19
ХҚЕС (IAS)
©
IFRS Foundation
19
82
Сыйақының соңғы құнын анықтау үшін ұйым қайтыс болудағы күтілетін өзгерістерді есепке алуы
тиіс, мысалы, стандартты кестелерді қайтыс болудың жақсартылған өзгерістеріне сәйкестендіру.
Актуарлық жорамал: дисконт мөлшерлемесі
83
Еңбек қызметінің аяқталуына байланысты сыйақы беру бойынша міндеттемелерді дисконттау
үшін пайдаланылатын мөлшерлеме (қаржыландырылған және қаржыландырылмаған)
жоғары сапалы корпорациялық облигациялардың есепті күнгі жай-күйі бойынша нарықтық
кірістілігі негізінде айқындалуы тиіс. Осы түрдегі облигациялар нарығының жеткілікті
тереңдігі жоқ елдерде мемлекеттік облигациялардың нарықтық кірістілігі (есепті күнгі)
пайдаланылуы тиіс. Валюта және корпорациялық немесе мемлекеттік облигациялардың
талаптары валютаның еңбек қызметінің аяқталуына байланысты сыйақымен қамтамасыз ету
жөніндегі міндеттемелердің есептік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
84
Айтарлықтай мәні бар актуарлық жорамалдардың бірі дисконт мөлшерлемесі болып табылады. Ол
актуарлық немесе инвестициялық тәуекелдікті емес, ақшаның уақытша құнын білдіреді. Сонымен
қатар дисконт мөлшерлемесі осы ұйымның кредиторларына жататын, ұйымға тиесілі несие бойынша
төлемеу тәуекелдігін көрсетпейді, бұл мөлшерлеме сонымен қатар болашақ тәжірибенің актуарлық
жорамалдарды айырмашылығы болу тәуекелдігін де көрсетпейді.
85
Дисконт мөлшерлемесі сыйақыларды төлеу уақыты бойынша есептік бөлуді көрсетеді. Ұйым іс
жүзінде бұған сыйақыларды төлеу уақыты бойынша есептік бөлуді, олардың мөлшері мен сыйақы
төленуге тиісті валютаны көрсететін орташа алынған бір дисконт мөлшерлемесін қолдану арқылы
жиі қол жеткізеді.
86
Кейбір жағдайларда барлық болжамды сыйақылар төленуге тиісті есептік мерзімге сәйкес келетін
ұзақ өтеу мерзімі бар облигациялардың жеткілікті тереңдіктегі нарығы болмауы да мүмкін. Мұндай
жағдайларда ұйым тиісті қысқа мерзімді төлемдерді дисконттауға қолданылатын ағымдағы нарықтық
мөлшерлемелерді пайдаланады және ағымдағы нарықтық мөлшерлемелерді экстраполяциялау
арқылы ұзақ мерзімді міндеттемелерге арналған дисконт мөлшерлемесін есептейді. Жалпы
дисконтталған құн қазіргі сәтте айналыстағы корпорациялық немесе мемлекеттік облигацияларды
түпкілікті өтеу кезеңінің шегінен асатын сыйақыларды төлеуге қатысты қолданылатын дисконт
мөлшерлемесіне байланысты болу-болмауы белгісіз.
Актуарлық жорамал: жалақы, сыйақылар және медициналық қамтамасыз
етуге жұмсалған шығындар
87
Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақылар бойынша міндеттемелер мыналардың
негізінде бағалануы тиіс:
(а)
есептік кезеңнің соңында жоспар негізінде сыйақылардың көрсетілуі (немесе осы
шектеулердің шегінен шығатын жүктелген міндеттемелер);
(b)
жалақыны бағалау арқылы болашақта көтеру;
(c)
жоспардың талаптары бойынша есепті күнгі белгіленген сыйақы;
(d)
ұйымдар үшін сыйақылардың құнын төмендететін қызметкерлердің немесе үшінші
тұлғалардың салымдары; және
(е)
төлемдері белгіленген сыйақы жоспары бойынша берілетін сыйақыға ықпал ететін кез
келген мемлекеттік сыйақылардың деңгейін бағалау арқылы болашақта өзгертуді,
мынадай жағдайда ғана, немесе:
(і)
осы өзгерістер есепті күнге дейін болса; немесе
(іі)
бұрынғы тәжірибе не өзге де сенімді дәлелдеме осы мемлекеттік
сыйақылардың қандай да болмасын болжамды бағыттарға, мысалы,
болашақта бағаның жалпы деңгейінің не жалақының жалпы деңгейінің
өзгеруімен қатар өзгеретінін көрсетеді.
88
Егер жоспардың белгіленген шарттары (немесе осы шарттардың шегінен тыс шығатын жүктелген
міндеттемелер) ұйымнан оның болашақ кезеңдегі төлемдерін өзгертуді талап етеді, міндеттемені
бағалау осы өзгерістерді көрсетеді. Бұл, мәселен, мынадай жағдайларда болады:
(а)
ұйымның сыйақыны көтерудегі бұрынғы тәжірибесі болса, мысалы, инфляцияның ықпалын
жеңілдету кезінде, және осы тәжірибе болашақта өзгеретініне ешқандай дәлелдеме болмаса;
не
19
ХҚЕС (IAS)
20
©
IFRS Foundation
(b)
актуарлық пайдалар қаржылық есептерде танылған және ұйым не жоспардың белгіленген
шарттары (немесе осы шарттардың шегінен тыс шығатын жүктелген міндеттемелер)
бойынша, не заңнаманың талаптарына сәйкес жоспарға қатысушылардың мүддесі үшін
активтердің кез келген өсімін пайдаланса (108 (c)- тарауын қараңыз); немесе
(c)
сыйақылар мақсаттың орындалуы мен басқа талаптарға қатысты өзгереді. Мысалы,
жоспардың шартында: егер жоспар активтерінің көлемі жеткіліксіз болса, қызметкерлерге
төмендетілген сыйақы төленеді немесе олардан қосымша салымдар талап етіледі деп
көрсетілуі мүмкін. Міндеттеменің бағалануы қызметтің немесе басқа талаптардың ең тиімді
әсерін көрсетеді.
89
Актуарлық жорамалдар есепті күнгі жоспардың белгіленген шарттарында белгіленбеген (немесе
жүктелген міндеттемелер) сыйақылардың болашақтағы өзгерістерін көрсетпейді. Мұндай өзгерістер
мыналар арқылы көрсетіледі:
(а)
бұрын көрсетілген қызметтің құны, өзгеріс болған сәтке дейін көрсетілген қызмет үшін
сыйақының мөлшерін өзгертетін шамада; және
(b)
өзгерістен кейінгі кезең үшін ағымдағы қызметтің құнын, өзгерістен кейінгі қызмет үшін
сыйақы мөлшерін өзгертетін шамада.
90
Жалақының болашақта көтерілуін бағалаған кезде инфляция, лауазым, қызметінде көтерілуі және
жұмыс күші нарығындағы сұраныс пен ұсыныс сияқты басқа да маңызды факторлар.
91
Кейбір белгіленген төлемдері бар сыйақы жоспарлары ұйым төлеуі тиіс салымдарғы шек қояды.
Сыйақылардың қорытынды құны салымдарға қойылған шектің әсерін есепке алады. Салымдарға
қойылған шектің әсері келесілер арқылы анықталады:
(a)
ұйымның қызметінің бағаланған ұзақтығы; және
(b)
жоспардың қызметінің бағаланған ұзақтығы.
92
Кейбір белгіленген төлемдері бар жоспарлар қызметкерлерден немесе үшінші тараптардан
жоспардың құнына әсер етуді талап етеді. Қызметкерлердің салымдары ұйым үшін сыйақылардың
шығынын төмендетеді. Ұйым үшінші тараптардың салымдарының ұйым үшін сыйақылардың
шығынын төмендететінін немемсе 116-тарауда айтылғандай, өтемақы құқығы болатындығын
қарастырады. Қызметкерлердің немесе үшінші тараптардың салымдары жоспардың ресми шартында
анықталады (шарттардың алдында анықталған құрылымдық міндеттемелерден туындайды ) немесе
бақыланады. Қызметкерлердің немесе үшінші тараптардың бақыланатын салымдары жоспардың
қызмет көрсетуге кеткен шығындарын қысқартады.
93
Қызметкерлердің немесе үшінші тараптардың салымдары жоспардың қызмет құнын қысқартады
(
егер қызмет көрсетумен байланысты болса) немесе белгіленген төлемдері (егер қызметтермен
байланысты болмаса) бар таза сыйақы міндеттемелерінің (актив) қайта бағалануына ықпал етеді.
Қызметтермен байланысты болмайтын салымдардың мысалы жоспар активтерінен немесе актуарлық
жорамал шығындарынан туындайтын дефицитті төмендетуге талап етілетін салымдар болып
табылады. Егер қызметкерлер мен үшінші тараптың тарапынан қызметке қатысты болған салымдар
қызметтермен байланысты болса, онда сол салымдар келесі жолмен қызмет бағасын қысқартады:
(a)
егер салым мөлшері жұмыс өтілінен байланысты болса, ұйым 70-тарауда талап етілетін
теңгерімдегі төлемақыны үлестіру тәсілін қолдану арқылы қызмет көрсету кезеңінде салым
салу қажет (яғни, не жоспарда көрсетілген үлестіру формуласы арқылы, не бірегей негізде);
немесе
(b)
егер салым мөлшері жұмыс өтілінен байланысты болмаса, ұйым осындай салымдарды тиісті
қызмет көрсетілген кезеңдерде қызмет бағасын қысқарту ретінде тану қажет. Жұмыс
өтілінен байланысты болмайтын салымның мысалы жұмысшының төлемақысының
белгіленген пайызын білдіретін, жұмысшының қызмет көрсету кезеңіндегі белгіленген
сомасын немесе жұмысшының жасына байланысты болатын сомасын білдіретін салымдар
болып табылады.
А1 тарауында тиісті қолдану нұсқауы көрсетілген.
94
93(а)-тарауындағы қызмет көрсету кезеңінде үлестірілетін қызметкердің немесе үшінші тараптың
салымдардың өзгерісінің нәтижесі:
(a)
ағымдағы және бұрынғы қызмет құны (егер осындай өзгерістер жоспардың ресми
шарттарында анықталып, құрылымдық міндеттемелерден туындамаса); немесе
(b)
актуарлық пайда мен залалдар (егер осындай өзгерістер жоспардың ресми шарттарында
анықталып, құрылымдық міндеттемелерден туындамаса).