19
ХҚЕС (IAS)
©
IFRS Foundation
9
базаның болмауы себепті қазіргі уақытта жұмыспен қамтылған және басқа ұйымдардың
бұрынғы қызметкерлеріне байланысты актуарлық тәуекелдіктерге ұшырайды; немесе
(b)
ұйым осы Стандарттың талаптарын қанағаттандыруы ықтимал жоспар туралы ақпаратқа кіре
алмайды
Ұйым мұндай жағдайларда жоспар үшін есепті, егер осы жоспар жарналары белгіленген сыйақы
жоспары болып табылған жағдайдағы сияқты есеп жүргізеді және 148-тарауға сәйкес талап етілетін
қосымша ақпаратты ашады.
37
Жұмыс берушілер тобы мен оның қатысушыларының сыйақы жоспарының арасында жоспар
активтерінің өсімін қатысушылар арасында қандай тәсілмен бөлуді (немесе тапшылықты
қаржыландыруды) айқындайтын шарттық келісімдер жасалуы мүмкін. Жұмыс берушілер тобының
сыйақы жоспарына осы жоспарды 34-тарауға сәйкес белгіленген жарналары бар жоспар ретінде
ескеретін осындай келісімі бар қатысушы осы шарттық келісімнен туындайтын активтер мен
міндеттемелерді және одан туындайтын кірістер мен шығыстарды пайдаға немесе шығынға тануы
тиіс.
37-
тарауды түсіндіретін мысал
Жұмыс берушілер тобының төлемдері белгіленген жоспарына қатысушы ұйым өзінің оған қатысу
үлесін 19 ХҚЕС (IАS) негізінде бағаламайды. Тиісінше, ол осы жоспарды белгіленген жарналары
бар жоспар сияқты есепке алады. 19 ХҚЕС (IАS) негізінде құрылмаған жоспардың белгіленгендігін
бағалау оның 100 млн.
(а)
АБ мөлшерінде тапшылығы бар екендігін көрсетеді. Жоспар шеңберінде
оған қатысушы жұмыс берушілер тарабынан жарналар графигі туралы шарт жасалған, бұл осы
тапшылықты жуық арадағы бес жыл ішінде жоюға мүмкіндік береді. Ұйым жарнасының жалпы
сомасы осы шарт бойынша 8 млн. АБ құрайды.
Ұйым ақшаның уақытша құнын, сондай-ақ пайдадағы немесе шығындағы шығыс сомасына тең
сомаға өзгерту үшін түзету жасай отырып, осы жарналарға қатысты міндеттемені таниды.
(а)
Осы Стандартта сомалар ‘ақша бірлігінде’(АБ) берілген
38
Жұмыс берушілер тобының жоспарлары бірлесіп басқарылатын сыйақы жоспарларынан өзгеше
болады. Бірлесіп басқарылатын сыйақы жоспарлары – бұл инвестициялау әкімшілік шығыстар мен
инвестицияларды басқаруға арналған шығыстарды азайту мақсаттары үшін активтер пулын құру
үшін біріктірілген, бірақ сонымен бірге әр түрлі жұмыс берушілердің талап ету құқықтары өз
қызметкерлерін сыйақымен қамсыздандыру мақсатында бөлінген әртүрлі жұмыс берушілердің
сыйақы жоспарларының жиынтығы. Бірлесіп басқарылатын сыйақы жоспарлары есепке алу үшін
қиындық келтірмейді, өйткені кез келген жеке жұмыс берушіге қолданылатын есепке алу тәртібі
сияқты, оларға да осындай есепке алу тәртібін қолдану үшін әдетте олар туралы ақпарат жеткілікті,
сондай-ақ көрсетілген бірлесіп басқарылатын жоспарлар қатысушы ұйымдарды жұмыс істеп жүрген
және басқа ұйымдардың бұрынғы қызметкерлеріне байланысты актуарлық тәуекелдікке
ұшыратпайды. Осы Стандарттағы анықтамалар ұйымның бірлесіп басқарылатын сыйақы
жоспарларын жоспардың талаптарына сәйкес (формальды талаптардың шегінен асатын кез келген
жүктелген міндеттемелерді қоса алғанда) жарналары белгіленген жоспарлар және төлемдер
белгіленген жоспарлар ретінде жіктеуін талап етеді.
39
37
ХҚЕС (IAS) Міндеттемелер, Шартты Міндеттемелер және Шартты Активтер бойынша,
кейбір шартты міндеттемелер жөнінде ақпаратты айқындап көрсетуді талап етіледі, және
жұмыс берушілер тобының сыйақы жоспарларына байланысты шартты міндеттемелер
төмендегілерден туындауы мүмкін.
Бірлескен бақылаудың шеңберінде ұйымдар арасындағы
тәуекелдіктерді бөлетін белгіленген төлемдері бар белгіленген
төлемдер жоспары
40
Жалпы басқаруда тұрған түрлі ұйымдар арасында, мысалы, негізгі және еншілес ұйымдар
арасындағы тәуекелдіктерді бөлетін төлемдер белгіленген жоспарлар жұмыс беруші топтардың
жоспарлары болып табылмайды.
41
Мұндай жоспарға қатысушы ұйым, осы жоспарға тұтастай алғанда қолданылатын жол берулер
негізінде осы Стандартқа сәйкес жоспар туралы тұтастай, бағаланған ақпарат алуға тиіс. Шарттық
19
ХҚЕС (IAS)
10
©
IFRS Foundation
келісім немесе төлемдер белгіленген жоспар бойынша тұтастай алғанда бағаланған есептелген таза
шығын жөніндегі мәлімделген саясат болған кезде, ұйым өзінің жеке немесе бөлек қаржылық
есебінде топ құрамындағы ұйымға есептелген осындай таза шығындарды төлемдер белгіленген
жоспар бойынша оған тануға тиісті. Мұндай келісім немесе саясат болмаған кезде төлемдер
белгіленген жоспар бойынша таза шығындар жоспарды қаржыландыру бойынша заңды міндет
тиесілі топ құрамындағы сол ұйымға танылуы тиіс. Топтың құрамындағы қалған ұйымдар өзінің
жеке немесе бөлек қаржылық есебінде есепті кезең ішінде өздері төлеген жарналарға тең мәндегі
шығындарды тануға тиісті.
42
Топтың құрамындағы әрбір ұйым үшін осындай жоспарға қатысу байланысты тараппен операцияға
теңестіріледі. Тиісінше, ұйым өзінің жеке немесе бөлек қаржылық есебінде 149-тарауға сәйкес
ақпарат айқындауларды жүргізуге міндетті.
Мемлекеттік сыйақы жоспарлары
43
Ұйым мемлекеттік сыйақы жоспарын жұмыс берушілер тобының жоспары сияқты тануы тиіс
(32 - 39-
тарауларды қараңыз).
44
Мемлекеттік жоспарлар барлық ұйымдарды (немесе белгілі бір санаттағы, мысалы, нақты саладағы
барлық ұйымдарды) қамту мақсатында заңнамалық тәртіпте жасалады және ұлттық немесе жергілікті
үкімет немесе есеп беретін ұйым бақыламайтын және оның ықпалындағы емес басқа да органдар
(мысалы, осы мақсат үшін арнайы құрылған дербес агенттік) жүзеге асырады. Ұйым жасаған кейбір
жоспарлар міндетті сыйақы ретінде қамтамасыз етеді, олар керісінше жағдайда мемлекеттік сыйақы
жоспарымен жабылады, сондай-ақ ерікті негізде қосымша сыйақымен қамсыздандырылады. Мұндай
жоспарлар мемлекеттік болып табылмайды.
45
Мемлекеттік жоспарлар ұйымның жоспарға сәйкес міндеттемелерінің сипаты бойынша төлемдер
белгіленген жоспар және жарналар белгіленген жоспар болып бөлінеді. Көптеген мемлекеттік
жоспарлар белгіленген болып табылмайды: жарналар осы кезеңге арнап есептелген сыйақыларды
төлеу үшін жеткілікті болып болжанатын деңгейде белгіленеді; ағымдағы кезеңде істеген жұмысына
есептелген болашақ сыйақылар болашақтағы жарналардан төленеді. Алайда мемлекеттік
жоспарлардың көпшілігіне сәйкес ұйымның болашақтағы сыйақы төлемдерін жүзеге асыруға заң
жүзіндегі, сол сияқты жүктелген міндеттемелері де жоқ; оның жалғыз міндеттемесі – төлем
мерзімінің басталуына орай жарна төлеу міндеттемесі болып табылады және, егер де ұйым
мемлекеттік сыйақы жоспарына қатысушыларды жалдауды тоқтатса, өз қызметкерлерінің өткен
жылдардағы істеген жұмысына сыйақы төлеу міндеттемесі пайда болады. Осы себепті мемлекеттік
сыйақы жоспарлары әдетте жарналары белгіленген жоспар ретінде қаралады. Алайда, сирек
жағдайларда, мемлекеттік сыйақы жоспары төлемдер белгіленген жоспар болып табылған кезде,
ұйым 32 және 39-тарауларда берілген есептілігін жүргізу әдісін қолданады.
Сақтандырылған сыйақылар
46
Ұйым еңбек қызметінің аяқталуы бойынша төлемдер жоспарын қаржыландыру үшін
сақтандыру жарналарын төлеуі мүмкін. Ұйым өзінде мынадай заң жүзіндегі және жүктелген
міндеттемелер (тікелей немесе жоспар арқылы жанама) туындаған жағдайдан басқа кездері
жарналары белгіленген жоспар сияқты жоспарды қарауға тиіс:
(а)
сыйақыны төлеу мерзімдері басталған кезде қызметкерлерге тікелей сыйақы төлеу;
немесе
(b)
қызметкердің ағымдағы және алдыңғы кезеңдердегі қызметіне қатысты қызметкерге
есептелген болашақтағы сыйақыны сақтандырушы төлемеген жағдайда қосымша
жарналар төлеуге.
Егер ұйым осы сияқты заң жүзіндегі және жүктелген міндеттемелерді сақтайтын болса,
төлемдер белгіленген жоспарға ұқсас жоспардың есебін жүргізуге тиіс.
47
Сақтандыру келісімшартын жасау арқылы сақтандырылған сыйақы ұйымның сыйақы
міндеттемелерімен тікелей немесе автоматты түрде байланысты болуы керек емес. Сақтандыру
шарттарын көздейтін еңбек қызметінің аяқталуына байланысты төлемдер жоспарына қатысты өзге де
белгіленген сыйақы жоспарларына қатысты сияқты белгілеу және есепке алу жүйелері
арасындағыдай айырма қолданылады.
48
Ұйым, сол арқылы заң жүзіндегі және жүктелген міндеттемелерді сақтайтын сақтандыру полисі
бойынша (не тікелей, не жоспар немесе болашақтағы сақтандыру сыйлықақыларын белгілеу тетіктері
арқылы немесе сақтандырушымен байланыстырушы тарап ретінде) жарналарды төлеу арқылы еңбек
қызметі аяқталуы бойынша сыйақы төлемдері бойынша міндеттемелерді қаржыландырған кезде