17-сабақ «Көбейту мен бөлуге арналған кері есептер» және . «Көбейту және бөлу - кері амалдар» тақырыптарын бекітуге арналған. Сабақ материалы ауызша есептеу және есептерді шешу дағдыларын бекітуге арналған тапсырмаларды қамтиды: №7 - уақыт аралығын есептеу және №3 - жанама есептер.
Сабақты қорытындылау алдыңғы сабақтардағыдай жүргізіледі. Үйге атаулы шамаларды салыстыру (№6 тапсырма, 16-сабақ) және өрнектер құру (№5 тапсырма, 17-сабақ) ұсынылады.
18 - 19-сабақтар. 1-ді санға
көбейту бөлу
Сабақтың мақсаты: оқушыларды 1 санын кебейту және бөлу ережесімен таныстыру және оны есептеу барысында қолдануға үйрету; қысқаша жазу және сызбалар бойынша есеп құрастыруды және шешуді үйрету.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
Балалардың зейінін және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту үшін сұрақтар қойылады:
• Қоратап 6 бөлік бар. Әр бөлікке 1 жеміс сыяды. Сонда бөліктерге 2 қияр мен 4 алма салуға бола ма?
• Қоянның үйінен құдыққа дейінгі қашықтық 30 метр. Бір шелек су әкелу үшін неше қашықтық жүріп өту керек?
• Сенбіден соң үш күн өткеннен кейін аптаның қай күні болады?
• Тәрелкеде 5 кәмпит бар. Бес баланың әрқайсысына бір кәмпиттен таратылды. Тәрелкеде бір кәмпит қалды, сонда бұлқалай болды?
• Емен ағашының үлкен екі бұтағы ғана қалған. Бұл бұтақтардың әрқайсысында кішкентай екі бұтақшадан бар. Кішкентай бұтақшалардың әрбірінде үш алмұрттан бар. Ағашта барлығы неше алмұрт бар?
• Әли орындықта отыр. Оның сол жағында ит, мысық және торғай, ал оң жағында инелік, көбелек және шыбын жүр. Қай жағында жануарлар көп?
Өткен тақырып бойынша есеп шығару дағдыларын бекітуді математикалық диктант түрінде жүргізуге болады:
• Екі дөңгелекті үш велосипедте барлығы неше дөңгелек бар?
• Саябақта төрт қатардың әрқайсысына 5 тал аққайың отырғызылды. Барлығы неше аққайың отырғызылды?
• Жейдйде 6 түйме бар. Осындай екі жейдеде барлығы неше түйме болады?
• Жейдеде 6 түйме бар, ал көйлекте 2 түйме кем. Көйлекте неше түйме бар?
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Жаңа материалды түсіндіруді тақтада көбейтудің нақты мәнін қарастырудан бастау қажет. Мұғалім мысалдарды қосылғыштармен ауыстырып жазуды ұсынады:
1 • 3 = 1 • 9 = 4• 1= 2 • 1 =
«1 саны косылғыш түрінде неше рет алынады? (Екінші көбейткіште неше бірлік болса сонша рет). Яғни, көбейтіндінің мәнінде қандай сан болады? (Көбейтіндіде ылғи да екінші
көбейткішке тең жауап болады). Бөлуді түсіндіру көбейту мен
бөлу амалдарының өзара байланысы туралы білімдеріне сүйене отырып жүргізіледі. Осыдан соң оқушылар 1 санымен бөлу және көбейту жағдайын қарастырады және қорытынды жасайды (№1 тапсырма). «1 санымен көбейту және бөлуге көбейту кестесін құрастыру керек пе?» деген сұраққа жауап береді. Егер болмаса, неге?
4.Бекіту.
Бастапқы бекіту үшін №2, №3 тапсырмаларды түсіндіре отырып орындау ұсынылады.
5.Өткен тақырып бойынша жұмыс.
№5 (а) тапсырманың есебіне толық талдау жасап, шешу жоспарын құрғаннан кейін ауызша орындайды. №5 (ә) тапсырмасы тақтада орындалады.
№7 тапсырманы орындау кезінде (1 шаршы) мұғалім «Сиқырлы шаршыны» толтыру алгоритмін түсіндіреді: 1) толық толтырылғанна бастау керек; 2) қосылғыштардың қосындысын табу; 3) 2 қосылғышы бар бағанды табылған мәнмен тең болатындай санмен толықтыру; 4) қалған торларды толтыру.
6. Өздік жұмыс ретінде №4 тапсырма беріледі.
7. Сабақты қорытындылау.
№6 және №7 тапсырмалар (2, 3-ші шаршылар) үйге беріледі. «Сиқырлы шаршы» құрастыру тапсырылады.
19 - сабақ мұғалімнің қалауына қарай жүргізіледі. Ауызша есепке №1-ші және №2 тапсырмалар арналған. №7 тапсырманы орындау барысында оқушылар есептеудің ең қарапайым тәсілін табу үшін соңғы сандарды топтастырып, дөңгелек ондықтар (жүздіктер) құруы қажет. Қалған тапсырмалар; алдыңғы сабақтарға ұқсас орындалады.
20—21-сабақтар. 0-ді санға көбейту және бөлу.
0-ге бөлудің мүмкін еместігі.
Пысықтау
Сабақтың мақсаты: оқушыларды 0 санымен көбейтудің ережелерімен таныстыру; санды 0-ге бөлудің мүмкін еместігі туралы білімдерін қалыптастыру және бұл ережелерді есептеу кезінде қолдана білу; құрама есептерді шығаруға үйрету.
Ұйымдастыру кезеңі.
Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
№6 тапсырманы негізге ала отырып, ауызша есепте
жұмысын ұйымдастыруға болады. Жоғарғы жолдағы санды алу үшін оқушыларға үш қосылғышты таңдау қажет болады. Алдыңғы сабақтарда келтірілген дидактикалық ойындарды қолдануға болады.
«Иә-жоқ» математикалық диктанты ұсынылады. Егер оқушылар келіссе, «+» таңбасын, келіспесе «-» таңбасын қояды.
• 7 мен 1 сандарының көбейтіндісі 7-ге тең.
• 21:1 = 22
• 3 пен 1-дің бөліндісі 3-ке тең.
• 2 мен 3 сандарының көбейтіндісі 5-ке тең.
• 4-ті 4 есе арттырсаң, 8-ге тең.
• 1-ді 5-ке көбейтсе, 5 болады.
• Егер санды 1-ге бөлсе, сол санның өзі шығады.
• Егер санды 1-ге көбейтсе, сол санның өзі шығады.
3. Жаңа сабақ.
Мұғалім ертегі арқылы жаңа сабақты түсіндіреді: «Бір
патшалықта сандар мемлекетінде математика оқулықтары ауданында сандар өмір сүріпті. Олардың аттары: Бір, Екі, Үш, Төрт, Бес, Алты, Жеті, Сегіз, Тоғыз болыпты. Олар ағайындылар деп есептелді, өйткені олар бір қаламмен жазылатын. Сандар патшалығында мынадай сөз тарапты: «Нөл жалғыз емес екен, оның жанында Крест деген қызметшісі бар екен». Нөл Сандар патшалығына келіп, мынадай бұйрық беріпті: «Мен енді сендердің патшаларың боламын, ал бәрің менің қол астымдағы малайларым боласыңдар. Ал маған бағынбағандарыңды жойып жіберемін». Сандардың оған бағынғысы келмей, бірінші болып ашуланды: «Сенің бізді малай ететін қандай құқығың бар?» «А, солай ма? Тоқтап тұр, бәлем!» Тоғыз жаққа қарай Кресті қойып еді, ол жоғалып кетті. Балалар сендер қалай ойлайсыңдар, Тоғыз неге жоғалып кетті?»
Содан кейін мұғалім №1 тапсырманы орындатады, көбейтінділерді қосумен алмастырады. Оқушылардың қорытындыны өздері жасауына мүмкіндік беру керек.
4.Бекіту.
Бекіту жұмысы үшін балалар №2, №3 және №4 тансырмаларды түсіндіре отырып орындайды.
5. Өтілген материал бойынша жұмыс
Содан кейін оқушылар мұғалімнің басшылығымен №5 (а) тапсырмаға талдау жүргізеді, шығару жоспарын құрады:
1) Неше айран әкелінгенін білу керек, ол үшін сүттің мөлшерін литрге кеміту керек;
2) Неше кілегей әкелінгенін білу үшін, сүттің мөлшерін 40 литрге кеміту керек:
3) Неше литр сүт, айран және кілегей әкелінгенін біле отырып, барлығы неше литр болатынын анықтауға болады, бұл үшін сүт мөлшерін айранның және кілегейдің табылған мөлшеріне қосу керек.
№5 (ә) тапсырманы оқушылар өз беттерінше шығарады, соңынан тексереді.
№8 логикалық тапсырманы балалар кестеге сүйене отырып орындайды. Алынған сандар - 33, 32, 39, 23, 22, 29, 93, 92, 99.
Ондықтар
|
3
|
2
|
9
|
Бірліктер
|
3
|
+
|
+
|
+
|
2
|
+
|
+
|
+
|
9
|
+
|
+
|
+
|
6.Сабақты қорытындылау.
Сабақты қорытындылау кезінде төмендегідей сұрақтар қойылады:
Сабақтағы негізгі нәрсе не?
- Сабақта не қызықты болды?
- Қандай жаттығулар орындау кезінде қиындық туғызды?
- Не жеңіл болды?
Үйге тапсырманы деңгейлеп беруге болады:
1-деңгей (міндетті) №7;
2-деңгей (шығармашылық) «Көбейту және бөлулер елінде еш нәрсені өзгерте алмаған Бір саны туралы ертегі құрастыр»
21-сабақ алдыңғы сабақтарға ұқсас құрылады. №8 логикалық тапсырманы оқушылар кестенің көмегімен шеше алады
|
Нұргүл
|
Айнұр
|
Әсем
|
Сары көйлек
|
-
|
-
|
+
|
Көк көйлек
|
-
|
+
|
-
|
Қызғылт көйлек
|
+
|
-
|
-
|
Балаларға талқылауды қосарлы анықтамадан бастау қажет тігін түсіндіру керек:
«Айнұр киген көйлек сары да емес, қызғылт та емес, яғни ол көк көйлекте болды. Нұргүл сары немесе қызғылт көйлек киюі мүмкін, бірақ ол сары көйлек кимегені айтылды, яғни Нұргүлдің көйлегі қызғылт. Сонда Әсемдікі сары көйлек».
Қосымша материал
Римнің сандық жүйесінде ноль болмаған. Оны үнділік математиктер біздің заманымызға дейін шамамен 600 жылы енгізген. Бізге таныс «минус» және «плюс» таңбалары алғаш рет чех математигі Яп Видманның 1489 жылы жарық көрген «Алгебра ережелері» оқулығында пайда болды. Бұған дейін қосу және азайту амалдары латынның «PLUS» және «MINUS» деген бас әріптерімен белгіленді.
22—23-сабақтар. Пысықтау. Білімді тексеру
Сабақтың мақсаты: көбейту мен бөлудің, олардың өзара байланысының мәнін ашатын өрнектердің және төрт арифметикалық амалдан тұратын өрнектердің мәнін таба білу
дағдыларын жетілдіру.
Бұл сабақтарда мұғалім есептерді шығару, қысқаша жазу жолдарын қорытындылайды, 1 және 0 сандарымен көбейту және бөлу амалдары туралы білімдерін бекітеді, осы арқылы балаларды бақылау жұмысына даярлайды. Балаларды атқарған іс – әрекетінің өз бетінше саралауға, біліміндегі олқылықтары мен қателеріне талдау жасауға баулу қажет.
Ауызша жаттығулар:
- 4 ондық; 8 ондық 4 бірлік; 10 ондық; 6 ондық 1 бірлік;
8 жүздік. 3 ондық 4 бірлік. Осы сандарды жазыңдар.
- 3 дм; 5 см; 5м; 3см; 5дм; 10 дм-ді сантиметрмен көрсетіңдер.
- 499, 69, 19, 99, 100, 159 сандарынан кейін қай сан келеді?
- 45, 99, 29, 30, 990, 900 сандарының алдында қандай сан бар?
22 – 23 сабақтардағы тапсырмалар балаларға бұрыннан таныс болғандықтан, оқушылардың өздік жұмысын барынша арттыру қажет. Мұнда олар тапсырмаларды түсіндіре отырып орындауына көңіл бөлген жөн. Шешу жолын түсіндіре алу, өз шешімін негіздеу дағдыларын жетілдіру керек. Сабақтардың бірінде бақылау жұмысы жүргізіледі.
Бақылау жұмысы
|
Баған түрінде орында
716 – 349 615 + 385
802 + 198 1000-443
|
Баған түрінде орында.
215 + 648 1000 – 71
345 + 655 1000-645
|
2. Салыстыр.
721 см * 7 м 1 дм
92 – 27 * 94 – 27
8 • 2 •8 * 8 + 8 +8
3 м 9 см * 3 м 9 дм
48 + 46 + * 49 + 46
2 • 5 * 5 • 2
|
2. Салыстыр.
704 см * 7 м 1 дм
48 + 8*48 + 9
7•3*7 + 7 + 7
7 м 3 см * 7 м 3 дм
42-6*42-5
2 • 4 * 2 • 6
|
3. Есепті шығар.
Айбек алғашқы күні кітаптың 36 бетін оқып шықты, ал келесі күні 9 бет кем оқыды. Ол екі күнде барлығы неше бет оқыды?
|
3. Есепті шығар.
Дүкенге 45 қорап алма сусынын өкелді, ал шабдалы сусыны 8-ге кем.
Дүкенге барлығы неше қорап алма
және шабдалы сусыны әкелінді?
|
4. Теңдеуді шеш.
800 – х = 198 + 142
а + 154 = 807 - 142
|
4. Теңдеуді шеш.
700 - х = 254 + 142
а + 235 = 870 - 124
|
5. Балабақшада Айнұр, Бота, Әділ,
Нұрлан және Санжар бар. Олардың
әрқайсысында бір жүн қолғаптан болғанда, барлыры неше қолғап бар?
|
5. Мен анам, әкем, атам, әжем және қарындасыммен тұрамын. Олардың әрқайсысында бір жұп аяқ киім болуы үшін, барлыры неше аяқ киім қажет?
|
Қатемен жұмысты саралап жүргізу қажет, бүл үшін бақылау жұмысын талдап алған жөн. Кестені толтыруға болады.
Тап-
сыр-
ма
№
|
Өткен тақырып
|
Осы тапсырма-
да қате жіберген
оқушының
аты-жөні
|
Олқылықтарды
жою үшін
тапсырмалар
|
1.
|
Үш таңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері
|
|
№5, 22-сабақ №6, 23-сабақ
|
2.
|
Өрнектерді және атаулы шамаларды салыстыру
|
|
№4, 21-сабақ, №6, 22-сабақ №5, 23-сабақ
|
3.
|
Құрама есеп
1)Шешуін таңдау- дағы қателер
2)Есептеудегі қате- лер
|
|
Карточкалар-
дағы құрама
есептер
|
4.
|
Құрылымы күрделендірілген теңдеулер
|
|
№6, 21-сабақ
|
5.
|
Күрделі тапсырма
|
|
Балама тапсырмалар
|
24—25-сабақтар. 2-ге көбейту және бөлу кестесін құрастыру.
2-ге көбейту және бөлу кестесін пысықтау
Сабақтың мақсаты: практикалық амалдарды қолдана отырып 2 санын көбейту және бөлу кестесін құрастыру; есептерді шешу барысында кестені пайдалана білу дағдыларын дамыту
1. Тірек білімдерін белсендіру.
Екі-екіден 20-ра дейін тура және кері бағытта санаңдар.
Көбейту амалын қолдана отырып көбейтіндінің мәнін табыңдар.
4-2 7-2 9-2 5-2
Өзара байланысты өрнектер төрттігі құрастырылады. Компоненттердің байланысы мен көбейту және бөлу амалдарының нәтижелерін дауыстап айтады.
2. Жаңа тқырыппен таныстыру.
Оқулықтағы №1 тапсырма орындалады. Балаларга үнемі бірдей қосылғыштарды қоса отырып, көбейтуді орындау ыңғайлы еместігі түсіндіріледі. Сондыңтан көбейту кестесін және бөлудің тиісті жағдайларын құрастырып, жаттап алу қажет. Оқулықтағы кестені құрастыру кезіндегі тұжырымдарды оқу керек. Балалардан не үшін бірден 4 баған құрылатыны сұралады. Алдымен бірінші баған қалай құрылғанына назар аударылады. Балалар көбейтіндінің мәнін қалай тез табуға болатынын айтады. Содан кейін екінші бағанды құру үшін бірдей қосылғыштарды қосу міндетті емес, көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалана отырып, бірінші баған нәтижелерін пайдалануға болатыны жөнінде қорытынды жасалады. Үшінші және төртінші бағанды құруда сандардың түспен берілуі мен көбейту және бөлу амалдарының өзара байланысы туралы жаднама көмектеседі. Бұл жаднаманы тақтаға іліп қоюға болады.
Бірдей қосылғыштарды көбейту жағдайы басқа түспен берілген. Балалар екінші және төртінші бағандарда бұл жағдайларды жазу не үшін міндетті еместігіне көздерін жеткізуі тиіс. Кестенің толтырылуын сабақта міндетті түрде тексеру қажет. Өйткені балалар дұрыс емес жауаптарды үйде жаттап алуы ықтимал.
3. Жаңа тақырыпты бекіту.
Кестелерді есте сақтау маңыздылығына тағы бір рет тоқтала кеткен жөн. Балаларға кестелерді есте сақтау міндеті жүктеледі.
№2 (24-сабақ) жай есептердің шешуін балалар 2 санын көбейту және бөлу кестесіне сүйене отырып орындайды. 2 санын көбейту және бөлу кестесін бекіту үшін №5 тапсырма түсіндіріле отырып орындалады.
№4 (24-сабақ) тапсырманы орындау үшін балалар периметр және көпбұрыштардың периметрін табу тәсілдерін еске түсіреді.
24-сабақтың №3 есебін шығаруға және кері есептер құрастыруға тақтаға немесе дәптерге жазылған сызбалар көмектеседі:
Сурет салу керек
Берілген сандарды нәтижемен ауыстыра отырып, балалар кері есептерді тез құрастыра алады.
№7 тапсырма мен оған қосымша берілген сурет балаларға 5 жұмыртқаны бір уақытта пісіруге болады деген тұжырым жасауға көмектеседі, сонда 2 • 5 = 10 көбейтуін орындау қажет емес. Балалар өздері тұжырым жасайды.
4. Үй жұмысы: мысалдарды баған түрінде орындау (№6 тапсырма) және 2 санын көбейту және бөлу кестесін жаттау.
25-сабақ 2 санын көбейту және бөлу кестесін пысықтауға арналады. Балалар көбейту мен бөлу кестесі туралы өз білімдерін пайдалануы үшін барынша көп түрлі тапсырмалар орындауға тырысуы керек. Бұл сабақта жұп және тақ сан түсінігі енгізіледі. 20-ға дейін жұп және тақ сандармен тура және кері тәртіппен тез санауға үйрету.
2 санын көбейту бөлу кестесін есте саңтау үшін математикалық диктант өткізіледі және балалар бір-бірін тексереді.
Бірінші көбейткіш 2, екінші көбейткіш 6. Көбейтіндінің мәнін жаз.
Бөлінгіш 12, бөлгіш 2, бөліндінің мәні нешеге тең?
18-ді 2-ге бөліңдер.
- 5 пен 2 сандарының көбейтіндісі неге тең?
- 16 мен 8 сандарының бөліндісі неге тең?
- Бақшада әрқайсысында 4 түптен 2 қатар таңқурай отырғызылды. Барлығы неше таңқурай отырғызылды?
- Екі бала 14 кәмпитті тең бөліп алды. Әрқайсысында неше кәмпиттен тиді?
Оқулықтағы тапсырмалардың барлығы балаларға таныс, сондықтан сыныптың дайындық деңгейіне қарай тапсырмаларды көбінесе өздеріне орындату керек.
26-сабақ. Белгісіз көбейткіш,
бөлінгіш, бөлгіші бар теңдеулер
Сабақтың мақсаты: оқушыларды теңдеулердің жаңа түр-ЛИ|»І мен және оларды шешу жолдарымен таныстыру; 2 санымен көбейту және бөлу кестесін бекіту.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Тірек білімдерін белсендіру.
Ауызша есептеуге кестелік көбейту және 2 санымен көбейту және бөлу кестесін пысықтауға арналған ойын жаттығуларын «енгізу, сондай-ақ 0 және 1 сандарымен кестелік көбейту және бөлу жағдайларын қайталау қажет. «Баспалдақ», «Қай қатар жылдам?», «Математикалық эстафета», «Компьютер» ойындарын пайдалануға болады. Амалдар тұрған ретімен орындалады.
2•4 + 2:2•1-Ь8:2•0 + 18:2 + 100
0 • 14 + 12 : 2 - 3 • 1 + 6 • 2 + 12 - 8 + 54
12 •1-6•2 + 3•2 +10:2•9 +100•0
Балаларға таныс қарапайым теңдеулерді шешу. Мұнда белгісіз компоненттерді табу ережесі еске түсіріледі.
100-х = 52 а + 15 = 175 201 - х = 91
х + 120 = 450 500 - а = 499 240 + а = 880
№8 логикалық тапсырманы да ауызша жаттығулар қатарына қосуға болады.
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Балалар көбейту мен бөлу амалдарының белгсіз компоненттерін табуға арналған теңдеулерді бірінші рет кездестіріп отыр. Белгісіз компонепттерді табу ережесімен танысу үшін балалар мұғалімнің басшылығымен №1 тапсырманы немесе мұғілім құрастырған балама тапсырманы орындайды. Бала-
лар енді ғана алған білімдеріне сүйеніп, амалдардың өзара байланысы негізінде шешу тәсілін өздері «аша» алады. Мынадай қорытынды жасалуы мүмкін: бұл теңдеуде бөлінгіш белгісіз. Бөлінгішті табу үшін бөлгішті бөліндінің мәніне бөледі. Егер балалар шатасып кетсе, әр сабақта амалдар компоненттерінің атауын және өзара байланысын қайталап отыру қажет.
3. Жаңа тақырыпты бекіту.
Жаңа тақырыпты бекіту үшін №2 тапсырманы балалар түсіндіре отырып орындайды.
4. Өткен тақырыпты қайталау. Өздік жұмыс.
Балалар №7 тапсырманы (сурет бойынша есеп құрастыру және оларды шығару) өз беттерінше орындап, соңынан түсіндіріп береді.
№5 (а, ә) тапсырманы орындаған кезде балаларды қысқаша жазуға немесе есеп шартын сызба түрінде беруге ынталандыру керек. Содан кейін есеп шешуін өздері тексереді.
Келесі тақырыпқа дайындық үшін кесте бойынша өрнектер құрастыру (№5 тапсырма) жұмысы ұйымдастырылады, жақшалы және жақшасыз есептерді шығару тәсілдері қайталанады.
5. Сабақты қорытындылау. Үйге №6 тапсырма беріледі. Шығармашылық деңгей: белгісіз көбейткіш жөне бөлгішпен теңдеулер құрастыру.
27-сабақ. 4 арифметикалық амалдан тұратын және
жақшалы өрнектердегі амалдар тәртібі
Сабақтың мақсаты: 4 арифметикалық амалдан тұратын және жақшалы өрнектердегі амалдар тәртібі ережесімен таныстыру.
1. Тірек білімдерін белсендіру.
Ауызша жаттығуға 2 санымен кестелік көбейту және бөлу пысықтауға арналған тапсырма мен №1 тапсырма енгізіледі. Балаларға жай есептерді ауызша орындау ұсынылады.
- Сәуле 2 түбектің әрқайсысына үш гүлден салды. Түбекке барлығы неше гүл салынды?
- Хатқалтаның әрқайсысына 4-тен барлығы 8 сурет салынды. Сонда неше хатқалта қажет болды?
- Сыныпта 2 қатарға 4 партадан қойылған. Барлығы неше парта бар?
- Айгүлде әрқайсысында 10 данадан 2 қорап фломастер бар. Барлығы неше фломастер?
- 14 теңгеге бірдей 2 дәптер сатып алынды. Бір дәптер неше теңге тұрады?
Қосу, азайту және жақшаларды қамтитын өрнектердегі амалдар тәртібін қайталаңдар.
Балаларға төрт арифметикалық амал бұрыннан таныс.
«Дүкен» ойынын ұйымдастырып, тауарлардың бағасын немесе қалдық ақшаны есептету. Тақтаға мынадай өрнектер жазылады: 8 • 3 + 25 = 100 - 5 • 2 = 50 - 5 • 2 - 12 =
Мұндай өрнектерде есептеуді қандай ретпен орындау керектігі жөнінде сұрақ туындайды?
2. Жаңа тақырыпты таныстыру.
Тақтаға оқулықтағы суретке ұқсас құрал іліп қоюға болады.
Егер өрнекте
тек «+» және
«-» болса
|
Егер өрнекте
тек «-»және «:»
болса
|
Егер өрнекте «+»
және «-» , «•»
және «:»
болса
|
Егер өрнекте бір неме-
се бірнеше (), және «+», «-», «:»,
«•» болса
|
Барлық амалдар рет бойынша
|
Барлық амалдар рет бойынша
|
1) «•» және «:» рет бойынша
|
1) алдымен жақша ішіндегі амалдар
|
2) содан кейін «+» және «-» рет бойынша
|
2) «:» және «•» рет бойынша
|
|
3) «+» және «-» рет бойынша
|
Мұғалім қатаң сақталуы тиіс амалдар тәртібі бар екенін айтады. Бұл ережелерді оқулықтан қарауға болады. Балалар иллюстрацияны тағы бір рет қарап шығады да, ұқсас өрнектерді тақтада орындайды. Шешу барысында амалды көрсетеді (оқулықтағыдай) №2 тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |