142 – 143, 146 - 148-сабақтар. Көбейту және бөлудің
жазбаша тәсілдері. Пысықтау.
Есептер шығару 185 • 4, 740 : 4 жазбаша көбейту және
Бөлу (әртүрлі жағдайлар). Бекіту
Сабақтың мақсаты: разрядтан екі рет өту арқылы көбейту жөне бөлудің жазбаша тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру; 3-4 амалмен өрнек турінде есептер құрастыру және шығару дағдыларын бекіту.
Сабақтар алдыңғы сабақтарға ұқсас ұйымдастырылады. Алғашқы бекіту кезінде оқушыларға есептің шығарылуын жан-жақты түсіндірген жөн. Егер мұғалімнің оқушылардың көпшілігінің жазбаша есептеу алгоритмін меңгергеніне көзі жетсе, тапсырмаларды көбісін ауызша орындатып, артынан тексеру жүргізуі тиіс.
144 – 145, 149 – 153 – сабақтар.
Есептер шығару. Пысықтау
Сабақтың маңсаты: есептердің өтілген түрлерін шығару дағдыларын бекіту; есептеу дағдыларын жетілдіру.
Бұл сабақтар мұғалімнің қалауына қарай оқулықтағы тапсырмалар негізінде жүргізіледі. Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлудің жазбаша амалдарына және есептерді шығаруға ерекше көңіл аудару қажет.
Барлық тапсырмалар оқушыларға таныс болғандықтан, оларды өздігінен орындауға болады.
№8 (144-сабақ) логикалық тапсырманы орындау кезінде оқушылар кесте құрастырады және құрылған кесте негізінде тұжырымдар жасайды.
№8 (153-сабақ) логикалық тапсырманы орындау барысында оқушылар әр альбомда қанша сурет жинақталғанын пайымдаудан бастайды. Фотосуреттер санын қосып, екіге бөлеміз
(32 + 26): 2 = 29. Әр альбомда 29 фотосуреттен болуы тиіс. Яғни, бірінші альбомнан 3 суретті алып, екіншісіне саламыз. Әр альбомда 29 суреттен бар.
154—156-сабақтар. Қайталау. Білімді тексеру
Сабақтың мақсаты: жазбаша есептеу алгоритмін меңгеру деңгейін тексеру; құрама есептер, күрделі теңдеулер шығара алу; бір өлшем бірлігін басқаларына ауыстыру.
Қайталау сабақтарының бірінде бақылау жұмысын жүргізу керек. Оны талдау мұғалімге дұрыс меңгерілмеген тақырыпты анықтауға және білімдегі олқылықтарды жою жөнінде жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.
1. а) Есепте:
19 • 4 505 : 5
903 : 3 23-4
820 -120-3 8 • (360 : 90)
ә) Өрнектерді баған түрінде жазып.
есепте.
456 + 198 802 – 456
669 : 3 224-4
|
1. а) Есепте:
16• 6 707 : 7
802 : 2 42 • 4
420 +230 •2 960 : (270 : 90)
ә) Өрнектерді баған түрінде жазып,
есепте.
650 + 195 630-456
442 : 2 114-2
|
2. Есепті шығар.
Жиһаз жасайтын фабрикаға
әрқайсысында 120 метрден 4 орам
мата әкелінді. Оның 192 метрі
жұмсалды. Неше метр мата қалды?
|
2. Есепті шығар.
Қораптан 110 шардан 3 рет алғанда,
онда тағы 57 шар қалды. Қорапта
неше шар болды?
|
3. Теңдеуді шеш:
30 • х = 960 х + 230 = 50 - 9
|
3. Теңдеуді шеш:
х • 40 = 480 х • 50 = 900 - 450
|
4. Берілген өлшем бірліктерімен
көрсет.
6 сағ 10 мин = мин
3 сағ 30 мин = мин
3 мин 40 с = с
3 мин 45 с = с
|
4. Берілген өлшем бірліктерімен
көрсет.
125 мин = мин с
360 с = мин
2 тәул. 3 сағ. = сағ.
3 мин = с
|
5*. Әртүрлі екі тіктөртбұрыштың
ауданы бірдей - 180 см². Олардың
қабырғаларының ұзындығы неге
тең болады:
1) АВ = 2) ВС =
КL = LМ =
|
5*. Әртүрлі екі тіктөртбұрыштың
ауданы бірдей - 360 см². Олардың
қабырғаларының ұзындығы неге
тең болады:
1) АВ = 2) ВС =
KM = MN =
|
ҚАЙТАЛАУ
Қорытынды қайталау сабақтары мұғалім тарапынан мұқият ойластырылады, өйткені оларды жалпы сынып дайындығын және жекелеген оқушылардың дайындық деңгейін есепке ала отырып құрастырған маңызды. Сабақты жүйелеу кезінде курстың барлық негізгі мәселелерінің үнемі қайталануын қамтамасыз ету керек. Әр сабақта қорытынды қайталау оқушылардың алған білім, білік, дағдыларын жетілдіруге бағытталған мәселелер, тапсырмаларды қамтуы тиіс. Оқулықта қамтылған үлгілік тапсырмалар мен сұрақтар мұғалімге оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтауға және қажет болған жағдайда түзету жұмысын жүргізуге көмектеседі. Әрбір қайталау сабағында оқушылар дайындығындағы кемшін тұстарды анықтау үшін қысқа мерзімді және мақсатты жұмыстар жүргізген абзал.
157-сабақ. 1000-ға дейінгі сандар нумерациясы
Сабақтың мақсаты: 1000 көлеміндегі сандардың нумерациясын қайталау; сандарды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын дамыту; ауызша қосу және азайту туралы білімдерін бекіту; құрама есептерді шешу тәсілдерін қайталау; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың бұл кезеңінде психологиялық дайындық жүргізіледі. Балалар партаға бастарын қойып, көздерін жұмып, мұғалімнің сөзін қайталайды:
- Мен мектепте сабақтамын. Мен қазір сабақ оқуды бастаймын. Менің зейінім артып келеді. Есте сақтау қабілетім мықты. Менің миым анық ойлайды. Жұмыс істеуге дайынмын.
2. Тірек білімдерін қайталау.
Мұғалім оқушылардан 3-сыныпта не үйренгендерін еске түсіруді сұрайды.
- Осы оқу жылында математика сабақтарынан не үйренгілерің келеді?
- Олай болса былтырғы оқығандарың толың естеріңде ме тексеріп көрелік? Ол үшін бірнеше жаттығулар орындаймыз.
Ойын жаттығуы: «Санда неше бірлік (ондық) бар?»
Ойынның мақсаты: санның ондық құрамын анықтай білуге жаттықтыру.
Мұғалім екі таңбалы және үш таңбалы санды атайды, ал оқушылар карточканың көмегімен неше бірлік немесе ондық немесе жүздік екенін (мұғалім тапсырмасына қарай) көрсетеді.
Ойын жаттығуы: «Қандай сан жоқ?»
Мақсаты: сандар қатары туралы білімдерін бекіту; оқушылардың зейінін дамыту.
Тақтаға түсі, көлемі әртүрлі, әр бұрышқа шашыраңқы жазылған 220-дан 240-қа дейінгі сандары бар кесте іліпеді.
240
|
230
|
235
|
233
|
223
|
236
|
228
|
222
|
227
|
229
|
232
|
221
|
237
|
239
|
231
|
224
|
238
|
225
|
234
|
220
|
Көркем жазу минутына мынадай тапсырма беруге болады: 1,7,5 сандарын пайдаланып, үш таңбалы сандарды жаз (175, 157, 517, 571, 751, 715). Неше сан жаздыңдар? Ең кіші санды ата. Ең үлкен сан ше? 1 ондығы бар, 1 бірлігі бар, 5 ондығы бар сандарды ата. Барлық осы сандарда қандай ұқсастық бар? Осы сандарды қандай топтарға бөлуге болады?
Ауызша есептеуге №1 тапсырма енгізіледі.
Өткен тақырыппен жұмыс.
№2, 3 тапсырманы оқушылар өздері орындап, соңынан тексереді. №4 тапсырманы ұжым болып орындайды.
№ 5 (а) тапсырманы балалар тақтада түсіндіре отырып орындайды.
Мына тапсырманы түсіндіре отырып орындайды, пайымдау барысын айқындайды.
699 - 90 < 699-9 550+50 > 550+ 5
400 + 80 > 400 + 8 998 - 900 < 998 - 90
808-8> 808-80 665-60-5 = 665-65
№7 тапсырмамен жұмыс жүргізіледі.
Бұл тапсырма кім туралы? Есептің сұрағын оқыңдар? Бұл сұраққа бірден жауап беруге бола ма? Есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек? Мұғалім тақтада есепті шығару жоспарын құрады:
Театрға қанша бала бару керектігін білу.
Бір автобуспен неше бала баратынын білу.
Содан кейін оқушылар есепті өз беттерінше орындап, жауабын жазады. Есепті өрнек түрінде жаза отырып шешуге болады.
№8 логикалық тапсырманы көрнекі құралдың көмегімен орындауға болады.
4. Өздік жұмыс.
№5 (ә) тапсырманы балалар өздігінен орындап, соңынан тексереді.
5. Үй жұмысы. №6. Шығармашылық деңгей: «Нумерация» тақырыбын бекітуге арналған математикалық диктант мәтінін құрастыру.
6. Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды:
- Сабақтың мақсаты не болды? Сабақта тапсырмаларды орындай отырып, мақсатымызға жеттік деп айтуға бола ма? Сабақта не ұнады? Қай тансырма қиын болды? Ең жеңілі қайсысы болды? Сабақ барысындағы өз жұмысыңа баға бер.
Өздік жұмысты ұйымдастыру үшін қосымта материал.
1. Кестені толтыр.
2. Жаз:
Ең кіші үш таңбалы сан - ...
Ең үлкен екі таңбалы сан - ...
Ең үлкен үш таңбалы санның алдында тұратын сан- ...
900 санынан кейін тұратын сан - ...
597 және 601 сандары арасында тұрған сандар - ... .
158-сабақ. Кесте және кестеден тыс көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты: кестелік және кестеден тыс көбейту дағдыларын жетілдіру; 2-3 амалды өрнектерді шығару; тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін анықтау.
Ұйымдастыру кезеңі.
Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру. Ауызша есептеуге кестелік
және кестеден тыс көбейту, бөлу дағдыларын жетілдіруге бағытталған «Үндемес», «Баспалдақ», «Математикалық домино», «Компьютер» ойындарын ұйымдастыруға болады.
Бірдей екі кесте құрылады. Тақтаға екі оқушы шығады.
14
|
8
|
12
|
4
|
|
14
|
8
|
12
|
4
|
10
|
23
|
1
|
15
|
|
10
|
23
|
1
|
15
|
3
|
17
|
21
|
7
|
|
3
|
17
|
21
|
7
|
19
|
6
|
9
|
11
|
|
19
|
6
|
9
|
11
|
24
|
2
|
16
|
22
|
|
24
|
2
|
16
|
22
|
13
|
20
|
5
|
18
|
|
13
|
20
|
5
|
18
|
Жүргізушінің бұйрығы бойынша олар 1-ден 24-ке дейін дауыстап санай бастайды. Жарысқа қатысушылардың әрқайсысы санды кестеден тауып, көрсеткіш таяқшамен көрсеткен кезде ғана санды дауыстап айтады. Соңғы санды кім бірінші атаса, сол жеңеді.
№1 тапсырма да ауызша есептеуге арналған. Математикалық диктант алудың пайдасы зор: 45 : 9, 24 : 4, 12 • 8, 42 : 6, 20 • 10, 500 : 100, 4 • 23, 72 : 9, 8 • 7, 8 • 8, 6 • 7, 420 : 7, 4 • 8, 9 • 90, 490 : 7.
Бекіту.
№2 тапсырманы өздік жұмыс ретінде беруге болады. Оқушылар мысалдарды орындайды, үш оқушы аяқтасымен мұғалім «Тоқта!» деген бұйрық береді және оқушылар орындаған тапсырмасына өздері баға береді. №6 тапсырма өрнектерді шығару және №8 тапсырманы оқушылар тақтада түсіндіре отырып орындайды.
Өткен тақырыппен жұмыс.
№4, №5 тапсырмалар өздік жұмыс ретінде немесе мұғалімнің көмегімен орындалады (оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты). Оқушылардың есептің берілуін өздігінен талдап, шығару жоспарын құрып және шығара алатындай етіп ұйымдастыру маңызды. Есептің шығарылуын тексеру кезінде балалардан әр амалды таңдау себебін түсіндіруді сұрауға болады. Мүмкіндігіне қарай есепті шығарудың әртүрлі тәсілдерін салыстырып, тиімді тәсілді анықтату керек.
№3 тапсырманы орындау алдында «иә-жоқ» математикалық диктанты түрінде аудан, көпбұрыштардың ауданы мен олардың өлшем бірліктері туралы түсініктерін қайталап алған жөн:
• Көпбұрыштың ауданы — бұл оның қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы.
• Шаршының периметрін табу үшін оның қабырғаларын 4 есе арттыру керек.
• Аудан метрмен өлшенеді.
• Кілемнің ауданы 36 м². Кілемнің ұзындығы 9 м. Ені 3 м.
• Тік төртбұрыш пішінді жердің ұзындығы 10 м, ені 5 м. Осы жерді қоршау үшін 30 м дуал керек.
• Шаршының ауданын табу үшін қабырғасын өзіне көбейту керек.
•Тіктөртбұрыштың ені 2 см, ұзындығы 9 см. Тіктөртбұрыш тең екі бөлікке бөлінді. Әр үшбұрыштың ауданы 9 см².
5. Сабақты қорытыпдылау. Үйге тапсырма: №7 тапсырма.
159—160-сабақтар. Есептеудің жазбаша тәсілдері
Сабақтың мақсаты: жазбаша көбейту және бөлуді орындау дағдыларын жетілдіру.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру алдыңғы сабаққа ұқсас жүргізіледі. Ауызша есептеуге №1 , №7, №8 (159- сабақ) және №1, №5, №8 (160-сабақ) тапсырмалар берілген. Зейіндерін дамыту үшін төмендегідей диктант алынады:
• Қыс айларының санына наурыз айының рет санын қос.
• Бес сөзіндегі өріптердің санына адамның қолындағы шынашақтардың санын қос.
• Бала ұйықтауға кешкі сағат 9-да жатты. Ол тек үш сағаттан кейін ғана ұйықтады. Ол нешеде ұйықтады?
• Бейсенбінің аптадағы рет санын төрт мысықтың құйрықтарының санына көбейт.
• Жандарбек деген баланың есіміндегі әріптердің санын осы есімдегі буындардың санына бөл.
• Шаршы пішіндес үстелдің қабырғаларының санына дөңгелек үстелдің бұрыштарының санын қос.
3. Есептеудің жазбаша тәсілдерін бекіту үшін оқушылар №2 (1-баған, 159-сабақ) тапсырманы жан-жақты түсіндіреді, қалғанын өз беттерінше шығарады, содан кейін №5 (159-сабақ) тапсырманы орындайды. Келесі сабақта балалар №2, №3 (160- сабақ) амалдар бойынша өрнектерді есептейді. Оқулықтағы
есептерді шығарар алдында бірнеше тапсырманы ауызша орындауға болады.
• Әкесі 35 жаста, ал ұлы одан 7 жас кіші. Сонда ұлы неше жаста?
• 15 теңгеге бірдей 3 дәптер сатып алынды. Бір дәптер неше теңге тұрады?
• 4 көйлек тігу үшін 12 м мата керек. Бір көйлекке неше метр мата кетеді?
• Асханаға балалар жұптасып саппен барды. Барлығы – 16 адам. Санта неше жұп бала тұрды?
• 18 кәмпит балаларға үштен үлестірілді. Неше бала кәмнит алды?
№3 (159-сабақ) және №4 (160-сабақ) есептерді балалар өздігінен шығарады, ал №4 тапсырма (159-сабақ) мұғалімнің көмегімен орындалады.
4. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: №6 (159-сабақ), №6, №7(160-сабақ).
161-сабақ. Шамалар
Сабақтың мақсаты: уақыт, ұзындық, аудан, масса өлшем бірліктері туралы білімдерін жетілдіру; шамалар бірліктері арасында арақатынасты қалыптастыру дағдыларын бекіту.
Ұйымдастыру кезеңі.
Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру. Ауызша сұрақтарға жауап беру:
• Қандай шамаларды білесіңдер?
• Ең кішісінен бастап, ұзындық өлшем бірліктерін ата.
• Ең үлкенінен бастап, масса бірліктерін ата.
• Ғасырдан бастап, уақыттың өлшем бірліктерін ата.
Ауызша есептеуге №1, №5, №8 тапсырмалар беріледі.
Өзін-өзі тексеруге таңдау диктантын жүргізуге болады.
Қатар бойынша жазу. 1-қатар - масса бірлігі, 2-қатар – уақыт бірлігі, 3-қатар - ұзындық бірлігі.
Миллиметр, сағат, килограмм, тонна, секунд, сантиметр, километр, тәулік, дециметр, центнер, метр, литр, грамм, минут.
Бекіту.
№2 тапсырма шамалармен арифметикалық амалдар орындау дағдыларын бекітуге бағытталған. №6 тапсырманы өздік жұмыс ретінде беріп, соңынан тексеріледі.
№3 тапсырманы оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен орындайды. Қиындық туған жағдайда мұғалім сағат үлгісі арқылы есептерді иллюстрациялау арқылы шығартады.
Өздік жұмысқа №6 және №7 тапсырмалар беріледі.
Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма: №4 (а).
162—І6З-сабақтар. Периметр. Аудан. Көлем.
Сабақтың мақсаты: көпбұрыштың периметрі мен ауданын анықтау дағдыларын жетілдіру; берілген ауданы бойынша ұзындығы мен енін анықтау дағдысын қалыптастыру.
Ұйымдастыру кезеңі.
Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Ауызша есептеуге дидактикалық ойындар мен №3, №7 (162-сабақ), №1, №6, (163-сабақ) тапсырмалар енгізіледі. Көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін бірінші суреттегі фигураларды 10-15 секунд ішінде қарап шығу үсынылады. Содан кейін 1-суреттің беті жабылып, 2-сурет бойынша сұрақтар-ға жауап береді.
• Суретте қандай фигуралар көбейді?
• Қандай фигуралар азайды?
• Бірінші суретте неше фигура, екінші суретте ше?
• Екі суретте барлығы неше фигура?
• Суреттерде неше тіктөртбұрыш бар?
• Неше дөңгелек бар?
Перфокартамен жұмыс істелінеді:
Сөйлемдердің қайсысы дұрыс?
Тіктөртбұрыштың ауданы - бұл оның барлық қабырғаларының
ұзындықтарының қосындысы.
2) Тіктөртбұрыштың периметрі - бұл ішіне сыятын аудан бірліктерінің саны.
3) Шаршының ауданын табу үшін оның қабырғасының ұзындығын 4 есе арттыру керек.
2. «Артық» өлшем бірлікті көрсет.
1) 1 см²; 2) 1 км; 3) 1 м²
3. Тік төртбұрыш пішінді бақшаның ауданы 24 м². Бақшаның ені 3 м. Ұзындығы нешеге тең?
1) 8 м; 2) 6 м; 3) 19 м.
4. Жер телімінің ені 8 м, бұл оның ұзындығынан 4 есе кем. Жердің ауданы нешеге тең?
1) 16 м²; 2) 256 м2; 3) 32 м²
№7 логикалық тапсырманы пайымдауды ағайынды әр баладағы бөшкенің санын анықтаудан бастайды. Барлығы -18 бөшке, демек әр балаға 6 бөшкеден тиюі керек. Содан соң таңдап алу арқылы анықтаймыз. 1-балаға 2 толы бөшке, 1 жартылай бос бөшке, 3 бос бөшке тиеді. 2-балаға да дәл осылай бөлінеді. 3-балаға 1 толы бөшке, 3 жартылай бос бөшке, 2 бос бешке тиеді.
3. Бекіту.
№2 (162-сабақ, 163-сабақ) тапсырманы оқушылар мұғалімнің басшылығымен орындайды. Содан кейін №4 және №6 (162-сабақ) тапсырмалар орындалады.
№ 5 (1, 2-бағандар) (162-сабақ) тапсырманы оқушылар мұғалімнің басшылығымен орындайды. Өздік жұмыс ретінде №1, (162-сабақ), №3, №4, №5 (163-сабақ) тапсырмалар беріледі.
4. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма: №5 3-баған (162-сабақ) №7 (163-сабақ).
Достарыңызбен бөлісу: |