Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектің негізгі қасиеті



жүктеу 84,34 Kb.
Дата04.01.2022
өлшемі84,34 Kb.
#36291
түріСабақ
5 сынып кмж




Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.1С бөлім:Жай бөлшектер

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Жай бөлшектің негізгі қасиеті

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.14 Жай бөлшектерді қысқартуда бөлшектің негізгі қасиетін қолдану;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Жай бөлшектің негізгі қасиетін қолданады;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Жай бөлшектің алымы мен бөлімін бірдей натурал санға көбейтуді, бөлуді және қысқартуды қолданады;

Кейбір оқушылар:

Бағалау критерийі

Жай бөлшектің негізгі қасиетін қолданады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Жай бөлшектің алымы мен бөлімін бірдей натурал санға көбейтуді немесе бөлуді есептеуге ауызша және жазбаша мысалдар келтіріп түсіндіреді;

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бөлшекті қысқарту, толықтауыш көбейткіш, жай бөлшек



Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Егер бөлшектің алымы мен бөлімін бірдей натурал санға көбейтсек немесе бөлсек, онда берілген бөлшекке тең бөлшекті аламыз.

Жай бөлшектің алымы мен бөліміне көбейтілетін санды бөлшектің толықтауыш көбейткіші деп атайды.

Жай бөлшектің алымы мен бөлімін олардың 1-ден өзгеше ортақ бөлгішіне бөлу бөлшекті қысқарту деп аталады.

Алымы мен бөлімі өзара жай сандар болатын бөлшекті қысқартылмайтын бөлшек деп атайды.

Құндылықтарға баулу

-Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана

-Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету



Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану (халық санының өсуі)

Физика (механика)



Алдыңғы оқу

Натурал сандар, жай көбейткіштерге жіктеу, жай бөлшектерді оқу және жазу

Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы

9 мин


2 мин

4 мин


3 мин


Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Психологиялық дайындық.

Саған есеп үйреткен

Пәнге қара құрметпен.

Санды тура табатын.

Математика болатын.

Математиканы оқимыз,

Миға бәрін тоқимыз.
Үй тапсырмасын сұрау.

«Ой қозғау» әдісі.

Оқушылар тақтаға алдын ала жазылған жай бөлшектердің дұрыс жазылуы мен оқылуын анықтайды. Өзіне дұрыс деген жауапты айтады, жауаптарына түсіндірме жасайды.
ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету

Саралау тәсілі: диалог және қолдау көрсету

Топқа бөлу. Оқушыларды «Адасқан сандар» арқылы топқа біріктіру



1-топ. Натурал сандар

2-топ. Жай сандар

3-топ. Құрама сандар

слайд


Қима қағаздар


Сабақтың ортасы

28 мин


8 мин

7 мин

8 мин

5 мин


Сабақ мақсатын ашу.

Топтық жұмыс «Жұлдызшаны тап» әдісі арқылы сабақ мақсатын айқындау. Жетелеуші сұрақтар қою.

I топ

II топ

III топ






















  1. Жай бөлшектердің негізгі қасиеті қандай?

  2. Олардың қандай ерекшеліктері бар?

  3. Жай бөлшек қай кезде қысқартылмайтын бөлшек деп аталады?

Жай бөлшектердің қайсысы бөлшектің толықтауыш көбейткіші, қайсысы бөлшекті қысқарту болатынын талқылау.

ҚБ. «Допты лақтыру» (ауызша кері байланыс) Доп лақтырып сұрақ қойылады. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап береді, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы жауап бере алмаса,басқа оқушыға береді.

Саралау тәсілі: қорытынды
Жұптық жұмыс. «Сенімді серіктес» әдісі. Жұп болып, бірлесіп орындалады.
Натурал сандардың бөлінгіштік қасиетін пайдаланып, бөлшектерді қысқартады:

ҚБ. «Көршіңді тексер» әдісі арқылы бағалайды.

Саралау тәсілі: қарқын
Жеке жұмыс. «Конверттегі сұрақ» әдісі. Сараланған тапсырма. Конвертті түстері бойынша таңдайды.
1-тапсырма
Теңдігінің дұрыстығын дәлелдеңдер:

Дескриптор:

- алымы мен бөлімін бірдей санға көбейтеді;

- екінші бөлшек бірінші бөлшектің еселігі болатынына

көз жеткізеді.


2-тапсырма
Бөлшекті жаңа бөлімге келтіріңдер:
бөлшегін бөлімі 35 болатын бөлшек түріне келтіріңіз;

3-тапсырма
Бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып, х-ті табыңдар:

ҚБ. «Мадақтау сэндвичі» әдісімен бағаланады.

Саралау тәсілі: тапсырма тәсілін қолдану арқылы оқушылар жеке қабілеттерін есепке ала отырып тапсырманы орындайды.

Дескриптор арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.

Жай бөлшектерді қысқартыңыз:



(дескриптор қосымша бетте)


слайд


Қима қағаздар


Үлестірмелі кеспе қағаздары

5-сынып, математика кітабы



Сабақтың соңы

3 мин


1 мин
2 мин

Үйге тапсырма.

№317, №318 есептер



Рефлексия: «SMS» әдісі. Оқушыларға қағаз ұялы телефондарға сабақтың қалай өткендігі туралы, ол қалай жемісті жұмыс істегені туралы қысқа хабарлама (SMS) жазу ұсынылады.

Оқулық


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау



Топтық, жеке, жұптық жұмыс кезеңдерінде және үй тарсырмасын тексеруде саралаудың тиімді тәсілдері қолданылады. «Ой қозғау» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеруде саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі қолданылады. Топтық жұмыс. «Жұлдызшаны тап» тәсілінде қорытынды тәсілі арқылы сараланады. «Сенімді серіктес» әдісінде жұппен болып бірлесіп орындалады. Қарқын тәсілі арқылы сараланады. Жеке жұмысыты "Конветтергі сұрақ" тапсырма тәсілін қолдану арқылы оқушылар жеке қабілеттерін есепке ала отырып тапсырманы орындайды.

Сабақ мақсатын айқындау барысында оқушыларға «Миға шабуыл» жасалады. Мұғалім «Допты лақтыру» (ауызша кері байланыс) арқылы бағалау жүреді. Оқушы тапсырманы жақсы түсінсе мақталады, осылайша ауызша кері байланыс орнайды . Осыған орай оқушылар берілген материалды немесе мағлұматты сәтті ұққандары жайлы түсінуіне болады. Топтық жұмыс барасында оқушылар «Допты лақтыру» тәсілі арқылы бағаланады. «Сенімді серіктес» әдісімен жұппен болып бірлесіп орындалатын тапсырма беріліп,оқушылар "Көршіңді тексер" тәсілі арқылы көршісін бағалайды. Жеке жұмыс барысында «Мадақтау сэндвичі» әдісімен бағаланады.


Қауіпсіздік техникасы ережелері

Интерактивті тақтаны уақытылы қосу, электронды бағалау






Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма

Тақырып

Жай бөлшектің негізгі қасиеті

Оқу мақсаты

5.1.1.9 Жай бөлшек ұғымын меңгеру;

5.1.2.14 Жай бөлшектерді қысқартуда бөлшектің негізгі қасиетін қолдану.



Ойлау дағдыларының деңгейлері

білу, қолдану

Бағалау критерийлері

Жай бөлшектің негізгі қасиетін қолданады

Тапсырма

Жай бөлшектерді қысқартыңыз:



Бағалау критерийлері

Дескриптор


Жай бөлшектің негізгі қасиетін қолданады

алымы мен бөлімін жай көбейткіштерге жіктейді;

бірдей жай көбейткіштерді қысқартады;

жай бөлшек түрінде жазады.




жүктеу 84,34 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау