Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
Әлеуметтену мезафакторлары қалай әсер етеді?
Аймақ , субмәдениет ұғымдарын талда.
№6 дәріс
Тақырып: Жалпы білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік – педагогикалық жұмыс жүйесі. Әлеуметтік педагогтың лауазымды міндеттері және негізгі құжаттамалары.
Мақсаты: Әлеуметтік педагогтың жұмыс жүйесін талдау, негізгі құжаттамаларға тоқталу, мақсат - міндеттерін айқындау.
Дәріс мазмұны
Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік – педагогикалық жұмыс жүйесі.
Әлеуметтік педагогтың лауазымды міндеттері және негізгі құжаттамалар.
Мектептегі әлеуметтік – педагоглық жұмысының негізгі бағыты – оқушылардың арасынан бейімсіздендірілгендер категориясына жататын, әлеуметтік ауытқушылықтары бас жеке адамдарды немесе топтарды анықтау және олармен әрекеттестікті ұйымдастыру болып табылады. Осы әрекеттердің жетекшілігін оқу тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары атқарады. Мектептегі әлеуметтік – педагогикалық жұмысты мекеменің барлық қызметкерлерінің әрекеттесуі арқасында келесі мамандар жүргізеді:
оқу – тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары;
педагог – психолог;
әлеуметтік педагог.
Әлеуметтік педагог – бұл диагностика нәтижесінде алынған негізгі мәліметтерді педагогикалық сауатты түрде мектептің педагогикалық әрекеттерінің әртүрлі мамандары орындай алатындай етіп әдістемелерді, әдістемелік кепілдемелерді өңдеуші маман.
Мектеп әлеуметтік педагогының функциялары:
диагностикалық;
ұйымдастырушылық;
профилактикалық;
құқық қорғаушылық;
ақтаушылық.
Әлеуметтік педагог көбіне: оқудан тыс жұмыстарды ұйымдастырушы, бос уақыт ұйымдастырушысы, педагог – психолог, әлеуметтанушы, әлеуметтік қызметкер, әдіскер мамандарының қызметін атқарады. Сондықтан да оған қосымша әлеуметтік әлеуметтік әзірлік қажет. Әлеуметік педагогтың түрлі бағыттағы әзірлігі жоғары оқу орнында да, қосымша кәсіптік білім алуда да жүзеге асады.
Біліктілік мінездемесіне сәйкес мектеп әлеуметтік педагогының қызметтік міндеттеріне:
білім беру мекемелерінде адамгершілік қарым – қатынастардың қалыптасуына көмектесу;
әлеуметте, ересектер мен балалардың ынтымақтастығының көп түрлілігіне әлеуметтік – педагогикалық қызметті ұйымдастыру;
балалар мен олардың отбасындағы конфликтілерді әлеуметтік қиын ситуацияларды анықтау және шешу, оларға кәсіптік көмек көрсету;
әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық құрылымдармен өзара қатынас кезінде балалардың, олардың отбасының көзқарастарын қорғау;
тек өзінің құзіреттілігі аясында ғана жұмыстар өткізу;
өз функцияларын сапалы орындау.
Мектептегі әлеуметтік педагог жұмысының негізгі бағыттары:
оқушылар тұлғасының ерекшелігін, олардың өмірінің шарттарын, шағын ортасының ерекшелігін медико – ппсихологиялық және әлеуметтік – педагогикалық тұрғыдан анықтау;
тәуекел топтағы балаларды айқындау;
мектептік және әлеуметтік бейімсізденуді, девиантты және деликвентті мінез – құлықтың алдын алу жұмыстарын өткізу;
оқушылардың құқықтық ағартуын жүзеге асыру;
оқушылардың ауытқыған мінез – құлқын түзету және ақтау бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру;
оқушылар отбасымен бала тұлғғасының дамуы мен тәрбиесіндегі мәселелерді бірлесе отырып шешу мақсатымен бірге әрекеттесу;
педагогтармен, мұғалімдермен, сынып жетекшілермен жұмыстану арқылы оқушылардың құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыру үшін шарттар жасау;
кәмелетке толмағандардың қатысуымен дау – жанжалдық жағдайлардың алдын – алу және оларды шешу;
құқық қорғау органдарымен, халықтық әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтамасыз ету мекемелерінің қызметкерлерімен, медициналық мекемелерімен, қоғамдық, қайырымдылық ұйымдарымен әрекеттестік;
педагогикалық кеңес және әдістемелік бірлестіктер жұмыстарына қатысу.
Мектептегі әлеуметтік педагогтың жұмысындағы міндетті құжаттар:
мектеп ұжымының, шағын аудан балаларының әлеуметтік – педагогикалық мінездемесі;
баланың медико – психолого – педагогикалық мінездемесі (таратылмай, ішкі қолдануға арналған құжат);
күнделікті жұмыс жоспары;
басшылықпен бекітілген алдын – ала жылдық жұмыс жоспары.
Достарыңызбен бөлісу: |