Мимықова Гүлім Нұрғалиқызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебінің
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Тренинг тақырыбы: Мұғалім –мектеп жүрегі
Тренинг мақсаты: Жас мамандардың ұстаздық қасиеттерінің қалыптасуына бағыт беру, кездесетін қиыншылықтардан, кедергілерден шығу жолдарын ұғынуға көмектесу,шығармашылыққа баулу.
Тренинг барысы:
І. Кіріспе.
ІІ. «Менің жаңа есімім...»
Психогеометриялық тест.
ІІ. «Мюнстерберг» әдістемесі
ІІІ.Педагогикалық жағдаяттарды шешу
ІҮ. «Өзіңді білгің келсе...»
І. «Мұғалім –тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өткені ел болашағының кілті-бүгінгі жас ұрпақтың қолында.Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші-ұстаздардың қолында.Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады» -деп Елбасымыз атап көрсеткен. Осыдан бірер жыл бұрын еліміздегі мұғалімдердің орташа жасы 45 жас болып, мұғалімдікке жас талапкерлерді тарту қоғамымыздың өзекті мәселесіне айналған еді. Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және орта арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілектестігімді білдіре отырып, бүгінгі «Мұғалім –мектеп жүрегі» тренингіне қош келдіңіздер!
ІІ. « Менің жаңа есімім...» Әр қатысушы өзін осы тренинг бойы кім деп атағанын қалайды, сол есімді қағазға жазып, бейджекке кіргізеді.Бұл есім тенинг бойы сол адамның есімі болады. Осы атыңыздың алғашқы әрпін алып өзіңізді таныстырыңыз. Мысалы: Гүлім Г- Гүлмін, гүлдей жайнап жүремін.
Психогеометриялық тест. Әр қатысушы өзі таңдаған фигураға байланысты мінездемесі оқылады.
Шаршы- Төрт құбыласы тең болсын деген адамдар таңдайды.. Ұйымдастырғыш , адамдарды тыңдай білетін, алдына қойған мақсатына жете білетін адам.
Үшбұрыш- Көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш.
Тіктөртбұрыш- көңіл-күйі өзгермелі, табиғи тұрғадан әлсіздеу.жаңа идияларға жақын, білуге құмар ізденгіш
Шеңбер- Осы 5 фигураның ішіндегі ең мейірімді, қарым-қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерге қарайлайтын, кең пейілді адам.
ирек-Көңіл-күйі өзгеруге бейім, білімге ынталы келеді.шығармашылық қасиеттері басым үнемі ізденіс үстінде жүретін адамдар.
ІІ. «Мюнстерберг» әдістемесі
Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.
Нұсқау:Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіз тез оқи отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек. Жұмыс уақыты-2 минут. Табылып сатын сызған сөздер саны қатеге байланысты бағаланады. Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептелініп хабарланады.
пврсдәптерпмрпампартаитрнпритерезеориоотоиторындықрппеампр
Аасаапсағатпсапвсаматарппраенамммртьотанлблщдлдбаспалдақьогпа
Апаспазпргвенпиқызметкерорльдлдждхоқушыюэщтонеаеаввыяы
Щнттшатыррьдлдггвуктақтауыцйясчвптигазетфоряотолодщжкітапжлочуй
ІІІ.Педагогикалық жағдаяттарды шешу
1.Топ. Оқушы мен оқушының арасындағы бір қақтығыс. Содан шығу жолдары.
Сәкеннің ұялы телефонын Азамат сабақ үстінде алып ойнап отырды, мұғалім оны байқап, ұялы телефонды алды да тәрбие меңгерушісіне берді. Өйткені ол оқушының сабақ үстіндегі бұл әрекетін басқа жолы да байқап, ескертулер жасаған болатын.. «Сен үшін менің телефонымды алып қойды»-деп екі оқушы қатты ренжесті.Ренжестің арты төбеліске алып келді.
Сіздің іс-әрекетіңіз.
2-топ.Ата-анамен мұғалімнің арасындағы қақтығыс шығу жолдары. Ата-ана мұғалімге келіп, «Менің балам өте ақылды, ұқыпты,ол күнде сабағына дайындалады.Ал сізнеге оған үштен басқа баға қоймайсыз? Сіз осылай істегендіктен үйде жанжал көбейіп кетті. Бәріне сіз кінәлісіз» деп жылап қоя берді. Сіздің әрекетіңіз
3-Топ. Бала тәрбиесіне ата-ананың селсоқ қарауына байланысты. Баланың тәртібіне байланысты ата-анаға бірнеше рет хат жолдаған , үйіне барып жолығуғакелген мұғалім ата-анаменаулада кездесіп қалды. Келе жатқан шаруасын айта бастағанда «Менің одан басқа маңызды шаруам болып тұр»-деп ата-ана кетіп қалды.Сіздің іс- әрекетіңіз
4-топ. Оқушымен мұғалім арасындағы жағдай.Тұрақты мекен –жайы жоқоқушы сабаққа күнде кешігіп келеді, өзінің киімдерінде ұқыптылық көрсетпейді. Мән жайды анықтамақ болғанда оқушы «Менің анам бізді әкеме тастап, кетіп қалды, әкем күнде ішеді, мені ұрады кей кезде үйде тамақта болмай қалады. Анама кетіп қалайын десем ақшам жоқ» деп жылап жіберді.Қарындасын шақырып «осы айтқандары распа?» дегенде «Аға әкем бізге қолының ұшында тигізген жоқ қой, ауырса да біз үшін жұмыс істеп жүр емес пе, сізге күнде ақша беріп отырады, Анам үйде ғой» деп көзінің жасын cүртті. Ал, Дания болса берген ақшаға компьютер клубында ойнайды екен. Сіздің іс-әрекетіңіз.
ІҮ. «Өзіңді білгің келсе...»
Сурет салу: күн, тау,үй, ағаш, қапшық, жол , сақина, гүл, жылан.
-Егер күн дәл ортасына салынса-жастық шағы қызықты, ал салынса –балалық шағы қызықты, батысқа салынса- кәрілік шағы қызықты өтеді.
-Тау дөңгелек салынса- мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам.
-Үй- суретте ағаш үй салынса, арманның орындалады. Егер бір терезе салынған балса, өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсек құмар адам.
-Ағаш біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды. Егер бірнешеу болса балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөледікөп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді,қаншалықты әдемі салынса сұлулыққа соншалықты құштар.
Қапшық., қалта қаншалықты үйге жақын жатса, байлық та жақын. Керісінше болса бәрі керісінше.. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық, Қапшық жерде жатса, жалқау, түрігеліп тұрса еңбекқор.
-Жол- үйге жақын жатса- жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса шашпа, айналасына тарататын адам.
Сақина-көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнататын адам. Көз болса болашақты
Ойлайды, капитал жинайды.Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.
Гүл- үйге жақын орналасса қуаныш той болады, үйдің жиегінде орналасса,қызықты күндерің жақын.
Жылан- үйден алыс салынса, жауларың алыс, егер жақын орналасса көреалмаушыларың айналаңда.Суретте қайсысы үлкен салынса сенің өмірің үшін маңызы зор.
Құрметті жас мамандар, бүгінгі өзін-өзі тану пәні ұйымдастырған «Мұғалім –мектептің жүрегі» тренингіне келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!
Қазақта сөз бар, «Жас келсе -іске», «Жас маман! Әр бала –бір жұлдыз. Жарқырауына көмектес!»
Күнде өсіп-қарап, зерттеп бағады,
Зерттеген соң, зердеге салады.
Не тілесі соны біліп, түсінер,
Білген сайын іштен жиі күрсінер.
Ілім білген дана атанар ақыры
Білім елге пайда берер ашығы
Туғаннан-ақ білімге ынта болмаса
Оқу іздеп қиналмаңдар онда, аса
Бала білім жолын қусын десеңіз
Бала миы- дақ тимеген қағаз нақ
Миға сөзін ұмытпасқа жазар бақ.
Жүсіп Баласағұни
Достарыңызбен бөлісу: |