30
Сұхбатқа қатысқан сарапшылар қалада, әсіресе қаланың орталықтан тыс жерлерінде, жасөспірімдердің
бос уақытын өткізетін орындардың жоқтығын растады. «Жасөспірімдер серуендейтін жер жоқ. Тіпті
мектепте баскетбол сақинасы жоқ. Менің 12 жасар балам баскетбол ойнау үшін, қала орталығында тұратын
досына баруға мәжбүр немесе велосипедпен MEGA сауда-ойын-сауық орталығына барады», - дейді №2
ықшамауданындағы балалар клубының жетекшісі Агата Ниязова.
«Егер балалар алаңы балаларға арналған гетто болса, онда ССО жасөспірімдерге арналған
геттолар. Сен өзгерте алмайтын белгілі бір сценариймен құрылған жасанды үлгідегі орта, қатаң
бекітілген ережелерге сәйкес әрекет ететін мектептен айтарлықтай ерекшеленбейді», - дейді «Это двор»
қозғалысының жетекшісі Алеся Нугаева.
«Алматы қаласының даму орталығы» АҚ айтуы бойынша, жасөспірімдердің іс-әрекеттіріне бақылау жүргізу
қалалық ортаны жаңғырту бойынша іс-шараларды жоспарлауға көмектеседі.
«Урбанистика орталығы» Алматыдағы полисонтрлық тұжырымдаманы жоспарлау кезінде, қала
азаматтарының қала кеңістігін пайдалануын бақылайды. Мысалы, ССО саны аз қаланың батыс
және солтүстік бөлігінде тұратын жасөспірімдер паркур, скейтпарк сияқты өз қажеттіліктеріне бос
орындарды өздері тауып, игереді» - дейді Алматы қалалық орталығының басшысы Наталья Ливинская.
31
21 диаграмма
Осыған байланысты, ССО жоқ қаланың орталықтан тыс
аудандарында бірлесіп және өз бетімен серуендеуге болатын
орындарын анықтау туралы шешім қабылдадық. Талдау үшін
қаланың солтүстік бөлігіндегі әлеуметтік тұрғын үйдің, жеке
меншік сектордың және шағын аудандардың жаңа массивтері
алынды. Бірінші жағдайда ондай орын болып аула анықталды
54%, (11-17 жас аралығындағы балалардың ата-аналары).
Солтүстік шағын аудандардың тұрғындары саябақтар мен
қоғамдық бақшаларды (44%), ал 24% аулада серуендеуді жақсы
көреді. Жеке секторда респонденттер «аулада», «саябақта» және
«ССО» -да нұсқалар арасында тең бөлінді. Бөлінген жерлерде
үлкен сауда және ойын-сауық орталықтарының жоқтығына
қарамастан, бұл нысандар демалыс үшін ең тартымды болып
табылады.
32
Осы сұрақ 11-17 жас аралығындағы балалар мен
жасөспірімдерге де қойылды. Бұлар да, ересектердің
жауабына сәйкес жауап айтты, яғни сауда және ойын-сауық
орталықтарының жоқтығына қарамастан, осы нысандарда
уақыттарын өткізу үшін қала орталығына баруға дайын. Бір
қызығы, жеке сектордағы жасөспірімдер сауда-ойын-сауық
орталығынан кейін демалыс үшін ең қолайлы орын ретінде спорт
секцияларына баруды таңдап отыр (13%). «Кинотеатр» және
«Спорт секциялары» нұсқалар солтүстік шағын аудандардағы
жасөспірімдер үшін бірдей тартымды (23%).
22 диаграмма
33
23 диаграмма
Сауда орталықтарының тартымды болатынын
себептерінің қатарына мыналар жатады: жаппай жаһандану
мәдениетіне қосылу сезімі, сауда орталықтарының
салыстырмалы түрде алғанда қауіпсіз ортасы, әртүрлі ойын-
сауықтарға қолжетімділігі және қоғамдық кеңістіктің орнына сол
жердің сауда және қызмет көрсетуден бос кеңістігін танысу және
қарым-қатынас құру үшін пайдалану.
Бұл, өз кезегінде, аудандағы немесе шағын аудан
деңгейіндегі жасөспірімдерге арналған экологиялық кеңістіктегі
тапшылықты көрсетеді. Жасөспірімдерде оларға арналған,
олар үшін бейімделген жерлер жоқ. Оларды ойын алаңдарында
қабылдамайды, ал «ересек» орындарына (кофейня, кафе және
т.б.) бару үшін ақша керек.
1.4 тарауда талқыланған спорт алаңдары барлық
жасөспірімдерге бірдей тартымды болып табылмайды және
физикалық жаттығуға қызығушылық танытпайтын балаларға
тартымды емес функциялардың шектеулі жиынтығын ұсынады.
34
35
24 диаграмма
Диаграмада көрсетілгендей, жасөспірімдер ата-
аналарының пікірінше, қаланың солтүстік бөлігіндегі шағын
аудандар (50%), жаңа әлеуметтік тұрғын үй массивтері
(62%), жеке меншік сектор (52%) балалар үшін ең қолайсыз
аудадандарға жатады.
11-17 жас аралығындағы жасөспірімдермен сұхбат
жүргізгенде, респонденттерге «Сіз қайда серуендейсіз?» деген
сұрақ қойылды. Сұрақ нақты қойылғанымен кейбір балалар
таза ауада серуендеуді емес, өздерінің қандай да бір мақсатпен
баратын (компьютерлік клубтарға, спорт секцияларына)
орындарын атады. Яғни, Алматыдағы заманауи балалар
жай серуендеуге бармайды, олар секциялар мен ойын-сауық
нысандардан басқа жерге бармайды, қаланы зерттемейді деген
шартты түрде қорытынды шығаруға болады. Екінші жағынан,
бұл секциялар мен компьютерлік клубтар балалар ортақ іспен
айналасып, бір-бірімен қарым-қатынас жасай алатын орынның
функциясын орындайды.
36
25 диаграмма
1.7. Жайлы қала
Жайлылық — қоршаған ортаның сыртқы және ішкі
қолайлы жағдайлардың үйлесуі, біздің өмірімізді тыныш және
жағымды етеді.
0-ден 10 жас аралығындағы балалардың ата-аналарына
Алматы қаласының бала үшін қолайлығын бағалау ұсынылды.
Тұтастай алғанда, қалалық кеңістіктің барлық түрлері бойынша
оң баға алынды. Алайда, әлеуметтік тұрғын үй кешенді құрылыс
аудандарында респонденттердің 72% -ы қаланың жайлылығы
деңгейіне төмен баға берді.
Мұндай жауаптар осы аудандардағы қызмет сапасына,
спорттық / балалар ойын алаңдарының жағдайы мен жай-
күйіне, сондай-ақ жаңа шағын аудандардың объективті
сипаттамаларына байланысты, оның ішінде орталық пен
қаланың басқа бөліктеріне көлік қатынасын жеткіліксіздігіне
қойған бағаларымен сәйкес келеді.
Жайлылықтың «антирейтинг» үштігін Алматы қаласының
солтүстік және батысындағы шағын аудандарды құрайды. Тарихи
орталығының, орта таптың жаңа тұрғын үй кешендерінің және
жеке сектордың тұрғындарының бағалауы шамамен сәйкес
келді. Жеке меншік секторы әлеуметтік инфрақұрылымның
дамымағандығынан және қалалық қоршаған ортаның
монофункционалдығынан зардап шегетін болғанымен, олар
экологиялық тұрғыдан ұтымды жағдайда тұр, сондықтан бұл
жердегі респонденттер жоғары баға берді.
Достарыңызбен бөлісу: |