87
2 - сурет.
Зерттеу аудандары бойынша
жауап берушілердің жасы
1 - сурет. Зерттеу аудандары бойынша
жауап берушілердің жынысы
89
2.
АУДАНДАР БОЙЫНША ЭКСПРЕСС —
САУАЛНАМАНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Экспресс – сауалнаманың барысында алынған
деректерді біз шартты түрде екі санатқа бөлдік: бірінші бөлімі
бізге
балалар арасындағы, және жанама түрде олардың ата-
аналарынаң арасындағы қауіпсіздік деңгейін субъективті
қабылдау туралы ақпарат береді; екінші бөлімі жауап
берушілердің қалада пайдаланатын жерлері және оларды олар
қалай пайдаланатыны туралы ақпарат береді.
2.1. Қауіпсіздікті қабылдау
Қалалық ортаның балалар мен жасөспірімдер үшін
қаншалықты қауіпсіз екендігін қабылдау жауап берушілердің
жасайтын серуендерінің жиілігі мен сипаты туралы бірқатар
сұрақтармен өлшенді.
Орта топтың жаңа тұрғын үй
кешендеріндегі тұрғындар
тек демалыс күндері ғана қыдырады (90%). Алматының
батысындағы «жатын» аудандарында «Айына бірнеше рет»
деген жауаптар айтылды (20%). Тұтас алғанда, барлық
локациялардағы сұраққа алынған балалардың 40% - дан 60%
- ға дейін, тек демалыс күндері ғана қыдыруға шығатындарын
айтты. Жеке меншік секторда да «Демалыс күндері» деген жауап
көрсеткіші жоғары болды (60%), бірақ сонымен бірге әр үшінші
жауап беруші күнде немесе күн ара қыдырады. Күнделікті
серуендеуді бәрінен бұрын әлеуметтік инфрақұрылым жағынан
аз дамыған аудандарда – солтүстік
шағын аудандарда және
әлеуметтік тұрғын үйдің жаңа ғимараттарында тұратын балалар
жасайды. Қала орталығында жауап берушілердің жартысы
күнде немесе күн ара қыдырады.
4 - сурет. Жауап берушілердің серуендеу
жиілігі
90
Алынған деректерді балалардың жалпы бос уақыт
көлемімен сәйкестендірудің мәні бар. Білім және ғылым
министрлігінің деректері бойынша, Алматының оқушыларын
қосымша біліммен қамту (мектептік
және мектептен тыс
үйірмелер/секциялар) 2017 жылы 81% - ды құрады, бұл демалыс
күндері серуендеудің жоғары көрсеткіштерінің басымдылығын
түсіндіреді.
Балалардың айына небәрі бірнеше рет қана қыдыратынын
көрсететін сандар, көп мазасыздық туғызады, себебі олар тек
балалардың бос уақытының тапшылығымен ғана түсіндірілмейді,
сондай-ақ олардың қауіпсіздікті қабылдайтындарымен,
қалалық
ортаның жайлылығымен және тартымдылығымен де түсіндіріледі.
Жеке меншік сектор («Қарасу» шағын ауданындағы жауап
берушілердің 10% - ы айына бірнеше рет қыдырады) үйлерді бір-
бірінен саңылаусыз (саңыраулық) қоршаумен оқшауланғаны,
көшелердің жеткіліксіз жарықтануы(жарықтын жеткіліксіздігі),
жаяужолдардың жоқтығы және т.б. ажыратады. «Тастақ» батыс
шағын ауданында кеңістік екі кең жолмен қоршалған кішкентай
ауласымен сипатталады, машина ағыны тығыз, ал жақын
орналасқан базар мен мешіт ауданда бөтен адамдар мен
машиналардың тұрақты айналмасын тудырады.
Балаларға қай уақытқа дейін қыдыруға рұқсат етіледі
деген
сұрақтың жауаптары, балалардың ата-аналарының өз
аудандарын қаншалықты қауіпсіз көретіндіктерін көрсетеді
4
.
Қаланың көп бөліктерінде балаларға сағат 18 – дейін қыдыруға
рұқсат беріледі, бұл тұтас алғанда қала бойынша ата-аналар
тарапынан ортаға деген сенімнің едәуір төмен екендігін айтады.
Тарихи орталықтағы және жаңа әлеуметтік тұрғын үйлердегі
жауап берушілердің шамамен үштен бір бөлігі олардан екі
сағатқа ұзақ жүреді. Бұл жерде әлеуметтік тұрғын үй шағын
ауданында он жауап берушінің төртеуі бір-біріне ағайынды
немесе әпкелі-сіңілі болып
келетіндігін айта кету керек,
жауаптарында ата-аналары оларды кішілерін үлкендерімен
бірге серуендеуге жіберетіндігі айтылған.
4 ҚР “Баланың құқықтары туралы” Заңының 35-бабына сәйкес, баланы әлеуметтік ортаның теріс ықпалдарынан қорғау мақсатында, баланың сағат 23-тен 6-ға дейін
тұрғын үйден тыс үлкендерсіз болуына тыйым салынған. Қалған уақытта ата-анасы өз баласына серуендеу уақытын өзі белгілейді.
5 - сурет. Серуендеуді уақыт бойынша
шектеу
91
Серуендеудің уақыты мен жиілігі туралы сұрақтарға жауап нәтижелеріне далалық зерттеулердің қысқы
мерзімде (ақпанда) жүргізілгендігі әсер етуі мүмкін. Жауап берушілерден жалпы мәнмәтінде жауап берулері
сұралған жоқ, олар оларды ағымдағы сәтпен сәйкестендіруі мүмкін.
Бұл жағдайда сөз серуендеудің қосымша шектеуі ретінде ауаның төмен температурасы туралы ғана
емес, сонымен бірге алты локацияның төртеуінде («Гаухартас» ТК-гі ауласы және қаланың солтүстік бөлігіндегі
саябақ ерекше болды) тәуліктің Алматыда сағат 18.00 және 19.00 аралығында түсетін қараңғы кезінде жарықтың
нашарлығы туралы да қозғалып тұр.
Зерттелетін локациялардағы серуендеу ұзақтығы
аудандар
бойынша ажыратылады, бірақ жауап берушілер
серуендеудің орташа ұзақтығын 2-3 сағат шегінде бәрінен жиі
(50-ден 80% - ға дейін) атаған, оны айтарлықтай қонымды және
қабылдарлық көрсеткіш (тамақ ішетін уақыттар арасындағы
серуендеу) деп есептеуге болады. «Күні бойы» деген жауаптар
қала орталығында (10%), Алматының солтүстік шағын ауданында
(10%) және жеке меншік секторда (30%) кездеседі. Сағаттық
серуендерді шамамен барлық жауап берушілердің үштен бірі
жасайды, ал «бір сағаттан аз»
деген жауапты қаланың батыс
бөлігіндегі типтік құрылыспен салынған шағын ауданнан 1 бала
берді.
6 - сурет. Серуендердің ұзақтығы