең дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл-балалардың жекебасының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызушылығын оятып, олардыңсыни тұоғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің әр түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті.

Сыни тұрғыдан ойлаудың дағдылары төмендегідей сипатталады:



  • Бақылау, талдау, қорытынды, иртерпретация:

  • Суреттер, фотосуреттер, естелік жазбалары сияқты дәлелдерді жинақтау және топтастыру:

  • Негізгі дерек көздерді бағалау және соларға сәйкес сұрақтар қою;

  • Негізгі дерек көздерді жағдаяттық қорытындылармен және уақытша жинақтаулар мен салыстыру және талқылау;

  • Анағұрлым кең тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды.

Сындарлы оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білмдерін тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Сындарлы оқытуда негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу кезеңінде өз түсінігін өзнертуге мүмкіндік береді. Бұл үрдіс оқушының өз болжамдарына күмәнмен сыни тұрғыдан қарай отырып сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп,кеңеййтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түріндеоқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру әс-әректтеріне ынталы болғаны абзал.

Қазіргі сабақтарда оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде топтық жұмыстардың маңызы зор. Оқушылар бірлесіп оқып үйренуде шағын топтармен, жұппен жұмыс жасағанда, ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу бағытында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларын қорытып тұжырымдайды, ортақ жобаны дәлелдеп, қорғап шығуға тырысады. Шағын топтарда бірлесіп жұмыс жасағанда мына жайттарды есте ұстау қажет: өзара сыйластық, бір біріне құрметпен қарау, кезекпен сөйлеу, тыңдау дағдысын үйрету, ұтымды жұмыс істеу.



Шағын топтарда бірлесіп жұмыс істеуге үйренген оқушылардың жұмыстары нәтижелі болады, шыңдалады. Бірлесіп жұмыс жасағанда оқушылар мынадай жетістіктерге жетеді:

  • Оқушының, ең алдымен, есте сақтау қабілеті жоғарылайды;

  • Сабақта өз бетімен бақылаусыз отырмай оқушы жұмысбасты болады;

  • Білімді өздігінен үйренуге деген қызушылығы артады;

  • Бірлесіп жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің жынысына, қабілетіне,әлеуметтік жағдайына қарамай, олар бір –біріне дұрыс көзқараспен қарап, ынтымақтасады.

Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ-қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданадыолар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық жол ашады.

«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі бойынша жүргізілетін жүйелі жұмыстар арқылы оқушылардың өз бетінше тұжырым жасауы, қорытындыға келуі, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білуі,қандай да болсын мәселені шеше білуі, пікірталасты жүргізуге білу қабілеті қалыптасады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен, оқушы оқушымен еркін сөйлеуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын бірлесе отырып ізденуге, қиндықты женуге баулиды.
жүктеу 53,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау