19-шы Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарты (ias 19) Қызметкерлерге берілетін сыйақылар



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет9/15
Дата14.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#13358
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

19 

ХҚЕС (IAS) 

 

©

 IFRS Foundation 



17

 

73-



тарауды түсіндіретін мысал 

 

Жұмысқа 55 жаста қабылданған қызметкерлер үшін он жылдан астам қызмет сыйақы 



сомасының қандай да болмасын айтарлықтай өсуі үшін негіз болып табылмайды. Ұйым 

көрсетілген қызметкерлерге бастапқы  жиырма жылдың әрбір жылы үшін 200 АБ тең (2,000 

АБ онға бөлу керек) есеп айырысу бірлігіндегі сыйақы бөледі.  

Барлық қызметкерлер үшін ағымдағы қызметтің құны және міндеттемелердің 

дисконтталған құны қызметкердің қажетті мерзімде толықтай қызмет етпеуі мүмкін 

екендігінің ықтималдығын көрсетеді.  

Еңбек  қызметі  аяқталғаннан  кейінгі  медициналық  қамтамасыз  ету  жоспары,  егер  ол  он 



жылдан астам уақыттан кейін жұмыстан шықса, бірақ ол жиырма жылдан кем қызмет етсе, 

қызметкердің еңбек қызметі аяқталғаннан кейін медициналық қамтамасыз етуге жұмсаған 

шығынының  40  пайызын,  және  ол  ұйымнан  жиырма  және  одан  көп  жыл  қызмет 

жасағаннан кейін кетсе, осы шығынның 50 пайызын өтеуді көздейді.  



Ұйым жоспарда белгіленген формулаға сәйкес бастапқы он жылдың әр жылына медициналық 

қамтамасыз етуге жұмсаған есептік шығынының 4 пайыз дисконтталған құнын (40пайыз 

онға бөлінген) немесе екінші он жылдың әр жылына 1пайыз (10 пайыз онға бөлінген) бөлінеді. 

Ағымдағы қызметтің әр жылының құны қызметкер сыйақысының бір бөлігін немесе барлығын 

алу үшін жасауы керек жұмысты аяқтамауы мүмкін болуын көрсетеді. Ұйымнан он жыл 

ішінде кетуі мүмкін қызметкерге сыйақы бөлінбейді. 

Еңбек  қызметі  аяқталғаннан  кейінгі  медициналық  қамтамасыз  ету  жоспары,  егер  ол  он 



жылдан астам уақыттан кейін жұмыстан шықса, бірақ жиырма жылдан кем жұмыс жасаса, 

қызметкердің еңбек қызметі аяқталғаннан кейін медициналық қамтамасыз етуге жұмсаған 

шығынының  10  пайызын,  және  ол  ұйымнан  жиырма  және  одан  көп  жыл  жұмыс 

жасағаннан кейін кетсе, осы шығынның 50 пайызын өтеуді көздейді. 



Кейінгі жылдардағы қызмет бірінші жылдардағы қызметке қарағанда сыйақы деңгейінің 

ұлғаюына алып келеді. Сондықтан ұйым 68-тарауға сәйкес ұйымнан кетуі жиырма жыл және 

одан да көп қызмет жылынан кейін күтілетін қызметкерлер үшін сыйақыны бірдей негізде 

бөледі. жиырма жылдан астам қызмет болашақ сыйақының айтарлықтай өсімі үшін негіз 

болып табылмайды. Осылайша, бастапқы жиырма жылдың әр жылына медициналық 

қамтамасыз етуге жұмсалған есептік шығынның дисконтталған құнының 2,5 пайызды 

құрайды (50 пайыз жиырмаға бөлінген).  

Ұйымнан кету мерзімі он және жиырма жыл қызмет аралығында күтілетін қызметкерлерге 

сыйақы бастапқы он жылдың әр жылына медициналық қамтамасыз етуге жұмсалған есептік 

шығынның дисконтталған құнының 1 пайыз мөлшерінде бөлінеді.  

 

Көрсетілген қызметкерлерге олардың қызметінің оныншы жылының аяғынан бастап 



ұйымнан кететін есептік күнге дейінгі қызметіне сыйақы есептелмейді.. 

Ұйымнан кету мерзімі он жылдан бұрын күтілетін қызметкерлерге сыйақы берілмейді. 

 

74  



Сыйақы  сомасы  сыйақыға  шыққан  кездегі  әрбір  қызмет  жылы  үшін  жалақы  мөлшерінің  тұрақты 

үлесі  нысанында  белгіленген  жағдайда,  сыйақыға  шыққан  кезде  жалақының  болашақ  өсуі  есептік 

күнге дейінгі қызмет кезеңінде күшінде болған міндеттемелердің орындалуы үшін қажетті қаражат 

мөлшеріне ықпалын тигізеді, бірақ қосымша міндеттемелер жасамайды. Тиісінше:  

(а)  

70  (b)-


тараудың  мақсаттары  үшін  жалақыны  көтеру  сыйақының  сомасы  сыйақыға  шыққан 

кездегі  жалақыға  тәуелді  болмаған  жағдайдың  өзінде  де  қосымша  сыйақы  төлеуге  әкеліп 

соқтырмайды; және 

(b) 


әрбір  кезеңге  бөлінген  сыйақы  мөлшері  осы  сыйақы  тәуелді  жалақының  тұрақты  үлесіне 

теңестіріледі.  

 

 

 



 

 

 




19 

ХҚЕС (IAS)

 

18 


©

 IFRS Foundation 

 

74-

тарауды түсіндіретін мысал 

Қызметкерлер зейнет демалысына шығу сәтінде 55 жасқа жеткенге дейінгі әрбір қызмет жылы 

үшін жалақы шамасының 3 пайыз мөлшерінде сыйақы алуға құқылы.  

Зейнет демалысына шығу сәтінде жалақы шамасының 3 пайыз мөлшеріндегі сыйақы 55 жасқа 

жеткенге дейінгі әрбір жылға жатқызылады. Қызметкердің осы күннен кейінгі қызметі жоспар 

бойынша сыйақының айтарлықтай өсуіне әкелмейді. Қызметкер көрсетілген жасқа жеткенде 

кейінгі қызмет жылдарына сыйақы бөлінбейді.  

Актуарлық жорамал 

75  

Актуарлық жорамал әсіреленбеуі және өзара сәйкес келуі тиіс. 

76 


Актуарлық  жорамал  –  ұйым  жүргізген,  еңбек  қызметінің  аяқталуына  байланысты  сыйақымен 

қамтамасыз етуге арналған түпкілікті шығындарды айқындайтын ауыспалыларды ең дұрыс бағалау. 

Актуарлық жорамалдарға мыналар кіреді:  

(а)  


сыйақы  алуға  құқығы  бар,  қазіргі  уақытта  жұмыспен  қамтылған  және  бұрынғы 

қызметкерлердің  (және  олардың  асырауындағылардың)  болашақ  мінездемесіне  қатысты 

демографиялық  жорамалдар.  Демографиялық  жол  берулер  мынадай  аспектілерді 

қарастырады: 

(і) 

өлім (81-82 тарауларын қараңыз); 



(іі) 

қызметкерлердің жұмыспен қамтылған кезеңінде және еңбек қызметін аяқтағаннан 

кейінгі уақытта қайтыс болу көрсеткіші; 

(ііі) 


кадр тұрақсыздығы, мүгедектік және мерзімінен бұрын жұмыстан шығу деңгейі; 

(іv) 


сыйақы алуға құқығы бар асыраушылармен бірге жоспарға қатысушылардың үлесі; 

және 


(v) 

медициналық қамтамасыз ету жоспарын пайдалану нормасы. 

(b) 

мынадай баптарға қатысты қаржылық жорамалдар:  



(і) 

дисконт мөлшерлемесі (83–86- тарауларды қараңыз); 

(іі) 

болашақ жалақы деңгейі және сыйақы (87–95-тарауларды қараңыз); 



(ііі)  медициналық  қамтамасыз  етуге  арналған  жәрдемақыға  қатысты  –  олардың  мәні 

айтарлықтай болу шартымен, өтінімді ресімдеу және жәрдемақылар төлеуге арналған 

шығынды  қоса  алғанда,  медициналық  қамтамасыз  етуге  арналған  болашақтағы 

шығындар (96–98-тарауларды қараңыз); және 

(іv)  жоспардың активтеріне арналған күтілетін кіріс мөлшерлемесі. 

77  


Актуарлық жорамалдар жеткілікті түрде зерделеніп жасалса, әсірелеусіз болады, бірақ сонымен бірге 

шамадан тыс консервативті де болып табылмайды.  

78  

Актуарлық  жорамалдар  инфляция,  жалақының  өсу  қарқыны,  жоспар  активіне  кіріс  және  дисконт 



мөлшерлемесі  сияқты  факторлардың  арасындағы  экономикалық  қатынасты  көрсетсе,  өзара  сәйкес 

болып табылады. Мысалы, инфляцияның белгілі бір деңгейіне тәуелді барлық жорамалдар (мысалы, 

пайыз  мөлшерлемелеріне  және  жалақының  өсуіне  және  сыйақыларға  қатысты  жол  берулер) 

болашақтағы кез келген уақыт кезеңіне бірдей инфляция деңгейін болжайды.  

79 

Ұйым  дисконт  мөлшерлемесін  және  басқа  да  қаржылық  жорамалдарды  номиналдық  (белгіленген) 



көрсеткіште  айқындайды,  тек  қана  бағалау  нақты  (инфляцияға  түзетілген)  көрсетуде,  мысалы, 

гиперинфляция  жағдайындағыдан  неғұрлым  сенімді  болмаса  (29  ХҚЕС  (IAS)  Гиперинфляция 



Экономикадағы  Қаржылық  Есептілік  қараңыз)  немесе  сыйақы  индекстелген  және  осы 

валюталардағы  және  осындай  шарттармен  индекстелген  облигациялар  нарығының  жеткілікті 

тереңдігі болған жағдайда.   

80 

Қаржылық жорамалдар міндеттеме орындалған болуы тиіс кезең үшін есепті күнгі нарықтық 

күтулерге негізделеді.  

Актуарлық жорамал: қайтыс болған жағдайда 

81 

Ұйым  қайтыс  болған  жағдайдағы  актуарлық  жорамалдың  еңбек  қызметі  кезіндегі  және 

қызметті аяқтағаннан кейінгі қайтыс болған жағдайдағы ең тиімді жоспарды анықтауы тиіс. 



жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау