СЫНЫП ҰЖЫМЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
МІНЕЗДЕМЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Сынып туралы жалпы мәлімет.
Оқушылар саны, оның ішінде ұлы мен қызы, ұжымның құрылған уақыты, сыныпқа жаңадан келгендер, екінші жылға қалғандар, есеюі, сабақ үлгірімі мен тәртібі туралы жалпы сыныптың мінездемесі, оның басқа сыныптар арасындағы орны. Сынып жетекшілік және оқушылардың сынып жетекшіге қарым-қатынасы.
2. Сынып ұжымының құрылымы және топішілік үрдіс. Белсенділер, жетекшілік, оқушылардың бар болуы, тұйық және ешкіммен араласпайтын оқушылар, оларды ұжым өміріне тарту жолдары мен әдістері. Топтың құндылық дәстүрге даярлығы, ұжымдағы сын және өзара сын.
3. Топтағы оқушылар қатынасының мінездемесі. Ұйымдастыру дәрежесі, ұжымның топтасуы және бірауыздылығы:Ұлдар мен қыздардың өзара қарым-қатынасы және өзара көмек түрлері.
4. Оқушылардың танымдық қуатын және танымдық қабілетін арттыру. Сабаққа үй тапсырмасының орындалуына назар аудару, оқушыларды шашыраңқы және босаңдыққаназар аударуға даярлау. Оқушылар зейіні есте сақтау қабілетінің түрлерін арттыру (көзбен көру, есту, жан-дүниесімен араласу). Оқушылардың нашар қабылдауы, оқу материалдарын есте сақтауы. Ойлау қабілеті, танымдылығы жоғары оқушылар, талдау жасай білу, біріктіре алу, өз бетімен нәтиже шығара алу, қабылдауы, олармен жеке жұмыс жасау. Ұжымның оқу процесінде жұмыс істеу дәрежесі, оқушылардың шығармашылықпен айналысуымен анықталады.
5. Оқушылардың шығармашылық таным және шығармашылық белсенділігі. Танымдық қабылдау қабілеті және ойлау қабілеті жоғары оқушылардың бар болуы, тапсырманы ұжымның шығармашылық тұрғыдан қарауы және шығармашылық іс-әрекетке талпынуы.
6. Ұжымның әлеуметтік тәрбиені меңгеруі және тәрбиелік деңгейі. Сыныптағы тәртіпке жалпы мінездемесі. Сабақтағы және сабақтан тыс тәртіп мінездемесі. Тәртібі төмен оқушылар, тәртіпсіздіктің түрлері және туу себептері. Байқағыштық, жан-жақтылық, нақтылық, адалдық сезімдерінің т.б. пайда болуы. Бұндай сезімдерді қалыптастырудың қандай түрлері, әдістері бар? Қорытынды: мәселелерді анықтау, ауа-райын, тапсырманы білу.
https://stud.kz/referat/show/2731
Достарыңызбен бөлісу: |