19
ХҚЕС (IAS)
©
IFRS Foundation
13
құзіретті актуариден есептік кезең аяқталудан бұрын толық бағалау жүргізуді талап етуі мүмкін.
Дегенмен, бағалау нәтижелері есептік кезеңнің соңына дейін жағдайға байланысты жаңарады (нарық
бағалары мен пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістерді қосқанда).
60
Кейбір жағдайларда бағалаулар, орташа көрсеткіштер және қысқартылған есептеулер осы Стандартта
келтірілген нақты есептеулердің нәтижелеріне жақындатылған сенімді деректерді жеткілікті түрде
қамтамасыз етеді.
Жүктелген міндеттемелерді еспке алу
61
Ұйым өзінің төлемдері белгіленген қалыптастыру жоспарының көрсетілген талаптарына
сәйкес заңды міндеттемелерін ғана емес, сонымен қатар қалыптасқан тәжірибесінен
туындайтын кез келген жүктелген міндеттемелерді де есепке алуы тиіс. Егер ұйымның
қызметкерлерге төлемді жүзеге асыру үшін нақты баламалары болмаса қалыптасқан тәжірибе
жүктелген міндеттемелердің туындауына әкеліп соқтырады. Жүктелген міндеттемеге мысал
ретінде ұйымның қалыптасқан тәжірибесіндегі өзгерістердің оның қызметкерлерімен қарым-
қатынасқа жол берілмейтін қиындықтарға әкеліп соқтыруды келтіруге болады.
62
Төлемдері белгіленген жоспардың белгіленген талаптары ұйымның осы талаптар бойынша
міндеттемесін тоқтатуға жол беруі мүмкін. Алайда көптеген жағдайларда ұйым үшін, егер ол өз
қызметкерлерін сақтағысы келсе, бұл міндеттемелерді тоқтату оңай емес (төлемсіз).
Сондықтан ұйым
еңбек қызметінің аяқталуы бойынша төлемдерді есепке алу мақсатында сыйақы жоспары бойынша өз
міндеттемелерін тоқтату туралы куәлігі болмаған жағдайда, қазіргі уақытта өз қызметкерлеріне
осындай төлем жасауға уәде берген ұйым қызметкерлердің еңбек қызметінің қалған барлық кезеңінде
осындай әрекеттер жасайтыны болжанады.
Қаржылық жағдай туралы есептілік
63
Ұйым қаржылық жағдай туралы есептілігінде белгіденген таза сыйақы міндеттемелерін
(актив) анықтауы тиіс.
64
Төлемдері белгіленген жоспар бойынша міндеттемелер ретінде танылатын шама мынадай
әрекеттердің таза нәтижесін білдіруі тиіс:
(а)
белгіленген сыйақы жоспарындағы артылу; және
(b)
83-
тарауда белгіленген дисконттау құнын пайдалана отырып анықталған активтің
жоғары деңгейі.
65
Белгіленген таза сыйақы активі белгіленген сыйақы активі шамадан тыс қаржыландырылса немесе
актуарлық пайда жоғарылаған жағдайда туындайды. Ұйым белгіленген таза сыйақы активін осындай
жағдайда анықтайды, себебі:
(а)
ұйым болашақ пайданы алу үшін артылуды қолдану мүмкіндігі болып табылатын ресурсты
басқарады;
(b)
бұл бақылау бұрынғы көрсетілген қызметтің нәтижесі болып табылады (кәсіпорынның
салымдары мен қызметкер көрсеткен қызмет); және
(c)
болашақ экономикалық пайда болашақ жарналардың мөлшерін қысқарту нысанында немесе
ақша қаражатын қайтару нысанында, немесе басқа жоспар бойынша тапшылықты жабуға
ұйымға тікелей немесе жанама түрде түседі. Активтердің шегі осы болашақ пайданың
ағымдағы құны болып табылады.
Тану және бағалау: белгіленген сыйақы міндеттемелері мен
ағымдағы қызмет бағасының ағымдағы құны
66
Төлемдері белгіленген сыйақы жоспары бойынша түпкілікті шығындар зейнет демалысына шыққан
кездегі жалақы шамасы, кадр тұрақсыздығы және қайтыс болу, медициналық қамтамасыз етудегі
үрдістер сияқты көптеген ауыспалыларға және фундирленген жоспарға, жоспардың активтеріне
арналған инвестициялық кіріске тәуелді болуы мүмкін. Жоспардың түпкілікті шығындары
белгіленбеген және бұл белгісіздік әдетте ұзақ уақыт кезеңі бойы сақталады. Еңбек қызметі
аяқталғаннан кейін төлемдер міндеттемесінің дисконтталған құнын және ағымдағы активтердің тиісті
құнын бағалау үшін:
(а)
актуарлық бағалау әдісін қолдану (67-69-тарауларды қараңыз);
(b)
қызмет кезеңдері бойынша сыйақы бөлу (70-74 -тарауларды қараңыз); және
19
ХҚЕС (IAS)
14
©
IFRS Foundation
(c)
актуарлық жорамалдар жүргізу қажет (75-98 -тарауларды қараңыз).
Актуарлық бағалау әдісі
67
Ұйым төлемдері белгіленген сыйақы жоспары бойынша өз міндеттемелерінің дисконтталған
құнын және ағымдағы қызметтердің тиісті құнын және ол қолданылатын жердегі бұрынғы
көрсетілген қызмет құнын айқындау үшін болжанатын шартты бірліктер әдісін пайдалануы
тиіс.
68
Болжанатын шартты бірліктер әдісі (кейде қызмет кезеңіне теңбе-тең бөлінген жинақталған сыйақы
әдісі немесе сыйақы әдісі/қызмет ұзақтығы әдісі деп аталатын) сыйақыға қосымша құқық үшін негіз
ретінде әрбір қызмет кезеңін қарайды (70-74-тарауларды қараңыз) және сыйақының әрбір шартты
бірлігін кезеңнің аяғындағы міндеттемелерді қалыптастыру мақсатында жеке бағалайды (75-98-
тарауларды қараңыз).
68-
тарауды түсіндіретін мысал
Біржолғы сыйақы қызмет аяқталған кезде төлеуге жатады және қызметтің әрбір жылы үшін
сыйақыға шығу сәтіндегі жалақы мөлшерінің 1 пайызға тең болады. 1 жылдағы жалақы мөлшері
10,000 тең болады, бұл ретте ол әр жылда 7 пайызға (күрделі пайыз) ұлғаяды деп болжанады.
Дисконттың пайдаланылатын мөлшерлемесі жылына 10 пайыз. Төменде келтірілген кесте
актуарлық жорамалдарда өзгерістер болмайтыны болжана отырып, 5 жылдың соңында кететіндігі
күтілетін қызметкерге сыйақы төлеу бойынша міндеттеменің қалай қалыптасатынын көрсетеді. Бұл
мысалда қарапайымдылық үшін қызметкердің ұйымнан көрсетілген күннен ерте немесе кеш кету
ықтималдығын көрсету үшін қажетті қосымша түзетулерге көңіл бөлінбейді.
Жыл
1
АБ
2
АБ
3
АБ
4
АБ
5
АБ
Мыналар үшін сыйақы
-
өткен жылдары
0
131
262
393
524
-
ағымдағы жылы (соңғы жалақының 1
%
)
131
131
131
131
131
-
ағымдағы және кейінгі жылдары
131
262
393
524
655
Кезең басындағы міндеттеме
-
89
196
324
476
10
%
мөлшерлеме бойынша пайыздар
-
9
20
33
48
Ағымдағы қызметтер құны
89
98
108
119
131
Кезең аяғындағы міндеттеме
89
196
324
476
655
Ескертпе:
1. Кезең басындағы міндеттемелер өткен жылдарға қатысты төлемдердің дисконтталған
құнын білдіреді.
2.
Ағымдағы қызметтердің құны–ағымдағы жылға қатысты төлемдердің дисконталған құны.
3.
Кезең аяғындағы міндеттемелер – ағымдағы және өткен жылдарға қатысты төлемдердің
дисконтталған құнын білдіреді.
69
Ұйым еңбек қызметі толық көлемде аяқталған кезде төлемдер бойынша міндеттемені, міндеттеменің
бір бөлігі есепті күннен кейінгі он екі ай ішінде өтелуге жататын болған кезде де дисконттайды.
Қызмет кезеңдері бойынша сыйақыны бөлу
70
Міндеттемелердің дисконтталған құнын және ағымдағы қызметтердің құнын, бұл
қолданылатын жерде бұрын көрсетілген қызмет құнын айқындаған кезде ұйым қызмет
кезеңдері бойынша сыйақыны жоспарда белгіленген формула бойынша бөлуге тиіс. Алайда,
егер қызметкердің қызметі неғұрлым ерте жылдарға қарағанда соңғы жылдары айтарлықтай
жоғары сыйақыға әкелетін болса, ұйым мына кездерден бастап теңбе-тең негізде сыйақыны
бөлуге тиіс:
(а)
қызметкер сыйақыны алу құқығына ие болған кезден бастап (болашақ қызметі
олардың мөлшеріне әсер ету немесе етпеуіне қарамастан)