Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
Ресейдегі және шетелдердегі әлеуметтік тәрбие теориясы мен практикасының дамуы қалай жүзеге асты?
Ресейдегі әлеуметтік педагогиканың дамуының ерекшеліктері
№5 дәріс
Тақырып: Баланың әлеуметтенуіне мезафактор әсерлерінің негізгі құрамдастары.
Мақсаты: Баланың әлеуметтенуіне әсер ететін мезафакторларды талдау, аймақ, субмәдениет, т.б. ұғымдарға түсінік беру.
Дәріс мазмұны
Әлеуметтену мезафакторлары.
Аймақ , субмәдениетке жалпы сипаттама.
Әлеуметтену 4 факторға бөлінеді: мегафактор (әлем планета), макрофактор (ел, мемлекет, ұлт), мезафакторлар (регман, БАҚ,субмәдениет), микрофакторлар (көршілес, отбасы, микрқағаз).
әлеуметтану мезафакторлардың аумағына қатысты. Регион- бұл әлеуметтік-экономикалық жүйесі дамыған мемлекеттің бөлігі. әлеуметтану үрдісін құру, бағыттау, бақылау регионның негізі болып табылады.
табиғи-географиялық экономикалық сипаты, тұрғындардың тұрақтылығын анықтайды.
әлеуметтік-географиялық – халықтың орналасу тығыздығы, тұрғындардың орналасуы, тұрғындардың кәсіптік қызметі, региондардың басқа региондармен араласуы жатады.
Климаттық –экономикалық регионның урбанизациялық сипаты.
әлеуметтік- экономикалық – регионның даму перспективасы тұрғындардың өмір сүру деңгейі, басқа региондармен және басқа да елдермен экономикалық байланыс.
әлеуметтік-деморафиялық –тұрғындардың ұлттық құрамы, құрылымдық өсуі, отбасы түрлері.
Тарихи және культурологиялық – тұрғындардың әдеттері, өмірлік стилі, дәстүрі, архитектурасы.
Регион әлеумттенудің бағыттылығына әсер етеді. Региондағы заң шығарушы және орындаушы өкімет мынадай мақсаттарға бағытталған:
Біріншіден, региондағы актуалды жағдайларды талдайды және тұрмыстық-экономикалық және әлеуметтік перспективаларды анықтайды, әлеуметтану жағдайын және оның өзгеруін біледі.
Екіншіден, регионның актуалды жағдайын және мәселелердің даму тармақтарын, әлеуметтенуге әсер ететін- денсаулық сақтау, құқықты қорғау, әлеуметтік қорғаныс, мәдени ғылым және т.б. қарастырады.
Үшіншіден, региондағы басқару жүйесін диагностикалайды және әлеуметтену жағдайына әсерін тигізеді.
Аймақ – жалпы экономикалық, саяси және өмірі, тарихы, мәдени, әлеуметтік ерекшелігі бар әлеуметтік – экономикалық жүйені құрайтын, елдің бөлігі.
Аймақ – адамның әлеуметтенуі, өмір сүру салтының қалыптасуы, сақталуы, трансляциясы, табиғи және мәдени құндылықтардың сақталуы мен дамуы «немесе керсінше) жүретін кеңістік.
Аймақтың табиғи – географиялық ерекшеліктері көп жағдайда оның урбанизациялану деңгейін, экономикасының сипатын, тұрғындардың саны мен тұрақтылық деңгейін анықтайды. Климат адамның денсаулығына, жұмыс қабілеттілігіне, психикалық күйіне, өмірінің ұзақтығына сонымен бірге оның әлеуметтенуіне әсер етеді. Аймақтың әлеуметтік – географиялық еркшеліктері тұрғандардың тығыздығы, сипаты, тұрғагдардың дәстүрлі айналысатын ісін, сонымен қатар аймақтың басқа аймақтарға жақын ашықтығын, басқа аймақтардан және аймақ ішінде ақпарат алмасу тәсілдерін кірістіредіү. Бұл ерекшеліктер әлеуметтенуге жанаша әсер етеді, оларға өмір стилі, мобильдік, тұрғындарды ақпараттандыру көздері тәуелді, сәйкесінше олар баланың, жасөспірімдердің, жастардың дамуына әсер етеді.
Аймақтың әлеуметтік – экономикалық еркшелігі – оның аумағындағы өндірістің түрі мен сипаты, аймақтың даму перспективасы, тұрғандардың кәсіби құрамы мен өмір деңгейлері, басқа аймақтармен экономикалық байланысы. Аймақтың экономикасының сипаты, мысалы:Сібірге табиғи ресурстарды өндіру, Солтүстік – Батыс пен Орталықта өңдеуші өндіріс Орталыр – Черноземный аймағында өндірістік және ауыл шаруашылық өндірісінің үйлесімде болуы т.б. тән. Осындай аймақтың экономикасының сипаты тұрғандардың әлеуметтік кәсіби құрамына әсер етіп, экономикалық дамудағы бір қалыпыздық аймақтың құрғындарының өмір сүруіне өз әсерін тигізеді.
Аймақтың әлеуметтік – демографиялық ерекшелігі – бұл тұрғындардың ұлттық құрамы, жыныстық кезеңдік құрылымы, отбасы типтері (толық – толық емес, бір баланы – көп баланы), мирациялық процестер. Осы сипаттамалардың барлығы өскелең ұрпақтың әлеуметтеуінде өте маңызды роль ойнайды.
Аймақтар тұрғындардың этикалық құрамы бойынша ерекшеленеді. Біреулерінде моноэтникалық құрамы басым болады.. Енді біреулерінде екі – үш этнос бәрқалыпты үйлесім жабады. (Татарстанда: татарлар мен орыстар, Башқорстанда татарлар, орыстар, башқұрлар).
Тұрғындарыдң тұрақтылығы деңгейіне де көп нәрсе тәуелді болады. Аймақтағы тұрғындардың тұрақсыздығы мәдени – тарихи дәстүрдің жоғалуына себепші болады. Тұрғандардың тұрақсыздығы дәстүрдің сақталуына себебші болады, сонымен қатар даму процесіне кедергі келтіруі мүмкін. Амақтың демографиялық мінездемесі балалардың құндылық бағдарларымен, өмір сүру салттарына, тұлға аралық қарым-қатынас сферасындағы сонымен қатар жас кезең аралық, жыныс аралық, менэтникалық қатынас ұстанымдарына, аймақтағы әлеуметтік – психологиялық жағдайға елеулі әсер етеді.
Аймақтың тарихи және мәдени айырмашылықтар тұрғындарға тән ұстанымдар, өміс сүру салты, салт – дәстүрлер, ұлттық мейрам және ойындардан, фольклор, архткструа, үй интерьерлерімен көрінеді.
Аймақ тұрғындарының тілдерінде де айырмашылық болады.
Жалпылама коммуникация тәсілдері.
Жалпылама коммуникация тәсілдері (жКТ) – үлкен саны көп аудиторияларға олардың көшегімен ақпарат таратуды жүзеге асыратын техникалық құрамдар (басқа, радио, кинематограф, теледидар, компьютер желілері).
Осыдан мың жыл бұрын адам коммуникация тәсілдерінің 4 түрін меңгерді – ауызша тіл, әуен, сурет және жазба. Кейін біртіндеп қарқын алып, коммуникация тәсілдері «көбейе» бастады. ХҮ ғасырда басылған кітап, ХҮІІ ғасырда – газет, журналдар пайда болды. ХІХ ғасырда жаңа революциялық кезең басталды – радио, телефон, кино, грамзаписьтер ойлап жабылады. ХХ ғ «көбею» темпі үдей түсті – телевидение, видео үнтаспа, компьютер желілері, оперативті полиграфия (ксерокс т.б.) космоспен байланыс үдей түсті ХХ ғ алғында жалпылама коммуникацияның электрондық тәсілдері жазбаша тәсілдерді ығыстырып шығарды.
ЖУСТ-ның келешек даму тенденциясын ЖКт-ның жаңа құрылымдары жетіліп жатқан постиндустриалдық қоғамдардан байқауға болады. АҚШ-та әр отбасына 500 ге дейін канал ұсынатын каналдар ойлап табылды, енді онда теледирларға өзара телестанциялар арқылы әрекеттесуге мүмкіндік туады. Бұл теледидар интгративті деген атқа ие болды. ЖКТ-ны әлеуметтенудің факторы ретінде қарастыра отырып өзара әрекеттестік ағымының объктісі жеке индивид ғана емес үлкен аудиторияны құрайтын адамдардың үлкен тобы екенін секеруіміз керек. ЖКТ-ны әлеуметтенудің мезофакторы ретінде қарастыруға ақпаратты таңдамалы қабындау деңгейінің жоғарлауының кепілі болып отырған жалпылама саулнамалардың материалдары мүмкіндік береді. Теледидар көру, газет оқу және радио тыңдау нақты таңдаудың сферасына айналып отыр. ЖКт-ның стихиялық әлеуметтенуге әсері бірнеше жағдайлармен анықталады. ЖКТ алдымен рекреативтік роль атқарады, өйткені көп жағдайда топ немсе жеке адамдардың бос уақыттарын өткізуін анықтайды. Бұл роль барлық – адамдарға қатысты, өйткені тынығуда кіап оқу, кино қарау, компьютерде отыру аралдарды күнделікті міндеттерден алаңдатады.
Рекреативтілікпен ЖКТ-ның реклансациялық ролі тыңыз байланысты. Ол әсіресе жасөспірімдер мен жастар туралы айтқанда құнды.
Көптеген жастар мен жасөспірімдер үшін әуен тыңдау, компьютермен жұмыс, кітап оқу т.б. тұлғаларалық қарым-қатынас дефициінің компенсациясы болып табылады. ЖКТ адамның дамуында үлкен роль атқарады. Бірақ бұл көзқарасқа қарама-қайшы пікірлерде бар.Платонның пікірінше жазудың пайдаболуы адамның шығармашылық қабілетінің дамуына әкелді.
Оқуға деген қызығушылықтың төмендеуін кино, радио, теледидар, видеоның пайда болуымен түсіндіреді. Бірақ зерттеулердің көрсетуінше ЖКТ-ның адамның дамуына әсері бір жақты болмаса да, көп жағдайд апозитивті, Американ ғалымдары Шрам, Лайл және Паркер 1961 ж теледидар көру баланың дамуын бір жылға тездететіндегі, әсіресе мектепке баратын жағында дүниетанымын кеңейтетіндігі жөнінде қортындыға келеді.
Стихиялық түрдегі әлеуметтенуде компьютерлер жүйелері ерекше роль атқарады. Компьютермен жұмыс бір жағынан қатынастың, әлеуметтік құндылықтармен алмасу мүмкіндігінің кеңеюіне, жаңа тәжірибелердің туындап, жүзеге асуына, қиялдың дамуына, шет тілдерді меңгеру интенсификациясына т.б. әкеледі. Екніші жағынан компьютер желісіне «тәуелділік синдромына» әкеледі, қызығушылықтар аясы тарылады, әлеуметтік оңшаулану байқалады, эмоционалдың реакция әлсізденеді, ақиқатты сезінбу орын алады. ЖКТ болашақта әлеуметтік қызығушылықтардың бірі-болаотырып қоғамның және жеке әлеуметтік топтардың сұранысын орындайды. ЖКТ әлеуметтенуге бағыттаушы әсер етеді. Осы жердің екі апектісін белгілейік.
Біріншіден ЖКТ түрлі жас кезеңіндегі адамдардың әлеуметтік нормаларды меңгеруіне, саясат, экономика және құқық саласында құндылық бағдарлардың қалыптасуына елеуілі етеді.
Екіншілен ЖКТ формальды емес оқыту, ағарту ісінің жүйесі ретінде болады. Ағарту және ақпараттың көзі ретінде ЖКТ-ны ересек жастағы адамдар қарқынды қолданады.
ЖКТ-ның әсерінен адамның әлеуметтену процесіндегі өзіндік өзгерісі түрлі аспектіде жағымды да, жағымсыз да аспектілерде жүреді.
Медиақұрылымдар – тәрбиеленушілердің жалпылама коммуникацияның заңдылықтарын меңгеруі. Оның міндеттері: өскелен ұрпақты қазіргі замандағы өмірдің ақпараттық жағдайына дайындау, ақпаратты қабылдауға дайындау, оның психика әсерін тәсілдердің көмегімен коммуникацияның вербальды емес формаларының негізінде қарым-қатынас әдістерін меңгеуге дайындау.
Субмәдениет - олардан бөлек «біз» ретінде өздерін ұғымуға мүмкіндік беретін белгілі бір ақиқат және номинанды адамдар тобының ойлауды мен өмір сүру стиліне әсер ететін ерекше әлеуметтік- психологиялық көрсеткіштердің бірлігі, (нормалар, құндылықтар, стереотип пен талғамдар т.б.)
Субмәдениет – бұл автономды, салыстырмалы тұтас құрылым. Ол айқын көрініс табатын белгілерді біріктіреді: ерекше құндылық бағдарлар жинағы, нормалар мен мінез құлық әрекеттер жинағы, сол нормаларды ұсталушылардың өзара әрекеттестігі мен өзара қарым-қатынасы мен статустық құрылымды; қалаулы ақпарат көздерін, бос уақытты өткіздің еркін тәсілдері мен талғамдар; жаргондар; фольклор т.б.
Қандайда бір мәдениеттің қалыптасуының әлеуметтік базасы немесе негізгі тұрғындардың жас кезеңдің, әлеуметтік және кәсіби бөлігі сонымен қатар олардың ішіндегі контактілі топтар, діни секталар, формальды емес ағындар (хиппи, феминистки, экологистер) қылмыстық топтар, айналасатын істері бойынша бірігетіндер (аңшы, компьютерщиктер т.б.)
Субмәдениеттің қалыптасу өлшемі жас кезеңімен, адамдардың өмір сүру жағдайының экстремалдық деңгейімен байланысты белгілер.
Қандай да бір субмәдениетті алып жүрушілердің құндылық бағдарлары қоғамның құндылық және әлеуметтік тәжірибесімен анықталады.
Бұл жерде тек негізгі құндылықтар ғана емес қарапайым құндылықтар жөнінде де сөз болып отыр. Мысалы жалпылама қабылданған құныдылықтар бар сонымен қатар біреу үшін құныдылық, ал басқа үшін оншалық болмайтындары да бар. Жасөспірімдер мен жастар үшін елеулі мәнді болып табылатындарды ересектер «уақытты бос өткізу» деп бағалайды. Қазіргі заман балаларының қызығушылықтары алуан түрлі және дифференцияциаланған. Оларды жастар немесе балалар ересектердің ықпалына немесе назарынан қорғайды. Субмәдениеттерге тән мінез-құлық әрекеттері, өзара әрекеттестік және өзара қатынас нормалар мазмұны, сферасы, реттеуші әесрі өлшемімен өрекшеленеді.
Проәлеуметтік субмәдениеттерде нормалар негізінен мазмұнды түрде қоғамдық нормаларға қарама-қайшы келмейді, керсінше оларды толықтырады. Актиәлеуметтік субмәдениеттерде нормалар қоғамдыққа қарама-қарсы қойылған. Антиәлеуметтік әдетте жабық субмәдениеттерде нормативтік реттену қатаң және балалардың барлық өмірін қамтиды.
Этникалық құмарлықтар. Әрбір субмәдениеттпен оны алып жүрушілердің бәріне ортақ талғам, еркін уақыт өткізу әдістерін байқауға болады. Ол жас және әлеуметік мәдени ерекшеліктермен, өмір жағдайымен, мүмкіндіктермен, тіпті сәнмен анықтамалады. Сән (мода) бір әлеуметтік топтан екінші әлеуметтік топқа оңай таралады. Онда сол ортаның ататына тәуелді трансформацияға ұшырайды.
Сәнді ұстану – жасөспірімдік – жастық субмәдениеттің маңызды белгісі. Бұл костюм, сыртқы сәнденуден (шаш, ьояу, татуировка, пирсинг т.б.), билеуден, өзін ұстау манерасынан, тілінен, әуендік және эстетикалық талғамынан анық көрінеді. Мысалы: сыртқы сәндену мен киім сәні шартты түрде айтқанда жалпылама сипатта болады. Бірақ жасөспірімдік – жастық шақта оны қатаң ұстану керек. Автономды жасөспірімдік – жастық субмәдениеттерде сыртқы сәндену мен киім сәнінде белгілі айырмашылық бар.
Сән жасөспірімдік және жастық субмәдениеттердің басқа бір сипатын анықтайды – ол әуендік талғам. Жастар мен жасөспірімдер арасында музыкалық топтарды, топ атын, жетекшілік, лидерін олардың биографиясы мен дискографиясын білу өте маңызды. Субмәдениеттің тағы бір елеулі белгісі – жаргон ұстанушыларды ерекшелейтін өзіндік диалект.
Жасөспірімдік және жастық жаргондардың 4 тобын бөлуге болады. Біріншісі - жалпылама қабылданған мазмұндық мән сөздер мысалы: капуста, жасыл – доллар, төбесінен биік қапталған - өте сәнді киінген. Екінші – қалпылама қабылданған эмоционалды реңк беретін сөздер мысалы: крутой, железко. Үшінші – жаргон түрінде қолданылатындар. (боксы прикид т.б.) Төртіншісі – белгілі бір аймақтың өзінде ғана қолданылатын сөздер. Әрбір субмәдениеттің өзінде өз фольклоры туындап, өмір суреді – яғни шығармашылықтың сөздік, әуендік, ойындар, көркем – бейнелін түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |