Сайттың басты беті



жүктеу 23,41 Kb.
Дата11.01.2022
өлшемі23,41 Kb.
#32419
түріБағдарламасы
Cайттарды құру бағдарламасының сайт құрастырушысы. Интернетке шолу


Cайттарды құру бағдарламасының сайт құрастырушысы. Интернетке шолу

Сайттың басты беті дизайнымен, негізгі мақсатымен, қол- данудағы ыңғайлылығы мен ұсынылатын ақпарат құндылы- ғымен ерекшеленеді. Қолданушы сайттың басты бетінің көме- гімен қажетті ақпаратты қайдан алуға болатынын бірден білуі керек. Мұнда қолданушыны тіркеу, есептік жазбаға кіру, кері байланыс орнату тәрізді ең негізгі қызметтер орындалуы керек. Сайттың басты беті мынадай сипаттамаларға ие болуы керек:

  1. Ақпараттылық. Сайтқа алғаш кірген қолданушы төмендегі сұрақтарға бірден жауап ала алатындай болуы керек:

    • сайт туралы жалпы ақпарат;

    • сайт ұсынатын қызмет туралы жалпы ақпарат;

    • сайт ұсынатын қызмет түрінің артықшылықтары туралы ақпарат.

  2. Мақсатты аудиторияны ескеру. Басты бет сайт қолданушы- ларының тіліне ақпараттың сәйкес болуын назарға алу керек.

  3. Сенімді және құнды ұсыныс. Сайттың нені ұсынатындығын екі сөзбен-ақ жеткізуге болады. Ақпаратты тек сөзбен ғана емес сурет, бейне арқылы да беруге болатынын ескеру қажет.

  4. Ыңғайлылық және қолданушылық. Басты бет қолдануға түсінікті және қарапайым болуы керек. Тіркеу формасы, кері байланыс, қарапайым мүмкіндіктерді жүзеге асыру – сайттың басты бетінің қолдануға ыңғайлылығын арттырады.

  5. Әрекетке шақыру. Басты бет қолданушыға керекті әрекет- терді орындауға бағыттай алуы керек: сайттың басқа бөлімде- ріне өту, сайт жаңалықтарына жазылу, кері байланыс орнату.



  1. Өзгеріс. Басты бет үнемі жаңарып, өзгеріп, мақсатты ауди- торияның өзекті қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру керек.

  2. Көркем тартымдылық. Бұл – басты талаптардың бірі. Қол- данушының сайтқа деген көзқарасы оның әсемдігіне, тар- тымдылығына байланысты.

Сайт құруға арналған түрлі конструкторлар бар.

Сайт конструкторлары – толық ресурстары бар сайтты онлайн құруға мүмкіндік беретін жүйелер. Сайт конструкторы көмегімен құрылған жобалар қауіпсіздіктің жоғары деңгейімен қамтамасыз етіледі, атап айтқанда сервиске, жеке ресурстарға жасалатын түрлі шабуылдардан, вирустардан қорғау. Сайт конструкторларының түрі өте көп, атап айтқанда, uKit, uCoz, Ucraft, Wix, Тильда, Umi, Flexbe, A5, Setup, Nethouse және тағы басқалар. Олардың сипаттамалары мен ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыра отырып, өзі- мізге қолайлы сайт конструкторының бірін таңдап алып, сайт құруды бастауға болады.

Аталған сайт конструкторларының ішінен Wix сайт конст- рукторын қарастырайық.



Wix.com – кең тараған, қолданушылар ара- сында танымал озық бұлттық платформа. Wix сайт конструкторының көмегімен өз бетімізше оңай сайт құруға болады. Сайт құру жұмысы Wix сайт конструкторында қызықты, ыңғайлы және тегін жүзеге асырылады.

Сайт құрушының ең басты міндеттері:



  • қолданушыны қызықтыра алу;

  • сайт дизайнын дұрыс және мақсатына сәйкес таңдау;

  • қарапайым және қолдану жұмыстарын барынша жеңіл ету. Wix сайт конструкторында сайт құру кезеңдері (12-сызба)




жүктеу 23,41 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау