«Филология» мамандыєына арналєан



жүктеу 1,72 Mb.
бет1/8
Дата08.02.2018
өлшемі1,72 Mb.
#9086
  1   2   3   4   5   6   7   8

ПОӘҚ 042-18-31.1.52/03-2013

Баспа №2 11.09.2014 ж.

беттің -сі





ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Жанұялық кеңес беру»

5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы үшін


ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2015

Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәріс

  3. Практикалық және зертханалық сабақтар

  4. Курстық жұмысы (жоба)

  5. Білімалушылардың өздік жұмыстары



1 ГЛОССАРИЙ

Психологиялық кеңес берудегі (психолог, клиент) белсенді рөлі (коррекциялық жұмыста) психолог-кеңесшінің қабылдаған немесе психокоррекциялық жұмыстағы инициативті, белсенді әрекет. Бұл әрекеттер тез және жеңіл мақсатқа жету үшін есептелінген..

Мінездің акцентуицияланған кескіндері — онда өте адамның мінез бітістері жақсы дамыған, оның ісі мен әрекеттерінде көрінеді.

Альтернативті психотерапевтикалық бағыттар — әртүрлі, кейде бір-біріне өзара қатысты клиенттің мәселесін психотерапевтикалық бағыттармен шешу Клиенттің мінезіндегі альтернативті тәсілдер - клиенттің әртүрлі кейде қарама-қарсы тәсілдері,оның мәсілісінің практикалық шешіміміен байланысты.

Клиент іс-әрекетінің базисті мотивациясы (мінез-құлқы) — клиенттің алдына қойған мақсатына жетуде стимулдау, мотивациялауға сүйенетін клиенттің өз қызығушылығы мен талаптары

Психодиагностикалық әдістердің жарамдылығы - оның қасиетін анықтайтын және практикада қолдану мүмкіндігі психодиагностикалық әдістердің негізгі қасиеттерінің бірі. П.ә.ж.—берілген әдіске қатысты психологиялық сапаны бөлу қабілеттілігі және бағалау.

Клиенттің вербальды тірегі - психологиялық кеңес беру кезінде психолог-кеңесшімен белсенді жұмыс істеу клиенттің сөйлеу қабілеттілігін стимулдайды; клиент ойын ортаға салу кезеңінде клиенттің психологиялық қысымын алып тастау үшін психолог-кеңесші әртүрлі сөздерді және сөйлемдерді қолданады.

Психологиялық кеңес түрлері - әртүрлі мәселелерді шешуге байланысты психологиялық кеңестің әртүрлілігі, мысалы, интимді-тұлғалық, жанұялық, психологиялық-педагогикалық, іскерлік.

Психологиялық кеңестің нәтижелілігінің ішкі белгілері - жүргізілген психологиялық кеңестің нәтижесінде психологияда және клиенттің мінез-құлқындағы ерекше жағымды өзгерістер.

Клиент мәселесінің уақытша шешілуі - клиентті толғандыратын мұндай шешілетін мәселе, уақытша оның өткірлігін алады және қайталануын кепілдік бермейді.

Психологиялық кеңестің жүргізілу уақыты — психологиялық кеңес белгілі бір уақытта немесе күні бойы уақыттың бір мезгілінде; психолог-кеңесшінің клиентпен жұмысына кеткен уақыттың мөлшері.

Топтық психотерапия - клиентке ұжымдық психологиялық көмек беруге есептелінген практикалық психоло­гия аймағы, психокоррекциялық әдістер жиынтығы.

Сенситивтіліктің топтық тренингі - клиентте дұрыс қабылдай алу, өзін бағалау, қоршаған адамдарды және адамдық қатынастарды дамытуға есептелінген әлеуметтік-психологиялық тренингтің әртүрлілігі.

Іскерлік психологиялық кеңес беру - жұмыспен байланысты адамдардың іскерлік өзара қатынасы, іскерлікке байланысты сұрақтар бойынша психологиялық кеңес.

Психологиялық кеңеске іскерлік бағыт — психологиялық кеңес жүргізілмес бұрын клиентпен кеңесті жүргізу туралы келісім жасалынады: уақыт, орны, күтілетін нәтиже, шығын және басқа сұрақтар.

Психологиялық кеңестің диагностикалық кезеңдері — кеңес берудің үшінші кезеңі, уақытында клиентке рассказывает психо­лог-кеңесшіге өз мәселесі жайлы айтады, ал психолог-кеңесші оны зейінмен тыңдайды, талқылайды. Онымен өз мәселесін анықтайды, оған психологиялық диагноз қояды.

Психологтың клиентпен байланыс ұзақтығы - уақыт, в течение которого психолог-кеңесші клиентпен бір немесе бірнеше рет жеке кездесулер жасайды.

Психолог-кеңесшінің клиентке ашықтығы - психолг-кеңесшінің клиентке мейірімді,ашық,жағымды қатынасы.

Психолог-кеңесшінің клиентке сенімі - психолог-кеңесшінің даярлығы мен қабілеттілігі клиентке бәріне сенім артуы.

Жекелей психотерапия - практикалық психология және психотерапия аймақтары; психотерапевтикалық (психокоррекциялық) әдістер жүйесі.

Когнитивті психологиялық кеңес беру — клиенттің танымдық процесінің дамуы және проводимое ми вопросам формирования қалыптасуына жүргізілетін психологиялық кеңес

Кеңесші-психолог - кәсіби даярланған практик психолог.

2 ДӘРІСТЕР

Дәріс тақырыптарының мақсаты және міндеттері:

Лекция тақырыптарын қарастыру барысында студенттерге курс бойынша теориялық жүйелі білім беру.

Әрбір тақырыптың мазмұнын және қазіргі даму мәселелерінің негізгі теорияларын және тұжырымдамаларын, практикалық білімдермен қаруландырып, өз бетінше баға бере алу үшін білім беру.

Жан-жақты ғылыми көзқарастарды қарастыра отырып, шетел және отандық психологтардың тұжырымдамаларының ерекшеліктерін салыстырып бағалай білуге үйрету.

Ғылым негіздері жайында түсінік беру. Белгілі бір ғылыми-практикалық міндеттер және мәселелерді шешу жолдарын ғылыми тұрғыдан негіздеу.

Пәнге деген қызығушылығын арттыру, өзбеттілікпен ойлау шығармашылығын дамыту. Ойлау, талқылау және қойылған мәселеге талдау жасай алуға үйрету.
Дәріс 1 тақырыбы: Жанұялық кеңес беру

Кеңес берудің жекелей және топтық түрлері. Жанұялық кеңес берудің міндеттері.

Психологиялық кеңес беру жұмысы- мектеп психологы қызметінің өте маңызды бөлігі. Кеңес беру - мұғалімдермен, оқушылармен, ата - аналармен жүргізіледі. Кеңес беруді жеке немесе топпен жүргізуге болады. Мектеп психологының жұмыс тәжірибесін жалпы қорыту нәтижесі, бізге мұғалімнің психологтарға жиі келесі мәселелер бойынша кеңес алуға келетіндіктерін көрсетеді, баланың жеке оқу пәндері бойынша материалдарды меңгеру барысына қиналу себептері, оқушылардың оқуға ынталарының болмауы және оқи алмауы, оқушыардың сыныпппен қарым қатынасының нашарлауы, мұғалімнің педагогикалық ықпалының нәтижесіз болуы, әр жастағы балалардың құрдастарымен қарым қатынасы және балалар ұжымының қалыптаспауы, өзінің жеке кәсіби біліктілігін жоғарлату, оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтау және дамыту, оқушылармен профессионалдық-ориентациялық жұмыстар жүргізудің әдістері.

Мектеп психологына оқушылар жиі кеңес алуға келеді. Негізінен келесі мәселелер бойынша: өздерінің ересектермен, құрдастарымен қарым -қатынасы, өзін - өзі тәрбиелеу, кәсіби немесе тұлғалық жағынан өзін- өзі анықтау, ақыл - ой еңбегі мен мінез құлқының мәдениеті қиын жағдайдан шығуға көмек сұрау, т.б

Оқушылармен тікелей байланыста писхолог оларда туындаған мәселелерді шешеді. Бұл тікелей кеңес беру кейде ол оқушылардың кез келген мәселелері бойынша мұғалімдер мен ата - аналарға кеңес береді, яғни белгілі бір шарттарды ұсынуды талап ететін жанама кеңес беруге сүйенеді.

Бүгінгі таңда көптеген психологтар кеңес беруді мектеп психологының ең қажетті жұмыс түрі ретінде қарастырады.

Психолог кеңес беруде келесі көмектің түрлерін көрсетеді: а) алдымен мәселені анықтап алып, оны шешу жолдарын тап. ә) одан соң барып осындай мәселелерді болашаққа беріп болдырмауға тырысу.

Кеңес берудің психологялық мәні туындаған мәселені адамның өзінің шешуіне көмектесу. Тек осылайша ғана ол келешекте осындай мәселелерді шешу бойынша тәжірбие жинайалады. Өте жиі тәжірбиеіз психолог кеңес алушыны өзінің кеңестері мен жаудырып тастауға тырысады, нәтижесінде екеуіде кеңестен қанағаттанбайды. Ал кеңес алуға келушілер көп жағдайда псхологтан мәселенің шешім табуын, жауабын айтуын, кеңес беруін күтеді. Әсіресе айтылғанда мұғалімдерге қатысты мұғалімдер жиі кез келген баланың тәрбиеленуін және қарым-қатынас ерекшеліктеріне қатысты өздерінің әлсіздіктерін сезінеді. Мұндай қиындықтарын себептен өздеріні мұндай қиындықтарын себептен өздерінің тұлғалық салаларымен кәсіби біліктеріне еш күмән келтірместен оқушының отбасындағы тәрбиесінің нашарлығынан іздеуге тырысады. Сондықтан, кеңес беру кезінде кез келген мәселені нәтижелі шешу процесіне белсене қатысудан бас тартады да, барлық ауыртпашықтан басқа адамға, яғни психологқа жүктегісі келеді. Мектеп психологы мұндай жағдайда мұғалімнің айтқанына көнбеуі қажет. Көптеген зерттеулер мен практикалар кеңес алушыны кеңес беру процесіне тарту нәтижелі кеңес берудің шешілуші сәті болып табылады дейді. Психолог кеңес алушыны маңызды адамр етінде қабылдап, сыйлауы қажет және оған оның жеке потенциялды мүмкіндіктерін көруіне жағдай туғызуы қажет.

Психологиялық кеңес – бұл психолог жұмысының жаңа аймағы. Қазіргі уақытта өз бетінше дербес жұмыс істеу сферасында жұмыс істеу формалары – ғылыми-зерттеу, психологиялық оқыту, психологиялық коррекция, психодиагностика сияқты бағыттарымен сипатталады.

Психологиялық кеңес беру – практикалық психологияның ерекше бөлімі. Ол маман психологтан кеңес түрінде немесе нұсқау жүзінде тікелей психологиялық көмекті қажет ететін адамдарға ықпал етумен байланысты.

Психолог – кеңесшіге адамдардың орташа қабаты және денсаулығының денелік және психологиялық жағдайы жоғары риск аймағындағы адамдар барады. «Жоғары риск аймағы» түсінігіне өмірлік ситуацияларға жүйкелік, дене ауруларына бейім, ауырып қалу қаупі бар адамдарды жатқызамыз. Басқа денелік-психологиялық күшті, денсаулығы мықты адамдар қандай болмасын өмірлік жағдайдан шыға алады. Олар тек шаршағандықты ғана сезінеді.

Психологиялық кеңестен көмек күтетіндер - әдетте өмірге қабілеттілігі нашар және жұмысына толықтай берілмеген адамдар. Психологқа көбінесе көмек сұрауға өмірінде жолы болмаған адамдар барады және де сол мәселелері оны психологқа баруға итермелейді.

Психолог-кеңесшіні адамдар не үшін іздейді? Неліктен олар оған барады?

Кейбір адамдар өз мәселесін қалай шешу керектігін біле тұра психологқа барады. Өйткені олар психологтан эмоционалды тіректі қажет етеді. Ал кейбіреулері мәселені қалай шешуді білмей, кеңес сұрай барады. Үшіншілері - өзіне сенімсіз, берілген мүмкіндіктің қайсысын тыңдауды білмегендігінен барады. Оларды сендіріп, иландырып, дұрыс жолға қарай бағыттау керек. Төртіншілері - көбіне жалғызбасты адамдар, оларға біреуге ішін жарып, сырласу керек. Бұндай адамдарда әдетте психологиялық проблемалары жоқ, алайда олар зейін қойып тыңдайтын адамдарды іздейді.



Психологиялық кеңес берудің негізгі түрлері

Психологиялық кеңес беруді әр түрлі адамдар қажет ететіндіктен және әр түрлі себептерден көмек сұрайтындығынан кеңес беруді клиенттердің жекелей ерекшеліктеріне, сонымен қатар мәселенің мазмұнына қарап, бірнеше түрлерге бөлуге болады:



1. Интимдік-жеке бастық психологиялық кеңес беру. Кеңес берудің бұл түрі жиі және көп адамдарда кездеседі. Бұндай кеңес беру адамның тұлғалық сұрақтарымен, уайымдарымен айналысады. Бұндай кеңес алуға келген клиент айналадағыларынан өз проблемасын жасыруға тырысады. Мысалы: психологялық немесе мінез-құлықтағы жетіспеушілік, маңызды адамдармен қарым-қатынас, әр түрлі қорқыныштар, сәтсіздіктер, психогендік аурулар (дәрігердің қарауын қажет етпейтін) және т.б. Бұндай кеңес беруде адамның өз-өзіне көңлі толмаушылығы, интеллектік мәселелерін, қарым-қатынастарын жатқызуға болады.

2. Жанұялық кеңес беру. Бұндай кеңес беру түрі адамның өзінің және басқасының, туысының жанұясындағы мәселелермен айналысады. Тағы да болашақ жар таңдау, семьядағы қарым-қатынас, конфликтілерді шешу жолдары, әйелі мен күйеуінің туыстарымен қарым-қатынасы, айырылысу кезіндегі ерлі-зайыптылардың мінез-құлықы және т.б. сұрақтар қарастырылады.

3. Психологиялық-педагогикалық кеңес беру. Бұған балаларды оқыту мен тәрбилеуге байланысты сұрақтарды жатқызамыз. Сонымен қоса, ересектердің педагогикалық біліктілігін көтеру сұрақтары, балалар мен ересектер ұжымын басқару мәселелері қарастырылады.

4. Іскерлік кеңес беру. Бұндай кеңес беру түрі адамда қанша іс-әрекет түрі болса, солардың барлығына да қатысы бар сұрақтармен айналысады. Іскерлік кеңес беру деп, адамдардың іскерлік мәселелерді шешуі айтылады. Бұған мамандық таңдау, адамның түрлі қабілетін дамыту мен жетілдіру, оның еңбегін ұйымдастыру, жұмысқа қабілеттілігін жоғарылату, іскерлік келіссөздер жасауға үйрету жайлы мәселелер зерттелінеді.

Жеке тұлғаға кеңес беруде қолданылатын әдістердің бірі- проективтік әдістемесі. Проективті әдістеме жеке тұлғаға жеке және топтық негізінде жүргізіле береді.

Проективтік әдістеме - күрделі және терең танысу мен шеберлікпен меңгеруді талап етеді, бұл әдістемені сақтықпен қолданып және өзге сенімді берік әдістермен толықтырып отыру қажет. Мысалы, ( адам дамуының тарихын зерттеу, бақылау, әңгімелесу, тстілер). өйткені проективтік әдіснеме тұлға психологиясын зерттеудегі спалы, клиникалық процедура.

Проекция термині қазіргі таңда клиникалық, әлеуметтік психологияда да қолданылады. Франк проективтік әдістер қазіргі таңдағы психологиядағы бүтіндік бағытты дамыту үрдісімен ерекшеленеді деп есептейді.

«Проекция» терминін 1894 жылы Фрейд өзінің «Невроз страха» еңбегіндебылай түсіндіреді. Психика үрей неврозын дамытып, өзін басқару міндетіне қатысты өзін құнсыздықпен сезінеді, оны эндогенді қалыптасатын сексуалды қозумен нақтыланады.

1896 жылы « О защитных нейропсихоза » деген мақаласында фрейд прекция өз құмарлығын сезімін, бағдарын өзге адамдарға, сыртқы әлемдерге жапсыру және жағымсыздықты ұғынбауға көмектесетін қорғаныс механизмі деп есептейді.

«Проекция термині» проективтік техникаға байланысты клиникалық психологияда кең түрде қолданылады, мысалы, роршах тесті тақырыптық апперцептивтік тесті, сөйлемді аяқтау тесті.

Осы тесттер барысында сыналушыға бірнеше стимулдық материал беріліп, оған жауап беру ұсынылады, сыналушы өз қажеттілігін проекциялайды деп есептелінеді.

Психодиагностикалық әдістерді мектеп практикасында қолдану:

педагогикалық процесте диагностиканы пайдалану,

дамудағы әр түрлі кемістік формаларын диагностикалау және коррекциялау,

оқу процесінің нәтижелігін диагностикалық салыстыру,

оқу шарттары мен дамудың индивидуалдық ерекшеліктерін диагностикалау,

осы мәселелерді шешу үшін төмендегі ұғымдарды талдаймыз.

«Аномалия» ұғымы - грек тілінен аударғанда нормадан ауытқу, жалпы заңдылықтан ауытқу, дамудағы кемістік деп ұғынылады. Қазіргі таңдағы психология ғылымында норма мен оның нұсқалары өте күрделі мәселе болып табылады. Ол мынадай сұрақтарды қамтиды:

жауап беру нормасы (моторлық, ес, ойлау т.б.)

когнитивтік қызмет нормасы (қабылдау,ес,ойлау т.б.)

ретке келтіру нормасы,

эмоционалды норма,

тұлғалық норма,

жас және жыныстық ерекшеліктер,

«норма» терминінің (лат.почта) негізгі мағынасы – орташа мән, белгіленген шама. Норма ұғымының мазмұны мәдниет пен уақыттың талабына сәйкес өзгеріп отырады. Практикалық психология мен педагогикада төмендегідей пәндік норма ұғымы қолданылады, яғни пән мазмұнын игеруге қажетті білім, іскерлік, дағдылар.

Тұлға тәжірибені ұйымдастырудың динамикалық процесі ретінде қарастырылып және индивидтің ерекше ішкі әлеміне сәйкес «өмірлік кеңістігінің қайта құрылуы» жүреді. Егер біз индивид пен оның өзгермелі қоршаған ортасын өрістер сериясы деп және ол қоршаған ортадағы өзге адамдармен оқиғалармен, заттармен өзара әрекеттер қалыптасады. Тұлғаның динамикалық тұжырымдамасы мінез құлықтың белгілі бір стимулы болмайды, негізінен тұлға стимулға өзінің ерекше паттерінде таңдамалы түрде жауап береді. Стимулдар жағдаятпен өзара әрекет етуші индивидтің айқындаған өріс қызметі тұлға. Проективтік техника тұлғаның динамикалық тұжырымдамасы өрістегі өмірлік кеңістікті қайта құру мен тәжірибені ұйымдастыру процесі ретінде тұлғаның ішкі әлемнің мағынасына ену, сезімін және паттерін түсіну үшін тұлға тәжірибесінің ұйымдастырылу тәсілін айқындауға көмектеседі.

Біз тұлғаға өріс тудыра отырып, тәжірибесін ұйымдастырудың өзіндік тәсілін ашуға итермелейміз және заттар, материалдар күйзелістерді әлсіз құрылым және мәдени модельдеумен бере отырып, тұлғаның өмірді ұғынуын, құндылығын паттерін және өз сезімдерін өзгермелі өріске проекциялауға мүмкіндік беру болып табылады.

Тұлғаны зерттеудің проективтік әдісінде стимулдық жағдаят тұлға үшін өзіндік ерекше мағынаға ие болуы керек, сол себепті субьект стимулдық жағдаяттың өзін ерекше әрекет және сезім түрінде бейнелей бастайды.

Бұл жағдаяттар конструктивтік болуы мүмкін, осы кезеңде субьект аморфты құрылымсыз заттарға белгілі бір құрылым, форма немесе конфигурация береді, ал келесісі интерпретативтік ,үшіншісі катарсистіук эмоционалдық жеңілдікке ие болуы.

Субьект конструктивті құрылымдар арқылы ұсынылған материалдардан құрастырыла, өз өмірінің сол сәттегі тұжырымдамасын ашуға көмектеседі.

Субьект тұлғасы стимулдық жадаятқа ықпал етуші маңызды және айқындаушы үдеріс болып, сонымен қатар өзі үшін абсолютті жеке мағынаға немесе өзгергіш сипатта басқаруға мүмкіндік жасайды.

Тұлға индивидтің өмірлік жағдаяттарды ұйымдастыратын кеңістігін белгілі бір құрылымға келтіре отырып, сонымен қатар өзі үшін абсолютті жеке мағынаға немесе өзгергіш сипатта басқаруға мүмкіндік жасайды.

Горшахтың сия дақтары Европа мен Америка Құрама Штаттарында психиатриялық аурухана мен клиникалда қолданылады.

Балалардың тұлғалық дамуын зерттеу мен диагностикалау үшін ойын техникалары қолданылады.

Субьектіге кез келген ойыншықтар немесе ойындар, сонымен қатар еркін ойын үшін ағаш кубиктер беріледі. Балалар қорғаныс механизмдеріне азырақ бағынады, ойын барысында өзін ұғынудың көрсеткішін аз уақыт қана игереді. Балалар өзінің эмоционалдық көңіл кұйін ойын барысында бейнелеп береді, баланың ата анасын жоғалтуы ағасын немесе інісін қызғануы үрейленуі айқын көрініп тұрады. Әрі ойынның терапиялық әсері және бала болашағын болжауға мүмкіндік берері сөзсіз. Ойыншықтармен қатар сазбалшық, ұн, су ермексазда қолданылып, оларды әр формаға келтіруге мүмкіншілік туындайды. Субьект ойын жағдаяттары барысында эмоциясын бейнелеу арқылы каторсисті сезінеді, жақсы мінез құлықпен жасырынған өкпе мен назды қарсылықты бейнелеуге мұмкіндік береді.

Тұлғаны зерттеудің проективтік әдістері не зор мүмкіндік беретін көркем құралдар. Қолмен суреттеу баланың күрделі өміріне және тұлғалық ерекшеліктерінің мәніне енуге мүмкіншілік туғызады.

Қуыршақ спектакльлдері диагностикалық және терапиялық реакциялар тудырады, баланың өз сезімін қиналысын жасырын ойларын сыртқы шығаруға мүмкіндік береді. Индивид өз әрекетіне толықтай есеп бере алмайды, сондықтан тақырыптық перцепциялық әдістерде субьектінің маңызды проекцияларын тудыру үшін суреттер сериясына өзін сәйкестендіре отырып, әңгіме құрауды ұсынамыз.

Мақсат - әр түрлі әдістерді қолдану арқылы тұлғаны жан жақты ұғыну, сонымен қатар тұлғаның өмірлік кеңістігін құруға, өз қажеттілігін қанағанттандыру арқылы тәжірибесін ұымдастыруға тырысу.

Егер индивид әр түрлі материалдарға біркелкі паттерін немесе конфигурацияларды проекцияласа және өз өмірінен бірнеше тәжірибені ашып көрсете, онда әдістеменің сенімділігі туралы айтуға болады.

Проективті әдістемелер - диагностикалық және зерттеушілік практикада кеңірек қолданылуының себебі қандай?

Осы сұраққа жауапты мотивациялық теорияның даму тарихынан іздеу керек.

Шопенгауэр соқыр ерік күштің басымдығы доктринасына сүйеніп, адам өз мінез құлқын ақтау үшін пайдалынатын рациналды түсініктерге ерекше құрметпен қарамайтын, ал мотивтерді сыртқы көрінуіне қарай айқындау мүмкін емес деп түсінді.

Дарвин күштінің сақталуы, өмір сүру заңын нақтылады. Мак даугалл инстинктердің және шопенгауерлік ерік күш идеяларын сақтауға тырысты. Дарвин өмір сұру, Бергсон өмірлік талпыныс, фрейд либидо идеялары иррационалистіук идеялар болып табылады. Олар мотивациядағы ең маңыздысы ішкі генотип, яғни фенотип емес, өткен ғасырдағы иррационалиятер арасындағы басым тұлға Фрейд. Ол және өзге де ғалымдар мінез құлықты толықтай түсіну мүмкін емес еді. Қазіргі таңдағы динамикалық психология тағы бір белгімен ерекшеленеді. Онтогенездегі жетекші роль туа біткенинстинктерге және ерте балалық кезеңдегі тәжірибелерге байланысты болып келеді. Ересектерде біз байқаған мотивтер инстинк, құмарлық құрылым негізінде жетекші теориялардың ешқайсысы мотивтерден өмір бойы өзгеретініне мән бермейді.

Мак Даугалл инстинктердің жиынтығы негізінлде мотивациялық құрылым бір рет және мәңгілікке қалыптасады деді. Жаңа обьектілер үйрену арқылы қосылады, бірақ мотивациялық күш сол деңгейде қалады. Фрейд позициясы да ұқсас, өйткені, суллимация тұжырымдамасы, өзгерістерге жауапты болып табылады.

Субьектілерді осы кнзеңдегі және болашақтағы өз өмірі толғандырса, ол көптеген психологтардың оның өткенін іздестіруі маңызды.

Юнг, роршах, зерттеулерінің танымал болуы субьектіден қызығушылығын не істегенін және не істеу керектігіни сұрамауы болып табылады. Олар белгілі бір идентификациялар арқылы қорытындылар жасайды. Бұл мотивацияларға деген жасырын оның проективті психологін саналы есеп берумен таңқалдырады.

Психологтар тұлғаның қажеттілігі мен шиеленісіне әр түрлі жолдармен енуге мүмкіндік алады. Әр адам, тіпті невротик шынай өмір талаптарына тез бейімделе алады және құрылымсыз проективтік жағдаяттарда да өз қажеттілігі мен үрейін көрсете біледі.

Стегнер бойынша проективті тесттер - шынайы жағдайдан гөрі диагностикалаудың басымдылғымен айқындалды. Соғыс кезінде отыз алты еркек қатысқан зерттеуді қарастырайық, олар алты ай бойы өлмес ауқатпен күн көрді. Олар лабараториялық тапсырмаларды орындамаған сәтте аштық сезімінде болады.

Сыналушы өз әңгімесінде маған ұсынған ас мәзірі өте аз,картопты қалай жесем болады, тез жесем жылы күйінде болады, ал тез жесем таусылып қалады деп ойлайды. Сыналушылардың талпынысы тамаққа бағытталған және қуаттарының барлығы осы қажеттілікті жүзеге асыруға арналып отыр, бірақ қолданылған тестілерден тек еркін ассоциациялар тактісі тамақты қажетсіну туралы шектеулі түсініктер береді.

Өте күшті, айқын мотивтің проективті әдістемелерде көрініс бермеуін қарай түсіндіруге болады. Ол ұшін мынадай заңға сүйенеміз:

Егер мотив жасырынған түрде болмаса,оны қабылдауға ерекше әсер етпейді. Және проективті тестілердегі жауапқа ықпалы болмайды. Бұл гипотизаны міндетті түрде тексеру қажет. Аштық жағдаятындағы өзге де зерттеулерде осы нәтижелерді нақтылауда осы зерттеушілер проективті тестілердегі тамақпен байланыстты ассосациялар саны адамдарды аштықта ұстаған сайын көбейе түсуде. Мотив біртіндеп саналы және айқын болған сайын сөздік реакцияларда ғана реакция береді. И.У. гецелдің жұмысында екі түрлі тесттерді қолданды. «сөйлемді аяқтау» тестісі бойынша мынадай жұп сөйлемдер құрастырды.

Френкті ересек, үлкеннің орнында бол десе, онда.....

Менен ересектің орнында болуды сұраса,мен.....

Егер Джо жаңа адаммен танысса, онда ол......

Егер мен жаңа адаммен таныссам, онда мен.....

Барлығы жиырма типтегі диагностикалық пікір берілді, зерттеуге алпыс бес әскери қылмыскерлер қатысты.

Адекватты бейімделген субьект - проективті әдістерге екі тәсілмен жауап береді. Олар саналы есепке немесе жетекші мотивке сәйкес айқындалады. Проективті тестілердің ерекше мәні проективтік реакцияларда эмоционалды айқындық және саналы есепке қарсы болатын болса, ол үшін екі тенденцияны қолдануымыз қажет.

Тікелей әдістер туралы айтқанда біз саналы есептерді түсінеміз. Егер біз адамның мотивациялық сферасын зерттегіміз келсе, онда адамның не істегісі келетінін, неден қашқақтайтынын және ненә қажет ететінін айта алады, ал көптеген терапевтер проективтік әдістерді қолданған дұрыс деп есептеді. Тәкелей әдістерге стандартталған сауалнамалар тұрақты қызығушылықтар сауалнамасы, құндылықтар шкаласын жатқызуға болады.

Тікелей әдістер индивидпен интервью көмегіме алынған хабарламалардан ақпарттан тұрады. Оларға психиатриялық интервью жатады және ол жеке немесе кәсіби кеңес беруде, директивтік емес әңгімелесуде қолданылады.

Психоанализ теориясын психодинамика терминімен атау сәнге айналуда. Проективтік әдістер психодинамиклық болып есептелінеді, өйткені олар психиканың терең құрылымы мен функционалды қабатына ене алады, сонымен қатар динамикалық мотивтердің көпшілігін тікелей әәдістер көмегімен айқындауға болатынын да анықтадды.

Психоанализ теориясын психодинамика терминін атау сәнге айналуда. Проективтік әдістер психодинамикалық болып есептелінеді. Өйткені олар психиканың терең құрылымы мен функционалды қабатына ене алады, сонымен қатар динамикалық мотивтердің көпшілігін тікелей әдістер көмегімен жинақталған ақпаратта тікелей әдіс нәтижелерімен бірге интерпретацияланатын біліуіміз керек. Фрейд сыртқы мағынасына қарай айқындалмайтын мотивтер жөніндегі маман. Ол мотивация сферасы ид, ал әлемнен тікелей байланысты айқындайтын тұлғаның саналы бөлігі эго динамикалық күшке ие емес, өкінішке орай Фрейд өз теориясының біржақтылығын өзгертіп, тіпті ізбасарларының өзі де эго психологиясы аяқталмай қалды деп есептейді. Қазіргі таңда психоанализді теория динамикалық эгоны айқындауға тырысады. Бұл үрдіс Анна Фрейд, Хорни, Фрамм, Френг еңбектерінде жалғастығын табуда. Американдық психоаналитикалық ассосация жасаған баяндамасында крис мотивациясы ид шеңберімен шектеу ескірген әрекеттің образын құрайды деді.

Қазіргі таңдағы эгоны түсіну қорғаныс механизмдерімен ғана бапйланыстырмайды. Эгоны психиканың жоғарғы жағы деп есептеуі көбірек ұнайды. Қазіргі кездегі психоанализдік әдістемелер жоғарғы жақты тереңдікпен байланыстырады. Рапапорт еркіндік көрсеткіш тек эгоға беріледі деп есептеді. Осы сәтті түсіндіру үшін ержетудің психогенетикалық аспектісін алайық, мысалы дәни сезім. Фрейдтің дінге қатынасы белгілі, ол үшін жекелік невроз жеке қашу түрі негізі әке бейнесінен тұрады.

Жеке жағдайда толықтай зерттеу арқылы мән жайды білуге болады. Егер діни фактор эгоцентрлік мақсатта болатын онда талисман өзін ақтау түрінде болып невроздық немесе тұлғадағы толық қалыптаспаған құрылым болып табылады. Оның инфонтильді қашқақтау әрекеті тұлғаның өзімен ұғынылмайды, ол керісінше адам өз өмірінің жетекші филофиясын дамытатын болса, онда діни сенім мінез құлық нормасын айқындайтын және өмірге мән беретін қозғаушы күш сол себепті эго құрылым жетекші мотив қана емес, жетекші мотив эго мұрат және формасы мәні санада айқындалған болып келеді. Ұл балалар төрт жастан жеті жасқа дейін өзін әкесімен идентификациялайды, олар еліктейді әкесінің жұмысына бейімделе бастайды, өсе келе бастағанда біле аламыз. Осы кезеңде әкесімен идентификацияланама жоқ па, соны білеміз.

Саяси қызығушылықтапр тұлғаның эго құрылымының бір бөлігін құрайды. Мотивациялдық теорияда инфантилдік пен мотивацияны ерекшелей білу керек, яғни қажеттілік пен жасқа сәйкестікті айқындай білген жөн.

Психодинамикалық тұжырымдамасының айқындалуы:

Толықтай диагностикалау ол үшін терең талдау барысында проективтік әдістермен қатар тікелей әдістерді де қолдану;

Дені сау тұлғаның мотивтерінің үлкен бөлігі жоғары үстіңгі мәнге ие

Нормаға сәйкес мотивация - болашаққа және қазіргіге бағытталған, ал өткен өмірді зерттеуде адекватты ақпарат бере алмауы

Фрейдтің инфантилдік тіркелудің ықпалы туралы идеяға сүйенеді саналы есептерді тексеру үшін тікелей емес әдістерді қолданудың маңыздылығы да айтады.

Дені сау тұлғалар түрлі психогенетикалық мотивтерінің жүйесіне иеленеді және саны шектеулі емес, жетекші мотивтерді қызығушылық, құндылық сезімі деп атайды. Мотивациялық теория деген – диагностикалауды, құрылымдарды есепке алуы.

Бүгінде Қазақстандық қоғам - өркениетті демократиялық елдердің үлгісімен, әрі өзінің тарихи даму барысында қалыптасқан ерекшеліктерін ескере отырып, демократиялық жолмен ілгері дамуда.

Жеке тұлғалар, үкіметтің билеуші органдары, саяси партиялар мен қоғамдық – саяси ұйымдар ұйымдар бұл іс – шараға өз үлестерін қосуда.

Біз-келешек мектеп психологтары ретінде жеке тұлғаның қоғамға лайық азамат болып өсуіне өзіндік ықпал жасауымыз керек. Психологтардың оқушыларға беретін кеңесі, психологтардың жүргізетін әдіс-тәсілдері, зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесі бойынша оқушыларға қажетінше психологиялық көмек беру-осылар оқушыларға жасаған үлкен көмегіміз деп есептейміз


жүктеу 1,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау