1 ҚР ҚН 02-03-2011 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет9/45
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15985
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45

15
ҚР ҚН 1.02-03-2011
9.3.13 Қоршаған ортаны қорғау.
Осы  бөлім  республикалық  құрылыс  басқармасы  бекіткен  мемлекеттік  және 
мемлекетаралық стандарттарға, құрылыс нормалары мен ережелеріне, табиғи ресурстар мен 
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі құзіретті органның нормативті құжаттарына, сонымен қа-
тар табиғатты қорғау қызметін реттейтін басқа да нормативті құжаттарға сәйкес орындалады. 
9.3.14 Сметалық құжаттама. 
Сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  істері  жөніндегі  мемлекеттік  уәкілетті  орган-
ның  нормативтік-әдістемелік  құжаттарында  келтірілген  ережелер  мен  нысандарға  сәйкес, 
кәсіпорындар,  ғимараттар  мен  құрылыстар  (немесе  олардың  кезектерінің)  құрылысының 
сметалық құнын анықтау үшін  сметалық құжаттама жасалады.
Жобалау сатысында әзірленген сметалық құжаттамасының құрамында:
- түсініктемелік жазба, онда сметалық-нормативтік базаның қолданылуы, баға деңгейі 
және  аталған  құрылыс  шарттарының  ерекшелігі  сипатталатын  басқа  да  мәліметтер  туралы 
ақпараттар келтірілген;
- құрылыс құнының сметалық және жиынтық сметалық есебі, қажеттілігіне қарай шығын 
мәліметтері;
- объектілік және жергілікті сметалық есептері;
- шығынның жекелеген түрлерінің (соның ішінде жобалау және іздестіру жұмыстары) 
сметалық есептерінен құралуы қажет.
Құрылыс құнын анықтау үшін белгіленген тәртіпте әзірленетін және күшіне енгізілетін 
қолданыстағы сметалық-нормативтік базаны пайдалану ұсынылады.
Сметалық құжаттамадағы құрылыс құнын екі деңгейдегі бағада келтіру ұсынылады:
–  қолданыстағы  сметалық  нормалар  мен  бағалар  негізінде  анықталатын  базалық 
(тұрақты) деңгейде;
–  сметаны  құрастыру  және  жобалау-сметалық  құжаттамасын  бекіткен  кезде  бағалар 
негізінде анықталатын ағымдағы бағалар деңгейінде ұсынылады.
Құрылыс салу ұзақтығы бір жылдан асатын объектілер бойынша жұмыс құны құрылыс-
тың нормативтік мерзімімен бірге жоспарланған қайта есептеу коэффициентін қолдана оты-
рып, көлемді жылдарға бөлу есепке алынып, анықталады.
Мемлекеттік  инвестициялардың  есебінен  немесе  олардың  қатысуымен  тұрғызылатын 
объектілер, сондай-ақ құны мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз, бірақ шығарылатын 
өнім немесе көрсетілетін қызметтің көлемінде заңнамада белгіленген тәртіптегі мемлекеттік 
меншік үлесі бойынша салынатын, сонымен қатар мемлекет кепіл болған немесе мемлекеттік 
кепілдеменің  негізінде  алынған  мемлекеттік  емес  қаражаттардың  есебінен  тұрғызылатын 
объектілердің  құны  бағалардың  базалық  деңгейі  негізіндегі  сметалық  нормаларға  сәйкес 
анықталатын ағымдағы бағаларда келтіріледі.
Қызметтік  мақсатына  және  берілген  қуатына  (сыйымдылығына,  өткізу  тәсіліне) 
байланысты  жоба  (Ж)  сатысындағы  объектілер  құрылысының  сметалық  құны  кейбір 
конструктивтік элементтер ұлғайтылған құнның көрсеткіштерін және ұлғайтылған сметалық 
нормативтер,  баға  анықтамалығы  бойынша  құрылыс-монтаждау  жұмыстарының  түрлерін 
пайдаланып,  объектілік  жене  жергілікті  сметалық  есептеулер  арқылы  анықталады,  ал  олар 
болмаған  жағдайда  объектілік  және  жергілікті  сметалардағы  жоба  ұқсастығы  сметаларын 
келесі кезекте пайдаланып, жұмыс құжаттамасында нақтылайды.
Технологиялық  және  инженерлік  құрал-жабдықтар  құны  бағалар  жинақтарының 
сәйкестендірілген  бөлімдері  бойынша  қабылдауы  тиіс.  Қолданыстағы  жинақтар  бойынша 
көрсетілген құрал-жабдықтардың бағаларын орнықтыру мүмкін болмаған жағдайда, тапсырыс 
берушімен (бюджеттік бағдарламаның әкімгерімен) келісілген негіздегі екіден кем емес өнім 
шығарушылардың  немесе  олардың  өкілетті  дистрибьюторларының  бағаларын  салыстыру 
нұсқаларын  және  жобаға  енетін  құрал-жабдықтардың  бәсекелестігін  (техникалық  және 
сапалық сипаттамасын салыстыру) бағалар анықтамалығынан анықтау қажет.


16
ҚР ҚН 1.02-03-2011
Бұл ретте прайс-бетте көрсетілген технологиялық және инженерлік құрал-жабдықтардың 
құны  сол  кездегі  ағымдағы  бағаларда  көрсетіліп,  сметалық  құжаттамада  индекссіз  есепке 
алынады.
Құрылыс құны қажет болған  жағдайда,  жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде  Қазақстан 
Республикасы Ұлттық банкінің ағымдағы бағасы бойынша шетел валютасында қайта есептелуі  
мүмкін.
9.3.15  Инвестиция  тиімділігі  мен  техникалық-экономикалық  көрсеткіштер  бөлімінің 
құрамында:
-  жобаның  тиісті  бөлімдерін  әзірлеу  барысында  алынған  сандық  және  сапалық 
көрсеткіштерінің негізінде инвестициялар тиімділігінің есептемесі жасалады;
- белгіленген тәртіппен және әдістемелік ұсыныстарға сәйкес жобаның экономикалық 
тиімділік бағасы анықталады;
-  жинақтап  қорытылған  деректер  мен  есептеме  нәтижелері  осы  объекті  құрылысына 
инвестицияны негіздеу құрамында, жобалау тапсырмасымен анықталған негізгі техникалық-
экономикалық көрсеткіштермен салыстырылады және соның негізінде жобаны инвестиция-
лау мен іске асыру туралы түпкілікті шешім қабылданады.
Қолданыстағы кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстарды кеңейту, қайта жаңарту мен 
техникалық  қайта  жарақтандыру  жобаларындағы  техникалық-экономикалық  көрсеткіштер, 
жалпы  объект  бойынша  да  кеңейту,  өңдеу  және  техникалық  қосымша  жарақтандыру 
аяқталғаннан кейін қуаттың өсуі ретінде келтіріледі.
9.3.16 Жобаның сәйкестендірілген бөлімдерінде:
- ҚЖҚЖ стандарттарымен белгіленген нысанда қолдануға ыңғайластырылып жасалған 
құрал-жабдықтар спецификациясы;
-  шартта  баяндалғандай,  жеке  түрде  жасалатын  жабдықтардың  құрылымдық 
құжаттамаларын әзірлеуге қатысты бастапқы талаптар келтірілуі тиіс.
9.4 Желілі құрылыстарды салуға арналған жобаның құрамы ведомстволық нормативтік 
құжаттармен белгіленеді және осы норманың 9.3 бөліміндегі талаптардың негізгі ережелерін 
басшылыққа алуы тиіс.
Жобалау шешімдерін бағалау үшін толық мағлұмат беретін бөлімдердің бар болуы желілі 
құрылыстарды салуға арналған жобаны әзірлеудің міндетті шарты болып табылады.
9.4.1 Инженерлік желілердің құрылысына арналған жобаның құрамы:
- жобаның төлқұжаты (9.3.1);
- жалпы түсініктеме жазбахат (9.3.3);
- трассаның жоспары мен схемасы (ахуалдық схема) (9.3.4);
- құрылыс шешімдері (9.3.8);
- инженерлік құрал-жабдықтар (9.3.9);
-  қолдану  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  жөніндегі  инженерлік-техникалық  іс-шаралар, 
сондай-ақ  ерекше  маңызды  объектілер  үшін  кешенді  қауіпсіздік  пен  лаңкестікке  қарсы 
қорғанысты  қамтамасыз ету жүйесі (9.3.10);
- қолданыстағы   нормативтер   көлемінде құрылысты ұйымдастыру (9.3.12);
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар (9.3.13);
- сметалық құжаттамасы (9.3.14);
- инвестициялардың тиімділігі (жобалау тапсырмасымен айқындалған шарттарға сәйкес) 
және техникалық-экономикалық көрсеткіштері (9.3.15);
- жабдықтар мен негізгі құрылыс материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың 
спецификациясы;
- ҚЖҚЖ талаптарына сәйкес орындалған негізгі жұмыс сызбалары (9.6).
9.4.2 Автокөліктік жолдар, көліктік жол  тораптары, көпірлердің ғимараттары,  темiр жол 
көлiгiнiң желісі, көше-жол желiсi құрылысына арналған жобалардың құрамы: 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау