А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Өзін - өзі бақылау сұрақтары



жүктеу 0,79 Mb.
бет21/54
Дата19.05.2020
өлшемі0,79 Mb.
#30533
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54
Әлеум пед 3 курс ППО

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

  1. Әлеуметтік – педагогикалық іс-әрекет қандай кезеңдерден тұрады?

  2. Дайындық кезеңінде қандай жұмыстар жүргізіледі?

  3. Технологияны жүзеге асыру кезеңінде қандай жұмыстар жүргізіледі?

3 дәріс

Тақырып: Әлеуметтік педагогиканың даму тарихы

Мақсаты: Әлеуметтік педагогиканың даму тарихына шолу жасау, Батыс Еуропа елдеріндегі әлеуметтік тәрбиенің қалыптасуын талдау.

Дәріс мазмұны


1. Дін және әлеуметтік жәрдемнің дамуы

2. ХІХ ғ. Батыс Еуропа елдеріндегі әлеуметтік тәрбие

(Г.Гегель, И.Г.Песталоцци, А.В.Дистервег және т.б.)

3. П.Наторп және әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуы.

Қайырымдылық, жәрдем туралы түсінік барлық дерлік ежелгі діндерде де бар. Әулиелік кітаптарда (Библия, Құран, Талмуд және т.б.) ізгі адам бейнесі суреттелген, ол жақынға көмектесуді мынадай негізгі белгілері арқылы әрекет жасайды: құрбандық махаббаты (1); басқа адамдардың азабын жеңілдету – бұл ең жоғарғы махаббат – берілу және қайтару (2); қайырымдылық және қонақжайлық (3); туысқа көмектесу – кешірім және табысу(4);. Діни жаззбаларда архаисттік қайырымдылық және ашық жек көру идеялары жүзеге асқан, ол қайыр үлестіруден, қайыршыларды асырап, жетім – жесірлерді жек көруден тұрады.

Батыстық жәрдемдесу парадигмасын құруда христиан дінінің дамуы аса зор роль атқарады. Ерте христиандық қоғамдар реципроктік жәрдемнің дәстүрлерін жалғастырады, яғни тек қоғам мүшелеріне ғана жәрдем береді. Алайда ежелгі христиандардың жәрдем идеологиясы ең негізгі рухани принцип деп біледі: жүрек қағысы, адамаралық өзара іскерлік, адамға деген тілектестік, оның проблемасына деген ниеттестік. Бұл идеология алғашқы христиандық дәстүрлерде өте айқын көрсетілген: бірге өтетін кешкі астар, рәсімдер. Христиандықтың күрделенуі осы «жанашырлық іскерліктің» күрделенуіне әкелді: ол енді тек христиандық қоғамның ішінде ғана емес, ол христианның бүкіл өмірінің негізі болады, ол социумға, басқаларға бағытталады, сонымен қатар христиан емес немесе социо – экстраверттік альтруизм (К.Юнг).

Христиандық оқуды тарату кезінде «қайырымдылық теориясы» дамыды (қайырымдылық – адамның тәрбиелігінің көрсеткіші), «кедейлік», «әділетсіздік» сияқты феномендерді қайта қарап, оларды жақсы қасиеттерге жатқызды. Оның негізіне шіркеуді әлеуметтік сферада қоғамдық институт ретінде екпінді тәжірибесі жатты және осы тәжірибе өміршеңдікке ықпал етеді. Еуропалық қоғамда шәркеу атқарған қызметтер (діни, саяси, шаруашылық, әлеуметтік, әскери, мәдени ағарту) ішінде көмек қызметі неғұрлым байқаулы болды. Қайырымдылыққа шақыру тек діни уағыз ретінде ғана емес, сондай – ақ іс жүзінде де іске асып отырды, ол қайыр беру, мұқтаждарға арналған жатақтар, госпитальдер,жетімдер, әлсіз және мүгедектерге арналған шіркеу қаржыланған үйлер салынған. Бұл қозғалыстың ең екпінді жақтаушылары ортағасырлық монархтық ордендер болды (бенедикттіктер, доминикандықтар, кармелиттер, тамплиерлер және т.б.). Кедейлікті насихаттау христиан шіркеуінің ең бір әлеуметтік бағдарламасы болды, бұл заңғыбастықтың үдеуі мен «кедей» монах орденінің пайда болуына негіз болды. Осылайша, кінәсін жуу әртүрлі қалыпта болды – кедейлікті мадақтаудан өз еркімен қайыршы болуыға дейін.Шіркеудің екпінді қайырымдылық іскерлігі ортағасырлық Еуропаның аштық, індет сияқты әлеуметтік проблемаларын шешуге себеп болды.

Алайда ХV – ХVІІ ғасырларғы Еуропадағы христиан дінінің дамуы жәрдем беру практикасына өзгерістер кіргізді. Енді протестанизм (Мартин Лютер) принциптер негізіне оның адам Құдайға толықтай тәуелді, шіркеуге емес немесе Библияны жалғыз дін көзі деп санау болды. Протестанизм көз қарасы бойынша жердегі және әулиелік өмір бір, жердегі өмір Құдайға құлшылық ету, құтқару жолы – жердегі өмірде құлшылық, байлық сөгіледі, іске қызмет ету деген пікір пайда болады және қалыптасады, қайыр беру дұрыс емес деп саналады. Бұл үрдістің ең белсенді қатысушылары ортағасырлық монархтық ордендер болды.

Кеш феодализм және ерте буржуазиялық қарым – қатынастар кезінде алдыңғы Еуропалық елдердегі шіркеу мен мемлекет арасындағы байланыс өзгеріске ұшырайды. Қайырымдылықтың шіркеулік – монастырлық жүйесі бағынудан кетті, кәсіби қайыршылар топтары пайда болды. Шіркеу өз бетімен бақылай алмады. Мемлекет заң тұрғысынан реттей алатын жаңа система керек етті. Осылайша жаңа мамандық негізі салынды (әлеуметтік қызметкер, соңынан әлеуметтік педагог) бұнда кәсіби іскер қызметтермен қатар этикалық қасиеттер қатар болады.

ХІХ ғасыр бойына Батыс Еуропа елдерінде әлеуметтік тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесінің қалыптасу үрдісі жүрді. Әлеуметтік педагогиканың теориясы мен практикасының қалыптасуы жалғаса түсті.

Г.Гегель жеке тұлға қоршаған ортамен байланыста қалыптасады деген ойды тұжырымдайды, ал ол тәрбие арқасында мәдениетке, социумға байланысады. Ол отбасы мен мемлекет ортақ құлықтардың әлеуметтік қалпы болып саналады деді және тек олар бала тәрбиелеуді өз мойнына алады. Сондықтан ол тәрбие мемлекеттік болу керек және ол бастауыш мектеп, гимназия, университет арқылы өтеді және оған шіркеу сияқты әлеуметтік институтты қатыстыруға болады,- деді.

И.Г.Песталоцци приютке балаларды қайта тәрбиелеудің әлеуметтік формасы ретінде ерекше көңіл бөлді және ол тәрбиені жағдайлар адамды қалыптастыратын әлеуметтік үрдіс деп білді, сондай – ақ жағдайларды ол өзі жасайды,- деді. Тәрбиенің міндеті – адамның барлық табиғи күштерін, қабілетін дамыту және даму жан- жақты болу керек деп есептеді.

Песталоцци мен Руссоның педагогикалық идеяларын жалғастырушы, неміс ағартушысы және классикалық философияның негізін қалаушылардың бірі, көрнекті педагог А.Дистервег. Тәрбиенің ең маңызды принциптері деп ол табиғи ұғым, мәдени ұғым, өз іскерлік деп санады. Мәдени ұғым дегеніміз тәрбиелеу кезінде қоғамның мәдени деңгейі мен тәрбие идеалын есепке алу деп білінді. Бұл тәрбиенің әлеуметтік белгіленуі делінді. Дистервег әр адам белгілі бір уақытта және қоғамда өмір сүрді деді. Сондықтан да тәрбие сыртқы жағдайлар, уақыт, эпоха рухын, бүкіл сол кездегі мәдениетті санау керек еді. Бұл өз уақытының әлеуметтік – тарихи жағдайларына байланысты бүкіладамдық тәрбиелеу идеясы болды.А. Дистерберг жалпы халықтық тәрбие беру идеяларын жақтады. Мектептің мақсаты - азаматтарды саналы адамгершілік рухта тәрбиелеу деп белгіледі.Жалпы адамға және халыққа деген сүйіспеншілік бала тәрбиесінде ұштасып жатуы қажет деп көрсетті.

Әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуы ХІХ ғ. болды. «Әлеуметтік педагогика» терминін Дистервег енгізді, дегенмен оның негізін салушы деп көптеген зерттеушілер неміс философы және педагогы П.Натори деп санайды. Өзінің «Әлеуметтік педагогика» еңбегінде ол адам да, қоғам да бір заңдылықпен дамиды деді, ол тәрбиенің қоғами мазмұнын белгіледі және оның бүкіл қоғамды қайта құрудағы мәнін белгіледі. Бүкіл қоғам саласының білім алу құқығын қорғап қалды.

П.Натори жігерді тәрбиелеуді педагогиканың ең негізгі жұмысы деп санап, әлеуметтік тәрбиелеудің үш түрін бөліп шығарды: үйдегі, мектептегі және еркін өзін - өзі тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – қоғамдық тәрбиенің бірінші сатысы. Екінші саты (мектеп тәрбиесі) - ол тәрбиені ұйымдастыру бағыты деп санады.Ол кезде адамның ерік күшіне бағытталған әсер болады, оны реттейді (жеке адамның жағымсыз еркін тежеп, жағымды еркін одан әрі дамыта түседі). Мектеп тәртібін Натори қоғам өміріндегі барлығы бағынуға тиіс заңды нормалармен тең деп санады. Осылайша, ғасыр аяғында әлеуметтік педагогика бүкіл жастағы және әлеуметтік категориядағы адамдарды әлеуметтік жағынан тәрбиелеуін зерттейтін педагогиканың өз алдындағы жүйесі болып қалыптасты.


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау