1-тоқсан (45 сағАТ) 2-сыныпта өткенді қайталау



жүктеу 1,3 Mb.
бет5/16
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19595
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

3. Жаңа тақырыпты бекіту.

Бастапқы бекіту үшін №3 тапсырма берілген. Оны орындау кезінде шешу барысын түсіндіру үшін оқушыларды көбірек тартуға болады.

№5 (а және ә) тапсырма да жаңа тақырынпен байланыстьі Оларды орындау үшін балалар амалдарды орындау тәртібініщ ережелеріне сүйенеді, бүл таңырыпты бекітуге көмектеседі.

4. Өткен тацырыппен жцмыс.

№6 тапсырмамен (1-ші және 2-бағандар) жүмысты үжымме: немесе жеке үйымдастыруға болады. Бірінші өрнекті есептеПІ осы бағандағы өрнектерді шығарылған өрнекнен салысть^ ра отырып, есептемей-аң олардың мәнін табуға болатыныні оңушылардың назарын аудару қажет.

№7 тапсырмаға үқсас есептер балаларға таныс, сондыңтаі) олар сандардағы түрлі комбинацияларды салыстыру ама:^ дарын ңүрастыру жолын біледі. Алаііда сан бірінші орынд| ңалады, ңалған екеуі кезекпен өзгереді. Бүл тансырманы тазі жазу минутымен үштастыруға болады.


  1. Сабацты цорытындылау кезінде өрнектердегі амалдаі
    тәртібін, теңдеулерді шешу ережелерін тағы қайталау қажещ
    Үй жүмысы ретінде №6 (3 баған) жөне №3 (3 баған) тапсырм.
    лар беріледі. Шығармашылың деңгей: 4 аримфетикалық ама|
    және жақшалардан түратын өрнектер ңүрастыру.


28-сабақ. Көбейту және бөлумен байланысты

құрама есептер шығару
Сабақтың мақсаты: балаларды төрт арифметикалық амалмен байланысты есептің жаңа түрлерін шығарумен таныстыру, кестелік есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жалғастыру.

1. Тірек білімдерін белсендіру.

Ауызша тапсырмалар 2-ге көбейту және бөлудің кестелк жағдайларын қайталауға арналған тапсырмаларды қамтиды. «Үндемес», «Баспалдақ», «Домино» және басқа ойындар ойнатылады. Ойын барысында балалар үйренген кестелік жағдайларды қайталайды. Ауызша жаттығу үшін №7 тапсырма берілген.

Сонымен қатар көбейту, бөлу амалдарының комноненттері мен нәтижелерінің атаулары және мәні жүйелі түрде бекітілуі тиіс.

2. Жаңа тақырыппен таныстыру.

Балаларды көбейту мен бөлу амалдарынан тұратын құрама есептермен таныстырмас бұрын желісі бірдей есептер тізбегін шешу ұсынылады. Мысалы:

- Әжей 2 қорап вафли сатып алды. Оның әрқайсысында 5 вафлидан бар. Барлығы неше вафли сатып

алынды?


- Алмас бірнеше вафлиді жеп қойғанда, 6 вафли қалды. Алмас барлыры неше вафли жеді?

- Қалған 6 вафли екі тәрелкеге тең бөліп салынды. Әр тәрелкеде неше дана вафли бар?

- Екі тәрелкенің әрқайсысында 3 вафлидан бар. Алмас 2 вафли жеді. Неше вафли қалды?

Мұнымен қатар таңтада есептерді бейнелейтін практикалық амалдар орындауға болады.

Балаларға №1 тапсырманың а) және ә) тармақтарын орында тапсырылады немесе осыған ұқсас есеп құрастырылады. Шешуі мен есептің шарты салыстырылады. Балалардан бірі көбейту немесе бөлу болатын екі амалды есеп кездескен-кездеспегендігі сұралады. Мұндай тапсырмалар алдыңғы сабақтарда ұшырасты. Мысалы, тауар сатып алған кезде қалдық ақшаны есептеу.

3. Өткен тақырыпты бекіту.

№2 тапсырманы балалар түсіндіре отырып, мұғалімнің басшылығымен орындайды.

№3 тапсырманы қысқаша жаза отырып орындауға болады:


2 балада - 4 шардан бар. Барлығы - ? шар.

2 балада - ? шардан бар. Барлығы - 8 шар.

? балада - 4 шардан бар. Барлығы - 8 шар.

Егер балалар мұндай есептерді оңай шығарса, тапсырманың жалғасын ойлау ұсынылады. Мысалы: Екі баланың әрқайсысында 4 шардан бар. Шардың бірнешеуі ұшып кетті, қалғаны 3шар. Неше шар ұшып кетті?



4. Өткен тақырып бойынша жұмыс.

№4 тапсырма геометриялық материалды қайталауға арналған. Оны орындаудан бұрын бұрыштың түрлері, фигуралар, фигуралардың периметрі туралы білімдерін қайталау қажет. Содан кейін №8 логикалық тапсырма орындалады. Егер қиындық туса, тапсырманы иллюстрациялап көрсету арқылы орындатуға болады. №5 тапсырмада амалдар тәртібін анықтай отырып, балалардан ережені сұрау керек. 1-ші және 2-жол жай жақты түсіндірумен орындалады.

№6 тапсырма материалы бойынша жарыс ұйымдастырылып, өрнектерді пайдалану арқылы теңдеу мен теңсіздіктерді кім көп құрастыратыны анықталады.

5. Сабақты қорытындылау. Алдыңғы сабақтарға ұқсас жүргізіледі.

Үй жұмысы ретінде №5 тапсырма (3-ші және 4-жолдар ұсынылады, ал шығармашылық деңгей үшін құрама есепті жаңа түрін құрастыру керек.


29-сабақ. Пысықтау
Сабақтың мақсаты: кестелік есептеу, түрлі есептер, өрнектр мен теңдеулер шығару дағдыларын қалыптастыру жұмысы жалғастырылады.

1. Тірек білімдерін белсендіру

Ауызша жаттығулар:

- Екі - екіден 20-ға дейін, үш - үштен 30-ға дейін, төрт - төрттен 40-қа дейін тура және кері тәртіппен есептеу.

- 2 санымен көбейту кестесін қайталауға арналған «Үндемес» ойыны.

Соңғы сабақтардың барлығы көбейту және бөлу кестесіне, сондай-ақ осы амалдармен байланысты есептерге арналғанына қарамастан, мұғалім 1000 көлеміндегі сандарды ауызша және жазбаша қосуды бекіту туралы ұмытпаған жөн. Ауызша және өздік жұмыс ретінде түрлі тапсырмалар енгізу керек:

1. Тіктөртбұрыштарда жазылған мысалдардың жауабын сана, оларды қос және 100 саны шыға ма, соны тексер (төрт бұрыштың бұрышы тік екенін еске түсіру керек).




2. Мысалдар тізбегі: 850 + 150 • 1 - 990 : 2 + 98 - 13 + 150 және басқа.

2. Оқулық бойынша жұмыс.

Оқулықтағы №1 тапсырма ауызша орындалады, белгісіз бөлінгіш туралы сұрауға болады. Бөлгішті табу үшін бөліндінің мәнін бөлінгішке көбейту қажет.

№2 құрама есеп түсіндіріле отырып тақтада орындалады немесе өздік жұмыс ретінде беруге болады. Бұл оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты.

№3 жаттығуда есептер бойынша өрнек құрастырып, міндетті түрде жазу керек. Балалар амалды таңдауын негіздеуі қажет. Мысалы: а қыздардың әрқайсысында неше алмұрт барын білу үшін, барлық b алмұртты қыздардың а санына бөлу керек.

№4 тапсырманы балалармен бірге орындау керек. Алдымен өрнектердегі амалдар тәртібі қайталанады. Оқушы қандай өрнекті шешкенін қай бала таба алатынын анықтап көріңіз. Егер ондай балалар болмаса, талқылауды былай бастау керек:

- Оқушы орындаған бірінші амалды жазамыз - 18:2 (мұны орын қалатындай етіп тақтаның ортасына

қарай жазыңыз). 9 шығады.

- Екінші өрнекте (амалда) 9 саны нені білдіретінін мұқият қараңдар?

- Бұл - екінші қосылғыш, оны 14 санына қосамыз. Яғни 14 + 18 : 2 деп жазу керек.

- Жақша қажет емес, өйткені бөлу қосудан бұрын орындалады.

Егер сыныпта бұл тапсырманы өз бетінше орындайтын мықты балалар болса, осындай тапсырма құрастыруды тапсырыңыз.

№5 (1-ші және 2-жолдар) теңдеу түсіндіріле отырып шешіледі.

№6 тапсырманы орындауда жарыс балалардың уақытты жазуымен басталады. Сағат тақта алдына ілінеді. Секунд өлшегіш құралды пайдалана алмаймыз, өйткені балалар уақыт бірлігі - секундпен таныс емес. Жарысты міндетті түрде қорытындылап, жеңімпазды анықтаңыз. Балаларды кестені есте сақтауға ынталандырыңыз.

№7 тапсырма есептеудің тиімді тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған.

№8 логикалық сипаттағы тапсырма. Балалар былай тұжырымдауы тиіс: егер себетке шелектен 3 алма алып салса, себетте барлығы 10 + 3 = 13 алма болады. Ал шелекте 10 - 3 = 7 алма қалады. Шелек пен себеттегі алма саны белгілі болды, енді олардың санын салыстыра отырып, көп саннан аз сан алынды. Жауабын дауыстап айту керек. Өйткені жауапты 3 алмаға артық деп дұрыс айтпауы мүмкін.

3. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы ретінде № 5 (3-баған) тапсырма беріледі, ал шығармашылық деңгей үшін оқулықтағы тапсырмаға ұқсас логикалық есеп құрастыруға болады.
30—31-сабақтар. 3-ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру.

3 санымен көбейту және бөлу кестелерін бекіту
Сабақтың мақсаты: практикалық амалдар негізінде 3 санымен көбейту және бөлу кестесін құрастыру, есеп шығару барысында көұейту және бөлу кестесі туралы білімдерін бекіту.

Сабақ 2 санымен көбейту кестесін құрастыру сабағына ұқсас болады. Кесте жазуды 3 • 3, 9 : 3 жағдайларынан бастауға болатынына балалардың назарын аударту. Себебін түсіндіруді сұраңыз. Дәптерге кесте құрастыра отырып (№1 тапсырма) тақтада (оқулықтағыдай) жан-жақты талқылау жүргізуге болады. Әр кез сайын 3 санын қосу міндетті емес, алдыңғы мысал нәтижесіне 3 қосылады, содан кейін көбейту және бөлу компоненттері мен нәтижелері негізінде басқа бағандар құрастырылады. Бірінші баған қалай құрылғанын (екінші көбейткіш артады, ал бірінші көбейткіш - 3 саны), екінші баған қалай құрылғанын (көбейткіштердің орны ауысты немесе бірінші көбейткіш артады) тағы бір рет талдаңыз. Үшінші бағанда бөлінгіш - 3, ал төртіншіде бөліндінің мәні - 3 саны. Бұл қорытындылауға оқулықтағы сандардың алуан түрлі түстері көмектеседі.

Бастапқы бекіту үшін №2 және №3 тапсырмалар орындалады.

Өткен тақырыппен жұмыста 3 санымен кестелік көбейту мен бөлудің жаңа жағдайлары қамтылған және балаларды өздері құрған кестелерге жүгінуге итермелейді. Мұғалім кестені есте сақтау керектігін және кестені білу маңыздылығын атап көрсетеді.

№4 тапсырманы орындау кезінде бірдей сандармен құрылған 2-бағандағы өрнектерде нәтиже әртүрлі шығатынын және ол амалдар төртібіне байланысты екеніне балалардың назарын аудару керек.

Қалған тапсырмалар балаларға бұрыннан таныс және алдыңғы сабақтардағыдай орындалады.

№8 логикалық тапсырманы сан сәулесінің көмегімен шешуге болады.

31-сабақ 25-сабақ секілді орындалады. №9 тапсырманы ғана қарастырамыз. Ықтималдыққа арналған практикалық тұрғыдағы есеп. Мүмкін нүсқаларын салғызу. Бір түсті шарлар түрінде болуы мүмкін, екі түрлі шарлар түрінде болады, біраң қорапта үш түсті шар болғандықтан, барлық үйлесімдік нұсқасын салу керек.
32-сабақ. Өткен тақырып материалдарын пысықтау
Сабақтың мақсаты: кестелік есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмысын жалғастыру; түрлі есептер шешуге үйрету.

1. Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша жаттығуға көбейту мен бөлу кестесін бекітуге арналған «Аңшылық», «Үндемес», «Қай қатар жылдам?» ойындары енгізіледі. Ойындарға сондай-ақ, қосу мен азайтудың ауызша тәсілдерін қамтуға болады. №7 тапсырма мен №8 логикалық тапсырманы да ауызша жаттығу ретінде алуға болады. Осыған ұқсас логикалық тапсырмаларды балалар бұрын орындаған.

Математикалық диктант ұйымдастыруға болады.


  1. 3-ті 2-ге көбейт. Нәтижесін жаз.

  2. Бірінші көбейткіш 6, екіншісі 2. Көбейтіндінің мәнін тап.

  3. 8 және 1 көбейтіндісінің мәнін жаз.

  4. Бірінші көбейткіш 0, екіншісі 17. Көбейтіндінің мәнін жаз.

  5. Бөлгіш 16, бөлінгіш 2. Бөліндінің мәнін жаз.

  6. 10 санында неше 2 бар?

  7. 6 және 2 сандарының көбейтіндісінің мәнін тап.

  8. Қарындаш 5 теңге тұрады. Осындай екі қарындаш қанша тұрады?

9. Сыныпта 2 қатардың әрқайсысында 6 партадан бар. Сыныпта барлыры неше парта бар?

10. Апалы-сіңлілі екі қыз 8 кәмпитті теңдей етіп бөліп алды. Олардың әрқайсысына неше кәмпиттен келеді?

2. Оқулық бойынша жұмыс.

№1 тапсырма көбейту мен бөлу амалдарының белгісіз компонентін табу ережесін қайталауға және кестені білуге арналған.

№2 тапсырма бойынша есептің шарты мен сұрағын талдағаннан кейін өрнектер жазуға болады.

№3 а) және ә) тапсырмаларды өз беттерінше нұсқалар бойынша шешуді ұсынуға болады.

№5 теңдеулер 3 санымен көбейту және бөлу кестесін бекітуге байланысты. Осылайша мұғалім кестені білу деңгейлерін тексере алады.

№4 тапсырмада теңдік және теңсіздік құрастыру үшін карточкаларда берілген өрнектер мәнін есептеу қажет. Теңдік пен теңсіздіктерді көп құраған балаларға мақтау айту керек.



3. Өткенді қайталау.

№6 тапсырманы өз бетінше орындау (1-ші және 2-бағандар) мұғалімге 1000 көлеміндегі жазбаша есептеуді орындай алу деңгейін тексеруге мүмкіндік береді.



4. Үй тапсырмасы. №6 (3-ші және 4-бағандар). Шығармашылық деңгей - №8.
33-сабақ. Фигураларды өлшеміне

қарай салыстыру
Сабақтың мақсаты: балаларды фигуралардың ауданымен таныстыруға дайындау; 2 және 3 сандарымен көбейту кестесін қолдана білу дағдыларын жетілдіру.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Ауызша есептеуге көбейту мен бөлу туралы білімді пысықтауға арналған ойындар енгізіледі. Осы мақсатта «Дүкен», «Кім жылдам?», «Шыңға жет» ойындары жүргізіледі. «Бөлісем бе, жоқ па?» ойыны жүргізіледі.

Ойынның мақсаты: бөлу кестесі туралы алған білімдерін нығайту. Мұғалім сандарды атайды, оқушылар егер сан 2-ге немесе 3-ке бөлінсе, қолдарын көтереді.

Геометриялық материалдарды қайталаған дұрыс. «Иә- жоқ» математикалық диктанты жүргізіледі. Мұғалім шартын оқиды, балалар келіссе «+», келіспесе «-» таңбасын қояды.

• Ұшбұрыш үш қабырғадан және үш төбеден тұрады.

• Тіктөртбұрыш периметрін анықтау үшін ұзындық пен енді қосу қажет.

• Төртбұрыш дегеніміз - тіктөртбұрыш.

• Барлық қабырғалардың қосындысы периметр деп аталады.

Кесіндінің басы бар, аяғы жоқ.

• Төртбұрыштың барлық қабырғалары тең, бұрыштары үшкір болады.

• Тіктөртбұрыштың барлық бұрыштары тік.



3. Жаңа сабақ.

Есепті шығарудың жаңа тәсілімен таныстыру үшін практикалық жұмыс жүргізу қажет. Мысалы, мұғалім жинақ полотносына сол жаққа 1 шаршы және ауданы кішірек 1 үшбұрышты қояды. «Фигуралардың қайсысы үлкен? Оны қалай тексеруге болады?» деген сұрақтар қояды. Содан кейін түсіндіре отырып тағы бірнеше осындай жаттығулар орындайды. Оқушылар кітаптағыдай қорытынды жасауы тиіс.

Практикалық жұмыс орындараннан кейін оқушылар №1 (а - в) жаттығуға арналған суреттерді қарастырып, фигуралардың өлшемін салыстырады.

4. Бекіту.

№2 тапсырманы орындау кезінде оқушылар тіктөртбұрышты өлшемі бойынша салыстыра алады, содан кейін мысалдар төрттігін құрады.

2•3 = 6 3•2 = 6 6:3 = 2 6:2 = 3

№3 тапсырманы түсіндіре отырып тақтада орындайды.



5. Өткен тақырыппен жұмыс.

№4 тапсырмада балалар өрнектерді жазып, өз беттерінше мәнін табады.

№7 тапсырманы орындамас бұрын масса, ұзындық, уақыт арақатынасын қайталау керек.

• Метрде неше сантиметр бар? 3 метрде неше сантиметр бар. Дециметрде неше сантиметр бар? Метрде

неше дециметр бар? 10 сантиметр - бұл 1... .

• 1 сағатта неше минут бар? Жарты сағат дегеніміз минут? Екі сағатта неше минут бар?

• 1 тоннада неше килограмм бар? 1 тоннада неше центнер бар. 3 тоннада неше центнер бар? 1 центнерде

неше килограмм бар? 5 центнерде неше килограмм бар?


Мұнан соң оқушылар 2-ші және 3-ші бағанды түсіндіре отырып орындайды.

6. Өздік жұмыс ретінде №5 тапсырма мен №8 логикалық есеп беріліп, соңынан тексеріледі.

7. Сабақты қорытындылау 1-нұсқа: А—>Б—>В—>Г->Е 2-нұсқа: Д—>Е—>Б—>В—>Г—>А алдыңғы сабақтарға ұқса жүргізіледі.

Үй жұмысына №7 (1-баған) және №6 тапсырма беріледі Шығармашылық деңгей: №8 логикалық тапсырма сияқты есеп құрастыру.



жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау