19-шы Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарты (ias 19) Қызметкерлерге берілетін сыйақылар



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет3/15
Дата14.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#13358
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

19 

ХҚЕС (IAS) 

 

©

 IFRS Foundation 



5

 

 



Қызметкерлерге төленетін барлық қысқа мерзімді сыйақылар 

11 

Есеп беру кезең ішінде қызметкер ұйымға қызмет көрсеткен кезде ұйым осы: 

(а) 

кез  келген  төленіп  қойған  соманы  ұстап  қалғаннан  кейін  міндеттемелер  ретінде 

(есептелген  шығыстың).  Егер  төленіп  қойған  сома  төлеулердің  дисконтталмаған 

шамасынан  асып  кетсе,  ұйым  осындай  асып  кету  аванстық  шығыстардың  әкеліп 

соқтыратын  шамасына  қарай  актив  ретінде  (аванс  шығыстарының)  тану  керек, 

мысалы,  болашақ  төлемдерді  қысқарту  немесе  қарызды  қолданыстағы  ақшамен 

қайтару.  

(b) 

активтің өзіндік құнына қосуға талап ететін немесе рұқсат беретін басқа ХҚЕС (IFRS) 

сол  сыйақылар  сомаларынесептемегенде  шығыс  ретінде  (мысалы,  2  ХҚЕС  (IAS) 

Босалқылар  және  16  ХҚЕС  (IAS)  Жылжымайтын  мүлік,  ғимараттар  мен 

жабдықтарды қараңыз) қызметтердің орнына төленуі тиісті қызметкерлерге берілетін 

қысқа мерзімді сыйақылардың дисконтталмаған шамасын тануға тиіс. 

12 

13,  16 

және  19-тарауларда  ұйымның  11-тарауды  төленетін  демалыс  нысанындағы  қысқа 

мерзімді сыйақылар мен табыс және сыйлықақы жоспарларына қалай қолданылуы тиіс екені 

түсіндіріледі. 

 

Қысқа мерзiмдi төленетін рұқсатнамалар. 



13  

Ұйым  11-тарауға  сәйкес  қызметкерлерге  төленетін  демалыс  нысанындағы  қысқа  мерзімді 

сыйақыларды төленуі күтілетін шығындарды мынадай: 

(а)  

жинақталатын  ақы  төленетін  демалыс  кезінде  –  болашақ  ақы  төленетін  демалысты 

пайдалануға  қатысты  олардың  құқықтарын  күшейтетін  қызметкерлердің  қызмет 

көрсету кезінде; 

(b) 

жинақталмайтын  ақы  төленетін  демалыс  кезінде  –  тікелей  демалыс  басталған  кезде 

тануы тиіс. 

14  


Компания  қызметкерлердің  әртүрлі  себептермен,  соның  ішінде  жыл  сайынғы  демалыс  жағдайын, 

ауруы  және  қысқа  мерзімді  жұмыс  жасауға  жарамсыздығын,  бала  бағу  кезінде,  ант  берген  отырыс 

төрағасы ретінде қызметке немесе әскер қызметін өтеу кезінде болмауын төлей алады. Ақы төленетін 

демалыс екі санатқа бөлінеді: 

(а) 

жинақталатын; және  



(b) 

жинақталмайтын. 

15  

Жинақталатын  ақысы  төленетін  демалыстарды,  егер  ағымдағы  кезең  ішінде  толықтай 



пайдаланылмаған  болса,  мерзімі  кейінгіге  жылжытылып,  келесі  кезеңдерде  пайдалануға  болады. 

Жинақталатын ақысы төленетін демалыстар не өтем жасалатын (басқаша айтқанда, қызметкерлердің 

пайдаланбаған  демалыстардың  орнына  ақшалай  төлем  құқығына  ие),  не  өтем  жасалмайтын 

(қызметкердің  пайдаланбаған  демалыстардың  орнына  ақшалай  төлеулерді  алуға  құқығына  ие 

болмаса) болуы мүмкін. Міндеттеме қызметкерлердің қызметті қалай көрсеткені, болашақта олардың 

пайдалана  алатын  ақы  төленетін  демалыстардың  ұзақтығы  ненің  нәтижесінен  көбейетініне 

байланысты  шығады.  Қызметкерлер  өтем  жасалмайтын  жинақталған  демалыс  алу  құқығын 

пайдаланғанға дейін жұмыстан шығу мүмкіндігі осы міндеттемені бағалауға ықпал еткен жағдайда да 

міндеттеме ақы төленетін демалыс өтелетін болып табылатын жағдайдың өзінде де күшін жоймайды 

және танылады. 



16  

Ұйым  жинақталатын  ақысы  төленетін  демалыстарды  төлеуге  күтілетін  шығындарды 

қызметкерге  төлеу  болжанатын  қосымша  сома  және  есеп  беру  күнгі  жағдайға  байланысты 

жинақталған пайдаланбаған демалыстар ретінде бағалауы тиіс.  

17 


Алдыңғы  тарауда  анықталған  әдіске  сәйкес  міндеттеме  тек  қана  ерекшелік  ретінде  төлемдердің 

жинақталуына байланысты пайда болатын қосымша төлем шамасы бойынша бағаланады. Көпшілік 

жағдайда  ұйымда  пайдаланбаған  ақысы  төленетін  демалыстарға  қатысты  елеулі  міндеттемелердің 

жоқ  екендігі  туралы  қорытындыға  келу  үшін  толық  есептеу  қажеттілігі  жоқ.  Мысалы,  ауруына 

байланысты  демалысқа  қатысты  міндеттеме  ауруына  байланысты  пайдаланбаған  демалыс  ақысы 

төленетін демалыс ретінде алынуы мүмкін ресми немесе ресми емес болжауға негіз болған жағдайда 

ғана маңызды болады. 

 



19 

ХҚЕС (IAS)

 



©



 IFRS Foundation 

16 

және 17-тарауларды түсіндіретін мысал 

Ұйымда  100  қызметкер  жұмыс  істейді,  әрқайсысы  ұзақтығы  бес  жұмыс  күні  болатын  ауруына 

байланысты  ақысы  төленетін  жыл  сайынғы  демалысқа  құқығы  бар.  Ауруына  байланысты 

пайдаланбаған демалыс бір жылға кейінгіге шегерілуі мүмкін. Ауруына байланысты демалыс, ең 

алдымен  ағымдағы  жылға  қатысты  күн  есебінен  алынып,  одан  кейін  алдыңғы  жылдан 

жылжытылған  демалыс  есебінен  алынады  (ЛИФО  негізінде).  20Х1  жылдың  31  желтоқсандағы 

жағдайы бойынша орташа есеппен ауруына байланысты ақысы төленетін пайдаланбаған демалыс 

бір қызметкерге екі күннен келеді. Негізгі тенденциялары болашақта сақталуы болжанатын өткен 

тәжірибе  негізінде  ұйым  20Х2  жылы  ауруына  байланысты  ақысы  төленетін  демалысты  92 

қызметкердің бес  күннен көп алмайтынын, ал  қалған сегізі орта есеппен әрқайсысы алты жарым 

күннен алатынын күтеді. 

 

20Х1  жылдың  31  желтоқсандағы  жағдайы  бойынша  жиналған  демалысты  пайдаланбау 



нәтижесінде ұйым қосымша ауруына байланысты он екі күн демалысты төлейтінін болжайды 

(әрбір сегіз адамға шаққанда бір жарым күннен). Осылайша ұйым ауруға байланысты демалысты 

он екі күн көлемінде төлеу міндеттемесін таниды. 

 

 

18 


Жинақталмайтын ақысы төленетін демалыстар болашақ кезеңге ауыстырылмайды: ағымдағы жылы 

толық  пайдаланылмаған  жағдайда  олар  жойылады,  және  қызметкерлерге  пайдаланбаған  демалыс 

үшін ақшалай төлемдерді алуға құқық бермейді. Әдетте бұл ауруына байланысты демалысқа (өткен 

кезеңдердегі демалысты қаншалықты пайдаланбаса, болашақ кезеңдерде демалыстардың ұлғаймауы 

сондай дәрежеде болады), бала күтімі бойынша демалыс және ант берген отырыс төрағасы ретінде 

қызметке  немесе  әскери  қызметін  өтеу  кезінде  берілетін  демалысқа  қатысты.  Ұйым  қызметкер 

көрсеткен  қызметіне  сыйақы  сомасының  көбеюіне  әкеліп  соқтырмайтындықтан,  демалыс  кезеңі 

басталғанға дейін міндеттемелерді немесе шығыстарды танымайды. 



Пайдаға және сыйлықақы жүйесіне қатысу жоспары 

19  

Ұйым 11-тарауға сәйкес пайдаға қатысуға және сыйлықақыларды төлеуге жұмсалуы күтілетін 

шығындарды: 

(а) 

ұйымның  ағымдағы  шартқа  немесе  заңнамаға  сай  туындайтын  немесе  өткен 

оқиғаларға байланысты осындай төлемдерді жүзеге асыруға міндеттемесі бар; және 

(b) 

 

міндеттеме сенімді бағалануы мүмкін болған жағдайда ғана тануы тиіс. 

Ағымдағы  міндеттеме  ұйымның  төлемдерді  жасамауға  нақты  мүмкіндігі  болмаған  жағдайда 

ғана болуы мүмкін

20 


Пайдаға  қатысудың  кейбір  жоспарлары  бойынша  қызметкерлер  белгіленген  кезең  ішінде  ұйымда 

жұмыс  істеуге  қалған  жағдайда  ғана  пайда  үлесін  алады.  Осындай  жоспарлар,  егер  қызметкерлер 

белгіленген  кезең  аяқталғанға  дейін  ұйымда  жұмысын  жалғастырып,  олар  төлеуге  тиісті  соманы 

ұлғайтатын қызметтерді көрсеткендіктен, жүктелген міндеттеменің пайда болуына әкеліп соқтырады. 

Осы сияқты жүктелген міндеттемені бағалау кейбір қызметкерлердің тиісті пайда үлесінсіз жұмыстан 

кету мүмкіндігін ескереді.  

 

20-

тарауды түсіндіретін мысал 

 

 

 



Пайданы  бөлу  жоспарыс  ұйымның  ағымдағы  жыл  ішінде  жұмыс  істеген  қызметкерлерге  жыл 

ішіндегі оның таза пайдасының белгілі бір бөлігін беруді талап етеді. Жыл ішінде қызметкерлердің 

ешқайсысы жұмыстан шықпаса, онда пайданы бөлу жоспары бойынша төлемдердің жалпы сомасы 

бір жылдың таза пайдасының 3 пайыз құрайды. Ұйым кадр тұрақсыздығы таза төлем пайдасын 2.5 

пайызға дейін төмендететінін есептен шығарады. 

 

Ұйым міндеттемені және таза пайданың 2.5 пайыз мөлшеріндегі шығысты таниды. 

21  

Ұйым  сыйлықақыларды  төлеуге  заңды  міндеттемелерінің  болмауы  да  мүмкін.  Алайда,  кей 



жағдайларда  ұйымда  сыйлықақыларды  төлеу  тәжірибесі  болуы  да  мүмкін.  Осындай  жағдайларда 

ұйымның  сыйлықақыларды  төлемеуге  нақты  мүмкіндігі  болмағандықтан,  жүктелген  міндеттемесі 

болады. Жүктелген міндеттемені бағалау бұл жағдайда кейбір қызметкерлердің ұйымнан сыйлықақы 

алмай кету мүмкіндігін есептейді. 




жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау