- Күш. Ньютонның екінші заңы.
- Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Денелердің механикалық қозғалысын зерттеу барысында ауырлық ,серпімділік, үйкеліс күштері туралы түсіндіру.Механиканың ең іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңын тұжырымдау.
- Дамытушылық: алған білімдерін практикада және есеп шығаруда пайдалана білуге дағдыландыру.
- Тәрбиелік: оқушылардың өз пікірлерін айта
- білуге үйрету, ұйымшылдыққа, жинақылыққа
- тәрбиелеу.
Сабақ барысы - Ұйымдастыру
- Үй тапсырмасын тексеру
- Жаңа сабақ
- Практика
- Есеп шығару
- Тест жұмысы
- Рефлексия
- Бағалау
Балалар, бұл жол басы даңалыққа, Келіңдер, оқып байқап қаралық та. Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп, Соларды көре тұра қалалық па? Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық, Жүріңдер, іздеп тауып алалық та! - Балалар, бұл жол басы даңалыққа, Келіңдер, оқып байқап қаралық та. Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп, Соларды көре тұра қалалық па? Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық, Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!
Бұл жол басында апаратын даналыққа - Бұл жол басында апаратын даналыққа
- Оқып, зерттеп, үйреніп аламыз да.
- Қазіргі заман талабынан қалмаймызда
- Қазақстанның білімді азаматы боламызда
Үй тапсырмасын тексеру - Инерция заңын кім ашты?
- Инерция заңының екінші атауы қандай?
- Ньютонның бірінші заңын тұжырымдап беріңіз.
- Инерциялық санақ жүйесі дегеніміз?
- Инерциялық емес санақ жүйесі дегеніміз?
- Ньютонның бірінші заңын дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.
7. Үлкен жылдамдықпен жүріп келе жатқан велосипедшіге кенет тоқтау қажет болған жағдайда неліктен алдыңғы доңғалақты емес, артқы доңғалақты тежеу қажет? - 7. Үлкен жылдамдықпен жүріп келе жатқан велосипедшіге кенет тоқтау қажет болған жағдайда неліктен алдыңғы доңғалақты емес, артқы доңғалақты тежеу қажет?
- 8. Салт атты шауып келе жатыр. Егер ат сүрініп кетсе немесе оқыс тоқтаса, онда қандай жағдай болуы мүмкін?
Исаак Ньютон (1643 - 1727) Исаак Ньютон - классикалық физиканы құрған әйгiлi ағылшын ғалымы, 1643 ж. Вулсторпада дүниеге келген. 1665 ж. Кембридж университетiн бiтiрiп, сонда 1669-1701 ж.ж. кафедраны басқарған. Ньютон зерттеулерi механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. Классикалық механиканың негiзгi заңдылықтарын есептеген, бүкiләлемдiк тартылу заңын, жарық дисперсиясын ашқан, жарықтың корпускулалық теориясын дамытқан. 1666 ж. үш жақты шыны призма көмегiмен ақ түстi жетi түске орналастырып, оның күрделiлiгiн дәлелдедi.1668ж. және 1671 ж. телескоп-рефлекторды ойлап тапты. Ньютонның атымен Халықаралық бiрлiк жүйесiнде күштiң өлшем бiрлiгi – ньютон аталған. - Исаак Ньютон - классикалық физиканы құрған әйгiлi ағылшын ғалымы, 1643 ж. Вулсторпада дүниеге келген. 1665 ж. Кембридж университетiн бiтiрiп, сонда 1669-1701 ж.ж. кафедраны басқарған. Ньютон зерттеулерi механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. Классикалық механиканың негiзгi заңдылықтарын есептеген, бүкiләлемдiк тартылу заңын, жарық дисперсиясын ашқан, жарықтың корпускулалық теориясын дамытқан. 1666 ж. үш жақты шыны призма көмегiмен ақ түстi жетi түске орналастырып, оның күрделiлiгiн дәлелдедi.1668ж. және 1671 ж. телескоп-рефлекторды ойлап тапты. Ньютонның атымен Халықаралық бiрлiк жүйесiнде күштiң өлшем бiрлiгi – ньютон аталған.
Жаңа сабақ - Күш. Ньютонның екінші заңы.
- Серпімділік күші деп дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады.Бұл күш денелерді қосу , созу, майыстыру немесе бұрау кезінде пайда болады. Серпімділік күші әрашан дененің пішіні мен өлшемерінің өзгеруін тудырған күшке қарама-қарсы бағытталады.
- IFсерп I= k∆l . Бұл өрнек Гук заңымен анықталады.
- Үйкеліс күші деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама - қарсы жаққа қарай бағытталады.
- |Fүйк|=μN, мұндағы μ- үйкеліс коэффициенті деп аталатын пропорционалдық коэффициент.
- Үйкеліс күші:
- 1.Сырғанау
- 2.Домалау
- 3.Тыныштық
- Ауырлық күші деп денелердің Жерге тартылу күшін айтады. Ға=mg,
- мұнадағы m- дененің массасы , ал g- дененің еркін түсу үдеуі, оның модулі шамамен
- 9,8 м/с2- қа тең
- Күш деп - дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы айтады.
Денелердің әрекеттесуінің нәтижесінің формуласы - Егер әрекеттесетін күштердің арасындағы бұрыш 90 ˚ болса:
- Егер әрекеттесетін күштердің арасындағы бұрыш белгілі болса және 90 ˚-тан өзгеше болса
Ньютонның екінші заңы - Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура, ал массасына кері пропорционал.
Есептер шығару Жауабы Практика 9 жаттығу (1, 2, 3) 10 жаттығу (2, 3, 4) Рефлексия - Сабақта мен білдім ...
- Сабақта маған ұнады ...
- Сабақта маған қызықты болды ...
- Сабақта маған ұнамады ...
- Келесі сабақта мен білгім келеді ...
Үйге тапсырма - 11, 12 §
- 9 жаттығу (4), 10 жаттығу (5)
- МАБ жинағынан Ньютонның екінші заңына 2 есеп
Достарыңызбен бөлісу: |