Бағдарламасы аясында Иран еліне қысқа мерзімді ғылыми экспедициямен барған болатынмын



жүктеу 93,43 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.05.2018
өлшемі93,43 Kb.
#15386
түріБағдарламасы


Шет елдегі қолжазба тың деректер 

 

Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының 



ғылыми қызметкері Ғалия ҚАМБАРБЕКОВАМЕН 

Еркін БАЙҒАБЫЛҰЛЫНЫҢ сұхбаты 

 

–  Ғалия  Қамбарбекқызы,  Иранға  барған  сапарыңызда  «Қазақ» 



этнонимінің шығу төркініне қатысты тың деректер тапқан екенсіз. Ол қандай 

мәліметтерімен маңызды? 

–  Иә,  2013  жылы  «Халық  тарих  толқынында»  мемлекеттік 

бағдарламасы  аясында  Иран  еліне  қысқа  мерзімді  ғылыми  экспедициямен 

барған болатынмын.  

Сол  сапарда  Тегеран  қаласындағы  бірнеше  кітапхананың  қолжазба 

қорында  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  туды.    Соның  ішінде  Иран  Ислам 

Республикасы Ұлттық кітапханасының қорындағы белгісіз автордың «Тарих-

и  моғул»  қолжазбасы  қызықтырды.  Біз  жаңадан  келіп  түскен  қолжазба 

туралы естіген бойда бірден тапсырыс беріп, көшірмесін дайындауға кірістік. 

Алайда қолжазбаның толық көшірмесінің электронды нұсқасы 2014 жылдың 

күз  айларында  қолымызға  тиді.  Оған  осы  кітапхананың  Исламтану  және 

Ирантану  орталығының  жетекшісі,  тарих  ғылымдарының  докторы  Жафари-

Мазхаб  мырзаның  көп  жәрдемі  тигенін  айта  кеткен  жөн.  Қолжазбаның 

электронды  көшірмесін  оқи  отырып,  «Тарих-и  моғул»  шығармасынан 

«қазақ» сөзін кездестіргенімді үлкен олжа дер едім. Бұл сөз «Тарих-и моғул» 

шығармасының  «Қара  қытай  сұлтандары  (оларды  гурхан  деп  атайды)  және 

Тайан  ханның  ұлы  Күшлік  хан»  туралы  бөлімінде  кездеседі.  Белгісіз  автор 

аталмыш  бөлімде  Шыңғыс  хан  туылмай  тұрып  Баласағұн  қаласына  қара 

қытайлардың  келу  себебін  және  оған  дейін  Афрасиябтың  ұрпағы  болып 

келетін ханның билік құрғаны айтылады. Алайда бұл ханның әлсіз болуына 

байланысты қазақ, қыпшақ және қаңлы тайпалары (тайпа сөзі парсы тілінде 

ел  деген  мағынаны  да  білдіреді)  тыным  бермей,  қысым  көрсетіп  отырады. 

Баласағұн қаласының ханы қара қытайлардан жәрдем сұрайды. 

Айта  кетер  жай,  тура  осы  оқиға  «Тарих-и  джахангушаи»,  «Раузат  ас-

сафа»,  Хабиб  ас-сийар»  шығармаларында  да  баяндалады.  Алайда  бұл 

шығармаларда  «қазақ»  сөзінің  орнында  қарлұқ  сөзі  немесе  қаңлы,  қыпшақ 

атаулары кездеседі. Сонда «белгісіз автор «қазақ» тайпасы туралы мәліметті 

қандай  дерекке  сүйеніп  жазды?  Бұл  мәліметті  қайдан  алды?»  деген  сұрақ 

туады.  Қазақ  және  қарлұқ  (кейбір  қолжазбаларда  харлұқ,  қарлығ  деп  «ғ» 

әрпімен жазылған) екі түрлі сөз, екеуін белгісіз автор шатастыруы да мүмкін. 

Бірақ  белгісіз  автор  еш  уақытта  атын  естіп  білмеген  қазақ  сөзімен 




шатастыруы  мүмкін  бе?  Біздің  ойымызша,  қазақ  сөзіне  қатысты  дереккөзді 

белгісіз  автор  нақты  бір  дерекке  сүйеніп  жазған.  Сондай-ақ  қазақ,  қыпшақ, 

қаңлы деп қатар жазылуы да көп нәрсені аңғартса керек. 

Әрине, бір жағынан алып қарағанда бұл дерек үлкен жаңалық та емес 

шығар.  Бірақ  асықпай  барлық  моңғол  дәуіріне  қатысты  деректерді 

саралайтын  болсақ,  қызықты  мәліметтерді  алға  тартуға  болады.  Айта  кетер 

жай,  тура  осы  XIV  ғасырда  жазылған  парсы  тіліндегі  дереккөздерде  (басқа 

тілдердегі  дереккөздерді  айтып  тұрғанымыз  жоқ)  «қазақ»  сөзі  (этноним  әрі 

тайпа  аты  ретінде)  кездеспейді.  Десек  те  түркі-моңғол  тайпаларының 

тарихына  кеңінен  тоқталған  «Тарих-и  джахангушай  Джувайни»  мен  «Жами 

ат-тауарих»  шығармаларында  татар,  ұйғыр,  қырғыз,  түркімен,  көптеген 

моңғол  тайпалары  мен  түркі  (қазақ)  тайпаларының,  атап  айқанда  қоңырат, 

қыпшақ, қаңлы,  жалайыр, дулат,  керей,  найман  тайпаларының  аты аталады. 

Алайда  нақты  «қазақ»  сөзі  ұшыраспайды.  Қазақ  сөзін  бұрындары  отандық 

ғалымдар үшін (ирандық ғалымдар үшін де) белгісіз болып келген «Тарих-и 

моғул»  шығармасынан  кездестіргелі  бері  басқа  барлық  дереккөздерді, 

отандық тарихшылардың еңбектерін қарап шықтық және өзім жұмыс істейтін 

Шығыстану  институтының  ғалымдарымен  ақылдасып,  талқылап  пікір 

алмасудамыз.  Әрине,  талқылаусыз,  өзге  мәліметтермен  салыстырмай, 

сараптамай  бұл  дерек  ғылыми  айналымға  енбейді.  Ойымызды  қорыта 

айтқанда,  моңғол  шапқыншылығына  дейін,  тіпті  Шыңғыс  хан  туылғанға 

дейінгі дәуірде қазақ, қыпшақ, қаңлы тайпаларының Баласағұн маңында өмір 

сүруі,  жергілікті  билікке  бағынбай,  қысым  көрсетуі  тарихи  шындыққа 

жанасады.  Сондай-ақ  бізге  белгілі  шығармалардың  ешбірінде  «қазақ»  сөзі 

жоқ,  ал  белгісіз  болып  келген  «Тарих-и  моғул»  шығармасынан  «қазақ» 

сөзінің кездесуі зерттеушілер үшін үлкен жаңалық деуге болады. 

–  Иран  сапарынан  әкелген  қолжазбаларыңыздың  ішінде  қазақ 

хандарының  тарихына  қатысты  дүниелер  бар  ма?  Бар  болса  олардың 

зерттелу барысы қалай жүріп жатыр? 

– Әрине бар. Ең алдымен Қасым ханға қатысты деректерге тоқталайын. 

Қасым ханның аты парсы тіліндегі бірнеше дереккөзде кездеседі. Солардың 

ішінде бұрындары белгісіз болып келген «Тарих-и Сафавие» атты шығармада 

Қасым  ханға  қатысты  тың  деректер  көптеп  кездеседі.  Бұл  қолжазба 

Тегерандағы  Қажы  Хусейн  Малек  кітапханасында  сақталған.  «Тарих-и  Са-

фавие»  (Сефевидтер  әулетінің  тарихы)  қолжазбасының  авторы  –  Исмаил 

Хусейни  Мараши  Табризи.  Аталмыш  қолжазба  Сефевидтер  әулетінің  (XVI-

XVIII  ғғ.)  тарихы  мен  осы  әулеттің  көршілес  елдермен  арадағы  қарым-

қатынасы  туралы  сыр  шертеді.  Қолжазба  372  парақтан  тұратын  қомақты 

еңбек.  Өкінішке  қарай,  беттер  саны  түгел  емес,  басында,  соңында  беттері 



түскен және ортасында жазылмай қалған ақ парақтар кездеседі. Қолжазбаның 

құндылығы сол, бірнеше жерінде Қасым ханға қатысты деректер келтіріледі. 

Қазақтың ханы Қасым ханның атын автор Дешті  Қыпшақтың «ханы» кейде 

«патшасы» деп атап көрсетеді. Аталмыш қолжазбадағы деректерге сүйенсек, 

Иран шахтары мен Орталық Азия хандарының арасындағы шиеленіске толы 

оқиғалар  әңгіме  болады.  Автор  Сефевидтер  әулетінің  негізін  қалаушы  I 

Исмаил  шахтың  ерліктерін  баяндай  келе,  Иран  шахы  мен  Мұхаммад 

Шайбани  ханның  арасындағы  шайқасты  кеңірек  баяндайды.  Ең  бастысы, 

автор  Иран  шахының  сол  кездегі  үлкен  қарсыласы  Шахи  бекті  (Мұхаммад 

Шайбани  ханның  есімі  парсы  деректерінде  Шах  бахт,  Шахи  бек  деп 

жазылған)  баяндай  келе,  Дешті  Қыпшақ  ханы  Қасым  хан  мен  Шахи  бектің 

арасындағы тартысты бірнеше жерде әңгімелейді.  

Шахи  бек  қызылбастармен  бітпес  дауға,  тартысқа  тап  болып,  Қасым 

ханнан жәрдем сұрап хат жібереді. Хатында Қасым ханды Шыңғыс ханның 

мұрагері,  бүкіл  Дешті  Қыпшақтың  ханы  деп  дәріптеулерден  бастайды. 

Хаттың  мақсаты  Қасым  ханнан  әскери  көмек  сұрау  болатын.  Қасым  хан, 

Шахи бекке сегіз мың әскерді жинап беріп, Шахи бектің уәзірі Сару (Сары) 

аталық арқылы жөнелтеді және өзінің ешқандай байлығы жоқ, бар байлығы 

Түркістан жерінің амандығы екендігін жаткізеді. Қасым ханның өзі алты мың 

қолмен  Ташкент  өлкесіне  аттанады.  Он  мың  қолмен  Абид  сұлтан  мен 

Махмуд сұлтанды Хорасан мен Бадғисқа аттандырады. Шахи бектің өзі сегіз 

мың қолмен Самарқанд аймағынан аттанып, осы шайқастың басында жүреді.  

Шахи бек Дешті Қыпшақ ханы Қасым ханнан көмек пен қолдау сұрап 

келгенде  кеңескен  түрде  «Қасым  ханның  атына  құпта  оқылып,  теңге 

соқтырғанда Шахи бектің атының үстіне Қасым ханның аты жазылсын» деп 

тапсырады.  Бірақ  Шахи  бек  осы  жылы  Қасым  хан  баж  салығын  төлемеді, 

сондықтан  оның  атын  жазбаймыз  деп  шешеді.  Бұл  хабар  Қасым  ханға 

жетісімен ол Шахи бектің уәдені бұзғанына қатты ашуланады. Содан Қасым 

хан  мен  Мұхаммад  Шайбани  хан  екеуінің  арасында  тартыс  басталады.  Бұл 

деректерден келіп шығатын екі түрлі нәтиже бар. Біріншісі – Дешті Қыпшақ 

патшасы  Қасым  ханның  Исмаил  шахқа  қарсы  ұйымдастырған  Мұхаммад 

Шайбани ханға сегіз мың әскер қол жинап беруі. Ал Қасым ханның өзі алты 

мың қолмен Ташкентке аттануы. Бұл дегеніміз Орта Азиялық билеушілердің 

бірігіп  Исмаил  шахқа  қарсы  одақ  құруға  талпынғандығын  білдіреді. 

Екіншіден,  Исмаил  шах  осы  соғыста  жеңіп  шығады.  Демек,  Жошы 

ұлысының билеушілері бірігіп Исмаил шахқа қарсы тұра алмағаны. Иә, бұл 

жерде  Мұхаммад  Шайбани  ханның  өз  сөзінде  тұрмауынан  ішкі 

алауыздықтың  ушығып  кетуі  нәтижесінде  Қасым  хан  мен  Мұхаммад 

Шайбани ханның біріккен әскері жеңіліске ұшырайды. 



Ал  Орта  Азиялық  одақ  құрылмай  тұрып  ыдырайды.  Қолжазбаның 

зерттелуіне  келетін  болсақ,  бұл  дереккөз  өзге  де  дереккөздермен 

салыстырылып, ішіндегі әрбір мәлімет талданып, сарапталуда. 

–  Иран  шахтарының  Орталық  Азия  билеушілері  мен  Дешті  Қыпшақ 

хандарымен  алмасқан  хаттарын  іздеу  барысында  Иран  билеушісі  Екінші 

Аббас  шахтың  Тәуке  ханға  жазған  жауап  хатының  көшірмесін  де  тапқан 

екенсіздер.  Енді  осы  Тәуке  ханға  қатысты  жаңа  деректердің  құндылығы 

туралы айтып берсеңіз. 

–  Жазба  деректермен  жұмыс  істегенде  әрбір  сөз,  әрбір  сөйлем,  әрбір 

дерек  құнды.  Сондықтан,  Иран  шахы  екінші  Аббас  пен  Тәуке  ханның 

арасындағы  дипломатиялық  хат  қай  жағынан  алғанда  да  маңызды. 

Біріншіден,  Иран  шахы  Тәуке  ханға  жауап  хат  жазған  кезде,  яғни  1661-62 

жылдары Тәуке хан әлі ресми хан емес-тін. Қазақстан тарихына енген ресми 

деректер бойынша Тәуке хан 1680 жылы ресми хан тағына отырады. Солай 

бола  тұра  Тәуке  хан  Иран  шахына  хат  жазып  арадағы  достастық  және 

дипломатиялық  қарым-  қатынасты  берік  ұстану  туралы  өтінішін  жеткізеді. 

Ал  өз  тарапынан  Иран  шахы  екінші  Аббас  та  Тәуке  ханмен  арадағы 

достықты  қадірлейтінін,  келген  елші  арқылы  сый-сияпат  беріп,  Шыңғыс 

ханның  ұрпағы  ретінде  құрметтейтінін  жеткізеді.  Екі  елдің  арасында 

достастық қарым-қатынасты нығайту шах Аббастың да көздегені екендігі хат 

мазмұнынан байқалады. Екіншіден, дипломатиялық хат алмасу үшін елшілер 

тобы,  ал  елшілер  бар  жерде  сарай  кеңсесі  жұмыс  істеген.  Ал  кеңседе 

аудармашылар,  хатшылар,  елшілер,  кеңесшілер,  жол  жағдайын  білетін 

барлаушылар  қызмет  атқарған.  Сондықтан  бір  хаттың  табылғандығы 

көптеген  мәселені  анықтауға  тікелей  әсерін  тигізеді.  Болашақ  тақ  мұрагері 

Тәуке ханның мемлекеттік дәрежеде өзге елдің шахтарымен дипломатиялық 

хат  алмасуы  көптеген  жайды  аңғартады.  Сондай-ақ  бұл  бір  ғана  хат  емес, 

бұдан  да  басқа  хаттардың  бар  екендігін  аңғартады.  Яғни  болашақта  қайсы 

бағытта жұмыс істеу керектігімізді анықтап береді. Қысқасы, дипломатиялық 

хатқа  қатысты  мәліметтің  маңыздылығы  әрбір  жаңа  деректің  табылғанына 

қарай  күн  өткен  сайын  арта  түседі.  Себебі,  елдестіру  үшін  жасалған 

әрекеттер,  дипломатиялық  жолмен  қарым-қатынас  орнату  елдің  сыртқы 

саясаты мен стратегиясын анықтай түседі. 

–  Тағы  қандай  хаттарға  назар  аудардыңыздар?  Оларда  Қазақ  хандары 

туралы тағы не қамтылған? 

–  Иран  шахтарының  сарай  кеңсесі  жақсы  дамығандығы  соншалық, 

кәдімгі  үлкен  бір  институт  дерсің.  Иран  шахтары  еуропалық  елдер  мен 

шығыс  елдерінің  билеушілерімен  дипломатиялық  қарым-қатынасты 

орнатуына сарай кеңсесінің дамуы тікелей әсер еткен.  



Біз  бұдан  Иран  шахтарының  сарайында  аудармашылар,  ақындар, 

діндарлар,  тарихшылар,  каллиграфтар,  философтардан  тұратын  үлкен  топ 

жұмыс  істегендігін  байқаймыз.  Осы  топтың  негізгі  жұмысы  сарайға  келіп 

түскен  хаттар,  құжаттар  мен  шахтың  жарлықтарын,  бұйрықтарын  сақтау, 

болашақ ұрпаққа аман-есен жеткізу болған. Сарай кеңсесі сарай құжаттарын 

сұрыптап,  хаттап  отырған.  Сондай  хат  жинақтарының  ішіне  хаттар, 

бұйрықтар,  жарлықтар  кейде  бөлек,  кейде  бірге  енген.  Яғни,  сарайға  келіп 

түскен және сарайдан сыртқа жөнелтілген хаттарды қайта көшіріп, қай күні, 

кімнен,  кім  арқылы  келгендігі  немесе  жіберілгендігі  көрсетіліп  хатталатын 

болған.  Мұндағы  мақсат  жолда  осы  хатты  жеткізуші  елші  қиындыққа  тап 

болса,  мемлекеттік  құпиясы  бар  хат  қолды  болады.  Нәтижеде  дұшпандар 

хатта  жазылған  мәселені  қарсы  қолдануы  мүмкін,  немесе  мемлекеттік 

маңызы  бар  хаттың  жоғалуы  екі  елдің  арасындағы  соғысқа  әкелуі  мүмкін. 

Сондықтан  әрбір  хаттың  көшірмесін  бірнеше  нұсқада  дайындап,  хаттап 

отырған.  Сондай  хаттар  жинағының  бірі  Иранның  Мәжіліс  кітапханасында 

сақталған. Аты «Маджма ва макатиб» деп аталады. Бұл жинаққа Екінші шах 

Аббастың Ресей патшасына, қалмақтарға, Жалаңтөс баһадүрге, Әбділмомын 

мен  Абдолла  ханға  жазған  хаттарының  да  көшірмелері  бар.  Хаттардың 

мазмұнымен  таныса  отырып,  әрбір  хатта  көтерілген  мәселенің  қазақтарға 

қатысы  бар  екендігін  аңғарамыз.  Мысалы,  Шах  Аббастың  орыс  патшасына 

жазған хатында  «Теңіз»  дариясына  қатысты  мәселе  сөз  болады.  Теңіз деген 

дария  жоқ,  алайда  мазмұнына  қарап  Каспий  теңізі  екендігін  аңғару  қиын 

емес.  Каспий  жағалауында  өмір  сүретін  елдерге  қатысты  ұстанатын 

саясаттың  қазаққа  да  қатысы  бар.  Себебі,  осы  теңізді  мекендеген  халықтың 

бірі  –  қазақ  халқы.  Жалаңтөс  баһадүр  Аббас  шахқа  бірнеше  хат  жазғаны 

белгілі.  Соның  бірі  өтініш  хат.  Хатта  Иран  жері  арқылы  қажылық  сапарын 

өтеуіне  рұқсат  беруін  және  жәрдемдесуін  сұрайды.  Жалаңтөс  баһадүрдің 

медресе  салдырғаны  белгілі.  Кіші  жүз  төртқара  Жалаңтөс  баһадүрдің  Иран 

шахтарымен тығыз қарым-қатынаста болғандығы, баһадүрдің тек батыр ғана 

емес,  дипломат,  саясаткер,  мемлекеттік  дәрежеде  келіссөз  жүргізе  алатын, 

шахтардың  өзіне  тікелей  өтініш  жасай  алатын  беделді  адам  болғандығын 

қуаттай  түседі.  Әбділмомын  мен  Абдолла  ханға  қатысты  хаттарға  келетін 

болсақ,  осы  билеушілер  Иран  шахтарына  жазған  хаттарында  қазақтарды, 

бүкіл Дешті Қыпшақты бағындырып отырмыз деп сұс көрсететін болған. Ал 

Иран  шахтарына  осы  билеушілерге  жазған  жауап  хаттарында  Дешті 

Қыпшақпен қорқытудың қажеті жоқ екендігін, Дешті Қыпшақтың мыңдаған 

қол  әскерін  екі  сағатта  аз  ғана  әскермен  тып-типыл  еткендігін  жазып 

отырады.  Бұдан  келіп  шығатын  нәтиже  –  кейбір  хаттар  тікелей  қазақ 

хандарына  арнап  жазылмаса  да,  қазақтарға  қатысты  болып  келеді.  Дешті 



Қыпшақты 

толық 


мойындату, 

бағындыру 

шайбанилер, 

кейіннен 

аштарханилер және Иран шахтарының да арманы болған. Алайда ешқайсысы 

Дешті Қыпшақты бағындыра алмаған. Бірақ Дешті Қыпшақты бағындырдық 

деп бір-біріне хат жазу арқылы бұл істің саяси маңызы зор екендігін білдіріп 

отырған. 

–  Қолжазба  қорында  сақталған  бұл  хаттардың  ғылыми  жаңалығы  бар 

ма? 


– Әрине бар. Біз үшін маңызды дерегі бар қолжазба – «Инша-йи Тахир 

Вахид»  хаттар  жинағы  болып  табылады.  Айта  кетер  жай,  Салар-и  джанг 

музей  және  кітапханасының  қолжазба  қорында  бұрындары  отандық 

ғалымдар жұмыс істемеген. Қолжазбаның парақтар саны – 168, беттер саны – 

336.  Жазуы  –  насх  аралас  насталиқ.  Әр  беттегі  жолдар  саны  –  11. 

Қолжазбаның  қайта  көшірілген  уақыты  –  1193/1779  жыл,  көшірушінің  аты-

жөні  белгісіз.  Тәуке  ханның  хатын  Мұхаммед  Садық  атты  елшінің 

әкелгендігі және елшіге тиісті құрмет көрсетілгендігі хатта жазылған. Бұл хат 

– жауап хат.  

Хаттың  тілі  –  парсы  тілі.  Әдеттегідей  хаттың  тақырыбы  қызыл  түсті 

сиямен  «Әбдурахим-ханның  өз  тарапынан  қазақ  уәлиі  Тәуке  ханға  жазған 

хаты»  деп  жазылған.  Бұл  жердегі  Әбдурахим  хан  –  Қоқан  хандығының 

негізін  қалаушы  Шахрух-ханның  (би)  үлкен  ұлы,  көбінесе  Әбдурахим  би 

деген  атпен  танылған.  Ал  Тәуке  ханға  қатысты  айтатын  болсақ,  көптеген 

билеушілерді  «уәли»  деп  атау  сол  кездегі  дипломатиялық  хаттарда  жиі 

кездеседі. Мысалы, Әбдул-Әзиз хан – Түркістан уәлиі немесе Әбулғази хан – 

Үргеніш  уәлиі  және  т.с.с.  Осы  хатты  жазушы  Қоқан  ханының  үлкен  ұлы 

Әбдурахим  би  (1722-1733),  Тәуке  ханның  тұсында  әлі  билікке  келмеген 

болатын  (1626-1717/18),  бірақ  әкесінің  орнына  кез  келген  уақытта  таққа 

отыруы мүмкін тақ мұрагері еді. Шынында да, Әбдурахим би Шахрух бидің 

үлкен ұлы және әкесі өлген соң билікке келеді. Қоқан қаласын астанасы етіп 

бекітіп,  Әндіжан  мен  Ходжентті  бағындырады.  Самарқанд  қаласын  да 

аламын деп бірнеше рет шабуыл ұйымдастырып, нәтижеде өзі өлім құшады. 

Екіншіден,  бұл  хатта  қандай  мәселе  әңгіме  болды  деген  сұраққа  келетін 

болсақ, ол өзбектерге қатысты болғандығына көз жеткіземіз. Хатты жазушы 

Тәуке  ханға  көптеген  мақтау  айта  отырып:  «Ол  дос  (яғни  Тәуке  хан  – Ғ.Қ.) 

өзінің  хатын  жолдау  арқылы  достығымызды  әрлендірді.  Шынайы  дос  (яғни 

Тәуке  хан  –  Ғ.Қ.)  хат  жолдау  арқылы  достығымыздың  маңыздылығын 

арттыра  түсті»  –  деп  жазады.  Одан  әрі  қарай  негізгі  мәселе  сөз  болады: 

«Өздерінің орнын білмейтін бір топ өзбектер туралы мәселеге келетін болсақ, 

олар  кейде  көрпесіне  қарай  көсілмей,  одан  артық  көсіледі.  Адамшылық 



(шынайылық)  тілін  біржолата  кесіп  тастап,  араға  көптеген  топан  сулар  мен 

толқындар тастайды. 

Жоғары  мәртебелінің  (яғни,  Тәуке  ханның  –  Ғ.Қ.)  жіберген  елшілері 

осы  тайпаның  (яғни  өзбектердің  –  Ғ.Қ.)  қарақшыларының  қолынан  әрең 

дегенде құтылып, құдайдың қалауымен патша сарайының босағасына жетті. 

Осы тұздай ащы шындықты тек шүкіршілік дариясы ғана сабасына түсіреді» 

деген сөйлемнен соң екі жол өлең жазылған:  

Жаратушының мейірімі сені қолдасын, 

Шектен шыққандарды рәсуа етсін.  

Бұдан  әрі  қарай  билеушінің  (яғни  Әбдурахим  бидің  әкесі  Шахрух  би) 

көптеген әскерді жіберіп ол аймақтың ойранын шығарғаны жазылған. «Енді 

жаратушының  қалауымен  жоғары  мәртебелінің  (яғни,  Тәуке  ханның  –  Ғ.Қ.) 

ісі  жолға  түсті  (оңғарылды),  ол  жерлер  жоғары  мәртебелі  билеушіге 

бағынатын  болады,  қызметін  жасайтын  болады.  Анық  нәрсе,  егер  қажет 

болған жағдайда, сіз қаласаңыз өтінішіңіз амалға асатын болады. Осы орайда, 

дұшпанды  сеспей  қатыратын  бірнеше  алысқа  ататын  соғыс  қаруы,  бірнеше 

қынға  салынған  семсер  опасыз  дұшпанды  жою  үшін  жоғары  мәртебеліге 

жіберілді» – деп аяқталады. Бұл хаттың жауап хат екендігін ескере отырып, 

Тәуке ханның хаты не туралы болғандығын шамалауға болады. Тәуке ханның 

сұраған  мәселесі  де  осы  бір  топ  «көрпесіне  қарай  көсіле  қоймайтын» 

өзбектер  туралы  болғанын  аңғарамыз.  Бұл  мәселеде  Қоқан  билеушісі  қол 

ұшын  беріп,  мәселені  шешуге  атсалысқаны  осы  хаттан  анықтала  түседі. 

Хатта екі мәселе анық емес. Бірі – хаттың жазылған жылы, екіншісі – хаттың 

қалайша  ирандық  сарай  хатшысы  әрі  тарихшысы  Тахир  Вахидтың  хаттар 

жинағына  енгендігі.  Бірінші  сұраққа  келетін  болсақ,  бұл  хат  Тәуке  ханға 

жазылған  жауап  хат  болғандықтан  1717-18  жылға  дейін  жазылған  деп 

шамалаймыз.  Ал  Әбдурахим  би  бұл  кезде  нағыз  ержеткен  кезінде  болатын 

(1700-1732),  яғни  1717/18  жылдарда  17-18  жастағы  жігіт.  Тарихта  13-14 

немесе  16-17  жастағы  тақ  мұрагері  кеңесшісімен  ақылдаса  отырып, 

дипломатиялық хаттарға жауап хат жазып, алыс-жақыннан келген елшілерді 

қабылдай  беретін  болған.  Иранның  өзінде  көптеген  патшалар  бала  кезінде 

таққа отырғаны белгілі. Мысалы, 53 жылдан астам билік құрған Иран шахы 

Тахмасп  таққа  отырғанда  он  жасқа  да  толмаған  бала  болатын.  Бірақ,  соған 

қарамастан,  өзге  елдің  билеушілеріне  жауап  хат  жазып,  өзі  де  үлкен 

келіссөздерге  қатысып  отырған.  Сондықтан,  осы  кезеңге  қатысты 

құжаттарды саралай отырып, хаттың жазылған нақты жылын әлі де анықтай 

түсеміз деген ойдамыз. 

Ал  енді  екінші  хатта  Әбдурахим  би  әдеттегідей  Тәуке  ханға  мақтау 

сөздер  айта  отырып,  «қалмақтарға  қатысты  мәселеде  сіз  сұраған  нәрсе 



жіберіледі»  деп  барып,  бірнеше  семсер  қылыш  сыйға  тартқанын  жазады. 

Көріп  тұрғанымыздай,  жоңғарлар  Шуға  дейін  жеткен  қиын-қыстау  кезеңде 

өмір сүрген Тәуке ханның хан тағына отырмаған, әлі ханзада кезінен бастап 

(Екінші  шах  Аббастың  хаты  1661-62  жылы  жазылған),  өмірінің  соңғы 

күндеріне дейін (1717-18) мұсылман билеушілерімен тығыз қарым-қатынаста 

болғанын,  дипломатиялық  келіссөздер  жүргізіп  көп  мәселені  шешуге 

тырысқанын  байқаймыз.  Бұл  кез  тарихымыздағы  ең  ауыр  кезеңдердің  бірі 

болғаны  тарих  беттерінен  белгілі.  Барлық  көрші  елдермен  дипломатиялық 

қарым-қатынас орнату, дипломатиялық жолмен мәселені шешумен айналысу 

қиыннан  қиыстырып  жол  іздеу  болса  керек.  Дипломатиялық  қарым-

қатынастың  арқасында  Тәуке  хан  көптеген  мәселенің  алдын  ала  білді  деп 

ойлаймыз. 

– Енді осы табылған жаңа деректер мен мәліметтерге қатысты алдағы 

ой-жоспарыңызды білгіміз келеді. Бұл деректер болашақта оқулыққа енеді ме 

дегендей... 

–  Оқулық  жазумен  арнайы  маманданған  топ  жұмыс  істейді.  Ал  біздің 

міндетіміз  –  қазақ  хандарына,  қазақ  халқының  тарихы  мен  мәдениетіне 

қатысты  жаңа,  тың  деректерді  анықтау,  табу,  зерттеу,  аудару  және  ғылыми 

түрде дәлелдеп ғылыми айналымға енуіне жағдай жасау. Алдағы уақыттағы 

жоспарымызға  келетін  болсақ,  бірінші  кезекте  осы  күнге  дейін  анықталған, 

ішінде  Қазақ  тарихы  мен  мәдениетіне  қатысты  парсы  және  түркі-шағатай 

тілдеріндегі  дереккөздердің  каталогын  құрастыру.  Каталогқа  енген  барлық 

дереккөздерді  ғылыми  аннотациясымен  Қазақ  тарихы  мен  мәдениетіне 

қатыстылығы туралы қысқаша мәліметпен қамтамасыз ету. 

–  Каталог  демекші,  расында  елімізде  қолжазбалар  каталогын  жасау, 

құрастыру мәселесі кенже қалған секілді. 

– Ол рас, каталог жасау мәселесін ұзақ жылдар бойы отандық кітапхана 

қорларындағы  қолжазбалардың  аздығымен  түсіндіріп  келдік.  Алайда,  басты 

себеп – каталог құрастыратын мамандардың жоқтығында. «Каталогты кімдер 

құрастырады,  қалай  құрастырады?»  деген  сұрақтарға  жауап  іздесек,  ұзаққа 

барамыз.  Қысқаша  қайыратын  болсақ,  араб,  парсы,  түркі-шағатай,  қытай, 

моңғол т.б. шығыс тілдерін білетін мамандар жоқ емес, бар. Бірақ, олардың 

бәрі  қолжазба  зерттемейді,  яғни  көз  майын  тауысып  қолжазбамен  жұмыс 

істейтін, ғылымға келмейді.  

– Себеп? 

– Себебі сол – жалақысы өте төмен және бізде көп маманды біріктіріп 

ұстайтын,  олардың  өз  мүмкіндіктерін  ашып  көрсетуін  реттейтін  жүйе  жоқ. 

Сондықтан жалпы ғылым саласындағы жалақының төмендігі шығыс тілдерін 

білетін  мықты  мамандарды  осы саладан  күннен-күнге басқа  салаларға  алып 



кетуде.  Небір  мықты  тіл  білетін  отаншыл  әріптестер  өз  мамандығынан 

мүлдем  бөлек  салада  жұмыс  жасап  жүр.  Оларға  тіпті  ешқандай  кінә  арта 

алмаймыз. Сондықтан, мамандар бар бола тұра, жоқ деп айта саламыз. Шын 

мәнінде  каталогты  бірнеше  шығыс,  бірнеше  батыс  тілдерін  білетін 

қолжазбамен жұмыс істеу тәжірибесі бар адамдар жасайды. Шығыс тілдерін 

білетін  мамандарды  жинап,  олардың  қолжазбамен  жұмыс  істеуіне  жағдай 

жасау  керек.  Өйткені  қолжазбаны  зерттеу  саласымен  арнайы  таныспай 

тұрып, осы салаға ену қиын шаруа. Қысқасы, біз сөз етіп отырған каталогтың 

ғылыми  маңыздылығын  мамандар  ғана  түсінетінін  жақсы  білеміз.  Жалпы 

оқырман қауым үшін кітап та, жинақ та, мақала да керек, бірақ қолжазбамен 

жұмыс  істегенде  каталог  осы  саланың  түпқазығы  екендігін  баса  айтқым 

келеді.  Осы  орайда  ҚР  Ұлттық  кітапханасы,  Ғылым  ордасы  Ғылыми 

кітапханасы  және  т.б.  кітапхана  қорларындағы  араб,  парсы  және  түркі-

шағатай  тілдеріндегі  қолжазбалардың  каталогы  жасалатын  күн  туады  деген 

ойдамын. Екінші кезекте – анықталған, зерттелген деректерді сараптап, қазақ 

тіліне аударып, ғылыми түсініктерімен бірге оқырманға ұсыну. Қазіргі күнде 

жаңа,  тың  дереккөздерді  анықтауды,  іздеуді,  табуды  және  халыққа  ғылыми 

мақала түрінде ұсынуды жалғастырудамыз.  



– Сұхбатыңызға көп рахмет. 

жүктеу 93,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау