Алматы қаласының балаға деген мейірімділігін



жүктеу 24,3 Mb.
Pdf просмотр
бет3/21
Дата14.01.2020
өлшемі24,3 Mb.
#26571
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

13



15
1.3. Балаларға арналған алаң 
 
Қалалық ландшфтағы ойын алаңы баланың 
шығармашылық және коммуникативтік дағдыларын 
дамытуға көмектесе алады. Әлеуметтік психологтар мұндай 
алаңдарда  балалардың іс-әрекетінің барлық түрлері ойын 
ортасының объектілерінің мағыналары мен функцияларының 
«заттандыруына» байланысты және бұл жерде басқа балалармен 
және ересектермен қарым-қатынасқа түсетін балалардың 
шығармашылық, қияли және трансформациялық белсенділігін 
білдіреді
1
.  Ғалымдардың айтуы бойынша, балаларға арналған 
алаңдар ХХ ғасырдың басында қалалану мен баланың ойынды 
қажетсіну  арасындағы ымыра ретінде пайда болды. 
 
0-10 жас аралығындағы балалардың ата-аналарынан 
аулада немесе тұрғылықты жеріне жақын жерде орналасқан 
балалардың ойын алаңдарына баға беру сұралды. 
 
 
Респонденттердің 82%-ы үйінің жанында ойын алаңдары бар 
екенін айтты.
4 диаграмма
1
И. Корепанова-Котляр, М. Соколова, “Детская площадка как феномен детской субкультуры”, // Вопросы образования. - 2017. - № 2. - С. 153-166.
Балалар алаңдарының ең аз саны (55%) жеке секторда 
анықталды. Екінші орында, алаң саны бірталай көбірек (16%) 
аудандар -  қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. Басқа 
жерлерде респонденттердің айтуынша, балалар ойын алаңдар 
саны 90% -дан асады.   
Респонденттердің көпшілігі (58%) бұл алаңдар мектепке дейінгі 
балаларға арналып жасалғанын атап кетті, тағы 37% бастауыш 
мектеп жасындағы балаларды да тартуға болатындығын айтты.  
Респонденттердің   5% -ы ғана бұл алаңдар 10 жастан асқан 
баланы қызықтарады деген ойда.  


16
 
Алматы қаласының билік органдары (өкімет билігі) жыл 
сайын қала  аулаларында жүздеген ойын алаңдарын жаңартады, 
стандартты ойын модульдерін орнатады. Дегенмен, кәмелетке 
толмаған балалардың ата-аналары, ойын алаңдардың 
жағдайын орташа деп бағалайды. Жартысына жуығы (47,9%) 
оларға 10 баллдық шкала бойынша 4-тен 7-ге дейін баға берді 
(«0» - өте жаман, «10» - өте жақсы). Респонденттердің 1/4 бөлігі 
(19,4%) төменгі деңгейде, ал шамамен 22,7%-ы – жоғарғы 
аралықта баға берді.
5 диаграмма


17
6 диаграмма
 
Аудандар бойынша балалар ойын алаңдарын бағалау 
Ликерт шкаласы бойынша 1-ден 10 ұпайға дейін жүргізілді, онда 
1 - «өте нашар», ал 10 - «өте жақсы».
  
Аудандар бойынша атап айтқанда,  тарихи орталығының 
тұрғындары балалар алаңдарының жай-күйіне ең жоғары баға 
беріп отыр - бұл жердегі тұрғындардың ең көп саны (33%) өз 
алаңдарына «10 балл» деген баға берді.
 
Минималды «1 балл» деген баға солтүстік 
шағынаудандарында  жиі кездеседі (13%). Жалпы алғанда, қала 
алаңдарының жағдайы орташа есеппен  «5»  балл деген баға 
алды.
Респонденттердің(0-10 жастағы балалардың ата-аналары) 
ойын алаңының жай-күйін  бағалауы, 10 баллдық шкала 
бойынша.


18
7 диаграмма 
 
Жоғарыда көрсетілген деректерге сүйенсек, қала 
 
балаларға арналған ойын алаңдарымен қамтамасыз етілген,  
олар орта есеппен қанағаттанарлық жағдайда жұмыс жасап 
жатыр. Келесі зерттеу сұрағы: бұл алаңдар баланы қаншалықты 
қызықтырады? 0-10 жастағы балалар ата-аналарының 
айтуынша, ойын алаңдарында көбіне (аптасына 3 рет) Алматы 
қаласының тарихи орталығының тұрғындары (66%) жүреді. 
Әлеуметтік тұрғын үйлер массивтерінде тұратын (43%), солтүстік 
(40%) және батыс (31%) ықшам аудандарда тұратын тұрғындар 
алаңдарға аптасына 3 реттен кем шығады,  ал жеке сектордағы  
респонденттердің жартысына жуығы  (48%)  балаларының ойын 
алаңдарына шықпайтынын айтты.   
 
Сондықтан, ауданда ойын алаңдардың болуы мен 
балалардың ойын алаңдарына бару  жиілігінің арасындағы 
байланысты байқауға болады, сондай-ақ олардың жағдайының 
бағалауына да байланысты – ойын алаңдардың саны көп болса 
және жағдайы жақсы болса, кішкентай жастағы балалар сол 
алаңдарға жиі барады.


19
8 диаграмма
1.4. Спорт алаңы
 
Спорт баланың шыдамдылығын күшейту үшін, 
иммунитетті нығайту үшін, және артық салмақтың алдын алу үшін 
қажет. Жасөспірімдерге арналған спорт түрлерінің әлеуметтену 
және өзін-өзі басқару функциясы бар – ортақ қызығушылық 
жаңа достарды, жаңа қызығушылық табуға көмектеседі.     
 
Қаладағы көпшілікке қолжетімді қоғамдық спорт 
алаңдары балалар кеңістігі болып саналмайды, бірақ кейбір 
балалар үшін тартымды орынға айналатыны мәлім. Мысалы, 
11-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 1/3 бөлігі (29%) 
аптасына үш рет ауладағы тегін спорт алаңдарында  жаттығу 
жасайтындарын айтты. Алайда олардың жартысынан көбі (51%) 
сирек пайдаланады. 0-10 жастағы балалардың ата-анасының 
40% -ы баласының спорт алаңдарына мүлдем бармайтынын 
айтты.  


20
9 диаграмма
 
Кішкентай балалардың спорт алаңдарына бармауы 
сол алаңдардың техникалық сипаттмасына байланысты болуы 
мүмкін. Әдеттегідей, Алматыда спорт алаңының екі стандарт түрі 
бар: доп ойнайтын жабық алаңдары және металдан жасалған 
спорттық тренажерлар (стрит-воркаут). Екі түрі де жас балалар 
үшін қауіпті – әдетте алаңда жасөспірімдер ойнайды, ал 
тренажерлар балаларға арналмаған. Сонымен қатар, байқау 
барысында  тұрғын үйдің    әр ауласында  ойын алаңдары 
құрылған болса да, спорт алаңдары бола бермейтіні анықталды.   
 
Біз 0-10 жастағы балалардың ата-аналары мен 11-
17 жас аралығындағы жасөспірімдерден өздерінің спорт 
алаңдарын сипаттауды сұрадық. Ересектер мен балалардың 
айтуы бойынша арнайы алаңдық тренажерлармен қамтылған 
алаңдар орта таптың жаңа тұрғын үй кешендерінде және 
қаланың тарихи орталығында жиі кездеседі. Алайда, басқа ашық 
спорттық инфрақұрылым объектілеріне қатысты жауаптарда 
айырмашылықтар болды - мысалы, солтүстік маңындағы 
жасөспірімдер сол аймақтағы кішкентай балалардың ата-
аналарына қарағанда, ойын алаңдарын жақсы біледі. Демек, 
қандай болса да кеңістіктікті пайдаланушы, сол  кеңістік туралы 
жақсы біледі, ал оларға қызығушылығы жоқ адам, алаңдар 
туралы ештеңе білмейді.
 
Осы екі топтың респондеттері  «Сіздің үйіңіздің 
жанында спорт алаңы бар ма?» деген сұраққа да ұқсас жауап 
берді. Кейбір индикаторлар бір-біріне жақындады. Мысалға,   
жасөспірімдердің 34% -ы және облыстағы ересектердің 48% 
-ы спорт алаңдарының саны қаланың жеке секторында өте аз 
екенін айтты.  Әлеуметтік тұрғын үйдің жаңа ықшам ауданында 


жүктеу 24,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау