19
ХҚЕС (IAS)
©
IFRS Foundation
7
22
Ұйым пайдаға және сыйлықақыға қатысу жоспарына сәйкес өзінің заңды түрдегі және жүктелген
міндеттемелерін мынадай жағдайларда ғана сенімді бағалауы мүмкін:
(a)
жоспардың белгіленген талаптарының ішіне сыйақы шамасының анықтама формулалары
кіргенде;
(b)
ұйым қаржы есептілігін шығаруға бекіткенге дейінгі төленуі тиіс сыйақы көлемін
анықтағанда; немесе
(c)
өткен жылдар тәжірибесі ұйымның жүктелген міндеттемесінің шамасын нақты анықтауға
мүмкіндік бергенде.
23
Пайдаға және сыйлықақыларға қатысу жоспарлары бойынша міндеттемелер ұйым иеленушілермен
мәміле нәтижесіне емес, қызметкерлердің көрсеткен қызметіне байланысты шығады. Сондықтан да
ұйым пайдаға қатысу және сыйлықақыны төлеу жоспары бойынша жұмсалған шығындарды таза
пайданы бөлу ретінде емес, шығыс ретінде таниды.
24
Егер пайдаға және сыйлықақыларға қатысу жоспарлары бойынша төленуі тиісті сома
қызметкерлердің қызметтерді көрсеткен кезеңі аяқталғаннан кейінгі он екі ай ішінде толықтай
төленбесе, олар қызметкерлерге берілетін басқа ұзақ мерзімді сыйақылар болып табылады (153–158
тарауларын қараңыз).
Ақпаратты айқындау
25
Осы Стандарт қызметкерлерге қысқа мерзімді төленетін сыйақыларға қатысты ақпаратты арнайы
айқындап көрсетуді талап етпейтініне қарамастан, оны басқа ХҚЕС (IFRS) талап етуі мүмкін.
Мысалы, 24 ХҚЕС (IAS) Байланысты тараптар туралы ақпаратты айқындап көрсету негізгі
басқарушыға төлемдер туралы ақпаратты айқындап көрсетуді талап етеді. 1 ХҚЕС (IAS) Қаржы
есептілігін ұсыну қызметкерлерге сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстарды айқындап көрсетуді талап
етеді.
Еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы:
белгіленген жарналары бар сыйақы жоспарлары және белгіленген
төлемдері бар сыйақы жоспарлары арасындағы айырмашылық
26
Еңбек қызметінің аяқталуы бойынша сыйақыларға, мысалы:
(а)
зейнет демалысына шыққан кездегі сыйақылар сияқты сыйақылар (мысалы, зейнетақы мен
зейнет демалысына шығардағы біржолғы төлемдер); және
(b)
еңбек қызметінің аяқталуы бойынша жұмыс істеу кезеңінің аяқталуы бойынша өмірді
сақтандыру және медициналық қамтамасыз ету сияқты басқа да сыйақылар жатады.
Ұйым осыған сәйкес еңбек қызметінің аяқталуы бойынша сыйақыны қамтамасыз ететін келісім еңбек
қызметінің аяқталуы бойынша сыйақы жоспары деп аталады. Ұйым осы Стандартты, олардың
жарналар алуы немесе сыйақы төлемдерін жүзеге асыруы үшін жеке заңды тұлға құруды көздейтін-
көздемейтіндігіне қарамастан, осы сияқты барлық келісімдерге қолданылады.
27
Сыйақы жоспарлары оның негізгі талаптарынан келіп шығатын жоспардың экономикалық
мазмұнына байланысты белгіленген жарналары бар сыйақы жоспарларына және белгіленген
төлемдері бар сыйақы жоспарларына бөлінеді.
28
Белгіленген төлемдері бар сыйақы жоспарлары саласында кәсіпорынның заңнамалық және жүктелген
міндеттемелері қорға салынуға дайын сомамен шектеледі. Осылайша, қызметкерге табысталған еңбек
қызметінің аяқталуынан кейін берілетін сыйақылар кәсіпорынның (немесе қызметкердің) еңбек
қызметінің аяқталуынан кейінгі сыйақы жоспарына салынған жарналары мен сақтандыру
компаниясына салынған жарналарымен қоса инвестициялық табыспен анықталады. Нәтижесінде,
актуарлық тәуекел (күтілетін сомадан төмен сыйақы) мен инсвестициялық тәуекел (күтілетін
пайданы қанағаттандырмайтын салынған активтер) қызметкерге түседі.
29
Ұйымның заңды түрдегі немесе жүктелген міндеттемесі болған жағдайда қорға салуға келісімін
берген ұйым міндеттемесі сомасымен шектелмейтін жағдайға мысал:
(а)
тек жарналармен ғана байланысты емес сыйақы жоспары бойынша төлеу формуласымен;
(b)
сыйақы жоспарлары арқылы не жанама, төлеуге арналған табыстың нақты мөлшері арқылы
не тура кепілдігімен; не
19
ХҚЕС (IAS)
8
©
IFRS Foundation
(c)
жүктелген міндеттеменің пайда болуына әкеліп соқтыратын сол қалыптасқан тәжірибе.
Мысалы, тиісті заңды түрдегі міндеттеме болмаса да, инфляцияның ықпалын жою
мақсатымен ұйымда бұрынғы қызметкерлердің сыйақысын көтеру дәстүрі қалыптасқан
жағдайда жүктелген міндеттеменің пайда болуы мүмкін.
30
Белгіленген төлемдері бар сыйақы жоспарлары бойынша:
(а)
ұйым міндеттемесі жұмыс істеп жүрген немесе бұрынғы қызметкерлерге келісілген сыйақы
мөлшерін қамтамасыз етуден тұрады; және
(b)
актуарлық тәуекелдік (сыйақы шығындары күтілгеннен көп болғандықтан) және
инвестициялық тәуекелдік мәні бойынша ұйымға жүктеледі. Егер актуарлық немесе
инвестициялық тәжірибе мәліметтері күтілгеннен нашар болса, ұйым міндеттемесі ұлғаюы
мүмкін.
31
Төмендегі 32–49-тараулар контекстегі жұмыс берушілер тобының сыйақы жоспарларының,
мемлекеттік сыйақы жоспарларының және сақтандырылған сыйақы төлеулерінің белгіленген
жарналары бар сыйақы жоспарлары және белгіленген төлемдері бар сыйақы жоспарларының
арасындағы айырмашылықты түсіндіреді.
Жұмыс берушілер тобының сыйақы жоспарлары
32
Ұйым жұмыс берушілер тобының сыйақы жоспарларын жоспарға сәйкес (формальды
жағдайлардың шегіне кіретін кез келген жүктеме міндеттемені қосқанда) белгіленген
жарналары бар сыйақы жоспары немесе белгіленген төлемдері бар сыйақы жоспары ретінде
жіктеуі тиіс.
33
Егер ұйым жұмыс берушілер тобының сыйақы жоспарларына қатысып, 34-тарау
қолданылмаса, онда:
(а)
белгіленген сыйақы міндеттемесінің, актив жоспарының және жоспармен байланысты
шығындардың опорционалды үлесін басқа белгіленген сыйақы жоспарын есептеу
жолымен есептейді; және
(b)
135–148 (148(d)
тарауларын қоспағанда) тарауларына сәйкес ақпаратты айқындауы
тиіс.
34
Егер жұмыс берушілер тобының сыйақы жоспарларына белгіленген сыйақы есебі үшін тиісті
ақпарат жеткілікті болмағанда, ұйым:
(а)
арнайы салым жоспары болғандай, 51 және 52 тарауларға сәйкес жоспарды түсіндіру;
және
(b)
148-
тарау талап ететін ақпаратты айқындап көрсету.
35
Төменде жұмыс берушілер тобының белгіленген төлемдері бар сыйақы жоспарынан бір мысал
келтірілген:
(а)
жоспар бөлу әдісімен қаржыландырылады, ол мынаны білдіреді: жарна осы кезеңде
есептелген сыйақыларды төлеу үшін жеткілікті болып табылатын деңгейде белгіленеді; осы
кезеңде істелген жұмысқа есептелетін сыйақы болашақ жарналардан төленеді; және
(b)
қызметкерлердің еңбекақысы олардың жұмыс өтілінің ұзақтығымен айқындалады, ал
жоспарға қатысатын ұйымды, ұйымның жоспардан шыққан сәтіне дейін қызметкерлердің
істеген жұмысына есептелетін сыйақыларды қамтамасыз ету үшін жарналарды төлемейінше,
жоспардан шығаратын нақты тәсіл жоқ. Мұндай жоспар ұйым үшін актуарлық тәуекелдік
жасайды: есепті кезеңде істеген жұмысына есептелетін сыйақының жиынтық мөлшері
күтілетіннен жоғары мөлшерде болса, ұйым оның жарнасын көтеруге немесе төменгі
сыйақыға келісу үшін қызметкерді көзін жеткізуге мәжбүр болады. Осылайша, бұл жоспар
төлемдері белгіленген сыйақы жоспарын білдіреді.
36
Ұйымда жұмыс берушілер тобының төлемдер белгіленген жоспар болып табылатын жоспарына
қатысты жеткілікті ақпарат болған кезде, ол жоспар міндеттемелеріндегі, жоспар активтеріндегі және
жоспарға байланысты еңбек қызметін аяқтағанда төлем жасауға арналған шығындарды өзінің теңбе-
тең үлесіне төлемдер белгіленген кез келген басқа сыйақы жоспары бойынша жүргізілетін есеп
сияқты есеп жүргізеді. Алайда есеп жүргізу мақсаты үшін кейбір жағдайларда ұйым қаржылық
жағдайдағы және жоспардың қаржылық көрсеткішіндегі өзінің үлесін бағалауға сенімділігі тиісті
дәрежеде қабілетсіз болуы мүмкін. Бұл мынадай жағдайларда болуы мүмкін, егер:
(а)
жоспарға қатысушы ұйымдарды жоспарға қатысушы жекелеген ұйымдар арасында
міндеттемелерді, активтерді және шығындарды бөлуге арналған жүйесі және сенімді