19-шы Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарты (ias 19) Қызметкерлерге берілетін сыйақылар



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет8/15
Дата14.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#13358
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

19 

ХҚЕС (IAS) 

 

©

 IFRS Foundation 



15

 

(b) 



қызметкер  жоспарға  сәйкес  есептелген  барлық  елеулі  сыйақыларды  алуға 

 

құқылы болған сәтке дейін, жалақы қосымша өскен жағдайларды  

қоспағанда, 

бұдан әрі болашақ қызметке тәуелді болмайды.  

71 


Болжанатын  шартты  бірлік  әдісі  ұйымның  сыйақыны  ағымдағы  кезеңге  жатқызуын  (ағымдағы 

кезеңдегі  қызмет  құнын  айқындау  үшін),  сондай-ақ  оны  ағымдағы  және  келесі  кезеңдерге  бөлуін 

(төлемдері белгіленген сыйақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құнын айқындау 

үшін) талап етеді. Ұйым еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақы төлеу бойынша осы міндеттеме 

туындаған  кезеңдер  бойынша  сыйақыны  бөледі.  Бұл  міндеттеме  ұйым  болашақ  есепті  кезеңдерде 

төлеуді  болжайтын  еңбек  қызметі  аяқталғаннан  кейінгі  сыйақының  орнына  қызметкердің  қызмет 

көрсетуіне  орай  туындайды.  Актуарлық  қабылдаулар  ұйымның  осы  міндеттемені  борыштық 

міндеттемені тануды негіздеу үшін жеткілікті дәрежедегі сенімділікпен бағалауына мүмкіндік береді.  

 

 

 



 

71  -

тарауды түсіндіретін мысал

 



 

Төлемдері  белгіленген  зейнетақы  жоспары  әрбір  қызмет  жылы  үшін  100  АБ  тең  есеп 

айырысу бірлігінде сыйақы алуды қамтамасыз етеді.  

 

100 



АБ тең есеп айырысу бірлігіндегі сыйақы әр жыл үшін есептеледі. Ағымдағы қызмет 

құны  100-ге  тең  дисконтталған  құнға  теңестіріледі.  Төлемдері  белгіленген  сыйақы 

жоспары  бойынша  міндеттемелердің  дисконтталған  құны  қызметкердің  есептік  күнге 

дейінгі  қызмет  істеген  жылдарының  санына  көбейтілген  100  АБ  тең  дисконтталған 

құнға тең болады. 

 

Егер  сыйақы  қызметкер  ұйымнан  кеткеннен  кейін  дереу  төлене  бастаса,  ағымдағы 



қызметтердің  құны  және  төлемдері  белгіленген  сыйақы  жоспары  бойынша 

міндеттемелердің  дисконтталған  құны  қызметкердің  ұйымнан  кетеді  деп  күтілетін 

күнді білдіреді. Осылайша, дисконттауға байланысты сыйақылар қызметкер есепті күні 

жұмыстан шыққан жағдайға қарағанда кем болады.  

Жоспар қызметтің әр жылы үшін зейнет демалысына шыққан кездегі жалақы мөлшерінің 



0,2 

пайыз  шамасында  ай  сайынғы  сыйақыны  қамтамасыз  етеді.  Сыйақы  төлеу 

қызметкердің жасы 65-ке толғанда басталады.  

 

Болжамды  жұмыстан  шығу  күнгі,  зейнет  демалысына  шыққан  кездегі  жалақы 



мөлшерінің 0,2 пайызшамасындағы қызметкердің ұйымнан күтілетін кету кезінен бастап 

күтілетін  болжамды  қайтыс  болуына  дейін  төленуге  тиісті  айлық  сыйақының 

дисконтталған  құнына  тең  сыйақы  әрбір  қызмет  жылына  бөлінеді.  Ағымдағы  қызмет 

көрсету  құны  көрсетілген  төлемнің  дисконтталған  құнына  тең  болады.  Төлемдері 

белгіленген  сыйақы  жоспары  бойынша  міндеттемелердің  дисконтталған  құны  есепті 

күнге дейін жұмыс істелген жыл санына көбейтілген зейнет демалысына шыққан кездегі 

жалақы  мөлшерінің  0,2  пайыз  шамасындағы  ай  сайынғы  сыйақының  дисконтталған 

құнына  теңестіріледі.  Ағымдағы  қызметтің  құны  мен  төлемдері  белгіленген  сыйақы 

жоспары  бойынша  міндеттемелердің  дисконтталу  себебі  сыйақы  төлеу  қызметкердің 

жасы 65-ке толғанда басталуына байланысты болып келеді.  

 

 



72  

Қызметкердің  қызметі,  егер  сыйақы  болашақ  қызметке  негізделген  жағдайда  да  (басқаша  айтқанда 

кепілдік  берілмеген  сыйақы),  төлемдері  белгіленген  сыйақы  жоспары  бойынша  міндеттемелердің 

пайда болуына алып келеді. Қызметкердің қызметі кепілдік берілген сыйақы төлемдерін алу құқығы 

туындаған сәтке дейін қызметкер сыйақы құқығын алуға дейінгі көрсетуге тиісті қызметінің мөлшері 

есептен кейінгі әрбір күнге азаятынына байланысты жүктелген міндеттеме жасайды. Ұйым төлемдері 

белгіленген  сыйақы  жоспары  бойынша  міндеттемелерді  бағалау  кезінде  кейбір  қызметкерлердің 

кепілдік  берілген  сыйақыны  алу  талаптарын  қанағаттандырмауы  ықтимал  екендігін  есепке  алады. 

Еңбек қызметі аяқталғаннан кейін сыйақының кейбір түрлері, мысалы, медициналық қамтамасыз ету 

қызметкер ұйымда жұмыс істемейтін кезде, белгілі бір жағдайлардың болуына орай көрсетілуге тиіс 

екендігіне қарамастан, осыған сай міндеттеме қызметкердің белгілі бір жағдайлардың болуына орай 

сыйақы  алу  құқығын  қамтамасыз  ететін  қызмет  көрсеткен  кезде  қалыптастырылады.  Белгілі  бір 

жағдайлардың  туындау  ықтималдығы  міндеттемені  бағалауға  ықпал  етеді,  бірақ  оның  болу 

фактісінің өзіне ықпал етпейді.  

 



19 

ХҚЕС (IAS)

 

16 


©

 IFRS Foundation 



72  -

тарауды түсіндіретін мысал 

Сыйақы жоспары бойынша сыйақы қызметтің әрбір жылы үшін 100 АБ тең есеп айырысу 



бірлігінде төленеді. Сыйақы он жыл қызметтен кейін кепілді болады. 

100 

АБ  тең  есеп  айырысу  бірлігіндегі  сыйақы  әр  жыл  үшін  есептеледі.  Бастапқы  он 

жылдың әр жылында ағымдағы қызметтің құны және міндеттемелердің дисконтталған 

құны  қызметкердің  он  жыл  бойына  қызмет  етпеуі  мүмкін  екендігінің  ықтималдығын 

көрсетеді 

25  жасқа  дейінгі  қызметті  қоспағанда,  сыйақы  жоспары  бойынша  сыйақы  әрбір  қызмет 



жылы үшін 100 АБ тең есеп айырысу бірлігі болады. Сыйақыға бірден кепілдік беріледі.  

Сыйақы  25  жасқа  дейінгі  қызмет  кезеңіне  есептелмейді,  өйткені  қызметкерлер  осы 

жасқа  жеткенге  дейін  ешқандай  сыйақыға  құқығы  жоқ  (шартты  және  шартсыз). 

Кейінгі әр жыл үшін 100 АБ тең есеп айырысу бірлігінде сыйақы бөлінеді.  

 

73  



Міндеттеме қызметкердің одан әрі қызметі есептелетін сыйақының айтарлықтай өсімі үшін барынша 

негіз  болып  табылмайтын  кезге  дейін  өседі.  Сондықтан  сыйақылардың  барлығы  осы  кезде  немесе 

оған дейін аяқталатын кезеңге жатқызылады. Сыйақы жоспарда белгіленген формулаға сәйкес жеке 

есептік  кезеңдер  арасында  бөлінеді.  Алайда  қызметкердің  қызметі  неғұрлым  бұрынғы  жылдарға 

қарағанда  соңғы  жылдары  айтарлықтай  неғұрлым  жоғары  сыйақыларға  әкелетін  болса,  ұйым 

сыйақыны қызметкердің одан әрі қызметі есептелетін сыйақының айтарлықтай өсімі үшін барынша 

негіз  болып  табылмайтын  кезге  дейін  бірқалыпты  негізде  бөледі.  Мұның  өзі  қызметкердің  барлық 

кезең  ішіндегі  қызметі,  түпкі  есебінде  осындай  неғұрлым  жоғары  мөлшерде  сыйақы  төлеуге  негіз 

болып табылатынына байланысты. 

 

 



 

 

 



73-

тарауды түсіндіретін мысал 

Жоспар  он  жыл  қызметтен  кейін  кепілдік  берілген  болатын  1,000  АБ  тең  есеп  айырысу 



бірлігіндегі  біржолғы  сыйақы  беруді  көздейді.  Жоспар  кейінгі  жылдардағы  қызмет  үшін 

қосымша сыйақыны қамтамасыз етпейді.  



100 

АБ тең есеп айырысу бірлігіндегі сыйақы (1,000 АБ  онға бөлу керек) бастапқы он 

жылдың әрбіріне бөлінеді.  

Бастапқы он жылдың әр жылының ішінде ағымдағы қызметтің құны қызметкердің он жыл 

бойына қызмет етпеуі мүмкін екендігінің ықтималдығын көрсетеді. Сыйақы келесі жылдарға 

бөлінбейді.  

Жоспар  барлық  жұмыс  істейтіндер  үшін  55  жасқа  жеткеннен  кейін  жиырма  жылдан  кем 



емес  еңбек  өтілі  болған  кезде  немесе  жұмыс  істейтіндер  үшін  65  жасқа  жеткенде  еңбек 

өтіліне  қарамастан  2,000  АБ  тең  есеп  айырысу  бірлігіндегі  біржолғы  сыйақы  беруді 

көздейді.  

Жұмысқа 35 жасқа дейін қабылданған қызметкерлердің қызметі 35 жастан басталатын 

жоспардың талаптарына ілігеді (қызметкер 30 жасында жұмыстан шығып, 33 жаста 

қайтып келе алады, бұл сыйақы төлеу мөлшеріне немесе уақытына ешқандай ықпал етпейді). 

Бұл сыйақылар алдағы уақыттағы сыйақыға негізделген. Сонымен қоса 55 жасқа жеткендегі 

қызмет сыйақының қандай да болмасын өсуі үшін негіз болып табылмайды. Ұйым көрсетілген 

қызметкерлерге 35-тен 55-ке дейінгі жастың әрбір жылы үшін 100 АБ тең (2,000 АБ 

жиырмаға бөлу керек) есеп айырысу бірлігіндегі сыйақы бөледі.  

Жұмысқа 35-тен 45 жасқа дейін қабылданған қызметкерлер үшін жиырма жылдан астам 

өтілі сыйақы сомасының қандай да болмасын айтарлықтай өсуі үшін негіз болып 

табылмайды. Ұйым көрсетілген қызметкерлерге бастапқы жиырма  жылдың әрбір жылы 

үшін 100 АБ тең (2,000 АБ жиырмаға бөлу керек) есеп айырысу бірлігіндегі сыйақы бөледі.  



жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау