Алматы қаласының балаға деген мейірімділігін



жүктеу 24,3 Mb.
Pdf просмотр
бет7/21
Дата14.01.2020
өлшемі24,3 Mb.
#26571
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

45
33 диаграмма
 
Сауалнамаға қатысқан 11-17 жас аралығындағы 
балалардың пікірінше, аймағы қоршалған, күзет қойылған, жақсы 
жарықтандырылған орта таптың жаңа тұрғын үй ірі кешендері 
ең қауіпсіз орын болып анықталды. Әеуметтік тұрғын үй жаңа 
массивтері кішкентай тұрғындар пікірлері бойынша қауіпті 
аймақ болып анықталды. Көше жарықтандыруы нашар және   
көптеген қоқыстар мен құрылыс алаңдары қауіп туғызатынын 
айтты. Және де аймақ қарқынды дамып келеді, қоныстану 
процессі жақында басталып, жедел түрде жүріп жатқандықтан 
қалалық қоршаған орта қауіпсіз болып есептелмейді. Басқа 
жерлерде респонденттердің жартысынан көбі қаланы қауіпсіз 
деп санайды, бірақ сонымен бірге респонденттердің 25% -30% 
-ы жауап беруге қиналды.


46
34 диаграмма
 
11-17 жас аралығындағы балалардың ата-аналарымен 
әңгімелесу кезінде, ата-аналардың балаға қаламен 
танысу кезінде еркіндікті беруге қаншалықты дайын екенін 
анықтадық, қаланың мейірімділігі немесе мейірімсіздігі туралы 
көзқарасымен таныстық, өткені балаға қоятын шектеу ата-
ананың тәжірибесіне байланысты.   
 
Жасөспірімдердің ата-аналарынан ішінде тек 28%-ы 
балаларына өз бетімен серуендеуге   мүмкіндік береді. Одан 
басқа 32%  кейде жіберуге дайын,  ал респонденттердің 40%-
ы 11-17 жас аралығындағы балаларына өз бетімен серуендеуге 
рұқсат бермейді. Басқаша айтқанда, ата-аналардың жартысы 
қалаға немесе балаға сенімсіздікпен қарайды, өз бетімен 
жүруді қауіпті деп есептейді. Көбінесе «Жоқ» деген жауап 
жекеменшік секторда (67%) және әлеуметтік жаңа үй-жайларда 
(53%) байқалды. Қаланың солтүстік бөлігінің маңайында 
респонденттердің пікірлері шамамен екіге бөлінді.


47
35 диаграмма
 
Респонденттердің пікірлері бойынша орташа 
деңгейдегі қауіпсіз аудандарға қаланың батыс бөлігіндегі 
ықшамаудандарды және тарихи орталықты жатқызуға болады, 
бұл аймақтардағы   балалар үнемі немесе кейде өз бетімен 
серуенге шығады. Алматының орталығы үшін бұл  күтілген 
баға – қаланың бұл бөлігі жақсы жарықтандырылған, полиция 
қызметкерлері тұрақты түрде кезекшілікте жүреді, үйлердің 
бірінші қабаттарында кешкі уақытта да кәсіпкерлер қызметін 
жасайды және жаяу жүргіншілер қозғалысымен ерекшеленеді.  
Ал  кейіннен «нөмірленген» ықшам аудандар және «Ақсай» мен 
«Жетісу» бұған дейін беделі төмен болған  аудандар. Жағдайдың 
өзгеруі соңғы 15 жылдағы бала санының тұрақты өсуімен және 
осы аймақтардың әлеуметтік-демографиялық профилін бірте-
бірте өзгертуімен байланысты деп болжауға болады. Ауданда 
жас отбасылардың, балалар мен жасөспірімдердің санының 
ұлғаюы тұрғындар арасындағы қарым-қатынастардың санын 
көбейтеді, отбасыларға қызмет көрсету немесе басқа да 
инфрақұрылымдардың пайда болуына және қоршаған ортаға 
деген сенімді арттыруға  ынталандырады. 
 


48
 
 Жасөспірімдердің ата-аналарын айтуы бойынша 
қалада балалары үшін ықтимал қауіптердің бастысы – 
«Автокөліктер» (52%). Екінші маңызды қауіп – бейтаныс адам 
(37%). Респонденттердің барлығының 6% -ы ғана қаңғыбас 
жануарлардан қорқады, соның ішінде батыстағы шағын 
аудандарында респонденттердің 24%  осы қауіпті атап кетті. 
Көлік қауіптілігі жоғары деп қаланың тарихи орталығы (75%) 
және  әлеуметтік тұрғын үй массивтері (62%) анықталды. 
 
Бейтаныс адамдарға жеке сектордағы  ересек респонденттері 
наразылығын білдіреді (51%),  және бейтаныс адамдар Алматы 
қаласының солтүстігінде және батысында шағын аудандарында 
да ыңғайсыздық туғызады. (екі топта  46%).
36 диаграмма


49
37 диаграмма
 
Сондай-ақ, біз 11-17 жас аралығындағы балалардың 
ата-аналарынан баласын неше жастан өз бетімен серуендеуге 
жібере бастағанын немесе жіберуге дайын екендігін сұрадық. 
Ата-аналардың көбі (32%) 12-13 жастағы баланы жіберуге дайын 
екенін айтты. Әрбір төртінші   ата-ана баласының өз бетімен 
жүруді 14-15 жасында бастағанын жөн көріп отыр. Бірақ, әрбір 
бесінші респондент өздерінің балаларына 12 жасқа толғанға 
дейін  рұқсат бергенін айтады. Респонденттердің 14% -ы өз 
балаларын өз бетімен жіберуге мүлдем дайын емес екенін 
айтты.


50
38 диаграмма
 
Аудандар бойынша саралау жүргізсек, өз бетімен 
жүре алатын балалар қаланың батыс бөлігінде және тарихи 
орталығында тұрады. Өйткені, олардың ата-анасы, ең алдымен 
(жасы бойынша), балаға, қалаға және қоршаған ортаға сенім 
артып, баланы өз бетімен серуенге шығарады. Жеке секторда 
тұратын респонденттер басқаларға қарағанда, 11-17 жас 
аралығындағы балаларға (26%) ондай мүмкіндік беруге дайын 
емес. 


51
39 диаграмма
 
11-17 жас аралығындағы балалардың ата-аналарынан 
бала өз бетімен серуендеуге дайын екенін қалай түсінгенін 
сұрадық. Бірақ, балаларын неше жастан жіберетіні туралы 
жауаптырын талдамай-ақ, бұл ата-аналар неге сондай шешімге 
келгені түсінікті болды 
 
«Осы жастағы бала өз бетімен жүре алады» деген 
жауапты таңдаған  ата-аналардың көпшілігі  орта таптың жаңа 
ірі тұрғын үй кешендерінде өмір сүреді, яғни осы жерде балаға 
және қоршаған ортаға сенім балансы өте жоғары  ( ескеретін 
жайт, бұл жерде ата-аналар өз бетімен серуендеу дегенді - 
тұрғын үй кешенінің қоршалған аула ішінде серуен деп білдіруі 
мүмкін). Респонденттердің жартысы 13 жасқа дейінгі балаларын 
өз бетімен серуендеуге жіберетінін айтса да, респонденттердің 
төрттен бірі 11-17 жас аралығындағы балаларды өз бетімен 
жіберуге мүлдем дайын емес.   


жүктеу 24,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау