№66 (29297) 9 Суір, ДҮйсенбі 2018 жыл



жүктеу 3,47 Mb.
Pdf просмотр
бет11/16
Дата19.11.2018
өлшемі3,47 Mb.
#20721
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

9 СƏУІР 2018 ЖЫЛ

11

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––



Хорватияның Вараждин қаласында тіп жатқан теннистен «Дэвис кубогының» ширекфиналдық 

кездесуінде Қазақстан құрамасы корт иелерінің жүйкесін әбден жұқартты. лемдік теннисте 

кшбасшы қатарда жүретін шақпақ жейделілер Қазақстан құрамасы таразы басын теңестіргенде 

тықыршып, тынышы кете бастады.  

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

SPORT

ЖАҺАНДЫҚ ЖАРЫСТАР



Жазда супер трансфер 

жасамақшы

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––



Англияның «Манчестер Сити» клубы бас бапкері Жозе Моу-

риньюның бастамасымен жаз мезгіліндегі трансфер маусымын-

да шабуыл шебін ТОП футболшылармен толықтырмақ ниетте. 

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Шетелдік басылымдардың жазуынша, «Манчестер Сити» жазғы 

маусымаралық үзілісте Харри Кейн («Тоттенхэм»), Мохаммед Салах 

(«Ливерпуль»), Неймар (ПСЖ) жəне Антуан Гризманн («Атлетико») 

секілді шебер футболшыларды сатып алуды жоспарлауда.

Футболшылардың бағасын анықтайтын Transfermarkt сайтының 

мəліметі  бойынша,  Кейн  мен  Салахтың  нарқы  шамамен  –  200, 

Неймардың бағасы 300 млн еуро. Ал «Атлетико Мадрид» Гризман 

үшін  100  млн  еуро  сұрап  отыр.  Бірақ  франциялық  футболшы 

«Барселона» клубымен келісімге келіп, жазда каталониялықтардың 

қатарына қосылуы мүмкін екені айтылуда.



Макгрегордың 

кезекті масқарасы

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––



Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ирландиялық Конор Мак-

грегордың достарымен бірге UFC 223 бәсекесінің қатысушылары 

отырған автобусқа шабуыл жасаған әрекеті әлеуметтік желілер 

мен әлемдік басылымдарда кеңінен талқыланып жатыр. 

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Видеодан көргеніміздей, Конор баспасөз мəслихатына қатысып, 

қонақүйге  кетіп  бара  жатқан  спортшылардың  автобусына  тас 

лақтырып, көліктің терезесін сындырған. UFC өкілінің жанындағы 

достары да тек тұрмай, автобустың екінші əйнегін шағып тастаған.

UFC  президенті  Дана  Уайттың  айтуынша,  жергілікті  тəртіп 

сақшылары Макгрегорға əзірше мемлекеттен сыртқа шыға алмай-

тынын түсіндіріп, одан «қарақшылық» оқиғасын тезірек түсіндіріп 

беруді талап еткен. Сондай-ақ Уайттың пікірінше, екі салмақ бойын-

ша əлемнің экс-чемпионының əрекеті – UFC тарихындағы ең келеңсіз 

оқиғалардың бірі. «Бұл – UFC тарихындағы ең ауыр оқиға. Тəртіп 

сақшыларына Макгрегорды қамауға алуға ордер берілді. Айта кету 

керек, автобустың ішінде ресейлік Хабиб Нурмагомедов те болған.



Екі минутта 

миллион доллар тапты

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––



Баскетболдан «Майами Хит» клубы мен Канада құрамасының 

шабуылшысы Келли Олиник ҰБА тұрақты чемпионаты аясында 

«Атланты Хокс» командасына қарсы ойын ткізіп, екі минуттың 

ішінде миллион доллар табысқа кенелді.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Баскетболшы мен клуб арасындағы келісімшартта Келли Олиник 

бір  маусымда  1700  минут  алаңда  ойын  өткізетін  болса,  команда 

басшылығы оған 1 миллион доллар көлемінде қаржылық сыйақы 

беретіні айтылған. Бұл жетістікке жету үшін Олиникке «Атланты 

Хокс»  клубына  қарсы  ойында  алаңға  небəрі  екі  минутқа  шықса 

жеткілікті еді. Бұл кездесуге дейін баскетболшы алаңда 1698 минут 

ойын өткізген болатын.

Канадалық  шабуылшы  аталған  матчта  22  минут  алаңға 

шығып, 19 ұпай жинаған. Кездесу қорытындысы бойынша «Хитс» 

қарсыластарынан 115:86 есебімен басым түскен. 



Роналдуды жекпе-жекке шақырды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––



Екінші жеңіл салмақтағы WBO белбеуі бойынша әлем чемпио-

ны, украиналық кәсіпқой боксшы Василий Ломаченконың  

менеджері Эгис Климас Криштиану Роналдуды Василийдің 

келесі жекпе-жегіне шақырғанын айтты.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

«Жуырда  Роналдумен  жолығып,  оны  жекпе-жекке  арнайы 

шақырдық. Ол 12 мамыр күні Нью-Йорк қаласындағы «Madison Square 

Garden» спорт кешенінде өтетін Ломаченко (суретте) – Линарес 

айқасына келуге уəде берді», дейді Климас. Айта кетейік, бұған дейін 

Ломаченко португалиялық футболшыға бокс қолғабын сыйлаған еді. 

Дайындаған 



ли БИТ•РЕ,

«Егемен Қазақстан»

ТЕННИС

ФУТБОЛ


–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

•ткен сенбі күні премьер-лига командалары Қазақстан 

чемпионатының тртінші тур ойындарын ткізді. Алдыңғы 

турларға қарағанда футболшылардың бабына келе бастағаны, 

техникалық мүмкіндіктері арта түскені байқалады. Тртінші 

турдың алты ойынында командалар голдан жаңбыр жауғызды. 

23 гол! р ойынға шаққанда орташа есеппен 4 голдан соғылған 

екен! рине ткен турмен салыстырғанда гол саны екі есеге 

кбейген.

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––



ли БИТ•РЕ,

«Егемен Қазақстан»

Төртінші  турдың  орталық 

ойыны  Павлодарда  өтті. 

Жергілікті  «Ертіс»  команда-

сы  былтырғы  ел  чемпионда-

ры  «Астананы»  өз  алаңында 

қабылдап, жанкүйерлерінің ал-

дында 1:6 есебімен тас-талқан 

болып  жеңілді.  Аталған  кез-

десуде  елорда  командасының 

жас  футболшысы  Бақтиер 

Зайнутдинов  хет-трик  жасаса, 

65-минутта  Роман  Мұртазаев 

есепті еселеді. «Астананың» тағы 

бір жас таланты Юрий Перцух 

70-минутта  командасының 

бесінші голын салды. Премьер-

лига бойынша наурыз айының 

ең  үздік  футболшысы  Марин 

Томасов  ойындағы  алтыншы 

голды қақпаға тоғытты. Ал алаң 

иелерінен  Габриэль  Эрнандес 

90-минутта қонақтарға бір гол-

мен жауап берді.

Бұл  турдың  ең  тартысты 

ойыны  Қостанайда  «Тобыл» 

мен  əлі  жеңіс  дəмін  татпаған 

«Атырау»  арасында  өткен  бо-

латын.  Матчқа  дейін  футбол 

мамандары  «Тобыл»  клубына 

үш ұпайды оңай бере салған еді. 

Алайда мұнайлы өлкенің фут-

болшылары Қостанайға жеңіліс 

үшін келмегенін байқатты. Тіпті 

бірінші  тайм  қорытындысы 

бойын ша «Атырау» 1:2 есебімен 

жеңіп тұрған. Дегенмен ойын-

ның екінші бөлігінде алаң ие-

лері  басымдықты  арттырып, 

қар сыластарының қақпасына 2 

гол соқты. Қорытынды есеп – 3:2.

  Өткен  турда  «Ақтөбемен» 

тең ойнаған Алматының «Қай-

раты»  бұл  турда  «Ақжа йық-

ты» 3:0 есебімен жеңді. Əзір ге 

Алма тының командасы үшінші 

орында келеді. Ал Шым кенттің 

«Ор дабасы» командасы осы тур-

да да жеңіске жетіп, 12 ұпаймен 

көш  басындағы  «Астанамен» 

иық тіресіп келеді. «Ордабасы» 

– «Ақтөбе» 3:1.

Көш  соңында  келе  жатқан 

«Қызылжарды» өз алаңында 2:1 

есебімен жеңген Қарағандының 

«Шахтері»  турнир  кестесінде 

бесінші орынға көтеріліп алды. 

Ал Талдықорғанда өткен матч-

та  «Жетісу»  Қызылорданың 

«Қайсарын» 1:0 есебімен жеңіп, 

маңызды  үш  ұпайына  қол 

жеткізді. 

Төртінші турдың ойындары 

мынадай  нəтижелермен  аяқ-

талды:


«Жетісу» – «Қайсар» – 1:0 

(1:0), Джалилов Рауль, 24 (1:0). 

«Ертіс» – «Астана» – 1:6 (0:1). 

Бақтиер Зайнутдинов, 39 (0:1), 

Бақтиер Зайнутдинов 50 (0:2), 

Бақтиер Зайнутдинов 61 (0:3), 

Роман Мұртазаев 65 (0:4), Юрий 

Перцух 70 (0:5), Марин Томасов 

88 (0:6), Габриэль Эрнандес – 90 

(1:6). 


«Тобыл» – «Атырау» – 3:2 

(1:2). Антон Шиндер, 22 (1:0), 

Марат Хайруллин, 27 (1:1), Нейн 

Джозеф, 40 (1:2), Антон Шиндер, 

64 (2:2), Джаба Канкава, 68 (3:2). 

«Шахтер – «Қызылжар» – 2:1 

(2:0). Дамир Кояшевич, 5 (1:0), 

Александр  Мигунов,  9  (2:0), 

Братислав  Пуношевац,  90+1 

(2:1). 

«Қайрат» – «Ақжайық» 

–  3:0  (2:0).  Исаэль  Барбоса, 

19  (1:0),  Уго  Сильвейра,  33 

(2:0), Георгий Жуков, 81 (3:0). 



«Ордабасы» – «Ақтөбе» – 3:1 

(2:1). Темірлан Ерланов, 14 (1:0), 

Тимур Досмағамбетов, 17 (2:0), 

Хрвое Милишевич, 44 (2:1), Иван 

Нагаев, 66 (3:1).

Төртінші  турдың  қысқаша 

статистикалық нəтижелері мы-

надай:


Төртінші турдың алты ойы-

нын тамашалауға – 20 100 кө-

рермен  келді.  Үшінші  турда 

14 900 жанкүйер келген-ді. Ең 

көп жанкүйер «Қайрат» – «Ақ-

жайық»  матчында  жиналды





7 100 жанкүйер. Ал ең аз жан-

күйер «Жетісу» – «Қайсар» ой-

ынына келді. 800 адам.

Төртінші  турдың  алты 

ойы нында – 23 гол соғылды. 

Ең көп гол «Ертіс» – «Астана» 

матчында соғылды. 7 гол. Ең аз 

гол «Жетісу» – «Қайсар» ойы-

нында соғылды. 1 гол. Бұл турда 

тең есеп тіркелмеді. 



Төртінші  турдың  алты 

ойы  нында  футболшыларға 

– 18 сары қағаз көрсетілді. Ең 

көп сары қағаз – «Қызылжар» 

клу бының  футболшыларына 

берілді – 4. 



Төртінші  турда  премьер-

лигадағы ең бірінші хет-трик (бір 

ойыншы 3 гол соқты) тіркелді. 

Авторы – Бақтиер Зайнутдинов 

(«Астана»). 

Төртінші турдан кейін – екі 

футболшы 3 голмен



 мергендер 

көшін бастады.



 Олар: Исаэль Да 

Силва Барбоса («Қайрат») жəне 

Бақтиер Зайнутдинов («Астана»). 

Сəуірдің  14-і  күні  өтетін 

бесінші турда мына команда-

лар өзара ойнайды: «Ақжайық» 

–  «Ордабасы»,  «Ақтөбе»  – 

«Тобыл», «Астана» – Қайрат», 

«Атырау» – «Шахтер», «Қайсар» 

–  «Ертіс»,  «Қызылжар»  – 

«Жетісу».



«Астана» «Ертісті» ойсырата жеңді

ТУРНИР КЕСТЕСІ

№  Клуб

О

Ж

Т

Ұ

Доп Ұпай

1  Астана

4

4



0

0

13-1



12

2  Ордабасы

4

4



0

0

8-3



12

3  Қайрат

4

3



1

0

8-2



10

4  Тобыл

4

3



0

1

6-4



9

5  Шахтер

4

2



1

1

5-4



7

6  Ертіс

4

2



0

2

5-9



6

7  Ақтөбе

4

1



1

2

4-6



4

8  Жетісу

4

1



1

2

2-4



4

9  Ақжайық

4

1



1

2

2-7



4

10  Қайсар

4

0



1

3

1-5



1

11 Қызылжар

4

0



0

4

4-8



0

12  Атырау

4

0



0

4

3-8



0

Ермұхамед МУЛЕН,

«Егемен Қазақстан»

Вараждин (Хорватия) 

Жалпы текетірестегі алғаш-

қы матчты атақты Марин Чилич 

пен  Дмитрий  Попко  бас тады. 

Бұл екі теннисшінің деңгейі жер 

мен көктей еді. Ойын басталмай 

жатып  болжамшылар  жеңісті 

хорват теннисшісі тойлайтынын 

еш шүбəсіз айтты. Əрине əлемнің 

үшінші ракеткасы Марин Чилич 

жас теннисші Дмитрий Попкоға 

көжек көрген қасқырдай атыл-

ды. Матч басталысымен жой қын 

соққыларымен  бірден  қарсы-

ласты тықсырып алғысы келген 

Мариннің  бұл  ойы  іске  аспа-

ды.  Қазақстандық  теннисші 

Чиличтің  ауыр  соққыларына 

төтеп  беріп,  тіпті  реті  келген-

де  шабуылға  да  шықты.  Бірақ 

бұл  жағдай  бірінші  сеттің  5 

гейміне  дейін  ғана  жалғасты. 

Одан  кейін  бір  брэйк  жасап, 

қазақстандықтың  геймінде 

жеңіске  жеткен  Марин,  матч 

тізгінін өз қолына алды. Бірінің 

артынан бірін эйстер жасап гейм 

артынан гейм, сет артынан сет 

жеңді. Нəтижесінде 6:2, 6:1, 6:2 

есебімен Чилич алғашқы жеңісті 

тіркеп,  Хорватия  1:0  есебімен 

алға озды. 

Араға  сағат  салып  кортқа 

Хорватияның  тағы  бір  мықты 

теннисшісі Борна Чорич келді. 

Оның да ойы тек қана жеңіс бо-

латын. Қарсыласы Кукушкинде 

кеткен есесі бар. Мадридте өтіп 

жүрген турнирде 2 мəрте жеңілген 

екен. Бірақ жас теннисші одан 

бері бұғанасы қатып, білегі сом-

дала түскен. 2018 жылдың басы-

нан бері 2-3 жарыстың жартылай 

финалына жетсе керек. «Тұлпары 

озған  елдің  тайы  да  озар»  де-

ген хорват жанкүйерлері алақан 

соқты.  Бастапқы  сетте  Борна 

6:3 есебімен жеңді. Бірақ одан 

кейінгі  сеттерде  сенімділіктен 

айырылып,  ракеткасын  жерге 

ұрып, өз-өзінің құтын қашырды. 

Жас  жігіттің  желігіп  кеткенін 

көрген  Кукушкин  тəжіри бе-

сінің арқасында Чоричтің əлсіз 

тұсын қайта-қайта көздей берді. 

Михаилдың бірде жоғары, бірде 

төмен, тіпті кейде қысқа тас таған 

доптарының барлығы ұпайға ай-

нала берді. Қалған үш сетте ол 

7:6, 6:4, 6:2 есебімен ұт ты. Таразы 

басы теңесіп, алғаш қы жарыс күні 

Қазақстан құра масы үшін сəтті 

аяқталды. 

Ертесіне жалғыз ғана ойын 

жоспарланды.  Жұптасу  бəсе-

кесінде  біздің  құрамада  Алек-

сандр  Недовесов  пен  Ти мур 

Хабибуллин өнер көрсетті. Бірінші 

сетте  бұл  екеуі  Никола  Мек-

тич пен Иван Додигтің дег бірін 

қашырып, корттың түбі не тығып 

бақты.  Үлкен  жыл дамдықпен 

берген соққылары алаң иелерін 

əбігерге салғаны рас. Тай-брэйкте 

Недовесов өз тəжірибесіне салып, 

есепті 7:6 қылды. Алайда Хаби-

бул лин нің жастығы, мұндай ірі 

қарсыластарға қарсы көп ойна-

мағандығы  көп  əсерін  берді. 

Қазақстандық  жұп  қалған  үш 

сетте  жеңіліп,  ұпайды  уыстан 

жіберді. Кездесу аяқталысымен 

Хабибуллин сенімді ақтай алма-

дым деп көзіне жас алды. Енді 

қалған екі кездесуде Ку кушкин 

мен Попконың қимылдарын қалай 

көреміз. Жұп тасуда жеңілген соң, 

келесі кезең ге өту мүмкіндігіміз 

күрт төмендеп кетті. 

Хорватия – Қазақстан тен-

нис  матчындағы  есеп ті  те-

ңестірген Михаил Кукуш кин 

тіл шілер сауалына жауап бер ді. 

–  Бірден  айтайын,  «Дэвис 

кубогында» рейтинг деген еске-

русіз қалады. Борна Чорич рей-

тингте  менен  əлдеқайда  биік 

тұр.  Алайда  бұл  –  жеке  сын 

емес, бұл ұлттық құрама ойыны. 

Мұнда маған көмектесетін адам-

дар көп. Бүкіл ел болып жолыма 

қарап отырғанда, ешкімді жерге 

қаратқым келмеді. Осы ой мені 

бүгін алға жетеледі. 



– Жеңіске жетуге не себеп 

бол ды? Қарсыласыңыздан күт   -

кендей басымдық көре алды-

ңыз ба?

– Əрине ойынның бастапқы 

бөлігінде ол өте агрессивті ойна-

ды.  Бірақ  кейіннен  құм  төсе-

нішіне жылдам бейімдел мегенін 

байқатып алды. Борна екеуміз 

бір-бірімізді  жақсы  білеміз. 

Оның үстіне осы ойынға АҚШ-

та ғы жарыстан бірге келдік. Ол 

жақ та хард төсеніште ойнадық. 

Ал мұнда жағдай басқаша. Кө-

бірек  жаттығып,  қол  үйретіп 

алдық.  Шамасы,  құмға  мен 

жыл  дам үйреніскен секілдімін. 

Оны мен қоса екінші сеттегі тай-

брэктегі жеңісім маған психо-

логиялық  жеңілдік  жасады. 

Одан кейін үшінші сеттің басын-

да  тіпті  əрбір  ұрған  соққым 

ұпайға айналып жатты. 



Баспасөз мəслихатына Ми-

хаил Кукушкинмен бірге Диас 

Досқараев та келді. 

–  Екінші  сетте  Михаил  бір 

геймде  брэйк  жасады,  алайда 

қайтадан өзінікін беріп қойды. 

Дегенмен бұл оқиға екінші рет 

қайталанып,  қарсыласының 

геймінде жеңіске жеткен кезде 

біз жеңіске сендік. Қарсылас та 

шамамен сол тұста сынып қалды 

ғой деймін. 



– Бірінші сеттің 8-геймінде 

қатарынан көп қателесе баста-

ған Михаилге  қандай  ақыл-

кеңес айттыңыз? 

–  Бірден  байқағаным,  Ми-

хаил  қарсыластың  топ-спин 

(шиіріп  тастаған  соққылар) 

соққыларын қайтара алмай жат-

ты.  Одан  кейін  сол  бұрышқа 

қатарынан  екі  рет  ұрып,  оңға 

қарай бір мəрте ұр деген секілді 

ақылдарымды  дер  кезінде  ай-

тып  отырдым.  Менің  негізгі 

жұмысым  сол  еді.  Корттың 

түбіне қарай, яғни тордан кейін-

деу  барып  соққылар  жасауын 

сұрадым. Сырт көз сыншы ғой, 

Михаил көрмеген қателіктерді 

айтып тұрдым. 



Хорваттардың жүйкесі жұқарды


жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау