Тілім менің -тірегім Қазақ тілі -қазағымның қазақтығын айтатын



Дата15.02.2023
өлшемі67 Kb.
#41315
Жанат шығармашылық




Тілім менің -тірегім
Қазақ тілі -қазағымның қазақтығын айтатын,
Қазақ тілі-кең даламның ғажаптарын айтатын,
Қазақ тілін қаныммен де,жаныммен де сүйемін,
Тек мәңгі өшпей,оттай жанып тұруыңды тіледім.

Шыр-шыр еткен жас балаға үнді берген тілімсің,


Әлдилеген жас анаға әуен берген тілімсің.
Тілімменен тарихымды түсінемін, ұғынам,
Тіл қорғайтын күн туды,міне құлақтарың түрілсін.

Аналарым жырлап өткен ана тілім -арым деп.


Ата- бабам қорғап өткен ана тілім арым деп.
Сенде де қорға,сенде қолда қолыңдағы барыңды,
Ұрпағымыз айтып жүрсін қандай ғажап тілім деп.

Бостандығың құтты болсын,тілім менің-тірегім,


Тек тілім деп өле-өлгенше соғар менің жүрегім.
Қасиетіңмен әр сөзіңді санама мен құямын,
Өз тілдерін білмей жүрген адамдардан ұялдым.

Бұрмалама,қорламашы өз тіліңді жас ұлан,


Өзге тілге ауыспашы,тіл,діліңді жас қыран.
Өркендесін,өрлей берсін,өткір,таза тіліміз,
Тілі көркем,сөзі алтын ана тілден шаттанам.
Сан қиындық көрсе де жасқанбаған қазақ тіл,
Аштық соғыс,сұмдықтан да тайсалмаған қазақ тіл.
Қырандай көкте қалықтай берші,мәңгі бақи ғұмырлық,
Тілімен де, жырымен де жасай берсін қазақ бұл.
Қыста-панаң
Ал жазда-саябағың
Ана деген-ақыл-ой мен парасат,
Ана деген-мәңгі өшпейтін ардақты ат.
Жалғасар ана жолы тілекпенен,
Ойлағаны тек оның бала болып,
Табаныңнан ешқашан сыз өтпеген.
Ана сені мәпелеп өсіреді,
Кейде ұрсып,кейде ол жекіреді.
Сонда-дағы ол ана,ана емес пе,
Қайта келіп құшақтап,ол сүйеді.
Ананы әрқашанда аялағын,
Көмегіңді сен одан аямағын.
Бір күн емес,сенің қашан көрсең,
Қыста - панаң, ал жазда - саябағың.
Үш ардақты
Алдымен анаң қымбат өзіңе,
Жалған айтсаң,кейде сенер өзіңе,
Ақ сүт беріп аялады ол сені,
Дақ түсірмей аппақ қана жүзіңе.
Екінщіден әке қымбат ардақты,
Әрқашанда болар әке салмақты,
Тірбиелеп ақыл берер әкешің,
Болып өс деп тілек тілеп жан-жақты.

Жылай-жылай кө жасым да таусылды,


Алда талай атар таңым бар шығар.
Мөлдір таза ағып жатқан бұлақтың,
Таусылатын мезгілі де бар шығар.
Тек өзімнің қолымда
Ей,адамдар,ойланыңдар,
Ойнар күн бар,жылар да,
Мұңға батып жүректерің,
Кейде іштей тынар да.
Езілесің,егілесің
Жас та шықпай көзіңнен
Бұл өмірің осындай ма,
Әлде бір күн тынар ма?
Әп – әдемі көрінген бұл,
Қарамаппын жолыма.
Іздеппін мен бақытымды,
Өзінен тек өмірдің.
Бақытымның тізгіні де,
Тек өзімнің қолымда.

Жеңіс күніне


Бұдан бұрын сан қырғын майдан өтті
Қанша жастар қан кешіп жерді құшты
Талай қырғын майданда болып олар
Қаншама жас көкірегін оққа тосты

Елім,жерім, халқым деп не көрмеді


Талай адам көз жасын төгі еді
Қайтсем елді,жерімді қорғаймын деп
Қаншама ерлер армандап кетіп еді.

Кешегі қан майданда болып өткен,


Жүрегі арман шерге толып кеткен.
Еске алайық ардақты атаарды,
Біз үшін қара жерді құшып кеткен.
Еске алайық аяулы аналарды
Отан-деп ол жүрегін жаралады
Халқы үшін майданға өзі аттанып
Қуды туған жерінен залым жауды

Бүгінгі жеңіс күні құтты болсын


Жүрегіңіз әрқашан нұрға толсын
Қуаныңыз қайғыны ұмытыңыз
Бар адамға тыныштық, бақыт қонсын.

Соғыс туралы


Өлең жаздым азба көп


Пайдасы бар ма білмедім
Жүргеннен соң адам боп
Төз бәріне білгенім
Қалады екен бәрі артта
Қинала өмір сүргенің
Өтіп барад уақыт та
Есте қалар көргенің
Көпті көрген бұл адам
Ашаршылық,қорлықты
Тастағанда әр қадам
Оқ борорын бұл ұқты
Көп қиналды бұл кезде
Құдайым өзің сақтағын
Ұмыта алмаспыз лезде
Қанның су боп аққанын
Сұрапыл соғыс та өтті
Бейбіт күндер де жетті
Жабырқаған жадырап
Көздеріне жас кепті.Ұ

Болашаққа бет алу


Армысың,дархан елім,дана халқым,
Сақтаған көнедегі ата салтын,
Ұрпағың барда салтың сөнбек емес,
Әлемге шықты міне атақ-даңқың.

Қазағым, қиын күнді көріп өтті,


Өмірден ақын да,дана да өтті.
Халқымның ертеңі үшін шырылдаған,
Жолымен ата-баба бәрі кетті.

К.өрсек те не қиындық,мойымадық,


Ашаршылық,қорлықтан тірі қалдық
Сұм соғыспен төрт жылдай арпалысып,
Жеңістің туын ұстап жалындадық.

Желтоқсан жаңғырығы жаралады,


Ыстық қан сай-саланы аралады.
Қаншама боздақтарым жанын қиған,
Ерліктің зор үлгісі бола алады.
Елім менің,әлемге аты жайылған,
Еңбек етсең-қырман толы дайн нан.
Болашаққа қадам басып барам мен,
Үміт етіп жаңа туған айымнан.

«Өмір» туралы үздік сырлар


Өмір деген қызық өмір сүре білген адамға,
Өмір деген қиын екен сүре білмес наданға.
Ал бірінің бағы жанып қуанады ол кейде,
Ал біреуі қысқа өмір қызығын да көре алмай кетеді.
Өмір деген өтіп жатқан бір уақыт,
Өмір деген қуаныш пен мол бақыт
Өмір кейде қайғыртады,жылайды
Өмір кейде қайғыртады жырлайды
Өмір деген бітпейтұғын жол ұзақ
Кетпеген сен сол жолдармен тым ұзап
Бірі ұзын,бірі қысқа қиын өмір жолдары
Көрінеді жайнап саған ең көрікті жол ұқсап
Жолда ұзақ үй көрінді ажарлы
Бейтаныс жан сол көшеге қарады
Әп-әдемі болып тұрған бұл үйде
Не күтіп тұр мында жанда саналы
Абайсызда алға қадам тастады
Мына жолың үйге қарай бастады
Не күтіп тұр,ойын-күлкі,жоқ әлде
Белгісіз ғой бұл жолдарың оны қайда бастары
Сол жолменен жүре берді ойын-күлкі талайы
Осы өмір бұл адамға бек ұнаған сыңайлы
Уақыт деген өте берді,ай-күн демей зымырап
Ол артына қарады да жасқа толы жанары
Адасқанын сонда сезді жүргем деп қай жолменен
Өтіп еді талай күні ойын- сауық,күлкімен
Ұмытып ед ата- ана,дос-жаранын, бауырын
Не күтеді енді байқұс мынау жалған өмірден
Ей,болашақ кішкетайлар айтарым бар сендерге
Сен жаманды жақсылармен тең көрме
Айыра біл сен жманды жақсыдан
Бұл сөздерім керек болар түсінгенге,білгенге
Ол жаман ба,бұл жақсы ма бәрібір оның аты адам
Сүйкімді ме,сүйкімсіз ба,ұл ма,қыз ба,заты адам
Қиналғаны,адасқаны адалы да бар оның
Жақсылармен бұлар-дағы тастаса ғой бір қадам
Өмір деген ағып жатқан бір бұлақ
Бұл жолдармен жүріп келдің сен тура-ақ
Жабырқап сен жаңылсаң да өмірде
Қайта тұрғың,сүрінсеңде мың құлап.

Бақыт дер ем...


Егер біреу маған келіп,
Бақыт-не деп с ұраса
Бақыт дер ем,ата- анаң дайым аман болғаны
Сәби үні сыңғырлап, күлкісі үйге толғаны
Бақыт дер ем...
Жастық шақты,еш нәрсені ойламай
Қырдан-сайға жүгіре көбелекті қуалай
Бал татыған тіліменен ата-ананы қуантта
Тұрғандарын сәбидің алға қарай жүре алмай
Бақыт дер ем...
Аға-іні,апа-сіңлің,бауырларың болғанын
Қуанғанда-қуана,қайғыңды бірге болғанда
Жақсылықты асыра,жаманыңды жасыра
Қиналғанда жаныңда сені қолдап тұрғанын
Бақыт дер ем...
Досың болса,ақыл айтар сенімді
Адасқанда айтып тұрар жөніңді
Жазылып бір сыр бөліссең досыңмен
Айырмасын мұндай достан сенімді
Бақыт дер ем...
Сіңлің болса,ақылды әрі сүйкімді
Қуантатын қылығымен мың түрлі
Қимас едім досың да мен сенің
Бақыт дер ем...
Бір күн болсын,достарыммен қуансам
Қиындықты ұмытып мен жұбансам
Қаншалықты қинаса да бұл өмір
Соған төзім,жасымастан тұра алсам
Бақыт,бақыт,бақыт деген Отаның
Туған халқын,елің,жерің,дос-жараң
Бақыт деген іздегенге табылмас
Ойнап-күліп өмір сүріп жатқаның.

Анасыз өткен өмір өмір ме екен


Сағындым сені анашым
Келесің қашан жаныма
Аймалап сізді құшақтап
Жүремін қашан қасыңда
Қателік етсем мен саған
Кешірші мені анашым
Өмірім қалай өтеді
Сен болмасаң анашым
Сағынып сізді барамын
Іздесем қайдан табамын
Қай жерде жүрсіз айтыңыз
Жүгіріп қазір барайын
Түсіме күнде кіресіз
Тірімін деп жүресіз
Көремін қашан өңімде
Түс деген соқыр сезім бе
Сенемін қайта көремін
Қуанып сізбен жүремін
Бұл дүниеде көрмесем
О дүниеде көрермін.



Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау