Инфрақұрылым,
қызметтер,
қатысу
Айгуль Беймишева, Ph.D.
(NARXOZ университеті, Алматы)
9
КІРІСПЕ
Аналитикалық есептің бұл бөлігінде кешенді
социологиялық зерттеудің сандық кезеңінің нәтижелері
көрсетілген
Зерттеу балалар мен жасөспірімдердің толыққанды
дамуы, көрсетілген қызметтерді қанағаттандыру, ата-аналар
тұрғысынан жайлылық пен қауіпсіздіктің
деңгейін анықтау және
Алматы қаласының әртүрлі аудандарындағы балалар мен
жасөспірімдердің әл-ауқатын анықтауға бағытталған.
Сауалнама Алматының іріктеліп алынған бірнеше
жерлерінде жүргізілді, яғни ахуал жан-жақты, қалалық ортаның
әр түрінде зерттелді. Сауалнама 300 адамнан тұратын үш
топтан алынды, яғни 900 респондент қатысты. 0 мен 10 жас
аралығындағы балалардың ата-анасы, жасөспірмдердің ата-
анасы (11 мен 17 жас аралығында) және жасөспірімдердің өздері.
(зерттеудің толық паспорты 1 Қосымшада берілген).
10
1. ҚАЛАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
1.1. Пандустар
Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары үшін
қалалық ортаның қолайлығын қамтамасыз етудің өзекті
мәселесінің бірі –
оның қол жетімділігі, соның ішінде кіреберістегі
пандустардың бар-жоғы. Сауалманаға сәйкес, респонденттер
тұратын үйлердің 24% ғана пандустармен жабдықталған.
Ыңғайлы және бейімді болып саналатын жиналмалы пандустар
еш жерде табылмады.
Қалалық кеңістіктің түрлері бойынша жасалған талдау
көрсеткендей, пандустары бар тұрғын үй ғимараттарының басым
бөлігі әлеуметтік тұрғын үй кешенді құрылыс аудаундарында
(34,7%), орта таптың жаңа тұрғын үй кешендері (48,9%) және
қаланың тарихи орталығынада (31,2%) орналасқан. Қаланың
солтүстік бөлігіндегі пандустар жоқ үйлерде тұратын арбалары
бар ата-аналар бұл мәселені өз күштерімен шешетіні алаңдатады.
Алматының батыс ауданында «жайлы» массивтерде тұратын
респонденттің 1/3 бөлігі көршілердің көмегіне жүгіне алады.
Пандус бар
Жайылма пандус бар
Көршілер
көмектеседі
Өз
бетімен
Қаланың тарихи орталығы
31,2%
2,1%
10,4%
56,2%
Қаланың батыс бөлігіндегі
типтік құрылыс шағын ауданы
8,0%
2,0%
30,0%
60,0%
Қаланың солтүстік бөлігіндегі
шағын аудан
6,1%
,0%
6,1%
87,8%
Әлеуметтік тұрғын үй кешенді
құрылыстың жаңа ауданы
34,7%
,0%
8,2%
57,1%
Орта таптың жаңа тұрғын үй ірі
кешендері
48,9%
,0%
6,4%
44,7%
Жеке меншік секторы
12,5%
2,1%
,0%
85,4%
1 кесте
11
1.2. Аула
Кіреберіс алдындағы аула қала баласы үшін бірінші
қоғамдық орта болып табылады. 1990-шы жылдары аула
инфрақұрылымы Алматы қаласының барлық аудандарында
қаңырап, 2000-шы жылдары көліктің көбейюі аула жағдайын
күрт нашарлатты, яғни ауланың
тұрақты пайдаланушылары -
балалар, жасөспірімдер, қарт адамдарға тиесілі кеңістік едәуір
қысқарды.
Қалалық билік органдары (Қалалық өкімет билігі) жыл сайын
аулаларды қайта жаңарту мен абаттандыру жоспарлы
жұмыстарын жүргізеді. Сауалнаманың сұрақтары арқылы
респонденттер аулалардың тазалығын, балалар мен
жасөспірімдерге арналған ауланың жайлылығы, сондай-ақ
аула алаңын пайдалануын бағалады.
Жасөспірімдердің 72%-ы және 0-10 жас аралығындағы
балалардың ата-аналары (65%) өз аулалардың тазалығына оң
бағасын берді. Алайда, әрбір топтағы респонденттердің үштен
бірі бұл бағамен келіспеді.
0-ден 10 жас аралығындағы балалардың ата-аналарының
арасында орта таптың жаңа тұрғын үй кешендерінің тұрғындары
(79%) өз
аулаларын таза деп есептейді, ал жаңа әлеуметтік үй-
жайлардың тұрғындары (48%) өз аулаларын ең ластанған деп
санайды.
1 диаграмма
12
11-17 жас аралығындағы респонденттерден де өз
аулаларының тазалығына баға беру сұралды. Жауаптар
көбіне 0-10 жас аралығындағы балалардың ата-аналарының
жауаптарымен сәйкес келді. Орта санаттағы (88%) жаңа тұрғын
үй кешендеріндегі аула тазалығына оң баға көбірек берілді.
Жаңа әлеуметтік тұрғын үй массивтеріндегі балалар мен
жасөспірімдердің пікірі ересек респонденттердікіндей бірдей
бөлінді.
2 диаграмма
Сондай ақ, аула кеңістігінің белсенді пайдаланушылары
- 11-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер туралы
мәселе зерттелді.
Жалпы алғанда, осы жастағы балалардың
ата-аналарының басым бөлігі (78%) балалардың аулада
уақыт өткізетінін айтса, 1/5 бөлігі (22%) балалары аулаға
шықпайтынын айтты. Болжам ретінде мына жағдайды негізге
алуға болады: бұл топтың балалары сабақ оқу, факультативтік
курс, спортсекциялармен айналысқасын, уақыттары аз болуы
мүмкін. Бірақ, бұл аула алаңдары жасөспірімдердің жас
ерекшеліктеріне сай еместігінің көрсеткіші де болуы мүмкін.
Сауалнамаға қатысқан жеке сектордың тұрғындары,
яғни, 11-17 жас аралығындағы
балалардың ата-анасы
балаларының аулаға шықпайтынын айтты (37%). Бұл пікір
ауданда тұратын осы жастағы балалардың пікірімен тығыз
байланысты («Серуендеу» тарауын қараңыз). Жеке секторда
тұратын 11-17 жас аралығындағы балалардың қалауының
талдауы бойынша, олар (ұсынылған тізімнен) аулаға аз уақытты
жұмсағысы келеді, себебі қалалық ортаның осы типтегі аула
жалпы кеңістік емес, үйге іргелес ғана аумақ.
Ата-аналардың айтуы бойынша, аулада уақыт өткізетін
көбіне батыс бөліктеріндегі типтік ғимараттардың «Жетісу»,
«Ақсай» және «1-12» (88%) шағын аудандарындағы балалар
мен жасөспірімдер.
Айта кету керек, бұл жерде тұратын
жасөспірімдер өздері серуендейтін сүйікті орындарына сауда-
ойын-сауық орталықтарын жатқызды («Серуендеу» тарауын
қараңыз), бірақ маңайдағы сауда орталықтардың қашықтығына
байланысты, олар аулаларында серуендейді.