58
Балалары мектепке дейінгі мекемелерге баратын
респонденттерді балабақшада ұсынатын қызметтердің сапасын
бағалауды сұрадық. Жалпы, респонденттердің жартысынан көбі
(61%) ұсынылған қызметтердің сапасына қанағаттанған.
Мектепке дейінгі білім берудегі жаңа бағыттар
Өкілдері сұхбатқа қатысқан, барлық мектепке дейінгі мекемелер белгілі бір оқу әдістемеге сүйенеді.
Сарапшылардың айтуынша, қазіргі замандағы білім беру жүйесі біртіндеп жаңа құндылықтарды
игеруде.
« 10 жыл бұрын IQ индикаторлар басты назарда болып, балаға мүмкіндігінше академиялық
білімді көбірек беруге тырысты. Қазіргі таңда біз шағымдарды жеңу қабілетіне, коммуникативтік
дағдыларды дамытуға көп көңіл бөлеміз, яғни EQ немесе эмоционалды ақылды дамытуға
тырысамыз», — дейді Алматыдағы «жайлы» аймағындағы жеке балалар клубының негізін қалаушы
Агата Ниязова.
Аудандар бойынша жаңа үлкен тұрғын үй кешендері
(85%), батыстағы ықшам аудандар (71%) және қаланың
солтүстігінде (66%) тұратын балалардың ата-аналары
балабақшаларда ұсынылатын білім беру қызметтеріне өте
риза. Бұл қызметтерге ең үлкен қанағаттанбауды әлеуметтік
тұрғын үйдің жаңа ықшам аудандарының респонденттері
(35%) көрсетті. Жекеменшік секторда тұратын сәбилердің
ата-аналарының жартысына жуығы балабақшалар көрсететін
қызметтердің сапасын бағалай алмағаны алаңдаушылық
туғызады.
Жалпы қала бойынша, бұл санаттағы респонденттердің
24%-ы «Мен білмеймін» нұсқасын таңдады. Мұндай жауапты
келесі гипотезалармен түсіндіруге болады:
- Балалардың ата-аналары жұмыс орындарында бас көтермей
жұмыс істейді, олар балабақшаның көрсететін қызметтерінің
сапасына объективті баға бере алмайды;
- Ата-аналар бұл мәселені тереңірек зерттеуге қызығушылық
танытпайды, себебі олардың көпшілігі үшін балабақша баланың
күндіз уақыт өткізетін ғана орны болып табылады.
59
46 диаграмма
2.3. Қосымша сабақ және бос уақыт
Білім қоғамды дамытудың маңызды факторларының бірі,
қосымша білім мен дағдылар - жеке өсу мен адамның одан әрі
қарай жетістікке жетіп, дамудың бәсекелестік артықшылығы деп
атауға болады. Зерттеу нәтижелері бойынша ата-аналар осыны
түсініп, баланың мектептен тыс орныдарда алатын біліміне,
баланың дамуына инвестиция салуға дайын екендігіне сенуге
негіз бар. Балалар мен ата-аналарды таңдаудына үйірмелер
мен секциялардың орналасу жері әсер етеді.
11-17 жас аралығындағы балаларды ата-аналары (74%)
балаға қосымша білім беру мекемелерінде оқытады – дамыту
орталықтарында, шығармашылық орталықтарда, спорттық
секцияларда және т.б.. Соның ішінде, қосымша білім беру
мекемелерінің 59%-ы респонденттердің үйлеріне жақын жерде
орналасқан, ал үштен бір бөлігі көрші ауданға барып оқиды.
Осы қызметтер жаяу бара алатын жақын жерде орналасқан
аудандар: солтүстік аудан (87%), жеке сектор (70%) және
қаланың батыс бөлігі (54%).
Қалған респонденттердің пікірлері жалпы алғанда бір-
біріне ұқсас, «Үйден жаяу барып келетін жерде» және «Көрші
ауданда» нұсқалары шамамен тең таңдалды. Орташа класты
жаңа тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік тұрғын үй кешендерінде
тұратын респонденттер «Көрші ауданда» және «Қаланың
шалғай аудандарында» деген нұсқаларын жиі таңдады (56%
әрқайсысы).
60
47 диаграмма
11-17 жас аралығындағы балалардың ата-аналарынан
баланың қатысатын үйірмесін анықтадық. Диаграммадан
балалардың (және олардың ата-аналарының) қызығушылығы
алуан түрлі екенін көруге болады: спорттық секциялар, би,
гимнастика, математика, физика, робототехника, шахмат.
Бұлардың басым бөлігі ақылы түрде оқытатын секциялар
мен үйірмелер. Бұл 11-17 жас аралығындағы балалардың ата-
аналарының (82%) пікірі. Респондеттердің 18% ғана ақысыз
түрде өткізілетін қосымша сабақтарға қатысады.
61
48 диаграмма
49 диаграмма
62
Біз респонденттерден өз аймағындағы ақысыз үйірме мен
секциялар туралы сұрадық. Жалпы алғанда респонденттердің
жартысы олардың бар екендігін біледі, бірақ оларды тек 18% ғана
оны пайдаланады. Көбінесе, мұндай үйірмелер мен секциялар
мектептерде және оқушылар сарайларында орналасқан.
Бұл туралы қаланың жеке секторының тұрғындары хабардар
екен (57%). Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың пікірінше,
әлеуметтік жаңа үй-жайларында (81%) ақысыз секциялар өте аз.
50 диаграмма
63
Сауалнамаға сәйкес қосымша қызметтердің орташа құны
10 000-нан 20 000 теңгеге дейін болады. Бұны жасөспірімдердің
ата-аналарының жартысына жуығы айтты. Ең қымбат үйірмелер
Алматы қаласының тарихи орталығында орналасқан, онда
ата-аналардың 33%-ы айына 20 000 теңге төлейді. Қолжетімді
секциялар жеке секторда анықталды,онда сауалнамаға
қатысқандардың 71%-ы қосымша сабақтарға айына 10 000 теңге
төлейді.
Сарапшылармен сұхбат жүргізген респонденттер мемлекетпен тығыз ынтымақтастыққа дайын екендігін
білдірді.
«Жеке меншік мектептерге мемлекеттік қолдау жоқ. Мысалы, мемлекеттік мектептердегідей
қаржыландыру адам басына жүргізілсе, біз оқытудың құнын төмендете аламыз. Ата-аналар
күннің екінші жартысы және қосымша үйірмелер мен секцияларға ғана ақы төлейтін еді»,
— дейді Алматы қаласының орталығынан тыс жерде орналасқан «Дана» жеке мектебінің директоры
Рената Төлегенова.
Осындай шектеулер балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру қызметтерін ұсынатын үкіметтік
емес ұйымдарда да бар.
«Біз кең аудиторияға танымал ақылы үйірмелер мен секцияларды ұсынғанымызбен, тегін
сабақтар санының көбейтуге қарсы емеспіз, бірақ бұл мемлекеттік қолдауды талап етеді», —
дейді «Комунити Плюс» Қоғамдық қорының жетекшісі Эльмира Карманова.
Достарыңызбен бөлісу: |